Материалдар / "Әдіс-тәсілдер" әдістемелік құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әдіс-тәсілдер" әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әдіс-тәсілдер" әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛҒЫ СӨЗ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Әрі пайдалануға жеңілдік тудыру үшін әдіс-тәсілдердің атауын алфавиттік ретпен орналастырып шығуды жөн санап отырмыз.Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.Тағылым берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе – ой орамдары кез келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс-тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына үміт арттық. Сонымен:

«Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.

Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» - өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады.

Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.

Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.

Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – тәртіпті қылу деп ойлаймыз.

Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.

Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан, ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін.

Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.

Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің керек болады.

Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп есептеген.

Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді.

Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.

Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.

Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.»"Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын емдейді.

Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.

Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.

Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.

Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын.

Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де.

Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы». Сенің бөлігің жұмсақ болғаннан дұрыс дүние құрастырылмайды.»

Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдесі

«А Ә Б В»

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.

«А,В,С»

А - сұрақ қояды.

В - жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.



«Айдаһар»

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.

«Айқын мақсат қоя отырып»

-  Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.

  • -  Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.

  • -  Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).

  • -  Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.

  • -  Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.

«Айна»

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

  • «Айналмалы бекеттер»

  • Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.

  • «Аквариум» әдісі

  • «Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.

  • Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.

  • «Ақындар мен жазушылар»

  • Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.

«Алдын-ала берілген атаулар»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.

  • «Алма, шие, өрік, банан»

  • Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

«Алфавит»




Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.»

Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.




  • «Ара ұясы» техникасы

Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.

«Арқаға жазылған комплименттер»

Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.



«Арқаға массаж жасау»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.



«Арқаға сурет салу»



Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!