400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Әдістемелік құрал . Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ

БЕРЕТІН МЕКТЕБІ









ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ



ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕР ТҮРЛЕРІ



ҚҰРАСТЫРҒАН: Сағандықова Бақытжан Қуандықовна,

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ























Жезқазған-2019





«Қарастырылды» «Ұсынылды»

04.02.2019 05.02.2019

ӘБ жетекшісі: Директордың ОІЖ орынбасары:

Абилдина А.Қ. Жакупбекова Г.Н.



Аталған әдістемелік құрал 2019 жылдың төртінші ақпаны күні мектептің әдістемелік 4 бірлестік отырысында қарастырылып, ұсынылды.







ПІКІР

Жезқазған қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағандықова Бақытжанның құрастырған «Бастауыш сыныптарындағы қазақ тілін оқытудағы әдістер түрлері» атты әдістемелік құралы жаңартылған білім беру аясында оқудағы жаңа тәсілдерді ұсынып, оқушылардың есте сақтау қабілетін өлең жолдары арқылы дамыту әдістерін ұсынған. Әдістерді сабақ үрдісінде пайдаланудың жолдарын, оларды тиімді ұсыну кезеңдерін ашып көрсеткен.

Әдістемелік құрал орыс мектептері мұғалімдеріне тәжірибеде пайдалануға лайықты деп санаймын.



Пікір беруші: Қалмағанбетова А.Н.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі











Әдістемелік құралдың мақсаты- жаңартылған білім беру аясында оқушылардың есте сақтау қабілетін өлең жолдарын жаттау, мәнерлеп оқу арқылы дамытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділерін саралау.





Әдістемелік құралдың міндеттері:

  • оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ететін тәсілдерді атап, көрсету;

  • аталған тәсілдердің тиімділігіне баға беру;

  • мұғалімнің кішігірім зерттеу үлгілерін ұсыну.











































Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамытуда оңтайлы әдістерді сын тұрғысынан ойлау жобасынан тапқанымды жеткізгім келеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен сын тұрғысынан ойлау жобасын бөліп жару мүмкін емес деп санауыма да дәлелдер мол. Сабақ беретін сыныптарымдағы оқушыларды түрлі тақпақтар мен өлеңдерді мәнерлеп оқу, жатқа оқу, жатқа жазу арқылы есте сақтау қабілеттерін өздігінен дамытуға үйретіп те келемін.

Ғылыми нұсқаулар мен ақпарат көздерге сүйенсек, RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 100 түрлі стратегияларынан:әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл жоба орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. 

Мектеп тәжірибелеріне енген әдіс-тәсілдердің көбісі пайдалануға тиімді, оқушы қабылдауына қолайлы, дамыту шараларына мол ықпал бере алатын мүмкіндікке ие болып жүргендігі қуантады. Осы орайда «Бес жолды өлең», «Автор орындығы», «Авторға хат», «Шығарма кестесі», «Авторға сұрақ қою», «Концептуалды дөңгелек», «Венн диаграммасы», «Тірек сөздер стратегиясы», «Сұрау есімдіктерінен сұрақтар», «Жанды фотосуреттер» әдістерінің тиімділігін тілге тиек еткім келеді.

«Бес жолды өлең» немесе «Синквейн» әдісі оқушылардың барлығы қызыға орындайтын әдістердің бірегейі, мұнымен қатар өлең шығаруға, ұйқасқа ұласуға апаратын тәсілдердің ұтымдысы. Сөздерді тәртіппен орналастыру қарапайым деңгейден бастап, ізденімпаздық, ақпараттық деректерді іздеп табуға жол ашады. Мысалы:

  1. Зат есім: чемпион.

  2. Сын есім:шымыр,батыл.

  3. Етістік: шынығады,озады,жеңеді.

  4. Сөз тіркесі: ел намысын қорғайтын ағалар.

  5. Синоним: батыр.

«Автор орындығы» немесе «Ыстық орындық» әдісі- жазған, жаттаған, өзі шығарған өлеңін т.б. автор орындығына отырып оқып беруге негізделген әдіс. Оқушыларға «Автор» деген жазуы бар тәж кигізіп қойсаңыз, бала бойындағы сенімділік арта түседі. Өлеңді жазуға тапсырма бермес бұрын мәнерлеп оқу, жатқа оқу, жатқа жазу сияқты 3 этаптан оқушы дағдысы міндетті түрде қалыптасу сатысынан өтуі керек. Сонда ғана төрт жол тақпаққа жол саласыз, баланың бойындағы үрейді жеңесіз. Алғашқы өлең жолдарына етістіктерді, келесіде тармақ басталатын сөздерді, одан соң буын сәйкестіктеріне сілтеме берсеңіз, оқушы ойыңызды өлең етіп өріп береді. Мысалы, Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Маған әпер баласын» өлеңінің желісі бойынша берген тапсырмам:

.......... ................ анасы,

« .......... ............» деп еді.

............. ........... баласы,

.......... ................ келеді.

Бүгін Ваняға анасы,

«Жақсы оқы» деп еді.

Ең ақылды баласы,

Үздік болып келеді. (Астафьева Кристина)

Мұнымен қатар, оқушылар «Авторға хат», «Авторға сұрақ қою» әдістерін тиянақты орындайды. Авторға хат жазу жолымен өз оларын дамытады, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етіледі. Хатты жеке жазбай үштікте жазған тиімді, үш ой, үш көзқарас тоғысып, төмендегідей тың туынды туады:

Құрметті ақын ата Н.Әлімқұлов!

Сәлеметсіз бе! Қалыңыз жақсы ма? Сізге Жезқазғаннан сәлем!

Біз кішкентай болғанда айды алғымыз келетін. Ай жарық планета. Аймен түніміз жарқырап тұрады.

(Каймулдина Дильдора,Фурин Алексей)

Өлеңді түсініп оқу, оқылым дағдысын дамыту үшін « Шығарма кестесі» әдісі таптырмасы анық.

Өлеңнің аты: Әсемпаз болма әрнеге.

  • Авторы

  • Оқиға кезеңі

  • Оқиға орны

  • Негізгі идеясы

  • Мәтіндегі түйін сөз

  • Өлеңге сай келетін мақал-мәтел жазу.


Осы үлгімен жұмыс істеген бала өлең болмысын ұзақ мерзімді жадыда сақтауға мүмкіндік алады.

«Концептуалды дөңгелек» әдісіКонцептуалдық дөңгелек әдісі кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, өлең макетін жасауға мүмкіндік береді. Дәнекер ортадағы дөңгелектегі сөзді, сөз тіркесін, тірек сөзді көргенде бала ойына өлеңнің бунақ, тармақтары оралатындай әсер қалғанша жаттықтырып, сабақ сайын жүйелі пайдаланатын әдіске айналуы керек.



Shape4



Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе өлең /мәтін/ құрастырады. Өлеңнің /мәтіннің/ құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Өлең /мәтін/ құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Өлеңнің ұйқасын, мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл- «Тірек сөздер» стратегиясы:

Shape5

........ ..... .........,

Тірегімсің, Қазақстан!

..... ........ ...............,

Жүрегімсің, Қазақстан!

Қазынасы, суы бал,

Тірегімсің, Қазақстан!

Ата-анамның Отаны,

Жүрегімсің, Қазақстан! (Мұрат Арсен )

Қазақ тілін меңгертуде «Жанды фотосурет» әдісін де жиі қолданамын. Бұл әдісті кері байланыс кезінде пайдаланған ыңғайлы. Топқа өлең шумақтары мен суреттердің қиындыларын ұсынамыз, топ мүшелері суреттерді шумақтың мазмұнына қарай топтастырып, жабыстырып шығады. Қорғау барысында жетелеуші сұрақтар арқылы дұрыс, бұрыстығын анықтауға ықпал етіп отыру шарт. Нұрхан Жанаевтың «Мен бөпеме қараймын» өлеңіне фотосурет тереміз:



Ағам жылқы бағады,

Атам пішен шабады.

Жеңгем сиыр сауады,

Әжем киіз қағады.

Тәтем кесте тігеді,

Мұрат оқи біледі.

Мен бөпеме қараймын,

Ойнатуға жараймын.

Shape6


Shape7

Shape8

Shape9




Shape10

Picture 42



Сұрақты сауатты құрастыруды бастауыш сынып оқушылары нақты сөздерге қоюдан бастап жаттығады. «Сұрау есімдіктерінен сұрақтар» стратегиясын ұйымдастыру мақсаттарының бірі де осы.

Кім ....?

Не ......?

Қашан .......?

Қалай .....?

Неліктен ...?

Қорыта келгенде, жоғарыда аты аталған әдіс-тәсілдер білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін еместігін дәлелдейді, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек дегенге саяды. Сын тұрғысынан ойлау, бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді де көшбасшы ретінде мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.

Ойымды түйіндесем, барлық әдістер төмендегідей ортақ белгілерге назар аудартады:

  • оқушының белсенділігі;

  • қызмет бағыттарын күтілетін нәтижелерге сай жүзеге асыру;

  • кері байланыстың маңыздылығы;

  • өздігінен іздену;

  • жұпта ықпалдасу мүмкіндігі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
52 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
2723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі