15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдістемелік бірлестіктер арасында шығармашылық сайыс “Ұстаз болу- ұлағатты іс”
Әдістемелік бірлестіктер арасында шығармашылық сайыс
“Ұстаз болу- ұлағатты іс”
Өткізген: әдіскер-З.М.Оразбекова
Қорғалжын ауданы 2017 жыл
“Ұстаз болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың сценарийі
Өтілетін орны: мәжіліс залы
Өтілетін мерзімі: 29 қараша, 2017 жыл ,сағат 16-00.
Жүргізуші:
Оразбекова Зауреш Мухтаровна
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, баршаңыз бүгінгі колледжішілік әдістемелік іс-шара аясында өткелі отырған “Ұстаз болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош келіпсіздер.
Сайыстың мақсаты :
Колледж оқытушыларының шығармашылығын дамыту
Кәсіптік деңгейін арттыру
Топтық жұмыс жасауға үйрету
Колледж оқытушылары пән бірлестігіне қарай екі топқа топтастырылды.
Жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Құрметті көрермендер,бүгінгі сайыстың қатысушылары екі пән бірлестіктері таныс болыңыздар,қол соғып,ортаға шақырайық.
1-топ, «Жалпы пәндер» бірлестігі.
2-топ, «Арнайы пәндер » бірлестігі.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыстың қазылар алқасы колледжіміздің директоры -
Қоспанов Аян Серікбайұлы,ДӨІЖО- Аққожина Сағдат Қарабекқызы, есепші -Уапова Баян Мәжитқызы, кадр – Наурызбаева Роза Балтабайқызы, психолог –Карагетеева Д.Б.
Әділ-қазы жұмысының қиындығын тек қазылар алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дегіміз келеді.
Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, орындарына жайғастырайық.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І кезең. Шығармашылық көрме.
ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:
Тақырып.
«Рухани жаңғыру »аясында ...
ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр... ол мынадай бөлімдерден тұрады...
1 .Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті безендендіру қолмен жазылуы және салынуы тиіс. (3 мин)
2.Сән үлгісі. Болашақ мұғалім моделі (3 мин)
(Оқытушы - кеше, бүгін, ертең)
3. Тосын тапсырма (5мин)
( Командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер өздерімен әкеледі.)
Команда мүшелері бұйым жасайды, оны қорғайды.
4. “Ұстаз болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин),
5.Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс, бірнеше өнер көрсету) (10мин)
6.Ширату. (3мин)
Жүргізуші:
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
I .«Сайыстың бірінші кезеңі «Таныстыру». Ендеше сахна төріне алғашқы болып 1-топ, «Жалпы пәндер» бірлестігі
2-топ, «Арнайы пәндер » бірлестігі тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың.
Мерейің қандай шуақты,
Ұстазым – асыл арманым!
II. екінші кезеңі - сән үлгісі, «Болашақ оқытушы моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.
Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жалпы пәндер» бірлестігі тобын шақырамыз.
«Арнайы пәндер » бірлестігі тобын шақырамыз.
Музыка қою керек
Жүргізуші:
Балғындарға баянды,
Сырын төккен – ұстазым!
Шәкіртіне аяулы
Нұрын төккен – ұстазым!
III.Сайыстың үшінші кезеңі - Тосын тапсырма жасауға берілетін уақыт мөлшері – 5 минут.
Ендеше сахна төріне «Жалпы пәндер» бірлестігі ,
«Арнайы пәндер » бірлестігі топтарын шақырамыз .
Командалар өз бұйымдарын жасап болғанша назарларыңызға Алиакпар Арманның орындауында « Әкем » әнін ұсынамыз, қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Ұстазды жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.
Ұстаздардың ұстаздарын танимын,
Көкіректе көре-тұғын көзім бар.
IVкезең. “Ұстаз болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (әзіл, 10 мин)
Нағыз ұстаз 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді естігенім бар... ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Ұстаз болу қандайды?...» рольдік көрініс әзіл түрінде
Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жалпы пәндер» бірлестігі ,
«Арнайы пәндер » бірлестігі топтарын шақырамыз
Жүргізуші:
Vкезең. “’Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс) (10 мин)
Ұстаздық еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі күні тағы да көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ...
Олай болса, сахна төріне «Жалпы пәндер» бірлестігі ,
«Арнайы пәндер » бірлестігі топтарын шақырамыз,тамашалайық.
Жүргізуші:
VI кезең «Ширату».
Келесі сайыс Сұрақ -жауап топ мүшелері ақылдасып қойылған сұраққа жауап беруі тиіс:
1.Қ.Р. Білім министірі кім? (Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев )
2.Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданған? (1989 жыл)
3.Мақсаты оқушыларды қалыптастыру мен дамытуға негізделген ғылым? педагогика
4.Білім беру процесінің түпкі нәтижесі? Білім
5.Қ.Р Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім? Улиханов , Мәлібеков.
6.Оқу пәндерінің құрамын жылдар бойынша анықтап, оларға берілетін сағат санын белгілейтін мемлекеттік құжат не? ( Мемлекеттік білім беру стандарты)
7. Білім заңы қай жылы қабылданды? (2007 жыл 20 шілде №319 заң)
8.Баланы ынталандырудағы әдісіңіз? (марапаттау)
9 .Тұңғыш қазақ ғарышкері?
10.Қазақстандағы ядролық апаттың ошағы болған жер
11.Қажылыққа баратын қасиетті бас қала
12.
Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін
форма (Үй тапсырмасы)
13. ҚР сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі
жолында берілетін орден
(Халық
қаһарманы)
14. Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)
15.
Білім беру мекемесінің басты құжат. (
жарғысы)
16. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
17.
Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
18.Елбасымыздың
мамандығы инженер-металлург
19.
Жел соққанда тау ық
бола ма? /Ық болады/
20. Теңізде
қандай тас болмайды? /Құрғақ/
21.
Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады.
Бұл не? /Тұз.
22.Сыныпта
сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек
пе?
Жүргізуші :
Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша ---
орындауында «-------------------------------------------» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен колледжіміздің ұстаздарын шақырамыз.
1-топ, «Жалпы пәндер » бірлестігі.
2-топ, «Арнайы пәндер бірлестігі» бірлестігі.
Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасының төрағасы Қоспанов Аян Серікбайұлын шақырамыз.
Жүргізуші:
Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.
Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.
Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!
І кезең. Шығармашылық көрме.
ІІ кезең. Эссе, оқытушылар төмендегі тақырып бойынша ой-толғау жазған болатын, сахнада мәнерлі оқып,жеткізу.
Тақырып.
« Рухани жаңғыру » аясында ...
ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр... ол мынадай бөлімдерден тұрады...
1 .Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті (3 мин)
2.Сән үлгісі. Болашақ мұғалім моделі (3 мин)
(Оқытушы - кеше, бүгін, ертең)
3. Тосын тапсырма (5 мин)
( командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер өздерімен әкеледі )
Команда мүшелері бұйым жасайды, оны қорғайды. Әр командадан ----- адам қатысады.
4. “Ұстаз болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин)
5.Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс, бірнеше өнер көрсетуге болады ) (10 мин)
6.Ширату. (2мин)
Қатысушы оқытушылар:
1-топ, «Жалпы пәндер» бірлестігі.
1.Касимова М.Б.
2.Смагулова А.К.
3.Айкишева С.Б.
4.Тулюсова Г.С.
5.Байтуров Ә.Т.
6.Рахымжанов М.М.
7.Сембаев Ғ. С.
8.Саметов М.К.
2-топ, «Арнайы пәндер » бірлестігі.
1. Үсенов М.Ә.
2.Абдикаримов М.М.
3. Макимов М.М.
4. Наурызбаева С.А.
5.Бейсекеева С.А.
6.Мусин А.Н.
7.Касымов Қ.Д.
8.Абдыкалықова Т.К.
Бекітемін:
№1 агротехникалық колледж
КММ директоры
____________ А.С.Қоспанов
«_____»_____________2017 ж
Әдістемелік бірлестіктер арасында шығармашылық сайыс
“Ұстаз болу- ұлағатты іс”
Өткізген: әдіскер-З.М.Оразбекова
“Ұстаз болу- ұлағатты іс”
№ |
«Жалпы пәндер» бірлестігі. |
«Арнайы пәндер » бірлестігі |
|
Iкезең. Шығармашылық көрме. |
|
|
|
II кезең. . Эссе, оқытушылар төмендегі тақырып бойынша ой-толғау жазған болатын, сахнада мәнерлі оқып,жеткізу. Тақырып. « Рухани жаңғыру » аясында ... |
|
|
|
III кезең. . 1.Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті (3 мин) |
|
|
|
2..Сән үлгісі. Болашақ мұғалім моделі (3 мин) (Оқытушы - кеше, бүгін, ертең) |
|
|
|
3 . Тосын тапсырма (5 мин) ( командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз, фломастер өздерімен әкеледі ) Команда мүшелері бұйым жасайды, оны қорғайды. |
|
|
|
4 . “Ұстаз болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (әзіл, 5 мин) |
|
|
|
6. Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс, бірнеше өнер көрсетуге болады ) (10 мин) |
|
|
|
7. Ширату. (2мин) |
|
|
|
Жалпы ұпай саны |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген