«Әдістемелік
бірлестіктердің кәсіби шеберлігін
жетілдіру»
Білім
саласы алдында да қоғамның алға жылжуымен
бірге білім берудің ұлттық үлгісін
жаңарту жағдайында жұмыстар жүргізу
міндеттері тұрды. Заман дамуына сай
білім беруде әдістемелік жұмыстардың
мазмұнын жаңартуда жаңашыл ұстаз
жаңалықтың жаршысы бола білуі тиіс.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін,
шеберліктерін жетілдіру және
шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттауда
атқарылатын жұмыстарға диагностикалық
зерттеулер жүргізіліп, талданып, саралап
нақты жүргізілетін жұмыстарды анықтап,
жоспарланды. Ұстаздардың шығармашылық
ізденіспен еңбек етулеріне, педагогикалық
жаңалықтарға бет бұруларына әдістемелік
жағынан бағыт – бағдар беріп, әр ұстаздың,
әр ұжымның озық жұмыстары мен кемшін
тұстарын көре біліп, талдай біліп, нақты
көмек көрсету мақсатында әдістемелік
бірлестіктер арасында рейтинг жүргізілген
болатын. Іс – шараларда әрбір сабақ,
басқа да оқу – тәрбиелік істер терең
талданып, кемшіліктер мен жетістіктер
сарапқа салынды. Мұғалімдер бай
тәжірибелерімен бөлісе отырып әдістемелік
ұсыныс, пікірлермен алмасты. Бұл әр
ұстазға қанат бітіріп, қиялын шарықтатып,
алдағы істің нәтижелі болуына септігін
тигізетіні ақиқат. Осылайша білім беру
саласын шығармашылық жолға қоя білеміз.
Оқу
жылының жыл бойы істелген әдістемелік
жұмыстар мына бағытта бойынша
қорытындыланды.
Педагог
кадрлардың сапалық құрамы, мұғалімдер
қозғалысы
а/
педагогикалық кадрлардың өсу динамикасы
б/курстан
өту (обл ИПК, РИПКСО)
Дарынды
баламен жұмыс. Оқушылардың пәндер
бойынша шығармашылық сайыстарға қатысуы
а/
мектепішілік кіші олимпиадаға өткен
оқушылар
б/қалалық
кіші олимпиадаға өткен оқушылар
в/республикалық
олимпиада / «Самғау», «ТИО», «НИО», «Ұстаз
тілегі»
г/
қалалық ғылыми жобаға ұсынылған оқушылар
ғ/
қалалық деңгей бойынша оқушылардың
пәндік шығармашылық сайыстарға қатысып,
қол жеткізген жетістіктері
д/
облыстық деңгей бойынша оқушылардың
пәндік шығармашылық сайыстарға қатысып,
қол жеткізген жетістіктері
е/
республикалық деңгей бойынша оқушылардың
пәндік шығармашылық сайыстарға қатысып,
қол жеткізген жетістіктері
Мұғалімдердің
конференция, семинарларға қатысу,
баяндама оқуы
а/
конференцияға қатысу (қашықтық болса
да)
б/
семинарға қатысушы
в/семинарда
баяндама, ашық сабақ, коучинг өткізуі
Мұғалімдердің
жетістіктері, марапаттаулары
Мұғалімдердің
іс – тәжірибе тарату жұмыстары
а/
әдістемелік нұсқаулар, іс – тәжірибе
тарату (қалалық, облыстық, республикалық,
халықаралық)
Апталық,
әдістемелік семинар
Мектеп
мұғалімдерінің тексерістерге қатысуы
Мектепішілік
шараларға бірлестік мүшелерінің
қатысуы. Осындай бағыттар бойынша
төмендегідей әдістемелік бірлестіктердің
рейтингісі анықталды.
Алдыңғы
қатарда тұрған бірлестіктер:
Бастауыш
сыныптар бірлестігінің жетекшісі -
А.К.Зайнуллина
Математика,
физика, информатика пәндері
бірлестігінің
жетекшісі – М.М.Максутова
Химия,биология,география
пәндері бірлестігінің жетекшісі -
Ж.З.Жунусова
Ағылшын
тілі пәні бірлестігінің жетекшісі -
А.А.Галимова
Қазақ
тілі мен әдебиеті, тарих пәнінің
бірлестігінің
жетекшісі - Г.О.Нургалиева
Технология,
сызу, бейнелеу, музыка, өзін – өзі тану
пәндері
бірлестігінің
жетекшісі - Л.Б.Абишева
Орыс
тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің
жетекшісі - А.Б.Давлетова
Мектепалды
даярлық тобының жетекшісі – А.К.Абдикаримова
Дене
шынықтыру пәні бірлестігінің жетекшісі
– М.Ш.Карменов