Орал қаласының білім беру бөлімі
әдістемелік кабинет
меңгерушісі А.Е.Рамазанова
2017-2018 оқу жылында Орал қаласының білім беру бөлімі бойынша әдістемелік жұмысты жүргізе отырып білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім ...
«Қалам - өз ойыңды жеткізудің құралы»- деп Мигуэль Сервантес айқандай мен осы тақырып бойынша өз ойымды айтайын. Осы тақырыптағы басты мәселе – білім беру мазмұнындағы жаңартулар еңгізу және білім берудің сапалық деңгейін көтеру болып отыр. Бұл тақырып білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды көрсетеді. Егер де осы жаңашылдыққа бет бұрсақ, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз деп сенімді айта аламын.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»-деп ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа көрсеткен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-ұстаз үшін үлкен бақыт. Себебі, бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршамызға мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Осындай қала ұстаздарына жетекшілік ететін әдістемелік кабинет жұмысын бөлім басшысының 2012 жылы 16 тамызда маған жүктегенде бойымды қорқыныш билегенін жасырмаймын. Сол уақыттан бері 6 жыл ішінде білікті басшы бағытымен әдістемелік кабинеттегі тәжірибелі әдіскерлер мен қала мектептеріндегі жаңалыққа құштар ұстаздармен жұмыс жасай келе бұл қызметімді мақтан тұтатын болдым.
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Қала мектептеріндегі 3472 мұғалімнің әрбіреуіне әдістемелік кабинеттегі сапалық құрамы 95 пайызды құрайтын тәжірибелі 21 әдіскер әдістемелік көмек көрсетіп, жыл бойы
жаңалыққа жетелеп отырды.
Бүгінгі таңда білім беру үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар
мектептерде болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен
ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды,
әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың
шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда
ұйымдастыруды көздейді.
Қалалық білім беру бөлімінің «ЖОО-ҚБББ-ЖОББ мектептердің өзара байланысы арқылы мектептік білімді модернизациялау» жобасы барысында жан-жақты жүйелі ЖОО және ғылыми – зерттеу орталықтарымен байланыс жоспары құрылды. Жоспарға сай қала мектептерінің оқушылары БҚИТУ, КазИИТУ, БҚМУ базасында ұйымдастырылған пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жылма жыл қалалық ғылыми жоба байқауы, олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» РҒПО-ның жанындағы Республикалық әдiстемелiк кеңес дайындаған тапсырмалар негізінде республикалық олимпиаданы өткізу ережесіне сай ұйымдастырылып, оның қазылар алқасының төраға міндетін дәстүрлі түрде М.Өтемісов атындағы БҚМУ және БҚИУ арасындағы ынтымақтастық келісімшартына сәйкес университеттің оқытушылары атқарады. Ал №38 МЛ, №41 МЛ, №35МЛ, №28 МЛ, №27 МЛ мен №34,42, 44 МГ, ВБМГ, ЭБМГ – дың 9 - 11 – сынып оқушылары мен физика, қазақ тілі мен әдебиеті, химия, биология пәні мұғалімдері БҚИТУ, КазИИТУ, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ тығыз байланыста жұмыстанып келеді. Олимпиада, ғылыми жобаның облыстық, республикалық кезеңдерінің дайындық жұмыстарында универститет мұғалімдерінің де көмегі зор.
БҚИТУ-да геодезия факультеті бойынша «География және Біз» атты конкурс ұймдастырылып, оқушылар мен мұғалімдер марапатталды. Бұл жобаның дарынды балалармен жұмысқа келтірген көмегі мол болды.
№24 ЖОББМ бойынша ЖОО және ғылыми орталықтармен байланыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары Швакова В, Никонова А. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ -тің жаратылыстану-география факультеті өткізген «Менің өмірімдегі геграфия» ғылым жобалар сайысы ІІІ орын иеленсе, Яковлева А. ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша ақпараттық технология және экономика колледжінде 50% жеңілдікпен оқуға мүмкіндік алды. КАЗИИИТУ ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысында С.Тыныштыкова дипломмен марапатталған.
Сонымен бірге ұстаздар қауымы да ЖОО мамандарымен тығыз байланыста. Әріптестік жоспар жүйелі құрылып, ЖОО мамандарымен кәсіби дайындық, мамандық таңдау бағыттарында семинарлар ұйымдастырылды. Оның бір дәлелі сәуір айында «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ өткізген «Қазіргі жастардың келбеті: перспективасы мен инновациялық тұрғысы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға әдістемелік кабинет әдіскерлері А.Тулеушова «Туған жерге туыңды тік!» және С.Дәуешова «Отбасы рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы баяндамаларымен қатысып, іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Қай кезде де білімді де
тәрбиелі ұрпақ – ел тірегі дегендей, бұл білім әлеміндегі
додаларда, өнердегі, спорттағы шығармашылық сайыстарда жүзден
жүйрік атанып, білімнің тереңіне бойлап, қол жеткізіп отырған
толағай табыстарына қолдау көрсетуде қала ұстаздарына 300-ге тарта
семинар, шебер сыныптар, оқыту семинарлары жүргізілді.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет
бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды
бойына сіңірген азаматтарға қоғам сұранысының өсуі білім
жетістіктерін өркениетті білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға
тартады. Қазақстан Республикасының Қазақстан халқының ілгері
дамуын, қамтамасыз ететін сала-білім саласы болып отыр. Сол
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушылықпен жүргізуде-мұғалім басты
тұлға болып көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке
апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы,
жүрегі – мұғалім. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен
мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып,
үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барыншы жетілдіру және қызмет
саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс.
Қазіргі таңда қала педагогтарының сапалық құрамы 50 пайызды
құрайды. Олардың ішінде «педагог- шебер» -1, «педагог зерттеуші»
-131 «педагог – сарапшы» - 300, «педагог- модератор» -292-сі жаңа
форматта аттестациядан өтті.
Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. 2017-2018 оқу жылының есебі бойынша қала ұстаздары жаңалықтар мен озық тәжірибелерді игеріп қана қоймай 324-і жұмысты қала көлемінде, 207-сін облыс көлемінде таратып, бір-біріне үлкен көмек жасады.
Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан - жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Бұл сұрақтың жауабын табуға қала бойынша берілген 1674 ашық сабақтың көмегі болғанына толық сенімдімін. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселені шешуде қаланың республикалық, облыстық пәндік мұғалімдер олимпадасы 211 жүлдегерлерінің қала ұстаздары мен оқушыларына оң ықпал етті.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан - жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді. Бұл орайда қала көлемінде мұғалімдердің біліктілік шеберлігін арттыру мақсатында жүйелі түрде курстар ұйымдастырылып отырады. Қала бойынша биылғы оқу жылында --- ұстаз жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткізілді. Сонымен қатар робототехникадан-?, жаратылыстану-математика пәнін ағылшын тілінде оқыту-?, мектеп басшылары мен орынбасарлары-?, үйлестірушілер-?, тернерлер-?, курстан өткізілді.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Расында да осы уақытқа дейін бірнеше курстар мен тренингтердің тыңдаушысы болсам да, жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кетудің сәті түспепті. 2015 жылғы І –ші ілгерлік деңгейі бағдарламасы мен 2017 жылы өткен «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» атты екі апталық курстарды жаңа форматтың толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.
Курсан алған білік негізінде құрылған 2017 жылының қаңтар айынан бастап жұмыстанып келе жатқан мектеп үйлестірушілерінің желілік қоғамдастығы өз жұмысын жаңартылған білім мазмұнының жүйесі аясында 1,2,5-7-сыныптардағы жаңа оқу бағдарламасының ұйымдастырылуы жөнінде мәселеден бастап, әр тоқсан сайын үйлестірушілер есептері талданып, талқыланып отырды. Жұмыс барысында жаңартылған білім мазмұнының жүйесі аясында 5+7-сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасу шаралары жүргізілді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 5 оқу семинары, 7 семинар, 12 шеберлік сыныптар оздырылды. Шығармашылық топ мүшелері №7, 39, 2, 4, 13, 20 25, 43 ЖОББМ үйлестірушілеріне әдістемелік көмек көрсетті. Үйлестірушілерге Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесін енгізу аясында төмендегі іс-шаралар қаралды.
Ағымдағы оқу жылында үйлестіруші жұмысының ұйымдастыру барысында кездескен басымдығы - №20 ЖОББМ-да «Жаңартылған білім беру – жаңа талап» тақырыбында қала мектептерінің координаторларының, мектеп директорларының ОТЖ орынбасарларының семинары өткізілді. Семинар жоғары деңгейде өтті, қатысушылар оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, қазіргі заманғы бағалау үрдісін қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасты. Барлық қатысушылар бірлескен жұмысқа қатынасып, шығармашылықпен жұмыстанды.
№ 45 жалпы орта білім беретін мектепте "Критериалды бағалаудағы үй тапсырмасын интеграциялау" тақырыбында семинар оздырылды.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалаудағы үй тапсырмасын интеграциялаудың әдіс-тәсілдерін көрсету мақсатында жүргізілді.
Семинар барысында жаңартылған бағдарламамен 1-2,5,7 сыныптарда 7 ашық сабақ берілді. Семинарға 34 қала мектептері қатысты. Қатысушылардың пікірі бойынша тақырыптың өзекті екендігіне және семинардың өз деңгейінде өткізілгендігі айтылды.
Мұғалімдер назарына ұсынылған жаңартылған білім беру мазмұнындағы сабақ үлгілері талқылау, талдау барысында өзге әріптестердің кәсіби өсуіне, критериалды бағалауды толықтай түсінуге үлкен көмек бола алды.
2018 жылға арналған Орал қаласының білім беру бөлімінің Батыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатымен, Орал қаласының білім беру бөлімінің Орал қаласындағы ФМБ НЗМ –ментәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар жоспарлары жасақталды. Сонымен қатар 2017 жылға арналған Орал қаласының білім беру бөлімі мен Ә.Молдағұлова атындағы жетекші № 38 мектеп-лицейінің Сырым аудандық білім беру бөліміне, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп балабақша кешеніне тәлімгерлік бағытында білім мазмұнын жаңарту бойынша әдістемелік көмек көрсету іс-шаралар жоспары құрылды. Қазіргі кездегі ең басты мәселе болып танылатын бағалау тақырыбына көбірек тоқталып талқыланды. Мектеп директорлары мен мұғалімдері өздерінің ашық сабақтары мен шеберлік сыныптарында жаңаша оқыту технологияларын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды.
«Білім-инновация» мектеп- лицей көшбасшылары ЖОББМ физика, химия, информатика және биология пәндер мұғалімдеріне диалог алаңы оздырылды. Шараны «Network» шығармашылық топтың мүшесі №28 МЛ мұғалімі Кравченко З.М ағылшын тілінде ынтымақтастық орта қалыптастырудан бастады. Мектеп–лицей мұғалімдері Серикбаев Е. С Мырзатовым М. К. Өз сабақтарында қолданатын жаңа әдіс-тәсілдерін шебер сынып арқылы көрсетті. Content and Language Integrated Learning) – Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту технологиясымен таныстырып, ресурс сайттарынан қолдануға ұсыныс берді. Кездесуге қатысқан мұғалімдер әңгіме барысында сабақта қиындықтар кездесетін туралы ойларын ортаға салды. Бұл, негізінен, тілдік кедергінің оқушылар мен мұғалімдерде кездесуі, оқу-әдістемелік ресурстар және практиканың аздығынан болды деп пікірлерін айтты. МЛ әріптестері қала мұғалімдерге әдістемелік анықтамалар мен ресурстар таратты.
Орал қаласының ЖОББ мектеп мұғалімдері Үш тілдік оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында физика, химия, информатика және биология пәндерінде біртіндеп жұмыстана бастады. Осы орайда аталған пәндерінің мұғалімдері арасында іс тәжірибе алмасу үшін шығармашылық топ құрылды. Сауалнама өткізіліп проблемалар анықтап, олардың шешу жолдарын табу 2018 жылға құрылған жоспарда көрсетілді.
Сонымен қатар, Орал қаласының білім беру бөлімімен НЗМ «Орал қаласындағы ФМБ НЗМ» филиалының директоры 2017 жылдың 23 қаңтар- 23 желтоқсан арасында мектеп директорлары НЗМ «Орал қаласындағы ФМБ НЗМ» филиалының директоры жанында «Principals Circle» атты тағылымдама жалғасып өткізіліп келеді.
Ұстаздар мен басшылардың тәжірибелерінің шыңдалуына әртүрлі деңгейдегі байқаулардың қосар үлесі мол.
Қала мектептер арасынан облыстық «Табысты менеджер» байқауында 1 орынға № 44 МГ директоры А.Темирханова, ал ІІ орынға №16 ЖОББМ директоры М.Кабакова иеленіп, республикалық байқауына А.Темирханова жолданып, ІІІ жүлделі орыңды иеленді.
Мектеп мұғалімдеріне арналған «Смарт – педагог Өрлеу» республикалық сайысына 51 мұғалім қатысып І жүлделі орын – 2 педагог, ІІ жүлделі орын -2 педагог, ІІІ жүлделі орын -3 педагог иеленді.
«Педагогикалық идея жәрмеңкесі» республикалық фестиваліне 2 мұғалім жолданып, І, ІІІ орынды иеленді.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бұл маңызды мәселені қала ұстаздарына жете түсіндіріп,жұмысты жүргізу үшін 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық мектеп тренерлеріне кәсіби дамуға қолдау көрсету және өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» атты мектеп тренерлерінің желілік қоғамдастығы құрылды. Бірінші мектеп тренерлерінің кездесуі №43 ЖОББМ базасында өткізілді. Кездесуге қала мектептерінің барлық мектеп тренерлері қатысты. Осы кездесу нәтижесінде желілік қоғамдастығы құрылып және жетекші 7 тренерлер тағайындалды. «Тәжірибедегі рефлексия» ЖҚ шығармашылық топмүшелері әдістемелік кабинет әдіскері И.С.Амертаеваның жетекшілігімен жүйелі жұмыс жүргізді.
Желілік қоғамдастықтың жұмыс нәтижесінде мектеп тренерлері мектептің қажеттілігіне байланысты жұмысын жоспарлайды;мұғалімдермен кәсіби сабақтарды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді үйренеді;қаланың үздік тренерлерінің тәжірибесін пайдаланады;мектеп тренері өз оқуы мен тәжірибесі, жалпы өз жұмысына рефлексия жасай алады.
ЖҚ жоспары бойынша №7 ЖОББМ базасында «Мұғалімдердің біліктілігін артыруда мектеп тренерлерінің рөлі» тақырыбында алғашқы дөңгелек үстел ұйымдастырылды(26.01.2018ж). Дөңгелек үстелге Орал қаласының педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері: Мыңбаева Ж.Ж және Коровина арнайы шақырылды. ПШО тренерлері мектеп тренерлерінің жұмысын ұйымдастыруда қандай қиыншылдықтар мен мектеп әкімшілігінен қандай қолдау көрсететілінін айқындап, мектеп тренері жұмысына бағыт-бағдар берді. Дөңгелек үстел барысында мектеп тренерлері өз жұмыстарын жоспарлауда қиналатынын, мектеп әкімшілігінен қолдау көрсетілмейтінін ортаға салды. Осы дөңгелек үстел нәтижесінде келесі айда оқыту семинарын өткізу жоспарланды. 24.02.2018жылы «Білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде белсенді формалар мен әдіс-тәсілдері» атты оқыту семинары өткізілді. Мектеп тренерлері ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру мақсатында әлеуметтік-психологиялық «Тимбилдинг» тренингі ұйымдастырылды. Семинардың нәтижесі бойынша қала көлемінде «Білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде мектеп тренерлерінің белсенді формалары мен әдіс – тәсілдері» атты әдістемелік жинақ шығарылды. (№3 хаттама 16.03.2018ж)
Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті дарынды баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамытуға жағдай жасап, әртүрлі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадаларға қатыстырып, қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беру, қолдау мақсатында «Жан – жақты дамыған, қабілеті жоғарғы тұлғаларды оқыту, тәрбиелеу барысында ізденістік жолдағы дарынды оқушыны ынталандыруға жағдай жасау, әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында жұмыстанып келеді. Сол бағытта жүргізіліп жатырған жұмыстарға көңіл толады.
Бүгінгі күні дарынды оқушыларды қолдау жұмыстардың бірі: жоғарғы оқу орындарымен байланыс. «Жоғары оқу орындары-қалалық білім беру бөлімі-жалпы орта білім беретін мектептердің өзара байланысы арқылы мектептік білімді модернизациялау» жобасы, «Директорлар диалогы» жобасы, «Олимп» клубының жұмыстары осы бағытта өз нәтижесін беруде.
Бүгінгі күні жаңа форматтық әдістемемен оқытылған мұғалімдердің қауымдастығы жұмысы биыл жаратылыстану – математикалық және гуманитарлық бағыттармен жұмыс жасап келеді. 2015 жылдан бастап №1, 3, 34, 37, 44, ЭБГ білім ұйымдары тірек мектебі болып белгіленді. Жұмыс жүйеге келтіріліп, дарынды балалармен жұмыс көрсеткішінің жоғарлауына қолдау болып келеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде маңызды міндеттердің бірі - пәндік олимпиадалар. Осының айғағы - жыл сайын өтетін пәндік олимпиада.
Республикалық пәндік олимпиадансының қалалық кезеңіне биыл 665 (642) оқушы қатысып, облысқа 70 (73) оқушы жолданды. Облыстық кезеңнен жүлдегер атанған 54 (51) оқушының республикалық кезеңінде 17-сі (14) білімдерін сынап қайтты. Олардың ішінде 8 (5) оқушы республикалық кезеңнің күміс, қола медальдарын иеленді. Облыстық олимпиаданың пайыздық көрсеткіші 77% (70%), ал республикалық көрсеткіш 47% (36%) көрсетті.
Биылғы жылы облыстық олимпиада қорытындысы бойынша қалалық көрсеткіш облыстық «С.Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған мектеп – интернат кешенінен» кейінгі ІІ орынды көрсетті.
Екі жылдық пәндік олимпиада көрсеткіші
|
Оқу жылы |
Облыстық олимпиада |
Республикалық олимпиада |
||||
|
Қатысқандар саны |
Жүлдегерлер саны |
% |
Қатысқандар саны |
Жүлдегерлер саны |
% |
|
|
2016-2017 |
73 |
51 |
70% |
14 |
5 |
36% |
|
2017-2018 |
70 |
54 |
77% |
17 |
8 |
47% |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінде «Олимпиаданың үздік командасы» атағына қала мектептерінің командасы арасында №35 мектеп - лицейінің оқушылары ие болды. Бұл команданың 24 мүшесінің 20 - ы жүлделі орындарды және 1- алғыс хатты жеңіп алды.
Қазақстан халқына кезекті Жолдауы жаңа
әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен
жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды
дей келе Білім берудің барлық деңгейінде математика
және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту
керек.
Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа
дайындаудың маңызды шарты деген
болатын.
Биылғы жылы жалпы білім беретін пәндер қорытындысы бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану – математика бағыты бойынша 2016 – 2017 оқу жылына қарағанда жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Осы бағытқа қатысқан қаланың 40 оқушының 27-сі жүлделі орындарға ие болса, республикалық кезеңнен 2 күміс медальді жеңіп алды.
Жылма жыл қаланың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру үшін, оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру және дамыту, қабілетті жастарды анықтау және қолдау мақсатында оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарысының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған ғылыми жобалар жарысына қала мектептерінен 4 бағыт бойынша барлығы 215(өткен жылы 185) жұмыс келіп түсті. Алдын ала пәндік сараптама кеңесшілері жұмыстарды тексеріп, қорытындысы бойынша талапқа сай жазылған 190 (өткен жылы 185) жұмыстар қалалық кезеңге жолдады. Ғылыми жобаның рәсімделуіне қойылатын талаптарына сай жұмыстар II кезеңге жіберілді. Облыстық ғылыми жобаға қалалық ғылыми жарыстың 93 жобамен 115 жүлдегерлер жолданды. Оның ішіндегі 52 жоба мемлекеттік тілде, 22 жоба топтық түрінде жазылған. Облыстық кезеңінің сараптамасына 4 бағыт бойынша 89 жұмыс жіберілді. Облыстық кезеңінен 45 (өткен жылы 42) жұмыс жүлдегер атанды. Ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне 11 оқушының 9 жобасы жолданып, 2 оқушы жүлделі І орынға ие болды. Олар Манахов Альберт (№35 МЛ) пен Таласбаев Алихан (№42 МГ).
«Ғылым әлемін ашамыз» атты XIV Халықаралық ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми жоба байқауы мен 1 - 7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХІІІ республикалық конкурсына қала мектептерінен 3 оқушы қатысып, 2 оқушы (Ә.Бақтығалиева/№26 ЖОББМ/; Ә.Меңдіғали /№27МЛ/) жүлделі III орынға ие болды.
Қала оқушыларының ішінде спорттан да жақсы жетістіктер көрсетіп жүрген оқушыларда жеткілікті. Солардың бірі ЭБМГ оқушысы Джуламанова Камиля Окинава /Япония/ қаласында өткен олимпиадалық каратэден Азия чемпионатының WKF /+54 кг. салмақтағы, 14 - 15 жас шамасында/ - қола медаль иегері. Ал №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушысы Каримолла Алихан Қазақстан Республикасының жүзуден өткізген чемпионатында 2 алтын медальға қол жеткізді.
Дәстүрлі ұйымдастырылатын қала әкімімен кездесу биылғы жылы өзгеше «100 жаңа дарын» деген атпен, жаңаша форматта ұйымдастырылып, білім, ғылым, өнер, спорт сайыстарында Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде ерекшеленген қаланың білім беру ұйымдарынан 100 оқушы қамтылды. Кездесу барысында қала әкімі М.Мұқаев дарынды оқушыларды өз тарапынан құттықтап, қала дамуындағы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар өз тарапынан Мұрат Рахметұлына сұрақтар қойып, білім -біліктерін ортаға салды.
Ойымды жинақтасам, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.
Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.
Осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.Қалалық білім беру бөлімінде мектепті әлемдік деңгейге көтеру үшін алдымен мектеп басшысы мен мектеп әкімшілік мүшелерінің жұмысының сапасын көтеруді жолға қойдық.
2014-2015 оқу жылынан бастап Орал қаласының білім беру бөлімінің жанында жалпы орта білім беретін мектептердің арасында 6 желілік қауымдастық жұмыс жасап келеді. 2017-2018 жылдан бастап Орал қаласының мектептен тыс мекемелерінің «Shabyt» желілік қауымдастығы қосылды. Әр желілік қауымдастығының жетекші мектептері жоспар бойынша мектептегі көшбасшылықты дамыту бағытындағы жұмыстарға сараптау, талдау, болашаққа жоспарлау, бірлескен жоспарлардың мүмкіндіктері мен қиыншылықтарын белгілеп, жоспарын құрып, мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелері өткен жылдың басымдылықтары мен кедергілерді зерделеніп айқындалып жұмыстанды.
Жетекші мектептің 2017-2018 оқу жылында барлық жоспарланған іс-шаралар жоспарға сай жоғары дәрежеде өтті.
Әр жетекші мектеп ресурстық қолдау орталығы болғандықтан жұмыс барысында әрбір серіктес мектептегі деңгейлік бағдарламаны игерген мектептердің қандай жұмыстар жасап жатқанын біліп қана қоймай, серіктес мектептердің психологиялық ахуалымен, көшбасшы мұғалімдерімен, олардың атқарып жүрген жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты. Жетекші мектептер ұйымдастырған семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысқанда, серіктес мектептер көшбасшылары желі арқылы байланысқа түскенде қолдау тауып, жұмыстарына құлшыныспен кірісетіндерін айтып ой бөлісті. Көрсетіліп отырған шараларында проблемалар анықталып, мектепті дамытуда шешу жолдарын шығармашылық отырыстарда талқыланып отырды.
Жеті жетекші мектептерге бірнеше серіктес мектептер тартылып, жаңартылған білім беру бағдарламасы іске асыру бағытында жұмыстануда.
Осылайша әр мектепте ішкі қауымдастық құрылып, олар бірлескен жоспар негізінде жұмыс жасап шықты.
Жыл бойы атқарылған іс-шараларға келетін болсақ, қоғамдастық жұмысы жыл қорытындысында көрсетілген ұсыныстарға сай жоспарланды. Жұмыс жоспар үш кезенді қамтыды. Ұйымдастыру бөлімінде әрбір серіктес мектептер шығармашылық топтар мен мектепішілік желілік қоғамдастықтардың жұмысын жоспарлау, сауалнамалар, диагностика, мониторинг жасап, қажеттіліктерді анықтап, қоғамдастықтың ортақ бағытын айқындап жоспарланды. Мектептерде жүргізілетін зерттеулердің (Action Research, Lesson Study) тақырыбы мен бағыттарын анықтады. Жетекші мектептің ұйымдастырумен 18 дөңгелек үстел оздырылды. жоспар бойынша 21 Online конференцияларға қатысып, ақпараттық кеңістікті жете пайдалану, тәжірибе алмасу Skype, What’s upp, Е-mail кең көлемде жүргізілді. Практикалық бөлімде жоспарға сай 35 семинар, 62 коучинг сессиялар, 16 шеберлік сыныптар жүзеге асырылды.
2017-2018 оқу жылы бойынша «Директорлар диалогы» мектеп басшыларының желілік қауымдастығының жоспарына сай 9 семинар, 2 байқау, 2 форум, 12 дөңгелек үстел оздырылды. Солардың ішінде қатысушылардың жоғары баға алған іс-шаралары:
«Директорлар диалогы» мектеп басшыларының желілік қауымдастығы ҚБББ әдістемелік кабинетімен бірігіп 2017 жылдың 28-29 қыркүйегінде Атамекен базасында «Сапалы білім беруді басқарудағы теория мен тәжірибесі» атты семинар оздырылды. Семинардың басты мақсаты Менеджмент және заманауи мектепті басқарудың жаңа кешендерімен іс-тәжірибе алмасу мен қатар «Туған жер» бағдарламасын насихаттау бағытында ұйымдастырылған шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Семинардың ашылу салтанатын Орал қаласының білім беру бөлімі әдістестемелік кабинетінің меңгерушісі А.Рамазанова мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Обыденкина Л.В ашып, теория жағынан Педагогикалық шеберлік орталығының тренелері Унгарова Т.Б., Коровина С.В., Мынбаева Ж.Ж. ашық диалог, лекция түрінде өткізілсе, ал екінші күні семинардың практикалық бөлімінде алты желілік қауымдастықтың жұмыстарында кері байланыс «Өрлеу» желілік қауымдастығының «Сапалы білім беруді басқару жобасын жүзеге асырудың табыстары, мәселелері және перспективалары», «Зерде» ЖҚ «Менеджмент және сапалы білім берудегі басқару» «Содружество» ЖҚ «Әлеуметтік әріптестік басқару санасын арттыру факторы ретінде», «Ұлағат»ЖҚ «Ата-аналармен жұмыстың тиімді нысандары», «Өркен» ЖҚ «Бөлінген көшбасшылық тиімді басқарудың кепілі ретінде» жобалары арқылы жемісі көрінді. Жалпы орта білім беретін мектеп директорлары мен қосымша білім беру директорлары білім беруді басқарудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өз практикасында қолданып, зерделеу жүргізіп тиімді жақтарымен бөлісе білді. Сонымен қатар «Атамекен» ҚЮЖТжЭО директоры Сакенов Ж.Н пен ҚБББ әдіскерлерімен ұйымдастырған «Тимбилдинг» шарасы да ұжым арасында тиімді қарым-қатынасты да нығайта түсуге ықпал етті.
Осы шараның жалғасын «НЗМ»
ДББҰ мен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының Әкімдіктерінің
ынтымақтастық Меморандумын жүзеге асыру аясында, Орал қаласында
2018 жылдың 13-14 сәуірінде білім мазмұнын жаңарту бойынша Жетекші
мектептердің ІІ өңірлік Форумында тапты. Өңірлік форумына Орал
қаласының мектеп көшбасшылары да белсенді қатысты. Желілік
қауымдастық мүшелерінің ең үздік жұмыстары көрмеге қойылды. Орал
қаласының білім беру бөлімінің басшысы Ж.М.Туремуратова І
бөліміндегі баяндамасында Орал қаласының 7 жетекші мектеп жұмысы
жаңартылған бағдарлама талаптарына байланысты туындаған қиындықтар
мен кедергілерді шешу жолдарын бірлесе қарастырып, өзара
іс-тәжірибе алмасқан шараларын көрсетіп отыратыны туралы бөліссе
екінші бөліміндегі «Зерде», «Содружество», «Ұлағат» желілік
қоғамдастықтары өткізген сыни тұрғысынан ойлау, ашық алаң, ТЕDх
түрінде «Озат тәжірибесі студиясы» бағдарламасында өз жұмыстарында
әдістемелік қолдау мен әріптестік көмек көрсету жолдарымен
дәлелдеді.
Орал қаласының әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Рамазанова Ақтобе
қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Т.Акимоваға
«Достық белгісін» табыстағаны іс-тәжірибе алмасу жұмыстары дұрыс
жолға қойылғанының нәтижесі.
Сонымен қатар ең ауқымды іс шараларының бірі – Орал қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20-27 сәуір аралығында өткен «Табысты менеджер - 2018» қалалық байқауы. Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау,қолдау, мадақтау және ҚР білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау болып табылады. Байқау екі кезеңде жүргізілді. І кезең –қатысты желілік қауымдастық аясында өтіп, 12 басшы ІІ кезеңге жолдама алды. Байқаудың ІІ кезеңінде Орал қаласының білім беру ұйымдары арасында жоғары кәсіби рейтингісі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшылары анықталды. Байқау нәтижесінде мектеп басшылары өз жұмысына жаңа көзқараспен қарап,келесі оқу жылына мектеп жұмысын жоспарлауға көмек алды.
2016-2017 оқу жылынан қазан айынан «Директор диалогы» желілік қауымдастығының жанынан «Жас директорлар клубы» желілік қоғамдастығы құрылды. Бұл қауымдастықтың ішіндегі 12 жас директорларға тәлімгерлер тағайындалды. Жас директорлар клубы «Білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен практикасы» тақырыбында жұмыстануда. Жұмыс үш кезеңге 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарына жоспарланған.
Мектеп директорлары орынбасарларының қатары жас мамандарға толығуына байланысты ағымдағы жылдың ақпан айында «Білім беруді жаңарту тұрғысынан директордың ғылыми – әдістемелік жұмысы бойынша орынбасарлары қызметінің мазмұны» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылып, тәжірибелі директорлардың ғылыми – ізденіс бойынша орынбасарлары іс – тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік және шығармашылық шеберхана түрінде ұйымдастырылған семинар барысында әдістемелік жұмыстың 5 бағыты бойынша мағлұмат берілді.
Білім беру ұйымы басшылары орынбасарларының инновациялық, педагогикалық қызметін ынталандыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын директор орынбасарларын анықтау, олардың кәсіби, ғылыми және мансаптық өсуін алға ынталандыру мақсатында мектеп директорлары әдістемелік орынбасарлары арасында «Білім. Инновация. Әдістемелік идеялар..» байқауы өткізілді.
Байқау барысында 15 мектеп директорларының ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлесітік жетекшілері және пән мұғалімдері қатысып, әдістемелік, инновациялық идеяларын ортаға салып жобаларын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша №42 «Ақниет», №44 мектеп – гимназиясы, №28 мектеп – лицейінің , №41 жаратылыстану – математика бағытындағы мектеп – лицейінің, М.Маметова ат. №27 физика – математика бағытындағы мектеп – лицейінің, №46, №13 жалпы орта білім беретін мектебінің әдістемелк жобалары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл байқау қатысушылардың бір – бірімен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби деңгейлерінің өсуіне ықпал етті.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 және Орал қаласының білім беру бөлімінің 2018 жылғы 12 наурызындағы №113 – Ө бұйрықтарына сәйкес дәстүрлі «Үздік педагог» байқауы өткізілді. Байқауға 14 педагог қатысып, жүлдегерлер №41 МЛ математика пәнінің мұғалімі Г.К.Мусагалиева, №42 «Ақ ниет» МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Ж.Бердигалиева, №35 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. К. Ташаева ІІ (облыстық) кезеңге жолдама алды. Бл орайда 2013 жылдан бері жыл сайын қаладан бір ұстаз республикалық «Үздік педагог» атағын жеңіп алып отырғанын мақтанышпен айтуға болады.
Менің ойымша осы жерде оқыту мен оқу үдерісінің сапасын көтеру мен әріптестерімнің кәсіби дамуы үшін біздің мектептерде мұғалімдер бірігіп жұмыс істеуі, сабақты бірге жоспарлауы, бір-бірінің сабағына барып және бір-бірінің жұмысын жетілдіруге көмектесуi үшін Lesson Study тәсілін мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжiрибесін дамытуға белсенді түрде жаппай қолданылса және коучинг пен тәлімгерлікті жүйелі тәжірбиеге жаппай енгізу қажет.
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу.
Қалалық білім беру бөлімі 2014-2015 оқу жылында №1,5,21 ЖОББМ 2015-2016 оқу жылынан бастап №№24,47 ЖОББМ, 2016-2017 оқу жылынан бастап №2,10,13,22,33 ЖОББМ «Кәсіптік бағдар беру» кабинеттері ашылды.
№1,2,5,10,13,21,22,24,33,47 орта жалпы білім беретін мектептерінде арнайы кабинет ашылды. «Кәсіби бағдар» кабинеті болып ашылды. Жалпы кабинетті жасақтау негізінде кабинет мүліктері (парта, отырғыш, шкаф) қойылды. Ал кабинетті безендіру жұмыстары бойынша қабырға стенділерінің үлгі сызбасы дайындалып №1,2,5,21,47 ЖОББМ безендірілді. .
Сонымен қатар,осы жұмысты жандандыру, оқушыларды мамандыққа баулу негізінде №1 ЖОББМ 1 сағат көлемінде 8 «г» сыныбына «Экономика және бизнес» тақырыбында үйірме бөлінді. Жалпы бұл үйірменің тақырыптық – күнтізбелік жоспары «Шағын және орта бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалық кітабының мазмұнына сүйене отырып құрылды.
«Атамекен» БҚО кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен қала мектептері оқушылары арасында БҚИТУ базасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылып қала мектептерінен №2,5,6,9,14,16,21,23,26,32,45,46 мектеп оқушылары «Желаев ХПП», «Уральский завод Зенит», «БҚО машинақұрылыс» компаниясы, «КазАрмаПром» ТОО, «Фирма Родник»ТОО, «УральскАгроРемаш» ТОО, «Уральский трансформаторный завод» ТОО, «СтеклоСервис» ТОО, «Уральский мехнический завод»ТОО, «Стройкомбинат» ТОО, «УТПК» ТОО осы атаулы мекемелерге қараша айында экскурсия барып қайтты.
«Жылдың таңдаулы кәсіби бағдар беру» кабинеті байқауы ұйымдастырылды. Байқауға №1,2,5,13,21,22,47 мектептер қатысты. байқау қорытындысы бойынша І орын №1ЖОББМ, ІІ орын №21 ЖОББМ, ІІІ орын №2,13 ЖОББМ орын иеленіп, облыстық кезеңінде №1 ЖОББМ ІІ орын иеленді. 2017-2018 оқу жылында І орын №21 ЖОББМ, облыс көлемінде ІІ орын иеленді.
2017-2018 оқу жылы қаладағы іс-тәжірибеге сүйене отырып №3,30, Серебряков ЖОББМ кәсіптік бағдар беру кабинеттері өз жұмысын бастады. Қалалық «Кәсіби білім беру» бірлестігі құрылып құрамына 1,2,5,10,13,21,22,24,33,47, №3,30, Серебряков енгізілді.
Жыл бойы №1 ЖОББМ «Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі» отырыс, №21 ЖОББМ «Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары» семинар-практикум, барлық мектептер базасында «Мамандықтар әлемі» жәрмеңкесі (барлық ЖОО,АОО), №5ЖОББМ «Педагогикалық мамандық – ұлы мамандық» дөңгелек үстел, №2 ЖОББМ «Кәсіби бағдар беру жұмысының инновациялық әдістері мен технологиялары» семинар-практикум ұйымдастырылды. Биылғы жылы №5 жалпы орта білім беретін мектебінен 12 оқушының педагогикалық сыныпты аяқтап, мұғалімдік мамандықты таңдауы, қазіргі таңдағы шешімін таба алмай отырған, маман тапшылығын шешу сұрағына азда болса көмек болмақ.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы жүргізілген жұмыстар осымен шектелмеуі тиіс. Біз өз жұмысымызда ізгілік және тұлғалық бағыттылық инновациялық педагогикалық парадигманың жүзеге асуын қамтамасыз ететін болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жасауды талап етеміз.
Елбасы Жолдауында ифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет деген болатын. Бұл бағытта қалалық білім беру бөлімінен қала мектептеріне үлкен қолдау көрсетідуде 47 мектеп кең жолақты интернет желісі қосылып, электронды құжат айналымына толық көшірілді және цифрлық білім беру ресурстарды кеңінен пайдаланылуда, 40 мектепте Wi-Fi аймағы орнатылды. Қауіпсіздік аймағын құру мақсатындағы арнайы жоба шеңберінде қаланың бір шағын ауданында толығымен турникет жүйесі орнатылып,іске қосылды; жоспарда бұл жұмысты одан әрі қарай дамиды. Барлық мектептер, бала бақшалар мен қосымша білім беру мекемелерінде бейнебақылау орнатылды. Осы жылдан бастап бала бақшаға бүлдіршіндерді кезекке тіркеуден бастап жолдама алу процесі толығымен автоматтандырылды.
Аталған шаралар Орал қаласының «Ақылды қала» жобасы аясында білім беруде SMART технологияларды енгізу болып табылады.
Жолдауда «... Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек...» деген. Бұл бағытта, қалалық білім беру бөлімінің 2013 жылдан бастау алған облысымыздың белді ЖОО-мен, мектеп және қалалық білім беру бөлімінің арасындағы әріптестік жобасы білім берудің модернизациялаудағы алғашқы қадамдардың бірі болды.
-
Қалалық әдістемелік кабинетте жаратылыстану-математика бағытындағы барлық пәндер бойынша пәндік ассоциация құрылып, мұғалімдерге тақырыптық, практикалық әдістемелік көмек көрсету жолға қойылған. Соның нәтижесінде биылғы жылғы қала оқушыларының облыстық пәндік олимпиададағы 9,10,11 сыныптар бойынша математика,физика және информатика пәндерінен көрсеткен ең жоғарғы көрсеткіштерін атап кетуге болады.
-
Елбасы оқушылар сарайының базасында технопарктер жүйесін ашу бойынша тапсырма берді. Біз жаңа оқу жылында Орал қаласының оқушылар сарайында ғылым , білім және өндірістің ресурстары мен күшін біріктіретін мектептік технопаркті ашуды жоспарлап отырмыз. Жобаның мақсаты: оқушының болашақ әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделген жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ететін технопарк үлгісін жүзеге асыру.
Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуы тиіс болса, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтауды жалғастыру жұмыстары жүргізілуде. 2017-2018 оқу жылында қала мектептерінде оқу процесінде қолданылатын 3874 (3253) бірлік компьютер, оның 445 дана интерактивті тақтамен қамтылған. Дегенмен, көрсетілген компьютерлердің 1393-і ауыстыруды қажет етеді. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған. Ағымдағы жылы 48 қала мектебі 240 интерактивті тақтамен (компьютерімен қоса алғанда) жабдықталуда. №29 НББМ-і Bilimland цифрлық ресурстарын қолдануға қажетті 4 Bilimbook құрылғысымен қамтылды. 46 мектеп цифрлық ресурстарды онлайн режимінде, 2 мектеп офлайн режимінде қолданады. 50 мектеп kundelik.kz порталы арқылы журналды электронды түрде толтыруда. Қаланың барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары, 3 мектепте турникет құрылғысы орнатылған. Мектептердің барлығында кең жолақты интернет желісі, олардың жылдамдығы 4 Мбит/сек-тен 40 Мбит/сек-ке дейін жетеді және 44 мектепте Wi-fi желісі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Елбасының жолдауына сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Орал қаласы әкімдігі, Орал қаласының білім беру бөлімі және мектептердің 37 информатика пәні мұғалімдерінің қатыстырылуымен 13700-дей халықты цифрлық сауаттандыру курсынан өткізді.
Баса назар аударатын бағыттың бірі- оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Осы орайда, қазіргі жаңалық- кешегі ұмытылған ескілік демекші: пәндерді интеграциялау жолындағы дамыған мемлекеттердің білім саласындағы кең өріс ала бастаған STEAM бағдалармасы. STEAM бағдарламасын ұйымдастырып , енгізуді қаланың №4, 42 мектептері мен оқушылар сарайынан бастап та кеттік. Бүгінгі таңда кабинет жабдықталып, жаңа оқу жылында жұмысын бастамақ. Бұл жұмыста кадр мәселесі қиындық тудыруда, дегенмен, ол сұрақтыңда шешімін табу бойынша жұмыстанудамыз.
Бүгінгі таңда қала бойынша 30 мектеп робототехника құралдарымен жабықталып, пән мұғалімдері толықтай білім жетілдіру курстарынан өткізілді. TESO Кенгуру оқыту орталығымен серіктестік шеңберінде алғашқы қалалық робототехника олимпиадасы оздырлыды. Оған қала мектептерінен 23 мектептен 104 оқушы қатысты. Қала мектептерінің оқушылары бұл сала бойынша өз біліктерін облыстық, республикалық, әлемдік деңгейде сыңға түсіп сынып келеді.
Қазіргі заманғы білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыс – педагогты жеке, авторлық, педагогикалық-дидактикалық, тәрбиелік, әдістемелік жүйелерді құруға ынталандыратын, өздігінен дамуға көмектесетін шарттардың тұлғаға бағытталған жүйесі.
Әдістемелік
жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне
және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген,
өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім
мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға
бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін,
өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар,
педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және
арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты
оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне («(«+жеткізу.
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік,
әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық,
жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму
үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары
әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен
нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде
ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың
танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді,
іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
«Бұған
дейін жасалғандардың бәрін, одан да жақсырақ етіп
жасауға болады» деп
Генри Форд
айтқандай жұмысты одан сайын жандандырып, жаңарту, сапаға жұмыстану
Орал қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұранына
айналды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдістемелік жұмыстағы жаңарулар

шағым қалдыра аласыз