400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы»





«ОРЫС ТОПТАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ»

(Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерге арналған

әдістемелік нұсқаулық)















Мақұлданды:

ММ «АҚБҮО» кеңесі

Хаттама № __________

«____»________2019 ж.









Дайындаған: Азаматова Р.К.





















Ұсынылды:

Сараптау комиссиясының отырысы

Хаттама № ___________

«_____»__________2019 жShape1


Кіріспе


Қазақ тілі — ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап.

Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек.



Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.

Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет. Тәрбие басы- тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтылу қажет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Жаңа үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр педагог өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттар мен міндеттерді қолдану тиімді.

- Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің дыбыстық жағын меңгерту.

- Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

- Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

- Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады, баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.

Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер және сахналау әдістері арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекілік- балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар белсенді жұмыс істер, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір- бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.

«Білім –менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе, ең алдымен мемлекеттік тілімізді білуіміз қажет. Тілді қастерлеу, үйрену- әр Қазақстандықтың парызы.













«Балалардың қазақ тілін дамытуда негізгі мақсаттар мен міндеттер»


І. Ауызша сөйлеуге үйретіп, сөздік қорларын дамытуға тырысу.

а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байытып, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

ә) Заттың атын білдіретін  (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерін үйрету.

б)Заттың сының, сапасын түр-түсін, пішінің білдіретін сөздерді меңгерту.

в)Заттың іс- әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейтуге тырысу (жүрді, жүгірді, келді, кетті) меңгерту.

г)Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, астында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.

ІІ. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара  білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрете, 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.

ІІІ. Грамматикалық категорияларды меңгерту.

Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату. Зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру ( бала-балалар,  қала-қалалар).

ІV. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен кезінде көрген-түйгенің, сурет және оқылған ертегілер мазмұның, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша айтуға үйрету.

 

  Басты міндеттер:

      Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын жетекшілікке алып,  балалардың жастық ерекшеліктерін басшылыққа алып және алдыма қойылған мақсаттарыма сүйеніп күнделікті жоспарымды құрастырамын.

 І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңін өткізу:


Балалармен амандасып, халдарын, жыл мезгілін, бүгінгі ауа райын  сұрау. Балалар сабақ сайын жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтарын қызығушылықпен айтады.

Мысалы:      Алақай-ау, алақай!

                      Қандай жақсы көктем-ай!

                      Нұр жамылды далалар,

                      Келді ауылға көп торғай.

  

Алақай, алақай!

                      Шаттанды балақай.

                      Күн ауады қар жауады.

                      Құс кетті қыс келді.

 

ІІ. «Амандасы шеңберін» немесе «Көңіл көтеру минутасын» өткізу.

Мысалы:      Армысың, асыл күн!

                     Армысың, асыл жер!

                     Армысың, көк аспан!

                     Армысың , жан досым!

                     Жылуыма жылу қос –

                      Міне менің қолым бос.- (балалар бір-бірінің қолдарын ұстайды)

 

Біздің топта ұл-қыздар

                     Тату-тәтті ойнаймыз.

                     Әлемдегі бар балаға

                     Тек жақсылық сыйлаймыз –дей отырып сабағымызды көтеріңкі көңілмен, достық сезіммен бастаймыз, осы сәтке байланысты балалардың тәртібі да сабақ бойы жақсы болады.



ІІІ. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау.

Дидактикалық ойындар арқылы қайталаймыз. Мысалы: «Сиқырлы қоржын», «Кім көп сөз айтады», «Енесі мен төлі», «Қандай ойынщық», «Бұл не?», «Үй жануарлардың беретін пайдасы» «суретті көрнекіліктер арқылы), «Ұшты-ұшты»

 ІІІ. Дыбыстық жаттығулар орындату.

-ші, -ші, -ші- кезекші

-ық, -ық, -ық- қасық

-қы, -қы, -қы- шанышқы

-ші, -ші, -ші көмекші, - деп балаларды қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға  жаттықтырамын. 

  ІV. Көрнекі суреттермен жұмыс жүргізу.

Көрнекі суреттер арқылы сөздік жұмысын жүргіземін. Көбінесе осы жұмысымыз «сұрақ-жауап» түрінде өтеді:

-Мынау не? Мынау кім? деген сұрақтарға балаларды дұрыс және толық жауап беруін үйретемін.  Балалар тек қана дос, құс, бала, мысық деп жауап бермей- Мынау мысық. Мынау қыз.- деп толық жауап қайтаруға тырысады.







    V. Сергіту сәтін өткізу:

Әжемнің екі қазы бар,

                                 Мойындары иілген-иілген.

                                 Қабақтары түйілген-түйілген.

                                 Оны қалай жазамыз?

                                 Жем береміз, су құямыз,-

                                 Енді мойыны жазылар, жазылар

                                 Әжемнің екі қазы бар.

Тақырыпқа байланысты өлеңдерге сергіту сәтін ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге - «Бес саусақ», «Бас бармақ», «Қуыр-қуырмаш» саусақтар ойындарын өткізуге болады.

 VІ. Балалардың тілдерін дамыту:  

Әр тақырып бойынша шағын әңгіме құрастырамын. Тәуелсіз Қазақстан туралы  түсінік беріп, елтаңбасы, туы, ән-ұранымен таныстырамын.«Отбасы» тақырыбы бойынша- Мынау- біздің отбасымыз. Мынау менің анам. әкем, әжем, атам. Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз. Мен анама көмектесемін. Бәріміз еңбек етеміз, -деп үлгі ұсынамын, мектепке даярлық топтар өз отбасылары жайындағы әңгімелерін осы үлгі бойынша жалғастырады. Осы кезеңде тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жаттауға болады: «Отан- оттан да ыстық». «Отансыз адам- ормансыз бұлбұл».

VІІ. Қорытынды жасау:

Жұмыс дәптердегі жаттығу жұмыстарын орындауды тапсырамын. Сабағымызды қорыта келіп -Бүгінгі тақырыбымыз сендерге ұнады ма?,- деп балалардан сұраймын. Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.

     «Білім –менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе ең алдымен мемлекеттік  тілімізді білуіміз қажет.









«Қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы – ойын»

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын — балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл-де ұтымды тәсілі. Оның негізгі ерекшелігі — балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ойын — бала үшін нағыз өмір. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Орыс топтарға қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемде қолдануға ізденемін. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Ойын — оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар оқу қызметті көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір оқу қызметте ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері-де әр түрлі болып келеді:



Shape2

Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде қолданудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын педагогтың жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне балаларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Оқу қызмет басында — өткен сабақты еске түсіру.

Оқу қызмет ортасында — көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.

Оқу қызмет соңында — тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.


Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану. Түсіндіру әдісі — жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ барысында үйретілетін жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысын да іске асады.Көрнекілік әдісі — әр сабақта жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске асады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.


Мысалы:
Шақ — шақ — шақ — кішкентай құлыншақ.
Ыр- ыр — ыр — ырылдайды қасқыр.
Ян — ян — ян — секіреді қоян

Қорыта айтқанда, ойын — балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

«Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл — халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі — елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.







Қазақ тілі оқу қызметінде қолданылатын ойын түрлері.

  1. Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Дидактикалық ойындар 3 топқа бөлінеді: Заттық дидактикалық ойындар –дидактикалық ойыншықтармен және әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырады. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар - Лото, Доминот.б. Сөздік дидактикалық ойындар. 



2.Сюжетті-рольді ойындар

Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. 





3.Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. 




Үстел үсті ойындары

Үстел үсті ойындар Үстел үстіндегі театры - Сәбилер тобынан бастап - ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек» т.б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар. («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны»т.б) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді. 





























«Қазақ тілін үйретуде инновациялық технологияларды енгізу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілді меңгеруге қызығушылығын арттыру»

Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.  Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру, балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, баланың жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу –басты мақсат болып табылады. 

Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологиялардың элементерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілді меңгеруге қызығушылығын арттыруға, ерекше көңіл бөліп келемін. Жалпы жаңа педагогикалық технологиялар баланың жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Баланың жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б. 

Өз тәжірибемде қолданатын инновациялық технологияның бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Деңгейлеп оқыту технологиясында баланың жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырына қарай деген принципті қолданып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіледі. 


Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары мыналар:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
4. Балалардың білімін бағалау.

Мақсаты:
1. Әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
2. Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. Баланың ынтасын, қабілетін арттыру.
5. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу; 


Ерекшелігі:


1. Таланттылар, дарынды балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер тіл үйренуге ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Балалардың оқуға деген ынтасы артады.
Мысалы, осы әдісті мектепке дайындық және ересектер топтарында қолдануға болады. Топтағы балалардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан тапсырмаларды да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады. Мектепке дайындық топтарындағы деңгейі төмен балаларға тақырыпқа сәйкес естиярлар немесе ересектер топтарындағы балаларға арналған тапсырмаларды беріп, орындалған соң деңгейі жоғары балалармен бірдей бағалап, мадақтаған жөн. «Тапсырманы орындадым», - деп қуанған балада алға қарай ұмтылыс пайда болары анық. 
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, оқу қызметінде мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: 
- баланың пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; 
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 
- баланы шығармашылық жұмысқа баулиды; 
- мұғалімнің уақытын үнемдейді; 
- қосымша мәліметтер береді. 
Яғни, әр қазақ тілі оқу іс-әрекеттерінде слайдтар қолдану арқы-лы өткізсек, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра алатынымыз сөзсіз. 



Ұйымдастырылған оқу қызмет

Тақырыбы: «Айға саяхат»


Сабақтың мақсаты:Жақсы тілектер айту арқылы сәлемдесуге үйрету, Өткен тақырыптарды қайталау барысында үй жануарларының, жабайы аңдардың ерекшеліктеріне тоқталу.Қазақша қойылған сұрақтарға түсініп, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.Жекеше, көпше түрде атауларға,ойлауға, есте сақтауға жаттықтыру.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсінік беру, жұмбақ шешу , ойын, сұрақ-жауап, жаттықтыру.

Сабақтаың көрнекіліктері:Түрлі-түсті суреттер, Карточкалар , т.б құралдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу (Балалалар жарты дөңгелек болып тұрады).

Хормен:Білер адам баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Баршаңызға ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

2.Өткен сабақты қайталау:Жылдың қай мезгілі, аптаның қай күні екенін анықтап, балалаларды әңгімеге тарту.

«Кім тапқыр ойынын» ойынау.Балалалар шеңбер болып отырады да, мұғалім допты допалатып сұрақтар қояды.

-Балалалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын атаңдар?

-Кәзір қай ай?

-Апта күндерін ата?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Ертен аптаның қай күні?

Мұғалім:Балалар отырыңдар.Енді жұмбақ шешейік.

3.Жұмбақ жасыру.

Көктен түседі,

Жер ішеді. (Жаңбыр)

Шумит он в поле и в саду, а в дом не попадает.

И никуда я не пойду, покуда он идет.


Без рук, без ног, под окном стучится, в избу просится.

Мұғалім: Ол не?

Балалар:жаңбыр.

4.Тіл дамыту.

Мұғалім:Балалалар жаңбыр қайдан жауады?

Балалар:Жаңбыр аспанан жауады.

Мұғалім:Аспанда не бар?

Балалар:Ай, күн,жұлдыз бар.

Мұғалім:Айға ұшқыларың келе ма?

Балалар:Иә

Мұғалім:Чтобы полететь на луну нам надо построить ракету, а чтобы построить ракету мы исползуем эти фигуры.

(Пішіндерді тақтаға іліп көрсетеді)

Мұғалім:Барлығы қалай аталады?

Балалалар:Пішіндер.

Мұғалім балаларды кезекпен тақтаға шығарып әр пішінді қолданып, оның атауын, түсін атап зымыранның бөлшектерін құрастыртады.

Мұғалім:Балалар біз не құрастырдық?

Балалар:Зымыран




Мұғалім:Енді біз зымыранмен айға ұшамыз.Көздеріңді жұмыңдар.

(Оы уақытта музыка ойнап Ай кіріп, ортаға стол қойылып оның үстінде түрлі-түсті жұлдызшалар жатады, жұлдыздардың беті матамен жабылған)

5.Сұрақ-жауап.

Мұғалім:Балалалар көздеріңді ашыңдар.

Ай:Сәлеметсіңдерме балалар.Менің атым Ай.Сенің атың кім?

Бала:Менің атым Алина.

Ай: Сенің атың кім?

Бала:Менің атым Саша.

Ай:Сенің атың кім?

Бала:Менің атым Айгүл.

Ай:Сенің тегің кім?

Бала:Менің тегім Горбунова.

Ай:Сенің жасың нешеде?

Бала:Менің жасым алтыда.

Ай:Сен қай елде тұрасың?

Бала:Мен Қазақстанда тұрамын.

Ай:Сен қай қалада тұрасың?

Бала:Мен Ақтау қаласында тұрамын.

Ай:Біздің елбасшымыз кім?

Бала:Біздің елбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар.Енді ойын ойнайық Ай сіз отырып көріңіз.

6.Сөздік ойыны:( Дөңгелек столдағы тұрлі-түсті жұлдыздарды көрсетеді.Ойынға төрт баланы шығарады)

Мұғалім: Игра называется «Разноцветные звездочки. Түрлі-түсті жұлдыздар». Мұғалім: Балалалар мыналар нелер?(Жұлдыздарды көрсетеді)

Балалар:Жұлдыздар.

Мұғалім:Көк,ақ,қызыл, жасыл

Барлығы қалай аталады?

Балалар:Түстер.

Мұғалім:Саша көк түсті көрсет. Алена қызыл түсті көрсет,Альбина ақ түсті көрсет, ата.Когда начинается музыка, каждый собирает свои цвета.Когда музыка закончится, мы игру остоновим.Начали 1-2-3 (Музыка басталып,балалар жұлдыздарды бір-бірден жинай бастайды.Музыка тоқтағанда балалар жинауын тоқтатады).

Мұғалім:Саша жұлдыздарды сана?

Бала:Бес жұлдыздар,көк түс.

(Төрт бала жұлдыздарын санап, түстерін айтады.Ең көп жұлдыздар жинаған баланы мақтайды)

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар.

Ай:Вы хорошо поиграли.Рахмет что вы прилетели на луну.Я вам подарю вот такой сундук, а внутри есть для вас подарки.Когда вы вернетесь в детский сад, посмотрите что в сундуке.Сау болыңдарбалалар.Жолдарың болсын!

Мұғалім:Ай вам пожелала хорошее пожелание, Жолдарың болсын!Это на русском языке будет Счастливого пути!Довайте повторим Жолдарың болсын!

Балалар:Жолдарың болсын!

Мұғалім:Көздеріңді жұмыңдар, енді бөбекжайға қайтамыз.(Музыка ойналып, Ай кетеді, дөңгелек столды алып тастайды).

Мұғалім:Көздеріңді ашыңдар міне балабақшаға келдік.Балалар сендер қайда ұштыңдар?

Бала:Айға ұштық.

Мұғалім:Айға ұшу үшін не қолдандық?

Бала:Зымыран.

Мұғалім:Айда не көрдіңдер?

Бала: Ай, жұлдыздар.

Мұғалім:Жұлдыздар қандай түсте болды?

Бала:Ақ,көк,қызыл,жасыл түсте болды.

Мұғалім:Ай бізге не тіледі?

Бала:Жолдарың болсын!

Мұғалім:енді біраз сергіп алайық.

7.Сергіту сәті.

Тұр бойыңды тік ұста,

Алдыға иіл тыныста.

Бір қолыңды соз алға,

Ұшбұрыш сыз ауада.

Екінші қол тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.

Енді қолды түсіріп,

Отырайық орынға.

Мұғалім:Ай бізге не берді?

Балалар:Сыйлық.

Мұғалім:Енді айдың сыйлығын көрейік.(Суреттерді балаларға таратады).

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Жылқы. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Құлын.

Мұғалім: Мынау не?

Бала:Қой. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Қозы.

Мұғалім: Мынау не?

Бала:Ешкі. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Лақ.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Сиыр. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Бұзау.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Түйе Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Бота.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Аю. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Қоян. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Түлкі. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Қасқыр. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Жолбарыс. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Покажите домашних животных?

-Барлығы қалай аталады?

Балалар:Үй жануарлары.

Мұғалім:Покажите диких животных?

Балалар:Жабайы аңдар.

8.Қорытынды.

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар (Суреттерді жинап сыйлыққа жұлдыздар таратады).Дети давайте станем полукругом, и гостям скажем хорошие пожелания.

Балалар:Қол ұстасып тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар қонақтар! (балалар шығып кетеді.)











Мемлекеттік тілді оқытылудағы бағдарламаны меңгеру жылдық көрсеткіштің мониторингісі:









































Shape3


Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Біз мектепке барамыз»Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама. – Астана 2009

  2. Жаттамақ: тақпақтар, өлеңдер. Құраст.Е.Өтетілеуов. – Алматы:Балауса, 1994

  3. «Зерек бала». Менктепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. - Астана 2009

  4. «Ана тілі айбыным» Хрестоматия. Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлерге арналған көмекші құрал. – Алматы 2009














































PAGE \* MERGEFORMAT8


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 сәуір
1284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі