Материалдар / әдістемелік көмек

әдістемелік көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
Қиын балалармен, қолайсыз отбасылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, әдістемелік көмек ретінде таптырмайтын материал
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектепте қиын балалармен, қолайсыз отбасылармен жұмыс жасауда сынып жетекшілерге әдістемелік көмек

(сынып жетекшілерге арналған семинар әзірлемесі)

әлеуметтік педагогі Ахмедалиева Д.У.

педагог-психологі Ихласов Д.Е.

Қайырлы күн, сынып жетекшілер, мұғалімдер! Бүгінгі мектептің психологі мен әлеуметтік педагогінің қиын балалармен, қолайсыз отбасылармен жұмыс жасауда сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған семинарымызға қош келдіңіздер.

І. Сынып жетекшілерді ұйымшылдықпен, жақсы көңіл күймен жұмысты бастауына психологтың тренингін ұсынамыз.

Психолог тренинг жүргізеді.

Тренинг мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне жағымды қарым-қатынас орната білу, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.
Қайырлы күн, әріптестер! Бүгін сіздерге әлеуметтік-психологиялық семинар өткізгелі отырмыз! Семинардың басында сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында өткізгелі отырған тренингке қош келдіңіздер! Сонымен қатар семинар барысында өзіңізге құрметпен қарап, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болып, ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Тренинг «Көңіл-күй сағаты»

Алдымен барлығыңызды мына сағаттарды таңдап алуыңызды сұраймын. Рахмет!

Шеңбер болып тұрамыз, кімнің қолында сағат 12-ні көрсетіп тұр, солар барлығына бастарын иіп «сәлематсыз ба» деп амандасады. Кімде 3-ті көрсетіп тұр, олар топта тұрған адамдармен қолдарын беріп амандасады. Кімде 6-ны көрсетіп тұр, олар топта тұрған адамдармен құшақтасып амандасады. Кімде 9-ды көрсетіп тұр, олар жалпы топқа тілектерін айтады.

Рахмет, енді қолдарыңдағы сағат көрсетіп тұрған уақыт бойынша топқа бөлініп отыра қойыңыздар.

4 топқа бөлініп отырады.

Әлеуметтік педагогтің алғы сөзі. (қолайсыз отбасы, қиын бала, девиантты бала түсінігі, олармен жұмыс жасау жолдары туралы баяндайды.)

Құрметті сынып жетекшілер, бүгінгі біздің тақырыбымыз қазіргі кезде тек мектептің немесе мұғалімнің, ата ананы мазалайтиын мәселе емес, бүкіл қоғамды мазалайтын мәселе болғандықтан, оның үстіне өз мектебімізде осы мәселе қатаң бақылаудыталап ететіндіктен қарап отырмыз. Арамызда жас мұғалімдер, жаңадан класс алып отырғандар, қала берді осындай қиын, қолайсыз отбасымен алғаш кездесіп отырғандары бар. Бүгінгі біздің семинарымыздың мақсаты да сізге әдістемелік көмек беру болып табылады.

Бүгінгі семинарымызда осы мәселелер талқыланатын болады деп ойлаймын. Ол үшін мен сіздерге кішкене түсінік беріп өтемін. Бізде проблемалық, ситуациялық сұрақтар көп болады. Сол проблемалық сұрақтан бастап көрейік.

  1. Қолайсыз отбасы дегеніміз не?

  2. Олар қандай болады?

  3. Қолайсыздық неден туындайды, қалай пайда болады?

Бұл жағдайда біз қолайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған бала туралы ойлаймыз. «Ата-ана-бала-мектеп» арасындағы қатынасын алып, осыдан қандай бағытта жұмыстану керектігін, неден бастау керектігін анықтаймыз.

Қолайсыз отбасына ата-анасы ішімдікке салынған, жұмыссыздық, тұрғылықты үйі жоқ, аморальдық бағытты ұстанған, қаңғыбастық, жалғыз басты ана немесе әке, т.б. себептермен бала тәрбиесімен айналыспайтын немесе бала тәрбиесімен айналысуға (материалдық таршылық көріп отырған, ата-анасы мүгедек) жағдайы жоқ отбасылары жатады.

Жайсыз отбасы туралы нені білу керек?

Материалдық-тұрмыстық жағдайы

Отбасындағы климатты

Баланың күн режимін

Үлкендердің балаға әсер ету әдісі мен түрлерін

Отбасылық мерекелер мен демалыстарды

Ата-аналардың мәдени, педагогикалық білім деңгейін


Жайсыз отбасылары туралы мәліметтерді жинауға болады:

Сынып жетекшілерінен;

Пән мұғалімдерінен;

Дәрігерлерден;

Учаскелік инспекторлардан;

Ауыл тұрғындарынан, таныстарынан;

Көршілерінен;

Тума-туысқандарынан;

Достарынан;


Қосымша мәліметтерді алу көзі:

әлеуметтік-медициналық құжаттар;

рейд қорытындылары;

Азаматтардың арыз-өтініштері;

Құқық бұзушылық туралы іс-қағаздары

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің жасаған қылмысы туралы құжаттары;


Қолайсыз отбасының балаларға кері тигізетін әсері болып табылады:

Тәртіп бұзушылық

Қаңғыбастық

Агрессивті мінез көрсету

Ұрлық

Бопсалау

Құқықбұзушылық

Аморальді тәртіп

Үлкендердің ескертуіне көңіл бөлмеу, керісінше қабылдау.

Баланың дамуының бұзылуы

Оқу үлгерімінің төмендеуі

Жеке гигиеналық ережелерді сақтамау

Алкоголизм

Жезөкшелік

Ауру

Уақытымен тамақтанбау

Сабақтан қалу

Психикасындағы ауытқушылық

Қарым-қатынастың бұзылуы

Мұғалімдермен келіспеушілік

Ата-анамен келіспеушілік

Қылмысты топтармен қатынас жасау

Кез келген әңгімеге кірісу, гиперактивті мінез

әңгіме барысында жағымсыз сөздерді қолдану


Қолайсыз отбасыларымен түзету жұмыстарының әдістерін былай бөлуге болады. Сынып жетекші ретінде:

нақтылап айту (убеждение) – ненің дұрыс, не бұрыс екенін дәлелдеу және түсіндіру

моральдық көмек - өздерін ешкімге керек емеспін, мен артықпын деп ойлайтын қолайсыз отбасы балаларына

Қызығушылықтарын анықтап, шараға қатыстыру, жетістікке жеткізетін тапсырмалар беру, өзінің күшіне деген сенімділікті қалыптастыру.

Басқалардың қуанышына, қайғысына ортақтасуға үйрету - бұл көбіне қолайсыз отбасы балаларында байқалмайды.

мінезін тұрақтандыру, қалыптастыру жаттығулары - жақсы бағытқа қарай жол табуға үйрету.

Қолайсыз отбасында бала өзінің сыртқы түрімен, киімімен, қарым-қатынасымен, психологиясының өзгеруімен, тұйықтылығымен, не нәрседен алыс қалғандығымен аңғарады. Баланың сыртқы түрімен іс-әрекеті тек қана оның мәселесін көрсетіп қана қоймай, оған көмек көрсетіп, қол ұшын беруге шақырады. Осындай жағдайда бала қоғамда жайсыздықтарға, түсінбеушілікке тап болады.

Баланың жас мөлшері әртүрлі болғанымен, олардың проблемалары бірдей болып келеді. Осы жағдайлардан барып қиын бала туындайды.

Енді «Қиын» оқушы деген кім? «өмірі ауыр жағдайдағы балалар», «ата-ана қарауынсыз қалған балалар», «қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар», «қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар» және т.б.

Көріп отырғанымыздай «қиын» топтағы балалар, тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет. Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:

«психолог және бала», «сынып жетекші және бала», «әлеуметтік педагог және бала» - бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы арқылы сенімге кіре отырып, жеке жұмыстану

Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;

Баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;


Енді «Девиант» мінезді балалар кімдер? Оны қалай білеміз?

Әрбір баланың мінезі жүре қалыптасады. Кейбір кездерде әртүрлі оқиғаға бала жүрегімен беріледі, өзінше қайғырады, содан барып түрліше мінез көрсететін кездері де болады.

Әке-шешесінің айырылысуынан, үлкендердің өз уайымдары өздерінде болады, бұл балаға кері девиантты әсерін тигізеді, бала осы уақытта кез-келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, шамкөстеніп кетеді.

Жақын адамын жоғалту; бала өзіне ең маңызды адамды жоғалтқандықтан мінезінің өзгеруі мүмкін, уайым девиациясы пайда болады.

Жанұяға жаңадан жас сәби келген кезде балада қызғаныш девиациясы туындайды, өзіне деген көңіл аз бөлінеді деген қорқыныш пайда болады.

Жанұядағы балаға деген кері көзқарас: ұрсу, соғу, жәбірлеу, намысына тиетін сөз айту баланы басқадан өзін кем сезіну девиациясын тудырады. Сексуалды зорлық-зомбылық көрген бала да осылай болады.

Әрине, бұл әдістерді әр баланың жас ерекшелігіне, даму ерекшеліктеріне қарай керегінше қолданған абзал.

Осы аталған мінездер кездесетін оқушыларыңыз бар болса алдарыңыздағы кішкентай қағазға аттарын жазып қойыңыздар

Енді біз төрт топқа ситуациялық тапсырмалар береміз және сол тапсырманы шешуде сұрақтар болады соны қалай шешеміз. Шешу жолында кездесетін проблемалар бар, оны қалай шешеміз. Әр топ мүшелері толық қатысып, постер қорғау керек.

1 ситуация.

13 жастағы Әсет тәрбиеленіп отырған отбасы өнегелі отбасы болды. Әсеттің әкесі домбырада күй тартса, Әсеттің өзі халық әндерін жақсы көріп айтып, мектептегі шараларда өзінің белсенділігімен көзге түскен оқушы болды. Бұрын отбасы тату тәтті өмір сүрген. Үнемі таза, әдемі болып киініп, ұқыпты бала болды. Сабақты да жақсы оқыды. Қазір бұл отбасы қолайсыз отбасына жатады. Соңғы екі жыл ішінде Әсеттің әкесі жұмыстан қысқартылып, жұмыссыз қалған. Жұмыссыз қалған әкесі жұмыс ізеудің орнына ішімдік ішіп кеткен. Кейде үйге келсе, кейде келмейтінді шығарды. Көбіне көшеде ішімдік ішетін өзі сияқты адамдармен жиналып, бірнеше күнге дейін отбасын көрмейтін халге жетті. Анасы болса Әсеттің екі кішкентай бауырымен жұмыс жасауға мүмкіндігі болмады. Екі ортада шырылдап қалған анасының жағдайын, маскүнем болып кеткен әкесінің жағдайын ойлап Әсет сабаққа кешігетін болды. Сыныптас құрбыларымен көп сөйлеспейтін, мұғалімдердің сөзіне жауап бермейтінді шығарды. Ата анасының жағдайын білмеген сынып жетекшісі бұл балаға не болып кетті деп, ата анасын мектепке шақыртады. Бірақ ата анасы бұрынғыдай жүгіріп келмеді, керісінше жауапсыз қалды.


Сұрақ. 1.Сынып жетекшісі осы жағдайда не істеу керек? Кіммен бірігіп жұмыстану керек? Қайдан көмек сұрау керек? Жұмысты неден бастау керек? Баламен қалай жұмыстану керек? Қандай әдістерді пайдалану қажет? Себебін қалай анықтау керек?

Проблема: 1. ата ана сөйлесуден бас тартты. 2. Мұғалімді үйіне кіргізбеді. Проблемасын айтудан бас тартты. Сынып жетекшісі ретінде не істейсіз? Оқушымен, ата-анамен қалай жұмыс бастайсыз?


2 ситуация. Әсима толық емес отбасында тәрбиеленуде. Отбасында жалғыз бала. Ол анасы екеуі пәтер жалдап тұрады. Анасының жалақысы мардымсыз, не бары 50000 теңгені құрайды. Оның 25000 теңгесін пәтерге төлеп отыр. Отбасының материалдық жағдайы өте төмен, баланың сабақ оқуға үстелі, отыратын орындығы жоқ. Біреудің үйі болғасын жөндеу жұмыстары да жоқ. Сыныптастары сияқты туған күндерге де, жаңа жылға да бара алмайды. Себебі анасының жалақысы киім алуға , сыйлық алуға жетпейтін еді. Сынып жетекшісі оның барлығын түсініп, көбіне өзі көмектесіп келеді. Сыныптағы оқушылар арасында да кемсітушілік байқалып қалып жүреді. Сыныпқа жаңадан келген қыз Гаухар Әсимамен жақсы қарым қатынаста болып, достасып кетеді. Бір күні Гаухар Әсиманы үйіне қонаққа шақырады. Әсиманың анасы «бармайсың» деген сөзіне мән бермей, қызығушылық танытып анасы жұмыста болғанда Гаухардың үйіне барады. Гаухардың отбасылық жағдайы өте жақсы болады. Үйдің іші жылтырап, түрлі жиһазға толы, әр баланың өз бөлмесі жататын орны, ас бөлмесі, теледидар қарайтын демалатын орны барлығы керемет. Гаухардың бөлмесіне кіргенде Әсиманың көзі ілулі тұрған әдемі моншаққа түседі. Гаухардың көзін ала бере ол сол моншақты қалтасына салып алады. Бір сағат өткен соң Гаухар анасы жұмыстан келетінін айтып, Әсиманы шығарып салады. Әсима үйге келгендеанасы алдынан шығып қайда болғанын сұрайды. Әсима болса өтірік айтып мектепте болғанмын дейді. Содан соң Әсима өзгеріп шыға келеді. Моншақты қайда тығарын білмей отырғанда анасы байқап қалып, ұрлық жасағанын сезеді де, ұрып соға бастайды. Әсима үйден қашып шығып кетеді. Көршісінің қорасына кіріп тығылып қалады. Анасы іздемейді. Оны сезген Әсима анасына қатты ренжіп, өзінің ешкімге керек емес екенмін деп ойлап ауыл шетіндегі үлкен мосттан құлап өлуді ойлап келеді. Оны байқап қалған жолаушылар сыртынан бақылап тұра алмай жүгіріп барады. Әсима мосттан құлап қол аяғы сынады. Анасы болса өзін кінәлімін деп есептемейді. Қызының осындай ұрлыққа барғанына Гаухарды, мектептегі мұғалімдерді кінәлайды.

Сұрақ. Әсима Сіздің сыныптағы оқушы болса не істер едіңіз?

Анасымен қандай жұмыс жүргізер едіңіз?

Әсимамен, Гаухармен қандай жұмыс жүргізер едіңіз?

Проблема. Әсима ауруханадан шыққан соң анасы үйге алмайтынын айтып отыр, пәтерді босатып бергенін өзі үйсіз қалғанын ескертеді.

Бұл проблеманы шешуде қандай жұмыстар жүргізер едіңіз? Қайдан көмек сұрайсыз? Анасымен қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?


3 ситуация. Асқар мен Сәбит кішкентайынан дос. Асқар 9 сыныпты бітіріп қалаға оқуға кетеді. Ал Сәбит мектепте оқуын жалғастыруда. Асқар бірнеше ай өткен соң ауылға келіп Сәбиттен көмек сұрайды. Асқардың қаладағы жаңа достары ұрланған ұялы телефонды сатып беруін өтінген екен. Сәбитке бірнешеуін беріп, сатып ақшасын алып беруін өтінді. Бұрыннан достар бір бірінің сөзін жерге тастамай серттесіп, Асқар қалаға оқуына кетеді. Сәбит телефондарын рюкзакқа тығып қояды. Күнделікті сабаққа барғанда балаларға телефонды көрсетіп, сататынын айтады. Пән мұғалімі оның қолындағы бірнеше телефонды байқап қалып сынып жетекшісін шақыртады. Сәбит болса өтірік айтады. Ол телефондарды қаладағы әкесінің інісі сатуға бергенін, әкесі мен шешесі білетінін айтады. Сынып жетекшісі оқушының ондай заттарды мектепке әкелмеуін талап етумен шектеледі. Бұл бірнеше күн жалғасады. Сәбиттің 3сыныпта оқитын қарындасы ағасының сумкасынан қаламсап аламын деп телефондарды байқап қалып анасына айтады. Анасы біліп қойған соң әкесіне айтып, кешкісін сұрақ астына алып, өтірік айтқаны үшін әкесі шарт еткізіп ұрып жібереді. Анасы араша түсемін деп ортада ол да таяқ астынлда қалады. Оны көрген қарындасы шыңғырып жылап жібереді. Әкесі бала тәрбиесіне өзінің көп араласпайтындықтан барлық пәленің болуын анасынан көріп, ұрыс дау жанжал басталады. Әкесі ашу үстінде телефондарды суға лақтырып жібереді. Бірнеше күнге созылған реніш Сәбиттің үйден қашып кетуімен аяқталады. Сәбит қаладағы досы Асқарды іздеп барып, досының қаладағы достарымен танысады. Сәбит өкінеді. Досы оны алдағынын, достарының қандай адамдар екенін көріп, істеген істеріне өкінеді. Бірақ «артқа жол жоқ» деп қалада вокзалда жүріп, әркімнің сөмкесін көтерісіп, нан тауып жеп бір апта жүрген соң ата анасы іздеп келіп, үйіне алып келеді. Әкесі баласының осындай жағдайға тап болғанына анасы мен мектепті кінәлайды.


Сұрақ: Сынып жетекшісі дұрыс тәрбие бермеді деген ойда болады. Баламен, ата анамен қандай жұмыстар жүргізіледі. Бұл жерде мектептің қандай кемшін тұстары байқалады? Сынып жетекшісі ретінде осындай жағдай болса сыныпта қандай жұмыстар жүргізу керексің? Бұндай жағдай болмау үшін алдын алу мақсатында қандай жұмыстар жүргізер едің?


Проблема. Сәбиттің досы Асқар достарымен телефонды сұрап маза бермей жүр.


4 ситуация. 5 жасар Серік алғаш мектеп табалдырығын аттап, ата анасын қуанышқа бөледі. Ата әжесі де немересінің мектепке барғанын мақтан етті. Бірақ қуаныштары ұзаққа бармады. Мұғалімнің алғашқы ескертуін бірінші күннен алған Серік мектепке барғысы келмейтінін айтты. Себебі мұғалім маған тапсырманы көп береді, ескерту көп береді деп ренішін ата әжесіне, ата анасына айтады. Бала балабақшада болған кезде де сондай проблемалар болғаны анықталады. Бала бір орныда отыра алмайды. Айналасына кеселін тигізеді. Қыз баллардың шашынан тартып, ұрып соғады, ер балдарды аяқпен тебеді. Мұғалімге жаман сөздер айтып, жерге жатып алады. Балаларға бор лақтырып, бәрін бір бұрышқа тығып қоятынды шығарған. Дәліздегі басқа сыныптың балаларына да дөрекілік көрсетіп басқа сынып оқушыларымен де бір айдың ішінде араздасып үлгерген. Содан Серік сабаққа келгенінен келмегені көбейіп, ата анасы мұғалімді, мектепті кінәлай бастайды. Сабаққа келген күнде де тәртібімен көзге түсе берді. Бір күні сыныптағы терезенің үстіне мініп, терезені тарсылдатып, айқайлай бастайды. Мұғалімнің ескертпесіне мән бермей терезені сындырып, қолын жаралап алады. Қолындағы қанды көрген бала еңіреп жылап ешкімге көнбей мұғалімге қарсы шабады. Мұғалім қолын мәрлімен танып тастау керек екенін білгенмен бала ұстатпай сынып ішін қанға бояйды. Телефон шалып ата анасын шақыртқанда ата анасы келіп үлкен шу шығарады. Мұғалімнің сөзін тыңдамай, мектеп директорына барып арыздайды. Мектеп директоры баласының тәртібі мен мінезщін айтып тоқтатпақшы болғанымен жас ата аналар тыңдамай ұрыс керістерін жалғастырып, ешкімге көнбей баланы алып кетеді. Енді мектепке келмейтінін айтады. Сынып жетекшісі психологпен бірге барып баланы мектепке әкелуі керектігін айтпақшы болғанда, баланы әжесі баланың тәрбиесі дұрыс еместігін, ата анасы мен атасының еркелігі өтіп кеткенін, енді еккен дәннің дәмін көріп отырғанын сөз етіп айтты.


Сұрақ. Сынып жетекшісі ретінде қандай жұмыстар атқара едіңіз? Қандай мамандардан көмек сұрар едіңіз? Ата анамен қандай әдіс тәсілдер қолданып жұмыстанар едіңіз? Бұл қандай бала? Қиын, девиантты бала бола ма? Отбасын қандай отбасына жатқызар едіңіз?


Проблема. Бала сабаққа келмей қойды. Ата ана баласын жақтап отыр. Өздерін дұрыс деп есептейді.


Постер қорғалады.

Әр сынып жетекшіге қиын балалармен, қолайсыз отбасылармен жұмыстану бойынша жадынама үлестіріледі. Ата аналарға арналған ұсыныстар үлестіріледі.


Семинарға қатысып отырған сынып жеекшілерге рахмет айтамыз. Бүгінгі семинарымызда алған әдістемелік көмекті жұмыста пайдаланып, мектебімізде қолайсыз отбасылардың, қиын балалардың пайда болмауына атсалысамыз деп сенемін.

Қорытынды. Осы жағдаяттарды ескере отырып, жұмысымызда осындай әр отбасына, әр балаға әр түрлі қатынас жасап, шешу жолдарын табуда қиындық көрмеу үшін алдын алу жұмыстарын көбірек жүргізу керек. Әр отбасына жүйелі жасалған тәрбие жұмысы нәтижесін береді деп ойлаймын.

Енді жаңағы жазылған кішкентай қағаздың артына келесі семинарда қандай әдістемелік көмекті қажет деп ойлайсыз, соны жазып кетсеңіз.


Ахмет Байтұрсынов айтқандай, балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын, тәртібі қиын балаларды осындай қиындықтардан алып шығуға қол ұшын беріп, өз көмегімізді аямай, қолдап, қуаттау бала тәрбиесімен айналысатын әрбір мұғалімге азаматтық парыз деп білемін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, қиын, қолайсыз отбасылармен жұмыстануда нәтижелі болуыңызды тілеймін. Сау болыңыздар.

03 Желтоқсан 2024
129
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі