"Әдіскердің бағыт бағдары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әдіскердің бағыт бағдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіскерлерге арналған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы әдіскердің бағыт – бағдары



Шығыс еліндегі ұлылардың «Адам бір күнін қалай өткізсе, өмірі солай өтеді» деген  ұлы қағидасын өмірлік  мән  ретінде ұстап келемін. Өйткені, бүгінгі істің ертеңге қалмауы  мақсатым. Бұл ұстанымым  уақытымды үнемдеп, әр күнімді жаңа заман талабына сай  ізденуге бағыттадым. Өзгенің уақытын аялай білдім, өзімнің уақытымды аямадым. Соның арқасында, мектепке дейінгі білім беру ұйымында  тәрбиеші, педагогтармен  жұмыс істеу бақыты бұйырды. Мен үшін  жас мамандарға  бағыт пен бағдар беру  үлкен бақыт.

Әдіскер  мамандығы – жай мамандық емес. Мен бұл мамандыққа өз жүрек қалауыммен  келдім. Себебі, әр ісің жүрекпен  істелуі керек. Ал, менің жүрек түкпірімде бүлдіршіндерді өз туған тілінде емін-еркін сөйлетіп, өз ойларын ана тілінде жеткізе алатындай тәрбиелеу үшін тәрбиеші, педагогтарға  үлгілік бағдарламаға сай, тәрбиелеуін қадағалаймын, мән беремін. Бұл менің – «Жарқын елдің болашағы – жастар» дегеніндей жас ұрпақтарымызға тәрбиеленушілерге беретін тәлім-тәрбиені «Жүректен жүрекке» қағидасы арқылы жүргізу талабын қоюдан бастадым. 

«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиеші – қолында әр кезде сол кілт жүруі керек», – деген екен арқалы ақынымыз Мұхтар Шаханов. Ол кілт – баланы әуелі мейірім мен шапағатқа шомылдыра отырып, содан соң ақыл, парасатқа баулып, содан кейін ғана ғылымға, білімге жетелеу арқылы бала жүрегіне жол табатын күйсандықтың кілті. Күйсандықтың кілті баланы сыйлап тұрсаң ғана ашылады екен. Әр бала тәрбиешіден жылылықты, қайырымдылықты, еркелетуді күтеді.

Бала таза қағазбен тең, қағаз бетіне қалай өрнек салсаң, балаға берген білім мен тәрбие бойына солай қалыптасатыны сөзсіз. Заңғар таудай өресі биік, жазық даладай кең пейілді, дарқан мінезді,  бұлақтай көңілі таза, болашақ  қоғам  иелерін жан-жақты жетілген  жеке тұлға  ретінде қалыптастырып  шығару. Пәк сенімді балалар әлемінің теңізіне бір бойласаң, жандарын терең сезіне аласың. Осындай балдырғандырды бағалай білетін нағыз маман  тәрбиешінің қолынан ғана келеді.

Мен өз мамандығымды жан-тәніммен жақсы көре отырып абыроймен адал атқаруға мүдделімін. Ұлы педагог Г.Песталоцци «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеуге құқың жоқ» деген. Өмірімді бүлдіршіндерді тәрбиелеуге арнағандықтан, бәсекеге қабілетті, жаңа заман тәрбиешілеріне лайық  болуға ұмтылудамын. Қазіргі заманда тәрбиешілерден инновациялық білім, жаңа заман талабына сай технологияларды қолдану арқылы әр баланың шығармашылық ізденісін қалыптастыруды, келешекке сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.

Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие – балабақша. Әр баланың құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алуда. Балабақша –  тәрбиенің бастамасы болғандықтан, балалардың ойынмен өткізетін мекені, күндізгі ұйықтайтын жері, тамақтанатын орны, екінші үйі, «алтын ұясы», сүйікті мекені. Сондықтан, тәрбиешілерге  балалар алтын ұяларына  күліп  келіп, шаттанып қайтатындай шығармашылықпен жұмыстанатын, бағыт-бағдар беріп отырамын.

Әр  бағыттағы өнерді  қабылдауларын дамытудамын, дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеуде топтарда «вариативтік компанент», «Көркем әдебиет», «Ертегілер әлемінде», «Қызықты логика» балалардың рөлдерде ойнау шеберлігін арттыруда  ұйымдастырып, қызығушылықтарын оятып, қосымша оқу қызметтерін өткізеді. Себебі, бала ойынмен өседі. Жақсы тәрбиеші болу үшін баланың жүрегіне жол тауып, бұлақтың көзін ашып, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарыта отырып, баламен бала болып сөйлесе біліп, үлкендерше жауап беру  керек.

Ұрпақ тәрбиесі оңай емес. Білім-қайық, оқу-тәрбие, оқу қызметі – желкен. Білім қайығына мінген тәрбиеші желкенді түсірмей, өзен ағысымен елімнің көк туын желбіретіп, әнұранын  қалықтатып, ұрпақ тәрбиесін ертеңге қалдырмай, бір күндерін бір күннен нәтижелі өткізгенде ғана жарқын елдің шамшырағы, сондықтан өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беру әрине балабақшадан басталады. Қазіргі заманауи жаңалықтарға толы кезең. Әдіскер ретінде білім берудің жаңа жүйесіне енген жаңалықтарды оқу қызметтеріне енгізіп, жаңаша құрылатын тиімді жұмыстарды жанды  жүргізуге белсене ат салысудамын.

Әр бала тәрбиесі үшін ата-ана алдында, қоғам алдында жауаптымыз. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн», – деп атап көрсеткеніндей, сапалы ұрпақ тәрбиелеуге, жауапкершілікпен  ат  салысайық!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі