Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдіскердің жылдық есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2024 – 2025 оқу жылға арналған «Жастерек» жекеменшік балабақшасының жылдық есебі.
2023-2024 оқу жылы атқарылған педагогикалық жұмыстың есебі.
Бөбекжайда мектепке дейінгі 2-6 жас аралығындағы 90 бала тәрбиеленеді. 2023-2024 оқу жылында балабақшаның жылдық жоспары ,оқу қызметтерінің кестесі,күн тәртібі Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына,жалпыға міндетті стандартының үлгілік оқу жоспарына сай жасалып ,бекітілді.
2024-2025 оқу жылына қойылған мақсаты:
Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру
Мақсаттары:
Физакалық қасиеттерді дамыту: денсаулық сақтауда ұлттық спорттық ойындарды қолданып, балалардың денсаулықтарын нығайту.
Коммуникативтілік дағдыларды дамыту: балалардың қарым-қатынас дағдыларын игеруінқалыптастыру, ана тіліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әлеуметте еркін сөйлеуін дамыту.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту: баланың қоршаған ортамен өзара іс-қимыл жасаудағы қажетті танымдық іс-әрекеттерді, ұлттық зияткерлік ойындар арқылы математикалық және логикалық ойлаудың қарапайым дағдыларын меңгерту.
Шығармашылық, зерттеу дағдыларын дамыту: қоршаған ортаны бейнелі қабылдауда қиялдауды, ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерді, эстетикалық талғамды ұлттық бағытта қалыптастыру.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды дамыту: балаларды мәдени-әлеуметтік нормаларға, отбасы, мен қоғам дәстүрлеріне баулу
Міндеттері:
Таза ауада қимылды ойындар арқылы балалардың дене қозғалысының белсенділігін арттыру, дене шынықтыру шараларының сапасын көтеруді жалғастыру.
Отандық дамытушы құралдарымен ауыз екі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Барлық топтарда балаларды табиғи орта негізінде өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстыру. Санау салыстыра ойлау қабылеттерін Интелектум және робототехника, бестемше ойындары арқылы дамыту
балалардың еркін түрде шығармашылық іс-әрекетін дамыту, эстетикалық талғамын шыңдау.
қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік және мінез-құлық нормаларын менгертіп, «Ұлттық мәдениет» жайлы түсініктерін кеңейту.
Педагогикалық үгіт-насихаттың бір түрі ретінде біздің топ «Сіздерге, ата-аналар» атты көрнекі демонстрациялық стенд жасады. Білім беру мәселелері бойынша кеңестер мен ұсыныстар, ақпараттық хабарландырулар да берілген. Келесі оқу жылындағы жоспарымыз – ата-аналар бұрышындағы стендті заманауи үлгіге ауыстыру.
Жыл бойы біз ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формаларын қолдана отырып, белсенді жұмыс жасадық:
-
Дәстүрлі емес ата-аналар жиналысы;
-
Бірлескен мерекелер, демалыс, ойын-сауық;
-
Ата-аналардың отбасылық байқаулар мен көрмелерге қатысуы;
-
Бірлескен еңбек қызметін ұйымдастыру;
-
Стендтердің визуалды дизайны;
-
Фотокөрмелер;
-
Консультациялар;
-
Сауалнама;
-
Жеке әңгімелер
Балабақшада қыркүйек айында Білім күні, Отбасы күні мерекелеріне арналған шаралар ұйымдастырылды. «Мен спортты сүйемін!» атты дене шынықтыру бойынша эстафеталық жарыстар «Балапан», «Жұлдызай», «Ақбота» топтары арасында өткізіліп, балаларға қуаныш сыйлады. Жас мамандармен шебер сынып, дәстүрден тыс сурет салу, семинарлар, кеңестер өткізілді. Педагогтарды аттестаттаудан өткізу мақсатында педагогтармен аттестаттау жоспары құрылып, педагогтарды аттестаттау ережелерімен таныстырылды. Жалпы ата-аналар жиналыс кестесі мен іс-шаралар жоспары бойынша «Келіңіз танысайық!» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға арналған пункт жұмыстары ұйымдастырылып, «Балабақшаға баланың бейімделуі» атты кеңес өткізілді.Бақылау мен басшылық жоспары негізінде топтардың жабдықталуы, жаңа оқу жылына дайындығы- салыстырмалы тексеру жедел бақылау түрі ұйымдастырылды. Әр ата-анамен «Бала өміріндегі күн тәртібі» әңгіме өткізілді. «Балапан» кіші тобының тәрбиешісі Бекмаганбетова Гулфайрус Мырзабаевна «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Қазан айында «Жомарт екен күз деген!» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылып, балалар күз туралы тақпақтар айтып,ән салып,түрлі ойындар ойнады.
Балалар Отан,Туған жер, Мемлекеттік рәміздер туралы тақпақтар айтып,саяхаттар жасап,ән айтып,би биледі,ұлттық ойындар ойнады.
Бөбекжайда 2015 жылдан бері ересек және ересек және ортаңғы топтарында «М.Монтессори» технологиясын пайдаланып келеді,оқу – тәрбие үрдісін жетілдіруде әрдайым жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Ата-аналарының қолдауымен олар баяндама «Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен ата-аналардың бірлескен жұмыстары»; сонымен қатар, «Күз сыйы» көрме ұйымдастырылды. «Біз болашақ спортшылар!» атты дене шынықтыру бойынша эстафеталық сайыс «Жұлдызай», «Ақбота» топтары арасында өткізілді. «Жұлдызай» ортаңғы тобының тәрбиешісі Жилхайдарова Мариана «Үйшіктің ішіндегі сыйлықтар» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Қараша айында: «Бала өміріндегі ойыншықтың рөлі» ата-аналарға кеңес. «Аурулардың алдын алайық» жылжымалы папка мен жұмыс жүргізілді. «Балаңыз дыбыстарды дұрыс айта алама?»ата-аналарға кеңес берілді. «Денсаулығы сәбидің-денсаулығы әр үйдің» атты дене шынықтыру бойынша эстафеталық сайыс «Жұлдызай», «Ақбота» топтары арасында өткізілді. Ата-аналарға арналған пункт жұмыстары ұйымдастырылып, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты кеңес өткізілді. «Балапан» тобының тәрбиешісі Бекмаганбетова Гулфайрус Мырзабаевна «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Желтоқсан айында «Баланың тілін дамытуда ертегілердің маңыздылығы» кеңес ата-аналарға өткізілді, «Баламен бірге үйренейік»біріккен жұмыс өткізілді. «Қош келдің жаңа жыл» Жаңа жылға ең жақсы топтық дизайн байқауы, балалар мен олардың отбасылары қар ұшқындарын қиып, «Жаңа жылға тарту» сурет байқауы өтті. , жаңа жылдық қолөнер байқауы. Ата-аналар Жаңа жылдық кештен үлкен рахат алды. «Тәуелсіздік ел тірегі» атты дене шынықтыру бойынша ұлттық ойындар эстафеталық жарыс «Жұлдызай», «Ақбота» топтары арасында өткізілді. «Ақбота» тобының тәрбиешісі Турбаева Салима Бекбергеновна «Бағдаршаммен ойнайық» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Қаңтар айында ата-аналар денсаулық апталығына белсенді қатысады, «Тұмау жұқпалы ауру» жылжымалы папка арқылы хабарлама қабырға газетін шығарады.
Ата-аналар жиналысы «Ұжымдық балалардың қарым-қатынасы» «Шынықсаң шымыр боласың» атты дене шынықтыру бойынша эстафеталық сайыс «Балапан», «Ақбота» топтары арасында өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналыс кестесі мен іс-шаралар жоспары бойынша
1.Ата-аналардың балабақша жұмысына қатысу шараларының есебі.
2.Балалардың тәрбие мен білім алу бойынша жарты жылдық жұмысының есебі айтылды.
Ақпан айында «Шынығу саулық кепілі»ақыл кенес өткізілді.
«Үйде бала еңбегін ұйымдастыру» ата-аналарға кенес өткізілді. «Көңілді старт» атты дене шынықтыру бойынша эстафеталық сайыс «Жұлдызай», «Ақбота» топтары арасында өткізілді. Жас мамандармен жұмыс жоспарына сәйкес, «XXI ғасыр педагогына қойылатын талаптар» атты семинар өткізілді.
Наурыз айында Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем мерекесін ұйымдастыру»ертенгілі өткізілді. «Спортты біз сүйеміз, үлкен болып өсеміз!» атты аналар мейрамына арналған спорттық шара «Ақбота» тобының ата-аналары арасында өткізілді. «Балапан», «Жұлдызай», «Ақбота» топтарында «Қош келдің Наурыз» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ата-аналарға арналған пункт жұмыстары ұйымдастырылып, «Балалар неліктен әр нәрсеге таласады» атты кеңес өткізілді.
Сәуір айында «Мұз ерігенде сақтану» атты ата-аналарға кенес берілді.
«Табиғатқа қамқорлық жасайық» көктемгі енбек өткізілген. «Денсаулық мол байлық!» атты денсаулық күніне арналған спорттық шаралар «Жұлдызай», «Ақбота» топтарында өткізілді.
Мамыр айында Ата-аналар жиналысы «Сюжеттік рөлдік ойындар және оның бала тәрбиесіндегі рөлі» ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Жазғы демалыс» жазғы демалыс жайлы кенес өтті. «Толағай» атты дене шынықтыру бойынша эстафеталық сайыс «Жұлдызай», «Ақбота» топтары арасында өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналыс кестесі мен іс-шаралар жоспары бойынша «Сұраңыз жауап береміз» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
1.Балабақшаның 2023-2024 оқу жылында оқу жылындаоқу тәрбие жұмыстарына есеп беру.
2.Балалар ауруларының алдын ала ескерту жөнінде медбикенің есебі.
3. Жазғы сауықтыру шараларының жоспарымен таныстыру
Жыл бойына ата-аналар жиналысы «Балалардың қауіпсіздігі», «4-5 жастағы балалардың жас ерекшеліктері», «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектепке дайындау», «Біз не білеміз? біз не үйрендік?».
Ата-аналар «Сіз қандай ата-анасыз» тақырыбындағы топ ішілік сауалнамаға және «Сіздің отбасыңызда дене тәрбиесі қандай орын алады» балабақша ішілік сауалнамаға белсенді қатысты.
Жыл бойы ата-аналар барлық байқаулар мен іс-шараларға адалдықпен және шығармашылықпен қарады, барлық жұмыс қызықты, түрлі-түсті және шығармашылық көзқараспен өтті.
Балабақшаның уақытылы төленуін үнемі қадағалап отырдық.
Ата-аналармен жұмыс жасай отырып, балалардың мектепке интеллектуалдық дайындығын дамыту мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырдық. Біз диагностикалық материалдармен таныстырып, балалардың қиындықтарын анықтадық.
Ата-аналарға үйде алған дағдыларын бекіту үшін жеке ұсыныстар беріледі. Осылайша, біз ата-аналардың балаларының мектепке дайындығын дамыту қажеттілігі туралы хабардар болуына ықпал еттік.
Ата-аналардың бастамашыл тобының көмегімен топтың пәндік-дамыту ортасы жақсарды. Топта оқу алаңын жасадық, ойын бұрыштарын толықтырдық, оқу құралдары мен оқу материалдарын сатып алдық.
Осылайша ата-аналармен көптеген жемісті жұмыстар атқарылды.
Ата-аналар тәрбиешілермен өзара әрекеттесу және балабақша өміріне қатысу арқылы өз баласымен де, балабақша ұжымымен де ынтымақтастықта тәжірибе жинақтайды.
Әдіскер: А.Б.Тулекбаева