Әдептілік ізеттілік белгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдептілік ізеттілік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту. Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік ізеттілік белгісі.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
1 - ші жүргізуші:
- Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Хош келдіңіздер!
2 - ші жүргізуші:
- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.
1 - ші жүргізуші:
- Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2 - ші жүргізуші:
- Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
1 - ші жүргізуші: «Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
2 - ші жүргізуші: Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу тәртібін көрсетеді.
( 2 ұл, 1қыз шығып көрсету.),
1 - ші жүргізуші: Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға тыным бермейді. Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көріністер.
(1, 2 – көріністер, жат мінез - қылықтарға байланысты.)
Заң төбелесіп жатқан балаларды тоқтатып, заң құқығын оқиды. 5 - бапты
Біреудің затын ұрлаған оқушыларға да, заң құқығын оқиды. 12 - бапты.
Тақтаға 5 оқушы шығып, бала құқығы туралы заң баптарын оқиды.
8, 9, 10, 11, 15 – баптарды.
Заң: Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле - жаладан
Ата заң бұл ардақты.
1 - ші жүргізуші: Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,
әдепті боламыз. Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз.
2 - ші жүргізуші: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген осы ғой.
2 - жүргізуші:
- Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:
- Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек.
- Автобуста орын беру керек.
8 - оқушы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )
Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек )
Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе )
Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)
Ой толғау.
1 - ші жүргізуші:«Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?
10 - оқушы: Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
11 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет,
қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек.
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
1 - жүргізуші:
- Оқушылар, бүгінгі сабақта « Балалар құқығын ұқтыңдар ма?»
Оқушылар:
- Ұқтық! Оқуға, өмір сүруге, өз ойымызды айтуға, зорлық - зомбылыққа қарсы тұруға және бақытты өмір сүруге құқымыз бар!
Ән: «Біз әдепті баламыз».
1, 2 - ші жүргізушілер:
- Осымен, тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдап, көргендеріңізге рахмет!
- Хош, сау болыңыздар!
Мұғалімнің сөзі:
- Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2018
819
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі