Материалдар / Әдістемелік кеңес хаттамасы

Әдістемелік кеңес хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік кеңес — педагогтар, оқытушылар немесе қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында өткізілетін жиын, семинар, тренинг немесе басқа да білім беру іс-шараларының жиынтығы. Хаттама кеңестің нәтижелерін, шешімдерін және ұсыныстарын жазбаша түрде бекітіп, әрі қарай іске асыру үшін пайдаланылады. Әдістемелік кеңес хаттамасының құрылымы: 1. Кіріспе бөлім: • Кеңес өткізілген күні мен уақыты. • Кеңес өткізілген орын. • Қатысушылар тізімі (аты-жөндері, лауазымдары). • Кеңес төрағасы мен хатшының аты-жөні. • Кеңеске қатысушылардың саны. 2. Кеңестің мақсаты мен негізгі тақырыбы: • Кеңестің не үшін өткізілгені және қандай мәселелер талқыланғаны. 3. Кеңестің барысы: • Талқыланған мәселелер (әрбір тақырып бойынша қысқаша ақпарат). • Шешімдер мен ұсыныстар (қабылданған шешімдер мен ұсыныстар, соның ішінде міндеттемелер). 4. Қорытынды бөлім: • Кеңес барысында қабылданған шешімдер мен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар мен мерзімдер. • Қорытынды сөздер немес
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ



31 тамыз 2024 жыл №1 Шаған ауылы


Төрағалық етуші: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Тауекелов Д.

Қатысқандар: 13 (тізім тіркеледі)

Қатыспағандар: 0


КҮН ТӘРТІБІ


  1. 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы (нұсқау хатпен таныстыру)

  2. 2024-2025 оқу жылына арналған әдістеме саласының жұмыс жоспарын талқылап, бекітуге ұсыну.

-әдістемелік кеңес құрамын бекіту;
-әдістемелік бірлестіктердің  жетекшілерін тағайындау;

- Пән апталықтарын бекіту

3. 2024-2025 оқу жылының басында барлық пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әкімшілік бақылау өткізу туралы

4. TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулерінің бағдарламасы және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

5. «Kundelik.kz» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы

6. «Жаңашыл» шығармашылық топ құрамын бекітуге ұсыну, жоспарымен таныстыру;

7. Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі

8. „Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері“, „Жолда жүру ережелері“ оқу курстарын жүргізу





ТЫҢДАЛДЫ:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Тауекелов Д. әдістемелік кеңестің күн тәртібімен таныстырды.


СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Әдістемелік кеңестің бірінші сұрағы бойынша мектеп ұжымын 2024-2025 оқу жылына арналған нұсқау хатпен таныстырды. Сонымен қатар ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. 2024-2025 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керектігін айтты.

  • білім алушылардың білімін толықтыру;

  • оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;

  • қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

  • цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.


Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру. Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері бойынша тоқталды. Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі таңдап алынған Үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.

Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес бекітілген). Таңдау үшін 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілген үлгілік оқу жоспарлары ұсынылады (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)деді.

Екінші мәселе бойынша 2024-2025 оқу жылына арналып құрылған әдістемелік жоспармен және онда қаралған сұрақтармен таныстырылды. Әдістемелік кеңес жоспары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 21 желтоқсанда бекітілген  №644 бұйрығының ережелері мен талаптарына сәйкес 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік жоспары қаралып талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Әдістемелік бірлестік жетекшілері төмендегідей болып тағайындалды.

Қазақ тілі мен әдебиеті – Абенова Фарида

Орыс тілі мен әдебиеті – Қасымова Қарашаш

Ағылшын тілі – Арысланова Сания

Математика, физика, информатика – Молдажарова Мирамкүл

Биологи, химия – Мыханова Дина

Тарих, география – Дүйсенов Төребек

Технология –Нұртазина Жадыра

Музыка – Мұхамеджанова Гүлзира

Бастауыш сынып – Еркінғали Раушан

Дене шынықтыру – Тауекелов Жанатбек

Оқу – тәрбие үрдісіндегі бірыңғай қағидасын іске асыру мақсатында барлық педагогикалық тәрбие және әдістемелік қызметін бірігіп жоспарлау, басқару және үйлестіру үшін педагогикалық әдістемелік кеңес құрамы талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Мектеп – лицейдің оқу жоспарына сәйкес 2024 – 2025 оқу жылына пән апталықтарының тақырыптары талқыланып, айларға бөлінді. Мақсаты - білім алушылардың қызығушылығы мен креативтілігін, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, білім беру пәндеріне қызығушылықты дамыту, оқуға ынталандыру.

Қыркүйек - Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазан – Орыс тілі мен әдебиеті

Қараша – Ағылшын тілі

Желтоқсан – Тарих, география

Қаңтар – математика, физика, информатика

Ақпан – Бастауыш, Биология, химия

Наурыз – Дене шынықтыру

Сәуір – Технология

Мамыр – Музыка


Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша 2023-2024 оқу жылының басында барлық пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әкімшілік бақылау өткізу туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Тауекелов бірлестік жетекшілерге хабардар етті.

Төртінші мәселе бойынша TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулерінің бағдарламасы және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ. Осы тұста, оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық. Еліміздің халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді?

Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға;

Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне;

Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін құруға;

Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу кезінде сонымен қатар бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беру болып табылады. Осы орайда TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулерінің бағдарламасына жоспар талқыланып, бекітуге ұсынылды.


Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша «Kundelik.kz» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Тауекелов:

2023-2024 оқу жылындағы білім беру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету:
Электронды журнал білім беру процесі мына негізде жүзеге асырылады:
«Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы (2016ж.29 тамыз №536).
Жүйеде білім беру ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29.08.2016 жылдан бастап, №536 бұйрығымен Kundelik.kz жүйесі жүргізіліп келеді. Сабақ кестесі электронды журналға ендірілді. Сынып жетекшілер оқушылардың жеке мәліметтерін (оқушының аты-жөні, туған жылы, күні, айы, электрондық поштасы, мекен-жайы, ұялы телефоны, алфавиттік нөмірі, туысқаны тіркелді, ата-анасының ұялы нөмірі, медициналық көрсетілім беті толық толтырылды). Ата-аналарға, оқушыларға логин, порольдары толығымен таратылды. Мұғалімдерге күнделіктің жүргізілуі туралы нұсқаулықпен таныстырып, қол қойдырылды. Күнделікте өзгеріс болған сайын мұғалімдерге дер кезінде хабардар етіп отырдым. Сабақ барысы бойынша, ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер арасында кері байланыс жүргізіліп отырылды. БЖБ, ТЖБ жүргізу барысында, күнделік жүйесінде алдын ала хабарландыру жасалынып отырды. Пән мұғалімдері КТЖ күнделік жүйесіне ендірді. Мұғалімдер формативті бағалау жүргізіп, БЖБ, ТЖБ жұмыстарын уақытына алып, оқушыларға кері байланыс жүргізіліп отырды. Электронды сынып жуpналының жүpгiзiлуi, қалыптастырушы және жиынтық бағаның дұpыс қойылуы, түзетiлмеуi, тоқсан бойынша оқушылардың баға қоры, электронды журналдың жоспарға сай толтырылуы, оқушылардың сабаққа қатысуы (ауырғаны, кешіккені, себепсіз келмегені туралы мәліметтің дер кезінде толтырылуы), үй тапсырмасының, жалпы оқуға тарту бетінің дұрыс толтырылуы, журналдың мекен-жайы атын толтыру, эстетикалық талапқа сай толтырылуы қадағаланып отырылды. Әр тоқсан сайын стандарттың орындалуы қаралды. Мерекелік күндер кіріктіріліп жазылуына байланысты бұйрық шығарылды және екі тақырыпты бір күнге дроб арқылы жазылатындығы түсіндірілді. Пән мұғалімдерінің күнделік жүйесін талапқа сай орындауы үнемі қадағалануда болды. Пән мұғалімдері сабақ кезінде сабақ өткізілді белгісі, формативті бағалау, үй тапсырмасын қосу арқылы үйге тапсырма беру жұмыстары үнемі тексеріліп, уақытында түзетіліп отырылды. Күнделік жүйесі бойынша, пән мұғалімдерін уақытында тексеріп, толтырылмаған жерлерін сол күні орындауы қадағаланды. 9, 11 сыныпты бітірген оқушылардың аттестаттары күнделік жүйесіне енгізілді. Кейбір түсінбеген сұрақтары болып жатқан кезде, видео арқылы мұғалімдерге жіберіліп толықтырулар жасалынады. Сонымен қатар апта және ай сайын күнделіктің жүргізілуі бойынша мониторинг жасалынып отырылады.

Алтыншы мәселе бойынша қоғамдық білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие, идеялық- адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан- жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына көмектесетін кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімдерді дамыту мақсатында шығармашылық топтың жаңа оқу жылындағы мақсаты мен міндеттерін, шығармашылық топ ережесі жасақталып, топ мүшелерінің құрамын бекітуге ұсынылды.

Жетінші мәселе бойынша мектеп – лицей директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары М.Есжанова:

Педагогтерді аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасарлары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Бұрын аттестаттау кезеңі деп қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан аралығы саналса, бұйрық жобасында біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін жағдайлар болғанға дейінгі уақыт аралығы деп белгіленіп отыр.

Білім беру ұйымы жыл сайын 1 маусымға дейін алдағы оқу жылына аттестаттау жоспарын жасайды және бекітеді. Аттестаттау жылына 1 рет өткізіледі, рәсімдердің мерзімдері сәйкесінше ережелерде айқындалады. Біліктілік санаттары:

педагог-модератор;

педагог-сарапшы;

үшінші санаттағы басшының орынбасары;

екінші санаттағы басшының орынбасары;

үшінші санаттағы басшы,

екінші санаттағы басшы;

педагог-зерттеуші;

педагог-шебер;

бірінші санаттағы басшының орынбасары;

бірінші санаттағы басшы;

Құжатта "педагог-тағылымдамашы", "педагог" санаттары алынып тасталды.

Біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер, "педагог-шебер" ПББ тапсырудан босатылып, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.

Ал жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.

Сегізінші мәселе бойынша «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады: - 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді; - 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; -10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. Жалпы орта білім беру мектептерінің 10-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу бағдарламасына енгізілген «ӨҚН» бөлімі (12 сағат) оқытылады. Жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сыныптарында «Технологиялық дайындық» бөлімі (34 сағат) оқытылады, онда автокөлік құралдарының қозғалысы мен қауіпсіз жүру ережелерін зерделеу қарастырылған.


Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады:



  1. 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы барлық көрсетілген ережелер оқу-әдістемелік үрдісте қолданыс тапсын.

  2. 2024-2025 оқу жылына әдістемелік жұмыс жоспары бекітілісін.

  3. Әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері тағайындалып, пән апталықтары бекітілсін.

  4. Жас мамандар мен оларға тәлімгерлер және олардың жоспарлары бекітілсін.

  5. 2024-2025 оқу жылының басында барлық пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әкімшілік бақылау алынсын.

  6. TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулеріне жоспар құрылып бекітілсін.

  7. Педагогтарға аттестация ережесі таныстырылсын.

  8. Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері“, „Жолда жүру ережелері“ оқу курстарын уақытылы жүргізілсін.







Әдістемелік кеңес төрағасы Д.Тауекелов

Хатшы П.Мекебаева







30 қазан 2024 жыл №2 Шаған ауылы


Төрағалық етуші: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Д.Тауекелов

Қатысқандар: 13 (тізім тіркеледі)

Қатыспағандар: 0


КҮН ТӘРТІБІ


  1. Олқылығы бар оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы

  2. Мектепішілік пән олимпиадасының даярлық барысы туралы

  3. 4,8,9 – сыныптардағы функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау

  4. Дарын, КҒА, Зерде ғылыми жобаларға тіркелу, қатысу туралы.

  5. І тоқсан өтілген пән апталықтар қорытындысы

  6. «Lesson study» зерттеу сабағын ұйымдастыру туралы


ТЫҢДАЛДЫ:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Д. Тауекелов әдістемелік кеңестің күн тәртібімен таныстырды.


СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Тауекелов: -  №37 мектеп - лицейі бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған олқылықтарды жою мақсатында жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысы жүргізілді.  02.09 -13.09.21ж күндер аралығында тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау жұмыстары жүргізілді. Барлық пән мұғалімдері жеке тақырыптар бойынша тақырыптарды анықтау мақсатында нөлдік бақылау, тест жұмыстарын алды. 
                Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау мақсатында алынған жұмыстарды тексеріп, оқушылардың жіберген қателерін анықтап жоспар құрылды. Білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасап, топтастырылды. Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін консультациялардың кестесі жасалды.




Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектепішілік пән олимпиадасына дайындық жұмыстары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Тауекелов: - Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Пәндік олимпиадалар – оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана шебер ұйымдастыра алады. Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана - сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады. Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу – әдістемелік бағыттарда жүзеге асады. Олимпиада резервтерінің тізімі жасалып, топтастырылды. Жетекшілермен өткізілетін сабақ кестесі жасалды. Дарынды балаларды сабақ үдерісінде дамыту мен табысты оқытудың басты мақсаты:

  • пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;

  • дарынды балалардың оқу мотивациясын арттыру;

  • ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты дамыту;

  • өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;

  • ізденушілік және өзбетінше білім алу әрекеттерін дамыту.



Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Тауекелов: 4,8,9 – сыныпта «Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.

Функционалдық сауаттылық бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру:

  • Пән мұғалімдерінің сапалық құрамын анықтау, 4,8,9 – сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің деректер банкін құру және мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау

  • Функционалдық сауаттылық бойынша пән мұғалімдеріне, оқушыларға, және ата – аналарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

  • Халықаралық зерттеулерді өткізуге арналған бағдарламамен жабдықтау (оқулықтар, тапсырмалар жинағы, сауалнама, ұсыныстар), тапсырмалар базасын құру

  • Халықаралық зерттеуіне қосымша сабақтар ұйымдастыру

  • 4,8,9 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету, жеке сұхбаттар өткізу

Төртінші мәселе бойынша Дарын, КҒА, Зерде ғылыми жобаларға тіркелу, қатысу туралы бағдарлы оқыту орынбасары М.Есжанова: - Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми іздену әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми көрегенділікке, шығармашылыққа баулып, өзін-өзі дамытуға құштар, икемді ақпараттық –интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жаңашыл, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазіргі әдістерімен таныстыру

  • Ғылым-техникалық прогрестің жетістіктерін насихаттау

  • Оқушылардың ғылыми- ізденушілік дағдыларын қалыптастыру.

  • Оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру.



2024 – 2025 оқу жылындағы оқушылардың зерттеу тақырыптары бекітілді. Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 8 оқушы қатысып оның 5 оқушысы жүлделі орын алды. Облыстық кезеңге 3 оқушы жолдама алды.

Ереже 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (01.09.2022 ж. Жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді. Ереже 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының (бұдан әрі – конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, өткізу және қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) болып табылады.

Конкурстың мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурстың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

Конкурс 4 кезеңде өткізіледі:

І кезең – мектепішілік, (мектепішілік кезеңіне 27 оқушы қатысты)

ІІ кезең – аймақтық, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері өткізеді; (аудандық кезеңге 23 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орны алды.)

ІІІ кезең – облыстық , (облыстық кезеңге 2 оқушы қатысып, 1 оқушы жүлделі орын иеленді)

Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:

Секция

Пәні, факультатив

1

Тіл білімі (Қазақтілі мен әдебиеті)

Қазақтілі мен әдебиеті

2

Тіл білімі (Орыстілі мен әдебиеті)

Орыстілі мен әдебиеті

3

Тіл білімі (Ағылшын тілі)

Ағылшынтілі, немістілі, француз тілі

4

Математика, қолданбалы математика

Математика

5

Физика, космос

Физика, технология

6

Туризм және спорт

География, дене шынықтыру

7

Тарих, өлкетану

Тарих, дүниетану, әдебиет, география

8

Этномәдениеттану

Тарих, дүниетану, әдебиет, география

9

Химия, биология

Жаратылыстану

10

Медицина, психология, экология

Жаратылыстану, физкультура

11

Информатика, робототехника STEM инженерия

Информатика, робототехника (факультатив)

12

Технология және өнер

Музыка, еңбекке баулу, бейнелеуөнері




Бесінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Молдажарова І тоқсан бойынша өтілген пән апталықтар қорытындысымен таныстырды. -Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде қыркүйек айында «Игі істің басы - тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өткізілді. Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты - тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылылды. Қорыта келе, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – қазан айында «Есть в осени первоначальной...» орыс тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы болып өтті. Пән апталығының мақсаты:

  • оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту;

  • әртүрлі жастағы білім алушылар арасында коммуникативтік дағдыларды дамыту;

  • орыс тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

  • жалпы тіл мәдениетін арттыру;

  • балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;

  • тілге, мәдениетке, туған өлкеге ұқыпты қарым-қатынас пен қызығушылықты тәрбиелеу.

Орыс тілі мен әдебиеті апталығының жоспары орындалды. Іс-шаралар жоғары әдістемелік және тәрбиелік деңгейде өтті және білім алушыларға жалпы тілдік, зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамытуға, эрудицияны және жалпы білімдік ой-өрісін кеңейтуге көмектесті. Мұғалімдер мен білім алушылар апталықтың дайындығы мен өткізілуіне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарады, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен орыс тілі мен әдебиетпен қосымша айналысуға деген ынталарын көрсетті. Ұсыныс:

1.Білім беру процесінің сапасын арттыру, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыту мақсатында пәндік апталықтарды дәстүрлі өткізуді жалғастыру.

2.Шығармашылық немесе практикалық сипаттағы тапсырмаларды сапалы таңдау есебінен пәндік апталықты өткізу тиімділігін арттыру.

3.Жаңалықты енгізу мақсатында пәндік апталықты жоспарлау бойынша жұмысқа оқушыларды қосу.

4.Оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне қызығушылығын дамыту.

5.Мұғалімдер мен білім алушыларға өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмек көрсету.

Осылайша, орыс тілі мен әдебиеті апталығы-дарынды балаларды анықтауға, шығармашылық қабілеттері бар, белгілі бір оқу пәндерін тереңдетіп оқытуға ұмтылатын оқушылармен жұмыстың перспективалық жоспарын әзірлеуге тамаша мүмкіндік.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Молдажарова «Lesson study» зерттеу сабағын ұйымдастыру туралы

Оқушыға сапалы білім беруді мақсат тұтқан мұғалімің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіби құзыреттілігімен тікелей байланысты . Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім өз кәсіби құзіреттілігін дамыту үшін үнемі ізденіп, сынып деңгейіне, оқушылардың жетістік деңгейіне, қолданатын әдіс-тәсілдеріне тұрақты зерттеу жүргізіп отыру керек. Сыныптағы және ұжымдық іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар десек болады. Білім сапасы –басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі - білім кеңістігінде  кеңінен танымал  жапондық  Lesson Study тәсілі. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау,оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,кейіннен ашық Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Мектеп – лицейімізде «Мұғалім тәжірибесін тарату» курсын тәмамдаған 5 мектеп тренерлері бар. Осы ретте ІІ жартыжылдықта қазақ тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі пәндері бойынша зерттеу топтары құрылады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша модератор Аусинбаева М., математика пәні бойынша модератор Сатбаева Г., ағылшын тілі пәні бойынша модератор Арысланова С.

Қорыта келгенде, Lesson Study зерттеуі мектептегі әрбір мұғалім үшін оның кәсіби жетілуге көмектесетін тәсіл деуге болады. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады:

  1. Үлгермеу себептері бар оқушылармен жүргізілген жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелсін.

  2. Мектепішілік пән олимпиадасының жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылсын.

  3. Сабақтарда оқу, математикалық, жаратылыстану – ғылыми сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар орындалсын.

  4. Дарын, КҒА, Зерде ғылыми жобаларға дарынды оқушылар қатыстырылсын.

  5. І тоқсан өтілген пән апталықтары қанағаттанарлық деп танылсын.

  6. «Lesson study» зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін зерттеу топтары құрылсын.



Әдістемелік кеңес төрағасы Д.Тауекелов

Хатшы П.Мекебаева






































ЖИ арқылы жасау
12 Желтоқсан 2024
904
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі