жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдіс бірлестік ережелері
ӘБ мақсаты және міндеттері
«Адам, қоғам және өнер» бірлестігінің
2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Мақсаты:
Мұғалім жұмысының тиімділігі мен жауапкершілігін артыруда кәсіби қоғамдастықта қолдау көрсету және тәжірибе алмасу.
Мұғалімнің өзін-өзі реттеуі,сыни ойлауы, бағалауы бірлескен жұмыстың табысты болуы бөлінген көшбасшы арқылы даму.
Бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушының оқуын жақсарту үшін қуатты педагогика құралдарын іс-тәжірибеде тиімді қолдану.
Міндеті:
- Ұлттық өнерді қадірлеп, оның мазмұны мен мәнін түсінетін, эстетикалық таным-түсінігі мол азамат тәрбиелеу.
- Оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарын игеруге, олардың қыр-сырын жетік меңгере отырып, болашақта рухы биік, көкірегі ояу тұлғаны қалыптастыру.
- Музыка, бейнелеу, технология пәндерінде жалпы өнер жайлы түсініктерін кеңейту, олар жайлы өзіндік пікір айта білуге, оқушыларды жан-жақты мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Әдістемелік бірлестіктің іс- қағаздары
-
Бұйрықтар /ӘБ туралы бұйрық пен ереже, әкімшіліктің шешімдері –педсовет, т.б./.
-
ӘБ отырыстардың хаттамасы.
-
ӘБ туралы ереже. Лауазымдық нұсқау /должн. Инструкции/.
-
Атқаратын міндеттері /функцион. Обязанности/.
-
ӘБ – тің перспективті және жылдық жұмыс жоспарлары.
-
ӘБ жылдық есебі.
-
ӘБ құрамы (рет саны, аты-жөні, туған жылы,айы, күні, білімі- институты, факултеті, мамандығы, жалпы стажы, педстаж, осы мектептегі педстажы, лауазымы, санаты, марапаттаулары, мекен жайы).
-
ӘБ іс- қағаздар номенклатурасы.
-
ӘБ портфолиосы.
Әдістемелік бірлестіктің
құжаттары
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы дұрыс жүруі үшін мына құжаттар болуы керек:
1. Әдістемелік бірлестіктің (ӘБ) ашылуы туралы бұйрық.
-
ӘБ жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.
-
ӘБ ережесі.
-
ӘБ жетекшісі мен мұғалімдердің лауазымдық міндеттері.
-
Өткен оқу жылында істелген жұмыстың талдауы.
-
ӘБ тақырыбы, мақсаты, басыңқы бағыты, жаңа оқу жылының міндеттері.
-
Осы оқу жылына ӘБ жұмыс жоспары.
-
ӘБ мұғалімдері туралы мәлімет (сандық және сапалық құрамы).
-
ӘБ мұғалімдерінің өздігінен білім алу тақырыптары туралы мәлімет.
-
ӘБ мұғалімдерінің семинар, конференция, дөңгелек стол, шығармашылық есеп, кеңестерге қатысу графигі.
-
Мұғалімдер аттестациясының перспективалық жоспары.
-
Осы оқу жылында ӘБ мұғалімдерінің аттестациядан өту графигі.
-
ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары.
-
Осы оқу жылында ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру графигі.
15. Пәндер бойынша ағымдағы бақылау, лабораториялық және практикалық жұмыстарды өткізу графигі.
-
Әкімшілік бақылау жұмыстарының графигі. (ВШК- дан).
17. ӘБ мұғалімдерінің пән бойынша өткізетін ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар графигі.
-
Кәсіби тәжірибелі мұғалімдердің мекен жайы.
19. ӘБ мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігі туралы мәлімет.
-
Әдістемелік апталық жүргізудің жоспары (егер ӘБ жеке өткізсе).
-
ӘБ пәндер бойынша тақырыптық-календарлық жоспар, үйірме, арнайы курс, факультатив , т.б. жоспарлары.
-
Оқу -әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу туралы мәлімет (стандартқа сай бағдарлама, оқулық)
-
Бағдарламалар (пән, үйірме, арнайы курс, факультатив бойынша авторлық бағдарламалар).
-
ӘБ-тің жас және жаңа келген мамандармен жұмыс жоспары (бұл жалпы жоспардың бір бөлігі де болуы мүмкін).
-
Пән апталығы мен онкүндігін өткізудің жоспары.
26. Мектепішілік бақылау (ӘБ пәндерін тексеру анықтамасының көшірмесі)
27. ӘБ мұғалімдер қызметінің нәтижелілігі (ҰБТ, МАБ, ағымдағы сапа, қорытынды үлгерім – тоқсан және жылдық нәтижені мектептің, ауданның /қаланың/ орташа көрсеткішімен салыстыру).
-
ӘБ-гі пән мұғалімдері мен ӘБ-тің рейтингтік бағасы.
29.ӘБ отырысының хаттамасы.
-
ӘБ-те жұмыс істейтін шығармашылық топтың, оқушылардың ғылыми қоғамы жоспарының хаттамасы, жұмысының материалдары.
31.Басқалар (ӘБ істелген басқа істер болса).
Бұл тізімдегі материалдар жүйеленіп, жеке портфолиода жинақталуы мүмкін.
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің
функционалдық міндеттері
-
Әдістемелік бірлестікте оқу және әдістемелік жұмысты басқарады (әрі қарай ӘБ).
-
ӘБ қызметін ұйымдастырады және жоспарлайды.
-
Жоспарға сәйкес ӘБ отырысын өткізеді.
-
ӘБ қызметі үшін қажетті құжаттарды жүргізеді, ұйымдастырады (мектепте портфолио әдісін енгізсе оны жүргізеді).
-
Мұғалімдердің сапалық құрамын, ӘБ жұмысының қорытындысын талдайды, ӘБ жұмысын педкеңес пен әдістемелік кеңеске көрсетеді, ұсынады.
-
Мұғалімдерге пән бойынша бағдарлама, тақырыптық- календарлық жоспар, оқу-әдістемелік құрал, дидактикалық және көрнекі құрал жасауға көмектеседі.
-
Пәндердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуінің ҚР–ң стандартына сәйкестігін қарайды.
-
Мұғалімдердің сабаққа дайындығы мен оның сапалы өткізілуін бақылайды.
-
ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелік- зерттеу, экспериментік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға көмектеседі, өздігінен білім алу жоспарының орындалуына көмек береді.
-
Мұғалімнің біліктілігін санатын арттыруға ұсыныс пен мінездеме дайындайды (директордың орынбасарымен бірге).
-
ӘБ мұғалімдерінің озық тәжірибесін зерттеуді, жинақтауды, таратуды ұйымдастырады.
-
ӘБ мұғалімдерінің шығармашылық топтың материалдарын, өздігінен білім алу тақырыбы бойынша материалдарды баспаға дайындауды ұйымдастырады.
-
ӘБ –тегі пәндер бойынша сапаның соңғы нәтижесінің мониторингісін жасайды (ҰБТ,МАБ, жыл қорытындысы).
-
Мұғалімдердің және ӘБ жалпы қорытындысының рейтингісін жасайды.
-
Белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырады.
ӘБ жетекшісі: Оразымбетова Ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген