0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу Күніне 2 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
Кіріспе
Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын,
сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда
тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет.
Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан
әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын
оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім
беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Осы әдістемелік құрал оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға тиіс, ол
мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін әртүрлі әдістер
туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер үшін жоспарлау
барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, байытушы, батыл және
шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.
Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер
жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы уақытта оқыту және оқу
мәнмәтініне сәйкес пайдаланылады және әзірленеді деп болжанумен қатар, бұл
мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады.
Белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес,
өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар
туындайды, мысалы:
Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?
Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны,
жынысы және т.б.
Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық,
өзіндік мән-жайлар бар ма?
Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер
өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып
отыруы керек.
1-кесте. Сыныпта белсенді ахуал құру үшін мұғалім мен оқушының рөлін өзгерту
Оқыту ортасында мұғалім тұратын
сынып
Мұғалім «білім көзі» ретінде
Оқыту ортасында оқушы тұратын
сынып
Мұғалім
білімнің
ұйымдастырушысы
ретінде
«орындаушы» Мұғалім жәрдемдесуші «дәнекер» ретінде
Мұғалім балалар үшін
ретінде
Оқушылар – білімді «енжар» алушылар
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар «шектен тыс қамқорлыққа
алынған»
Оқушылар бір бірімен бәсекелеседі
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Оқушылар белсенді және бірлескен
Оқушылар сұрақ қояды
Оқушылар өздерінің рефлексивті оқуы үшін
жауапты болады
Оқушылар оқу үдерісінде бірігеді
Оқушылар басқалардың пікірлерін белсенді
тыңдайды.
2
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
БФЕ (БАРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ)
Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпараттарды басқару;
бірлескен жұмыс;
ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылар шешім қабылдағанда немесе қандай да бір идеяны ойлағанда,
оларды барлық сәйкес келетін факторларды ойлауға шақырады. Шешім қабылдап, белгілі бір
әрекет барысын жоспарламас бұрын қолданылған жағдайда бұл әдіс пайдалы болмақ. Шешім
мен идеяны анықтай алатын факторлардың толық тізімін жасау үшін «Әткеншек» әдісімен
бірге пайдалануға болады.
Сыныпты жоспарлау
Егер аталған әдіс «Әткеншек» әдісімен бірге қолданылса, оқушылар топтасып
сыныптағы әртүрлі тақталарға кезек-кезек бару қажет. Немесе оқушылар өз орындарында
қалып, белгілі бір уақыт өткен соң, артқы жақта отырған топқа оқу плакаттарын берулеріне
болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Ұйымдастырушы педагог шешім қабылдау және жоспарлау кезінде барлық
факторларды қарау маңыздылығын оқушылармен талқылауға ниет білдіруі мүмкін. Мысалы,
егер қандай да бір маңызды фактор ұмытылып қалған жағдайда, дұрыс болып көрінетін ісәрекет ақыр соңында дұрыс болмай шығуы мүмкін.
2. Топтарда оқушылар Барлық факторларды ескеру шаблонын толтыра алады
БФЕ-нің үлгі сценарийі
Қазақстанға келетін туристердің және іскер топтардың көбейіп
келе жатқан санын толығымен қабылдау үшін Астана әуежайының
терминалын және ұшу-қону жолағын қайта жоспарлауға өтініш
берілген. Кәсіпкерлік және туристік департаменттердің басшылары
жоспарды қолдайды, алайда жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаны
қорғаушылар қарсылық білдіріп отыр. Түпкілікті шешім қабылдау
барысында қандай факторлар ескерілуге тиіс?
3. БФЕ сауалнамалары толтырылғаннан кейін оқушылар топтар арасында ауысып,
басқа топтар айтқан факторларды қарауы тиіс. Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Екі
жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.
4. Бұдан кейін оқушыларға басқа топтардың парақтарында жазылғанның негізінде
өздерінің парақтарындағы бастапқы факторларды өзгерту не толықтыру үшін уақыт беріледі.
5. Бұдан кейін барлық факторларды біріктіру мақсатында жауап алу жүргізіледі,
сөйтіп барлық топ өзіне пайдалысын алады.
3
БФЕ шаблоны
Пікір/ Сұрақ/Талқыланатын мәселе:
Артықшылықтар/иә
1-фактор
Кемшіліктер/қарсы
Қызықты факторлар
2-фактор
Артықшылықтар/иә
Кемшіліктер/қарсы
Қызықты факторлар
Фактор 3
Артықшылықтар/иә
Кемшіліктер/қарсы
Қызықты факторлар
Барлық факторларды талқылағаннан кейін … деп ойлаймын.
4
КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
бірлескен жұмыс;
ойлау, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша
орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға
үстел басында жұмыс істеуге болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.
2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды
тігінен немесе қатарлап қоюға болады.
3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір
бірінің рейтингілерін салыстыра алады.
4. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.
5. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға
болады.
5
ӘТКЕНШЕК (КАРУСЕЛЬ)
Қалыптастырылатын дағдылар:
бірлескен жұмыс;
ойлау, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл белгілі бір сұраққа қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық
тізімін жасауға көмектесетін, құрылымдалған, ақпараттық немесе ойлау қабілетін арттыру
әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ бойынша ұсыныс енгізу үшін
оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді. Сондай-ақ олар басқа топтардың идеяларын
бірлесіп бағалап, сұрақтарға өздерінің жауаптарын қалыптастыру үшін осы идеяларды
әлеуетті негіз ретінде пайдалана алады. Шағын топтардан ақпарат жинақтауға арналған
тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе «Стикерлер жинағын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар сыныптағы бір тақтадан екінші тақтаға кезектесіп топтасып ауысып
отырады. Немесе оқушылар сынып ішінде топ болып көшіп жүрмеу үшін белгілі бір уақыт
өткеннен кейін оқу плакаттарын өздерінен кейін отырған топқа бере алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
2. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар оқу плакаты
немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс.
3. Оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа
негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент
сақталуы керек.
4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам
беріледі.
5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.
6. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе
келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе,
түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады.
7. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер
олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен
идеяларды қосуға болады.
8. Әткеншек, егер уақыт болса, әрбір топ әрбір сұрақты қарап, оған жауап бергенге
дейін жалғасуы мүмкін.
9. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болады.
10. Әткеншек бағалаудың жақсы құралы болып табылады. Төмендегідей сұрақтар
қойылуы мүмкін:
Бүгін Сіз не білдіңіз?
Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?
Сіз нені басқаша істер едіңіз?
6
АР-ОЖДАН АЛЛЕЯСЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ойлау, шешім қабылдау;
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл рөлдік стратегия оқушыларға тез арада белгілі бір тақырыпқа қатысты барлық
сұрақтарға қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді. Оның басқа «стандарттық» рөлдік
ойындарға қарағанда артықшылығы сол, едәуір тез өткізілуі мүмкін. Ол төменгі сыныптың
оқушылары немесе қабілеттілігі төмен оқушылар үшін ерекше қолайлы бола алады, өйткені
олардың ұзақ уақыт бойы рөлде болуы талап етілмейді. Сондай-ақ оларға сұрақ бойынша
ауқымды ақпаратты білу керек емес, өйткені рөлдері бар карточкаларда олардың кім екендігі
және талқыланып отырған белгілі бір жағдайға қатысы жазылады.
Сыныпты жоспарлау
Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған үлкеннің кішкентай
балаға күш көрсету оқиғасы жергілікті жастар клубында қайталанды. Мектептен осы іспен
айналысу сұралды).
2. Бұдан кейін әрбір оқушыға олардың кім екендігі жазылған және осы жағдайға
олардың қандай қатысы бар екені қысқаша сипатталған рөлдері бар карточка таратыңыз
(мысалы, жәбірлеуші, жәбірленуші, жәбірленушінің досы, жәбірлеушінің достары, жастар
ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі, т.б.).
3. Ортада өтетін жол қалдырып, оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға
қойыңыз.
4. Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз.
5. Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.
6. Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен
кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше
рет қайталау қажет).
7. Таңдап алынған оқушыдан қандай өтінішті сенімді деп есептейтінін, сондай-ақ
жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.
8. «Ар-ождан аллеясы» арқылы өту үшін басқа оқушыларды таңдап, тапсырманы
қайтадан өткізуге болады.
7
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА
Қалыптастырылатын дағдылар:
креативтілік;
ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы
туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды
шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға
мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз
нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица
беріңіз:
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА – Менің қоғамым
Маскүнемдік/ Темекі шегу Нәсілшілдік Қатыгездік
Ластану
Проблема:
нашақорлық
Не?
Зейнеткерлер Ата-аналар
Этникалық
Отбасы
Жеткіншектер
Адамдар:
аз топтар
кім?
Жұмыста
Мектепте
Қалада
Үйде
Демалыста
Орын:
қайда?
2. Оқушылардан үстіңгі әрбір қатардан, олардың пікірінше, өмірде болуы мүмкін
және болуы мүмкін емес бір нұсқаны таңдап және оларды бірге қосуды сұрайды. Мысалы:
• Анағұрлым ықтимал = маскүнемдік – жеткіншектер – демалыста
• Ықтималдығы төмен = қатыгездік – зейнеткерлер – жұмыста
3. Оқушылардан жауаптарын басқа топтардың жауаптарымен салыстыра отырып, өз
нұсқаларын дәлелдеу, сондай-ақ олардың ықтималдығы төмен сценарийлері іске асуы
мүмкін жағдайларды анықтау сұралады.
4. Бұл тапсырма бірқатар идеялар бойынша шығармашылық қабілеттілікті
ынталандыруға арналған жоспарлау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА
Азық-түлік өнеркәсібінде қандай іс аса табысты болуы мүмкін?
Үнді
Француздық Британдық
Қытайлық
Итальяндық
Түрі
Этникалық
Отбасы
Жеткіншектер
Адамдар Зейнеткерлер Мамандар
аз топтар
Конвейерлік «Фастфуд»
Автодәмхана Өзіне өзі Дәмхана
Қалай?
таспада
қызмет
көрсететін
тамақтану
орны
Оқушылардан анағұрлым табысты немесе табысы шамалы бизнес идеяларды таңдауды
сұраңыз:
• Аса табысты = үнді - мамандар үшін – конвейерлік таспада
• Табысы шамалы = француздық – жеткіншектер үшін – «Фастфуд»
5. Бұдан кейін оқушылардан топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз
– топтар өздерінің идеяларын дәйектей алды ма? Топтар өз талқылауын қалай
құрылымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол
жеткізді?
8
6. Бұл әдіс өзекті мәселелерді одан әрі зерделеуге түрткі болуы мүмкін. «Барлық
факторларды ескеру» және «Басқа адамдардың пікірлері» сияқты жаттығулар
оқушылардың «Креативті матрицадан» туындайтын басты мәселелерді түсінуін тереңдету
үшін қолайлы бола алады.
9
ГАУҺАРЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
басқаларман жұмыс істеу;
ойлау, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл тапсырманы шағын топтар орындайды, ол ақпараттар мен идеялардың
артықшылықтарын айқындауға бағытталған. «Стикерлер топтамасы» және «Идеялар
тасқыны» сияқты ақпаратты жинақтауға арналған жаттығулардан кейін орындалатын
жаттығу болуы мүмкін. Бұл оқушылардың белгілі бір сұрақтарды белгілі бір тәртіппен
орналастырып, неге ол ретпен орналастырғанын түсіндіру дағдыларын дамытуға
жәрдемдеседі. Басымдықты айқындау жөніндегі жаттығулардан «Карточкалар
иерархиясын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтар
үстел басында жұмыс істей алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея
беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).
2. Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі
карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан
екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай
гауһар тас пішіні пайда болады.
3. Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар
карточкалардың ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
4. «Бес сұрақ» сияқты жаттығуды пайдалана отырып, бірінші кезектегі карточкаларды
анағұрлым толық зерделеуге болады.
Талқылауға арналған идеялар үлгісі:
Қылмыстық деңгейін қалай төмендету керек.
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөніндегі шаралар.
Жолдағы қауіпсіздік.
10
ӘР АДАМ ӘРҚАЙСЫН ОҚЫТАДЫ (сондай-ақ «Біреуін аласың – біреуін бересің»
деген атпен танымал)
Қалыптастырылатын дағдылар:
бірлескен жұмыс;
ақпараттарды басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл – оқушылар арасында нақты ақпараттың ауқымды көлемін таратудың балама
тәсілі. Мұғалім дәріс оқығанның немесе айтып түсіндіргеннің орнына, оқушылар тақырыпқа
қатысты ақпаратты өздерінің құрбыларымен бөліседі. Ақпаратты тарату бойынша басқа да
пайдалы ойын үшін «Кластерлерді» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Жүріп-тұру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. Немесе төрт
адамнан тұратын топта оқушылар партада отырады, екі оқушы белгілі бір уақыт өткеннен
кейін тобын ауыстыра алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Белгілі бір факт немесе статистикалық деректері бар қағаз парағы әрбір оқушыға
таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым болғаны жақсы.
2. Оның тұжырымның мағынасын түсінетіндігін анықтау мақсатында, оқушылар
өздерінің тұжырымдарын оқиды.
3. Оқушылар сынып ішінде жүріп, өздерінің тұжырымдарын басқа оқушылармен
бөліседі. Оның мақсаты өзінің фактісін барынша көп адамға түсіндіру болып табылады.
4. Оқушылар мысал келтіре отырып, өз түсініктемелерін толықтыра алады. Егер
қисыны келсе, олар өз тұжырымдарын басқа оқушылардың тұжырымдарымен
байланыстыруға тиіс.
5. Фактілермен алмасуға арналған уақыт аяқтағаннан кейін, оқушылар тапсырманы
орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын топтарда жұмыс істейді.
6. Кейіннен жауап алу жүргізілген кезде оқушылар өздерінің санаттау жүйесін
түсіндіреді және дәйектейді.
7. Олар сонымен қатар әртүрлі фактілерге/деректерге қатысты өздерінің
реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таң қалдырды? Оларды не абыржытты? Қандай да
бір тұжырым оларды мұңға батырды ма немесе бақытты етті ме? Немесе қандай тұжырым
оларды қызықтырды?
8. Оқушылар өзінің жеке оқуы туралы ойлануы мүмкін. Олар қандай ақпаратты есте
жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не?
9. Барлық сауалдар бойынша басты тұжырымдарды тақтаға немесе оқу плакатына
жазып қоюға болады.
11
ФАКТ немесе ПІКІР

Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір
болып (құндылық туралы ойға негізделген) табыла ма, соны шешуге тиіс. Плюралистік
қоғамда дәлелдердің негізінде фактілер мен пікірдің ара-жігін ажырата білу маңызды дағды
болып табылады. Осы қиын тапсырма оқушыларды білімнің қалай алынатынын түсінуге
ынталандырады (көптеген жағдайда бір нақты жауап болмауы да мүмкін). Оқушылар өз
ұстанымдарын талқылау үшін топтарда жұмыс істейді. Осы жаттығу нәтижелі болуы үшін
одан кейін жауап алу ұсынылады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге қатысты бірқатар тұжырымдар беріледі. Көптеген
жағдайларда олар талқыланып отырған мәселенің екі қырын бейнелейтін пікір болып келеді.
2. Оқушылар тұжырымдарды талдап, олар факті ме, әлде пікір ме екендігін шешеді.
Оқушылар өз шешімдерін дәйектеу үшін дайындалып, кері байланыс кезінде сынып алдында
олармен таныстырады. Сонымен қоса оқушылар топтар арасындағы пікірлердің ұқсастығы
мен айырмашылықтарын қарастыра алады.
3. Тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу кезінде оқушылар осы пікірге тоқтауға
ықпал еткен үдерістерге тоқталады. Топтар қандай тоқтамға келді? Әртүрлі пікірлер көп
болды ма, бір шешімге, келісімге келуге мүмкіндік болды ма? Пікірлер жеткілікті дәрежеде
негізделді ме? Пікірлер дәйекті баяндалды ма? Топтың ішінде рөлдер бөлінді ме?
4. Кері байланыстың негізінде оқушылар «Барлық факторларды ескеру» сияқты
жаттығулар арқылы сұрақтарды одан әрі зерделей алады. Себептер мен салдарларды
қарастыру үшін «Салдарлар дөңгелегі» немесе «Себеп-салдарлық байланыстар
стратегиясын» пайдалануға болады.
12
БЕС СҰРАҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ойлау, шешім қабылдау;
ақпараттарды басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең
зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті
жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды
көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар
тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.
Жұмыс алгоритмі
1.
Үлкен қағаз бен маркер керек.
2.
Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын
сұрақтар қойылады.
3.
Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.
4.
Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау
есімдігін пайдаланады.
5.
Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар
сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.
Зерделеніп отырған мағына: Жергілікті қоғам, қауым
Жастарды қауымдастыққа қалай тарта аламыз?
- Жастарды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек.
Осы мәселелерді қалай алға жылжыта аламыз?
- Жастар проблемалары туралы хабардарлықты арттыру арқылы.
Хабардарлықты қалай арттыра аламыз?
- Онлайн-форум жүргізу арқылы.
Онлайн-форумды қалай жүргізе аламыз?
13
ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ойлау, шешім қабылдау;
проблемаларды шешу.
Жалпы сипаттама
Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға белгілі бір тақырып байынша өздерінің
ойларын, сезімдерін, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады. Осы әдіс «Күрделі
жауаптар тақтасы» әдісіне ұқсас.
Сыныпты жоспарлау
Бұл жаттығуды жүргізу үшін үлкен қабырға қажет болуы мүмкін.
Жұмыс алгоритмі
1. Бөлменің бір бөлігі граффитиге арналған тақтаға берілген, онда оқушылар
талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.
2. Оқушылардан әртүрлі уақытта граффитиге арналған тақтаға «БББ»
тұжырымдамасы арқылы өз үлестерін қосу, олар осы сұрақ туралы не ойлайды, не «біледі»,
нені «білгісі келеді» және тақырыпты талқылау қорытындысында олар нені «білгендігі»
сұралады.
3. Жауап алу жүргізу нәтижесінде туындаған түсініктемелер де жазылады.
4. Оқушылар тақырыпты талқылау барысында кез келген уақытта граффитиге
арналған тақтаға өз ойларын жазуға ұялмаулары керек.
5. Тақырыпты талқылау соңында граффитиге арналған тақтаны сұрақтарды қорытып,
тұжырым жасау үшін пайдалануға болады.
14
ӘУЕ ШАРЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
басқалармен жұмыс;
ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;
ақпаратты басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда
проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап,
ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында
жұмыс істей алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.
2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:
- Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің
есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.
- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты
болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.
- Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі
жасайтын факторларды жазады.
- Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына
тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа
қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.
- Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны
орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.
3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту
мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.
4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға
болады.
15
ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:
басқалармен жұмыс;
креативтілік;
ойлау, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл шығармашылық рөлдік тапсырма белгілі бір мәселені талқылауға және ақпарат
алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін.
Сыныпты жоспарлау
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір
алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың
ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі немесе олардың өздері қарастырылып
отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады.
2. Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды.
3. Топтағы басқа оқушылар «ыстық» орындықта отырған адамға қою үшін күрделі
сұрақтарды дайындайды.
4. Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя
бастайды. Бұл оқушыларға адамның қиналысын сезініп, өздері келіспейтін көзқарасты,
пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.
5. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды
клондау, Ирактағы соғыс сияқты проблемалар немесе идеялар болуы мүмкін. Бұл тәсілді
пайдаланғанда сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады. Жаттығудың аяғына қарай
мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады.
6. Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда
оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет.
7. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу кезінде оқушыларға төмендегідей
сұрақтар қоюға болады: олар не білді, оларға не қызықты болды, «ыстық» орындықтағы
адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма.
Болжалды оқиғалар, персонаждар/рөлдер:
Екінші дүниежүзілік соғыс;
Үндістандағы бала еңбегін пайдаланатын зауыт иесі;
Абылай хан.
8. Мұғалім топтың білім деңгейіндегі қандай да болмасын кемшіліктерді бағалап, өз
ісінде нені ескеру қажет екенін анықтағаны пайдалы болады. Оқушылар қаралатын мәселеге
қатысты алдағы жұмысты жоспарлау үшін «БББ» шәкілін қолдана алады.
9. Оқушыларға қосымша жарыс ойыны ретінде зерделеуге арналған тақырып немесе
персонаж беріп, содан кейін олар еш кедергісіз, әрі бір-бірін қайталамастан сыныппен
барынша толық мәліметпен бөлісуі үшін «ыстық» орындыққа бір минутқа отырғызу керек.
Егер кімде-кім ережені бұзса, оқушылар ол адамды ойыннан шығара алады.
16
ӨЗІНДІК ОЙЫН
Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпаратты басқару;
ойлау.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларда белгілі жауапқа қатысты сұрақ құрастыра білу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған. Ол сонымен қатар балама сұрақтар туралы креативті ойлауға
қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға сабақта қарастырылатын тақырыпқа қатысы бар сұрақтардың
жауаптары беріледі. Жауаптар жай ғана күн, есім немесе орын, эмоция немесе абстрактілі
түсініктер түрінде болуы мүмкін.
2. Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.
3. Егер жауаптың бір мәнді сұрағы болмаса, оқушылар өздері ойлап тапқан
сұрақтарды бір бірімен салыстырып, белгілі бір сұраққа қатысты тоқтамға қалай келгенін
дәйектейді.
Сұрақтар мен жауаптардың үлгілері:
1066 (Гастингс түбіндегі шайқас қай жылы болды?)
Ангела Меркель (Германияның бірінші әйел канцлері кім болды?)
Қорланғандар (Оңтүстік Африкадағы нәсілдік кемсіту кезінде, оларға
автобустарда жүруге рұқсат етілмегенде, африкандықтар өздерін қалай
сезінді?)
17
ПАЗЛ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу;
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат
жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім
қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы
қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың
оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса,
«Ойтамыздықты» қарауға болады.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек.
Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4
форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы
бағдарлама пайдаланылады.
Тақырыбы: Зертханадағы қауіпсіздік
Зертхана ішінде қозғалу кезіндегі екі маңызды ережені жазыңыз.
Сізге зертханада кездесуі мүмкін бес қауіпті жазыңыз.
Уақиғаны болдырмау үшін үш алдын алу шарасын көрсетіңіз.
Мұзжарғыш:
Сіздің тобыңыздың барлық мүшелерінің есімдерін жазыңыз.
Топтың әр мүшесі өзі жақсы көретін істі көрсетеді.
Әр адамның атаққа лайық екендігінің бір себебін атаңыз.
\
\
Тарих:
\
Өткен жылғы өміріңіздегі екі үлкен уақиғаны жазыңыз.
\
Өткен жылғы үш жаңалықты жазыңыз.
\
Ол уақиғалардан не түйгеніңіз туралы ойланыңыз.
\
2. \Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.
3. \Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді.
Пазлдар,
\мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.
4. \Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс
істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды.
\
5. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады.
\
6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі.
7. \ Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге
\
болады.
\
\
\
\
\
\
\
\
\
18
\
\
\
БІР МИНУТ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпаратты басқару;
өзін өзі басқару;
ойлау.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу
дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады.
Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады.
Сыныпты жоспарлау
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарымқатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың
ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап
көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
2. Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір
минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
3. Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы
баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін
аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.
4. Мұғалім наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.
5. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан
шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.
6. Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше
дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы 1 минут бойынша
«ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.
7. Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық карта» ойынын
ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған
барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.
19
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КАРТА
Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпаратты басқару;
өзін өзі басқару;
ойлау;
креативтілік.
Жалпы сипаттама
Ағаш тәріздес тармақтарды біріктіре отырып, ми ақпаратты қалай сақтаса, ол
ақпараттар арасында байланыс орнатылып, сосын құрылымдалған жағдайда оқыту
анағұрлым тиімді болады. Тұжырымдамалық карталар осыны көрсетеді, оны жоспарлау және
бақылау құралы ретінде қолдануға болады. Олар визуалды және кинестетикалық сияқты
танымдық тәсілдер арқылы оқушыларды оқу үдерісіндегі байланыс туралы ойлануға
итермелейді. Бұл тәсіл оқушыларға мидың екі жартышарын да пайдалануға көмектеседі.
Тұжырымдамалық картаны жоспарлау үшін пайдаланған кезде тақырыптың талқылануына
қарай, оларды толықтыруға және кеңейтуге болады. Бұнымен қатар оқушыларды себебі мен
салдары туралы ойлануға жетелейтін «Салдарлар дөңгелегі» және «Себеп-салдар
байланысы стратегиясын» қарауға болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады.
Тұжырымдамалық картаға арналған тақырыптар үлгілері:
География: өзендер;
Қазақ әдебиеті: кітаптағы кейіпкер немесе тақырыптар;
Тарих: Армада;
Шетел тілі: «Бос уақыт» тақырыбындағы лексика.
2. Оқушылар басты ұғымға қатысты түйінді идеяларды жазып, оларды орталықпен
біріктіру үшін стрелкаларды қолданады. Оқушылар әр түйінді идея үшін әртүрлі түстерді
және маңызды сөздер мен ұғымдарды сызып көрсету үшін мәтін белгілегішті (маркерді)
пайдалана алады. Сонымен қатар оқушылар өз картасын көрнекі ету үшін суреттерді қолдана
алады.
3. Оқушылар негізгі идеялардан туындайтын идеяларды көрсету үшін оларды
стрелкамен байланыстырады.
4. Тексеру құралы ретінде пайдаланған кезде, оқушылар тұжырымдамалық картаны
мұқият тексеруге арналған трамплин түрінде қолданады. Олар, мысалы, кезекті түрлендіру
кезінде әрбір туынды буын үшін өзгерістерді пошталық ашықхатта белгілеп отырады. Бұл
ашықхатта тиісті туынды буындағыдай түстер мен суреттер қолданылуы мүмкін.
5. Тұжырымдамалық картамен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін жүргізілген жауап
алу оқушыларды белгілі бір идеяларды неге олай топтастырғаны, сондай-ақ карта олардың
ойларын қалай ашқандығы туралы ойлануға мәжбүрлейді.
20
21
САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ
Қалыптастырылатын дағдылар:
креативтілік;
ойлау, шешім қабылдау;
проблеманы шешу.
Жалпы сипаттама
Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде
пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа,
пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар көздерін жұмады.
2. Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін
түсіндіреді.
3. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.
4. Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден
жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.
5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы
кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың
оңтайлы тәсілі.
Оқиғалардың үлгілері:
Адам құқығы проблемасы;
Құрбы-құрдастарының тарапынан қысым көрсету туралы оқиға (достары
баланы дүкеннен зат ұрлауға мәжбүрледі);
Шетел тілінде жазылған оқиға.
The execution of Marie Antoinette.
6. Бұл тапсырма оқушыларға түрлі жағдайларда қандай амал жасауға болатындығы
туралы ойлануға мүмкіндік береді. Оқушылардың санасындағы кинофильмді «Барлық
факторларды ескеру» немесе «Қосу-алу-қызықты» тапсырмасының негізінде құруға
болады.
22
ҚҰПИЯ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ойлау, шешім қабылдау;
проблеманы шешу;
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс құпияны табу, шешім қабылдау немесе уақиғаның болжалды
түсініктемелерін қарастыру үшін оқушылардың проблемаларды шешу және шешім қабылдау
дағдыларын пайдалануларына ықпал етеді. Бұл тапсырмадан кейін жауап алу жүргізілу
керек. Бұл тәсіл оқушыларға мәселені білу және түсіну негізінде дәйекті айғақтар,

ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Қазбаева Айгүл СатбайқызыШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
әдіс тәсілдер жинағы
Тақырып бойынша 31 материал табылды
әдіс тәсілдер жинағы
Материал туралы қысқаша түсінік
ьелсенді әдіс тәсілдер жинагы. сабақ өткізуді жоспарлағанда таптырмас дүние

Файл форматы:
pdf
07.04.2024
144
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз