Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдістемелік құрал . Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ

БЕРЕТІН МЕКТЕБІ









ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ



ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



ҚҰРАСТЫРҒАН: Байбосынова Гүлжахан Мұратовна

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

























Жезқазған-2019



Әдістемелік құралдың мақсаты- Оқытудың сындарлы теориясына негізделген бағдарлама талаптарына сүйене отырып, Шульман ілімі мен сын тұрғысынан ойлау жобасының әдістерін сабақтастыру арқылы бастауыш сыныптарда қазақ тілін тиімді оқыту.

Әдістемелік құралдың міндеттері:

  • оқытудың сапалы және табысты болуына ықпал ету;

  • оқушылардың білім алу мүмкіндіктерінің бірлігін сақтау;

  • мұғалім бейнесі мен оқушылар арасындағы сабақтастықты сеніммен дамыту;



















































Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады.

Мұғалімнің көмекшілері

Құзырлы мұғалімге тән белгілер

Бас

Кәсіби түсінік


Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Қол

Оқытудың тәжірибелік дағдылары


Бұл мамандық техникалық және тәжірибелік дағдыларды, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету, түзету және бағамдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, идеяларды түсіндіре білуді талап етеді. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген сабақтар мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.

Жүрек

Кәсіби-өнегелілік тұтастық


Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де бөліседі.



Шульман ілімін дамыту үшін мұғалімнің кәсіби түсінігін үздіксіз дамытып отыруды бірінші басшылыққа аламыз. Бұл орайда жеткілікті білімнің болуы талап етіледі және зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Аталған ілімнің тиімділігін сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдерімен сабақтастыра отырып арттыруға кеңес беремін. Бұл кеңесті іске асыру үшін «Кластер» немесе «Топтастыру» , «Жинақтау әдісі» - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау стратегиясын басшылыққа алған дұрыс. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру.

а) жұпта талқылау

ә) топта ой бөлісу

б) Ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіру немесе қысқаша ойларын айту.

Өзім сабақ беретін 4-сынып оқушыларымен жоғарыда аталған стратегияны оқытудың тәжірибелік дағдыларына түсіре отырып, спиральді түрде,яғни күрделену жолымен пайдаланамын. Бастапқыда диаграмма макеттерінің саны аздау болып, сабақ сайын көбейіп, түстері де құбылып, өзгеріп отыру арқылы, баланың бойындағы тапсырманы орындау барысында кездесетін қорқынышты жоюға көмектеседі. Төменде стратегияны қолдану үлгісін ұсындым:

Тақырыбы: «Туыстық атаулар».


1







2

3



4



Стратегияны саралап ұсынудың бұл жолы оқушыларды ынталандыру, көтермелеу, олардың мүмкіндіктерін алдын ала болжау, бағамдауды меңгергендігін айқындайды.

Менің тәжірибемде Шульман ілімінің кәсіби-өнегелілік тұтастық бөлігін іске асыруға бірден-бір септігін тигізіп жүргені «Биопоэма» стратегиясы. «Биопоэма» әдісі - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жазады.

Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.

1.Аты.

2. Үш-төрт етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).

3.Басқалармен қарым-қатынасы.

4.Үш-төрт ұнататын заты.

5.Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.

6. Екі- үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)

7.Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.

8.Ол қорықпайтын екі-үш заты.

9.Мекен-жайы.

10. Тегі.

Бұл әдісті бастауыш сыныптарға бейімдеп, сәл өзгертіп пайдаланып жүргенімді де ортаға салғым келеді. Орыс мектептерінің оқушыларына сай етіп түрлендіруім әдістің басты мақсат-міндеттеріне қайшы келмейді. Үлгі:

1.Аты.

2. Үш етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).

3. Басқалармен қарым-қатынасы.

4.Үш ұнататын заты.

5. Екі басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.

6. Екі жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)

7.Екі көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.

8.Ол қорықпайтын заты.

9.Мекен-жайы.

10. Тегі.

Сабақ барысында оқушылар төселген «Т кестесі» мұғалімнен техникалық және тәжірибелік дағдыларды, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету, түзету және бағамдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, идеяларды түсіндіре білуді талап етеді.

«Т кестесі» әдісі- Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады. Оны мұғалім өзінің ыңғайына, сабақ тақырыбына қарай таңдайды. Бұл кестенің тағы бір пайдасы сыныптағы оқушылардың сабаққа толық қатысуы. Күнделікті жай сабақта 3-4 бала ойын ортаға салып, сабаққа белсене қатысса, қазір сабаққа үлгерімі төмен оқушы да өз ойын ортаға айтып, пікірталасқа түседі. Өздеріне өзі баға қойып, уақыт та үнемделеді. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді. Үлгі:




ЖЕМІСТЕР ЖИДЕКТЕР









«Шатастырылған логикалық баулар» әдісін көбінесе мәтінмен жұмыс барысында, оқылым дағдысын дамыту тұсында пайдаланамын.
Мәтінмен танысқаннан кейін «рефлексия» сатысында оқушыларға орны ауыстырылған тізбекті қалпына келтіруді ұсынамын. Осы форма зейін мен логикалық ойлаудың дамуына көмектеседі. Үлгі:

Тұсауыңды шешейін,

Күрмеуіңді кесейін.

Жаз,жаз,балам, қаз, балам,

Тақымыңды қаз,балам!

Тағы-тағы баса ғой,

Жеті қырдан аса ғой.





Қорыта келгенде, Шульман ілімін басшылыққа ала отырып, сын тұрғысынан ойлау жобасының әдістерін тиімді сабақтастыру жолымен мұғалім бойында жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ барысында білім алушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.

«Қарастырылды» «Ұсынылды»

04.02.2019 05.02.2019

ӘБ жетекшісі: Директордың ОІЖ орынбасары:

А билдина А.Қ. Жакупбекова Г.Н.



Аталған әдістемелік құрал 2019 жылдың төртінші ақпаны күні мектептің әдістемелік №3 бірлестік отырысында қарастырылып, ұсынылды.







ПІКІР

Жезқазған қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байбосынова Гүлжахан Мұратовнаның құрастырған «Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту әдістемесі» оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін ашуға негізделген әдістерді қолданудың жолдарын ашып көрсетеді. Әдістемені құрастырушы автор сындарлы оқыту бағдарламасы аясында «Шульман ілімін» басшылыққа ала отырып, сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларымен сабақтастыра нәтижеге жету жолдарын кесте,үлгілермен ұсынған. Құрал бастамасы оны тереңірек зерттеп, талдап, зерделеуге жетелейтін мәселелерді көтерген. Автор тарапынан алдағы уақытта бұл топтаманы дамыту жұмыстарын күтеміз.





Пікір беруші: Ералинова Д.А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2019
1391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12