жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдістемелік нүсқа:Балалардағы эндокринді жүйенің аурулары
АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Теориялық сабаққа арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: «Балалардағы эндокринді жүйенің аурулары.
Қантты диабет».
(оқытушыға арналған)
Пән: «Балалар аурулары»
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» біліктілігі 0301013 «фельдшер»
4 курс 7 семестр
Құрастырған: Балалар аурулары
пәнінің оқытушысы
С.Қ.Жанбатырова.
АҚТАУ
Тақырыбы: Балалардағы эндокринді жүйенің аурулары. Қантты диабет.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқыту: Студенттерге эндокринді жүйенің оның ішінде қант диабетінің балаларда даму ерекшеліктері, клиникасы, диагнозы, емі, күтімі, гипо- және гипергликемиялық кома кезінде көмек көрсету, алдын- алу туралы мәліметтер беру.
2. Тәрбиелік: Студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру, өз ісіне жауапкершілікпен, науқастарға мейірімділікпен қарауды қалыптастыру.
3. Дамыту: Әртүрлі инновациялық ойындарды қолдану арқылы студенттерді топпен және өз бетімен ізденуге үйрету, есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.
Пән ішілік байланыс: Тақырып: Эпидемиялық паротит
Пән аралық байланыс: Қалыпты анатомия және физиология.
Тақырып: «Ішкі секреция бездерінің құрылысы және қызметі».
Ішкі аурулар пәні: Қант диабеті
Көрнекі - құрал жабдықтар:
-
ОӘК
-
Әдістемелік нұсқау
-
Дидактикалық материалдар
-
Слайдтар
-
Суреттер
Сабақ түрі: Теориялық сабақ..
Сабақ өткізу әдісі: фронтальды сұрау (жарасымды сабақ сұрау, фронтальды сұрақтар, тест сұрақтары).
Сабақтың типі: Үйреніп жатқан материалдарды қайталау және икемдікпен дағдыларды меңгеру сабағы.
Сабақтың құрылымы мен хронокартасы:
-
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
-
Үй тапсырмасын сұрау 15 минут
-
Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут
-
Жаңа тақырыпты бекіту 30 минут
-
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау 5 минут
-
Үйге тапсырма 5 минут
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.
Оқытушы аудиторияның сабаққа дайындығын тексереді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау - 15 минут
Тақырып: «Балаларда бүйрек пен зәр шығару жолдарының аурулары. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы және пиелонефриттер». Осы тақырып бойынша алған білімдерін, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру мақсатында оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, оларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
Жарасымды сабақ сұрау. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
Оқытушы «Кім бүгін өзін сабаққа 5 -ке дайындалып келдім деп сезінеді?» (Оқушылар қолын көтереді). «Ал 4-ке кім біледі? 3-ке ше?»
Оқушылар өздерінің дайындық дәрежесін өздері анықтап, ол туралы оқытушыға хабарлайды. «Рахмет!..»
Фронтальдық тексеру сұрақтары:
-
Гломерулонефриттің даму себептерін ата
-
Гломерулонефриттің жіктелуі
-
Гломерулонефриттің экстраренальдық белгілеріне не жатады?
-
Гипертензиялық синдромның белгілері ата
-
Ісік синдромының белгілерін ата
-
Гломерулонефриттің зәрлік синдромның белгілерін ата
-
Зәрде ақуыздың болуы қалай аталады?
-
Зәрде эритроциттің болуы қалай аталады және оның қандай түрлері болады ?
-
Зәрде лейкоциттің болуы қалай аталады?
-
Зәрде бактериның болуы қалай аталады?
-
Зимницкий сынамасы арқылы нені анықтайды?
-
Нечипоренко сынамасы арқылы нені анықтайды?
-
Гломерулонефриттің гематуриялық түрі немен сипатталады?
-
Гломерулонефриттің нефротикалық түрі немен сипатталады?
-
Гломерулонефриттің аралас түрі немен сипатталады?
-
Гломерулонефритті емдеу принциптері?
-
Гломерулонефритте емдік үстел нөмірі?
-
Гломерулонефритпен ауыратын науқастардың күтімі?
-
Пиелонефриттің даму себептерін ата
-
Пиелонефриттің жіктелуі
-
Пиелонефриттің экстраренальдық белгілеріне не жатады?
-
Абдоминальдық синдромның белгілерін ата
-
Дизурия дегеніміз не?
-
Улану белгілеріне не жатады?
-
Пиелонефриттің зәрлік синдромына не жатады?
-
Пиелонефритті емдеу принциптері
Фронтальдық тексеру сұрақтарының жауаптары:
1. Аурудың себебі: вирустар. Ағзада созылмалы инфекция ошақтарының болуы, тамаққа, дәріге аллергияның болуы, профилактикалық егулерді алудың да аурудың дамуында маңызы зор.
2. Жіктелуі. Гломерулонефриттің келесі түрлері бар.
І. Ағымына байланысты: жедел, созылмалы
ІІ. Аурудың кезеңіне байланысты: өршу, толық емес ремиссия (клиникалық), толық ремиссия (клинико-лабораториялық)
ІІІ. Бүйректің қызметіне байланысты: 1) бүйректің қызметі бұзылмаған,
2)бүйректің қызметі бұзылған,3) бүйректің созылмалы жетімсіздігі
ІV. Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық түріне байланысты:
-
Гематуриялық
-
Нефротикалық
-
Аралас
3. Гломерулонефриттің экстраренальдық белгілеріне: гипертензиялық синдром,ісік синдромы жатады
4. Гипертензиялық синдром: басының ауруы, жүрегі айну, құсу, қан қысымының көтерілуі (әсіресе диастолалық), көз түбі қантамырларының өзгерістері
5. Ісік синдромы: Бозару, таңертеңгілікте ісінуі, әсіресе бетінің ісуі, кешке қарай аяғы ның ісуі. Аурудың бастапқы кезеңінде айқын көрінетін ісіктер болмайды.
6. Гломерулонефритте эәрлік синдром зәрдің жалпы сынамасында және зәрді Нечипоренко сынамасымен тексергенде гематурия, протеинуриямен анықталады.
7. Протеинурия
8. Гематурия. 2 түрі бар: макрогематурия ( зәрдің ет жуған су қою қара шәй тәрізді болуы), микрогематурия (эритроциттер тек микроскоппен ғана көрінеді).
9. Лейкоцитурия
10. Бактериурия
11.Зәрді Зимницкий сынамасымен тексеру арқылы бүйректің несеп түзу және концентрациялау қабілеті анықталады
12. Зәрді Нечипоренко әдісімен тексергенде эритроцит және лейкоцит мөлшері анықталады
13. Гломерулонефриттің гематуриялық формасында гематуриямен бірге қан қысымы көтеріледі;
14. Гломерулонефриттің нефротикалық формасында протеинурия және ісік синдромы анықталады;
15. Аралас түрінде: гематурия, протеинурия, гипертония, ісік синдромы байқалады
16. Диетотерапия, режим, антибиотикотерапия, антигистаминдік препараттар. Диетада тұз бен суды шектейді.
Аурудың жедел кезеңінде антибиотиктер (пенициллин, эритромицин, сумамед) 8 – 10 күнге тағайындалады. Нефротоксикалық антибиотиктерді (амногликозидтер, тетрациклин, цефалоспориндер) беруге болмайды.
Десенсебилизациялаушы терапия – антигистаминдер беріледі.
Созылмалы инфекция ошақтары санация жасалады.
Симптомдық ем. Ісінуде, гипертензияда зәр жүргізетін дәрілер – лазикс, фуросемид, верошпирон беріледі. Бұл кезде ағзадан калий несеппен шығады, сондықтан калий препараттары берілуі тиіс. Гипотензивті әсері бар папверин, дибазол, папазол, резерпин тағайындалады.Глюкокортикоидтар ауыр түрлерінде беріледі.
17. №7 үстел
18. Пиелонефриттің жедел кезінде диурезді бақылай отырып, сұйық көп берілу керек; Аурудың жедел кезеңінде төсек режимі қатаң сақталады. Ісік кетіп, қан қысымы түскеннен кейін жартылай төсек режиміне көшіріледі. Күнде диурездің мөлшерін бақылау, дене салмағын анықтау; Науқасты суықтаудан, жұқпалы аурулардан сақтандыру қажет; Жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау; Үнемі қан қысымын өлшеу, туыстарына қан қысымын өлшеу техникасын үйрету керек.
19. Пиелонефриттің қоздырғышы бактериялар – көбінесе ішек таяқшасымен шақырылады, кейінгі кезде энтеробактериялар, клебсиелла, стафилококтармен шақырылатыны анықталды.
20. Жіктелуі.
І. Патогенезіне байланысты: алғашқы, екіншілік
ІІ.Ағымына байланысты: жедел, созылмалы
ІІІ. Аурудың кезеңіне байланысты:
-
Қайта қозу
-
Клиникалық ремиссия
-
Клинико- лабораториялық ремиссия
ІV. Бүйректің қызметіне байланысты:
-
Бүйректің қызметі бұзылмаған
-
Бүйректің қызметі бұзылған
-
Бүйректің созылмалы жетімсіздігі
21. Пиелонефриттің экстраренальдық белгілеріне: абдоминальдық синдром, дизуриялық бұзылыстар, улану синдромы жатады.
22. Абдоминальдық синдром (белінің, ішінің ауыруы);
23 Дизуриялық бұзылыстар (зәрді шығару кезіндегі ашып, ауырсынуы, энурез – түнгі зәрді ұстай алмау, никтурия – түнгі зәрдің күндізгіге қарағанда көбеюі);
24. Улану синдромы (дене температурасының көтерілуі, әлсіздік,тез шаршау, тәбеттің төмендеуі,терінің бозғылттануы)
25. Пиелонефритте зәрлік синдром лейкоцитурия мен бактериуриямен сипатталады.
26. Пиелонефриттің жедел кезінде науқас ауруханаға жатқызылады. Төсек режимі сақталады. Сүт – өсімдік диетасы тағайындалады, тұзды шектейді. Детоксикация мақсатында сұйықтар беріледі, диурезді көбейтеді. Қосымша балаға қарбыз, шырындар, компот, жеміс - жидектер беруге болады. Ащы, қуырылған тағамдар диетадан алып тастау қажет.
Міндетті түрде 1 айға дейін антибактериальды препараттар тағайындалады.
Фитотерапия: итмұрын, аскөк, қайың жапырағы, бүйрек шайы, сұлы, түймедақ, шалфей, жолжелкен, т.б.
Симптомдық ем: ауырсыну кезінде папверин, но-шпа, баралгин беріледі.
Ағзада созылмалы инфекция ошағы болса, дер кезінде санация жасалуы тиіс (тісжегі, созылмалы тонзиллит, гастрит, аденоидтар)
Тест сұрақтары:
Зәр шығару жүйесінің аурулары
-
Пиелонефриттің басты емі:
А) Антибактериальдық ем
В) Антигистаминдік ем
С) Симптомдық ем
D) Витаминдер
E) Сарысу егу
-
Гломерулонефриттің белгісіне жатпайды:
А) Зәрлік синдром
В) Ісік синдромы
С) Гипертензиялық синдром
D) Аралас түрі
E) Геморрагиялық синдром
-
Пиелонефриттегі зәрлік өзгерістер:
А) Гематурия
В) Протеинурия
С) Бактериурия, лейкоцитурия
D) Поллакиурия
E) Глюкозурия
-
Гломерулонефрит қандай инфекциялардан кейін дамиды:
А) Баспа, тонзилит
В) Вирустық
С) Саңырауқұлақ
D) Ішек инфекциясы
E) Барлық жауабы дұрыс
-
Қыз балаларда пиелонефриттің жиі даму жолы:
-
Гематогендік
-
Өрлеу (уриногендік)
-
Қатынас
-
Лимфогендік
-
Ауа-тамшы жолы
-
Бүйректің концентрациялау қабілеті анықталады:
-
Аддис-Каковский әдісі
-
Нечипоренко
-
Зимницкий
-
Тәуліктік диурезді зерттеу
-
Қандағы қантты анықтау
-
Гломерулонефритке тән:
-
Бактериурия
-
Гематурия, протеинурия
-
Оксалатурия
-
Өзгеріс болмайды
-
Тромбоцитурия
-
Несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы қалай аталады:
-
Анурия
-
Полиурия
-
Олигурия
-
Поллакиурия
-
Протеинурия
-
Пиелонефритке тән:
-
Гематурия
-
Ісік синдромы
-
Бактериурия, лейкоцитурия
-
Цилиндурия
-
Поллакиурия
-
Несепті зерттеудің қандай түрінде бактериурия анықталады:
-
Несептің жалпы сынамасында
-
Несепті залалсыздыққа тексергенде
-
Зимницкий сынамасында
-
Нечипоренко сынамасында
-
Амбурже сынамасында
-
-
Гломерулонефриттің бүйректен тыс белгісі:
-
Температураның жоғарылауы
-
Ауырсынып дәрет бөлу
-
Гиперкинез
-
Қан қысымының жоғарлауы
-
Гипергликимия
-
Гломерулонефрит бұл:
-
Тұқым қуалайтын ауру
-
Вирустық ауру
-
Микробтық қабыну
-
Инфекциялық аллергиялық ауру
-
Паразиттік ауру
-
Екіншілік пиелонефрит дамиды:
-
Бүйрек және несеп шығару жолдарының аномалиясында
-
Ағзадағы зат алмасу бұзылғанда
-
Иммундық тапшылық жағдайларында
-
Қант диабетінде
-
Бүйрекке гемотогендік жолмен аллергендер түскенде
-
Гломерулонефриттің қоздырғышы:
-
Вирус
-
Стрептококк
-
Паразит
-
Қарапайым
-
Ішек таяқшасы
-
Гломерулонефритте зақымданады:
-
Тостағаншалар
-
Төменгі иректі түтікшелер
-
Бүйрек шумақшалары
-
Милы зат
-
Генле түтікшесі
-
Гломерулонефритте несептің көпіршіктену ... белгісі:
-
Глюкозурияның
-
Протинурияның
-
Лейкоцитурияның
-
Гемотурияның
-
Цилиндрурияның
17. Аурудың белгілері бойынша сәйкестігін тап
|
Бүйрек аурулары |
Симптомдары |
|
1. Пиелонефрит 2. Гломерулонефрит |
|
Тест сұрақтарының жауаптары:
Зәр шығару жүйесінің аурулары.
|
№ |
|
№ |
|
|
1 |
A |
10 |
B |
|
2 |
E |
11 |
D |
|
3 |
C |
12 |
D |
|
4 |
A |
13 |
A |
|
5 |
B |
14 |
B |
|
6 |
C |
15 |
C |
|
7 |
B |
16 |
B |
|
8 |
C |
17 |
1 – C, D, F, H
|
|
9 |
C |
|
|
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру - 30 минут
Жаңа тақырыптың жоспары:
-
Қантты диабеттің даму себептері
-
Қантты диабеттің белгілерін ата!
-
Лабораториялық тексеруәдістері
-
Қантты диабеттің асқынулары
-
Ауруды емдеу принциптері
-
Кетоацидозды кома кезіндегі шұғыл көмек.
-
Гипогликемиялық кома кезіндегі шұғыл көмек.
-
Қантты диабетпен ауыратын науқастардың күтімі.
Қосымша 1 тіркелді
Қосымша 1
Қантты диабет
Қант диабеті- көмірсу алмасуының бұзылу салдарынан дамитын тұрақты гипергликемиямен (қандағы қант мөлшерінің көбеюі, N – 3,33 – 5,55ммоль/л) сипатталатын ауру.
Жіктелуі. Қант диабетінің 2 түрі бар:
І түрі – инсулинге тәуелді қант диабеті (ИТҚД). Бұл ағзада инсулиннің абсолютті жетіспеуіне байланысты жасөспірімдерде дамитын ауыр түрі. Бұл түрі 15% жағдайда кездеседі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген