15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдістемелік нұсқаулық
Тәжірибелік сабақ № 5
Сабақтың тақырыбы: Сүйек, буын, бұлшық ет, сіңір аурулары, аяқ, тұяқ аурулары.
Сабақтың мақсаты : Жануарлардың сүйек сынуларын, буын, бұлшық ет ауруларын, сіңір ауруларының түрлерін, тұяқ ауруларының белгілері мен емін зерттеп білу.
Қажетті құрал - жабдықтар : Әртүрлі дәрілік ерітінділері, антисептикалық порошоктар, майлар, жгут, шиналар, кестелер, суреттер, қысқыштар, қайшылар, мақта, дәке, бинт түрлері т.б.
1 – тапсырма. Периоститтер – сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға ажыратады:
1. Жарақаттанудан, қабынудан және токсикалық.
2.Патолого-анатомиялық өзгерістерге байланысты – сероздық, сероздық-фибриноздық, іріңді, фибринозды.
3. Клиникалық ағымына байланысты – жіті және созылмалы.
4. Таралу дәрежесіне қарай – шектелген, диффузды және көптік.
Серозды және іріңді жіті өтеді, ал қалғандары созылмалы түрде жүреді.
Серозды периостит /periostis serosa/ жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектерде болады.
Емдеу: тыныштық, құрғақ суық, қысатын таңғыштар, одан кейін жылылық процедуралар.
2 – тапсырма. Оститтер – жеке ауру ретінде сирек кездеседі, әдетте сүйектің барлық элементтері – сүйек қабығы, сүйек, эндоост және сүйек кемігі зақымдалады. Клиникалық белгілері бойынша – жіті және созылмалы; экссудат сипатына қарай – асептикалық және іріңді, ал патоморфологиялық өзгерістеріне қарай – конденсирленген және сиретілген деп ажыратылады.
3 – тапсырма. Асептикалық остит / оситис асептика / - жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектердің механикалық зақымдалуы, сонымен қатар көрші ұлпалардағы қабыну үрдістерінің ауысуы нәтижесінде болуы мүмкін.
Емдеу: тыныштық, алғашқы тәуліктерінде суық басу, таңғыштар. Жіті қабыну үрдістері кеткеннен кейін жылытатын компресстер қою, кондинсерленген оститте парафин, озокерит.
4 – тапсырма. Остеомиелит / остеомилитис/ сүйек кемігінің қабынуы, асептикалық және инфекциондық
түрлерін ажыратады. Өту ағымына қарай жіті және созылмалы деп бөлінеді.
Патогенез: асептикалық үрдісте өтсе жазылуы мүмкін. Іріңді түрде жіті диффузды қабыну болып, ұлпа серозды – фибринозды сұйыққа толады.
5 – тапсырма. Сүйектің сынуы
Сүйек сыну – жұмсақ ұлпалардың зақымдалуымен бірге жүретін, механикалық әсерден сүйектің бүтіндігінің жартылай
немесе толық бұзылуы. Мысалы соққы, ұрып алу, құлау т.б.
Уақытына қарай туа біткен және жүре келе пайда болған деп бөлінеді. Сөзбен: жабық – егер тері бүтіндігі сақталса, ашық – терең ұлпалар мен тері бұзылса. Трубкалы сүйектің локализациясына байланысты – эпифизарлы, метафизарлы және диафизарлы. Зақым дәрежесіне байланысты – толық емес және толық.
Сыну
Емдеу: алғашқы көмек, иммобилизация.
Жабық сынықтарды консервативті емдеу: а) бөлектенген сынықтарды орнына келтіру.
б) орнында салынған сынықтарды иммобилдеу.
в) жараның регенерациясына және стимуляциясына жағдай жасау. Шокты болдырмау, бұлшықеттерді босаңсыту, жергілікті жансыздандыру.
Ірі жануарларда иммобильдеуші таңғышты 35-40 күннен кейін, ұсақ малда 20-25 күннен кейін шешеді. Гипсті таңғыштардың кемшіліктері сөзбен айтылады.
Ашық сынықтарды емдеу: ауырсынуды азайту, өңдеу, гипс. Сынықты оперативтік жолмен емдеу: сүйек сынықтарын бекіту: 1) оларды кетгутпен, жібекпен, сым темірмен тігу. 2) шұрыптар көмегімен металл пластиналармен бекіту. 3) сүйек – кемік каналына металл немесе пластмасс штифт енгізіп бекіту. 4) әр түрлі бекіткіш аппараттар қолдану – Илизарова, Гудушаури, Рахимкулова т.б.
Сынық түрлері
6 – тапсырма. Тұяқ ауруларын игеру.
Тұяқ жұлығының дүңкуі. Жұлын терісінің шел қабаты жайлы іріңдеп қабынады. Бұл ауруды ірі қара малда кейде «панариций» деп атайды. Дүңку жұлық жарасына инфекция енуден, тұяқ қабырғасының шеті жарылудан немесе тері астының іріңдеп қабынуынан, тұяқ буынының қабынуының асқынуынан немесе аша тұяқты малдың аусылмен ауруынан дамиды.
Емі: малды тыныш ұстап, құрғақ және мол төсеніш төсеп, құнды витаминді, сапалы жем береді. Малдың жалпы күйін жақсартатын (глюкозаны, кальцийхлоридін, шараптық спиртті түрде тамырға құяды) және зарарсыздандырғыш дәрі – дәрмектермен (антибиотиктермен, сульфаниламидті препараттар) емдейді. Тұяқ мүйізінің жұлық шетін зақымдаған жердің шегімен тері тірегіне дейін енін, 1,5 – 2,0 см етіп жұқартып кеседі.
Бақылау сұрақтары
1. Сүйек қабығының қабынуын не деп атайды ?
2. Оститтер немен сипатталады ?
3. Созылудың белгілері қандай ?
4. Периостит дегеніміз не?
5. Тұяқты тазартып күтудің ережелері ?
6. Қандай сүйек ауруларын білесіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген