Әдістемелік құрал "Бастауыш сынып оқушыларының әңгімелеу дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жиынтығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдістемелік құрал "Бастауыш сынып оқушыларының әңгімелеу дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Таутүрген негiзгi орта мектебі









«Бастауыш сынып оқушыларының әңгімелеу дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жиынтығы»

(Әдістемелік құрал)



Бастауыш сынып мұғалімі: Майлыбаева Айгуль Баймурзаевна













2025 жыл



МАЗМҰНЫ


Түсінік хат

3-бет

Бағдарламаның мазмұндық құрылымы.

4-бет

Нормативті құжаттар

4-бет

Пайдаланылған әдебиеттер

50-бет































Кіріспе

ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің

«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сүйене отырып «Оқушылардың әңгімелеу дағдысын жетілдіруге қарапайым сұрақтарға әсері» құрылды.

Мақсаты:

  • мәтін мазмұнын жан-жақты талдай білу;

  • оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау;

  • стратегиялық бағыт беру;

Міндеттері:

  • оқушылардың мәтін талдау машығын қалыптастыру;

  • функционалдық сауаттылық білімін жүйелеу;

  • теориялық білімдерін орынды қолдануға төселдіру;

  • мәтіннің түрлері мен стильін анықтау;

  • мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

  • мәтіндегі ақпаратты сыни тұрғыда бағалай білу;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Өзектілігі: Әдеби мәтіндер мен көркем шығармаларды оқуға деген ынталарын арттыру бағытында оқушылардың дайындығын жетілдіру. Әдеби- теориялық материалды меңгеру, алған теориялық білімді бекіту, жүйелі тереңдету.

Әдістемелік құралда жүргізілетін жұмыс түрлері

  • әдеби-теориялық білімдердің жиынтығын тест кезінде пайдалану;

  • мәтінді талдау;

  • мәтіннің мәнін түсіну;

Әдістемелік құралдың білім мазмұнының құрылымындағы орны: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады.

Күтілетін нәтиже:

  • оқылым дағдылары қалыптасады;

  • көркем шығармаларды оқуға деген ынталары артады;

  • мәтін мазмұнын жан-жақты талдай біледі;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамиды;

  • оқушылар мәтін талдау машығын меңгереді;

  • оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктері қалыптасады.































1-мәтін. Көкөніс

Мәтінді түсініп оқу.

Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты.

Көкөністерде адам организміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп крахмалға, ал қызылша қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин бар.

Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады.

Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді. Жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады. Жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды.

1.Көкөністер өсімдіктердің қай түріне жатады?

А) Ағаштар

В) Бұталар

С)Шөптесін өсімдіктер

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2.Картопта қандай органикалық зат бар?

А) Эфир майы

В) Крахмал

С) Қант

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Өлеңді оқып шық. 1 жылдық өсімдіктерді қызыл түспен, 2 жылдық өсімдіктерді жасыл түспен қоршап сыз.

Бақшасында атамның Көкөністер көп екен Теріп, жинап аламыз Себеттерге саламыз Пияз, картоп, қызылша Түйнек, сәбіз, қызанақ Орамжапырақ қиярлар Шалқан болса тағы бар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________



2-мәтін.

Ем

ДPicture 2 емалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып, құстардың түрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап, соларға жауап беріп келе жатқан болатынбыз. Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр. "Әке мына шайырды қарағайға кім жақты?" — дейді. "Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой.

Демалуға келген, табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң, біреу ағашқа пышақ шанышқан. Пышақты суырып алғаннан кейін, әлгі жараланған жерден хош иісті шайыр ағып, жараны бітеп, емдеген. Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, - деді әкесі.

1. Әкесінің: «Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер», - деген сөзді айтуының мәнісі неде?

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3. Ретімен жазып сәйкестендір

1

Есептік сан есім


Екінің бірі ән айтады

2

Реттік сан есім


Бес – алтыдан бөлінді

3

Жинақтық сан есім


Бесеуі жолға шықты

4

Болжалдық сан есім


Бір сағат өтті

5

Топтау сан есім


Жетпістейадам келді

6

Бөлшектік сан есім


Екінші үйде тұрады




3-мәтін.

Дегелеңдегі жарылыс

-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты.- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды.

Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды. ...

Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.

1.Қара жер қандай күйге енді?

  1. Жылады

  2. Солқылдады

  3. Қайғырды

  4. Еңіреді

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2.Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?

  1. Қажымұрат

  2. Айтуған

  3. Алпамыс

  4. Айтуар

____________________________________________________________________________________________________________________________________


Мәтін

Иә

Жоқ

1

Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме?



2

Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?



3

Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма?




3.Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4.Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4-мәтін. Тұмау

Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.

Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз. Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің «Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11 түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.

1.Тұмау қай кезде қозады?

А.Жаз айында

В.Ауа райының суық кезінде

С.Жаздың қапырық кезінде

Д.Жауын-шашынды күндері

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2.Бетпердені күніне неше рет ауыстыру керек?

____________________________________________________________________________________________________________________________________



3.Тұмау кезінде қабынатын ағзаларды атаңыз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________



Мәтін

Иә

Жоқ

1

Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігер шақырту керек пе?



2

Бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдету жеткілікті ме?



3

Тұмау кезінде сұйықтықты ішуді шектеу қажет пе?





4.Тұмауға қарсы екпені алу тиімді ме, тиімсіз бе?

____________________________________________________________________________________________________________________________________



5.Жұқпалы тұмаудың жыл сайын жаңа түрлері пайда болуда. Сонда адамзаттың тұмауға қарсы күресі өз нәтижесін бермеді ме?






5-мәтін. Тулардың да тарихы бар

Ә лемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология –ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Конгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор интуиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен. Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады.

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін, жоғарыда келтірілген «Тулардың да тарихы бар» мәтінін пайдаланыңдар

1.Егер мәтінге сенетін болсақ «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланған. Үндеуді жариялауға 14 елдің делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Біздің Мемлекеттік Ту халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы баға алған. Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш мырзаның 1992 жылы жазған хатында біздің Мемлекеттік Туға жоғары баға берген көрінеді. Осындай жақсы лебіздер АҚШ, Германия, Ресей елдерінің тутанушылар тарапынан да айтылған.

«Алтын бесік» журналы

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді пайдаланыңдар.

2.Вексилология –ту туралы ғылым. Қалай ойлайсың, вексикология институты қазір жұмысын жандандырып жатыр ма? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз баяуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әріден бастау алатын төл тарихы болады.Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша, ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Бұл мақалада не айтылды?

А. Вексиология институты

В. Рәміздердің тарихы

С. Мемлекеттік туға жоғары баға беріді

Д. Ұлттық бояу

Е. Тутанушылар




6-мәтін. Асқардың ермегі

Асқардың – менің көршім. Асқар қай кезде болмасын теледидиар алдында отырады. Теледидар оның ермегі. Экранға телміріп отырғаны. Көретіні футбол, хоккей, фильм. Сабағын теледидиар алдында отырып орындайды. Бір күні Асқар ауырып қалды. Анасы дәрігерге көрсетті. Дәрігер оған ......

(Мұғалім асықпай 3 рет мәтінді оқып шығады.)

1.Мәтін кім туралы?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мәтіндегі сөйлем ретін көрсет.

А. Көретіні футбол, хоккей, фильм.

Ә. Асқар – менің көршім.

Б. Анасы дәрігерге көрсетті.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Асқардың орнында болсаң сен не істер едің?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Ары қарай мәтін қалай аяқталды деп ойлайсың, болжам жазып көр.

____________________________________________________________________________________________________________________________________







7-мәтін. Бақтағы құстар

Зейін бақта жүр. Бұталардың сыртына мойнын созып қарап қояды. Бойын бұғып ілгері жылжыды. Кішкентай денесімен бүрісіп отыра қалды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршік терді шоқып жүр. Зейін ағаштың төменгі жағына құстарға арнап жем шашатын тақтай орнатты. Құстар әлгі жерге үйір болып қонып алады. Зейін құстардың бақтан кетпегенін ұнатты.

1.Мәтінге сәйкес атты белгіле немесе өзің сәйкес ат ойлап көр.

а. Достар

ә. Орман ағаштары

б. Құстарды қорғау

д. Өз жауабы

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мәтіндегі негізгі ойды көрсетіп тұрған сөйлемді қоршап сыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? Белгіле. Неліктен?

«Досы көпті жау алмайды»

«Құс – адамның досы»

«Ормансыз- бұлбұл Отансыз адам»

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Мәтін мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Берілген сөздерді қатыстырып мәтін құра. Құраған мәтінге ат қой.

Құстар, досымыз, қорғау, атпау, тамақтандыру, қанатты достар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


8-мәтін. Екі дос

Мәтінді түсініп оқы.

Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды.

Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді. Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:

Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.

Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.

1.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты белгілеңіз

А.Қорқақ дос

В.Ақылды аю

С.Жаман жолдас

Д.Аюдың ақылы

Е.Ауру дос

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мәтіннің түрін анықтау

А.әңгімелеу

В.суреттеу

С.пайымдау

Д.сипаттау

Е.зерттеу

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтін мазмұнына сай келетін мақалды анықтаңыз.

А.Досы көпті жау алмайды.

Ә.Жаман дос жолда қалдырар.

Б.Күлме досыңа, келер басыңа.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Әлсіз досқа қандай кеңес бересің? Хат жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________







9-мәтін. Асыл шөп

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты- мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:

Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығында менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?

Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым- деді Бәтима.

Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін - деді Злиха.

Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: ... деген - деді.

1-тапсырма.

Злиханың жәшігіндегі шөптің аты не ?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Злиха қандай қыз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Бәтима қандай қыз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________






3-тапсырма.

Мәтін бойынша 4 сұрақ құрастыр.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________




10-мәтін. Жамандыққа жақсылық


Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылып, бір күн уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап:

- «Дегенімізді істе, істемесең өлтіреміз» деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып жұлықты. Уәзір ашу етпеді, бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп:

Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, - деді.

Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: «Менін кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен» деп, қорыққанынан үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп алып айтты дейді:

Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсін, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! - деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді.

1-тапсырма.

Мәтін кейіпкерлерін жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Неліктен саудагер өз көршісін жамандады деп ойлайсың?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма.

Нағым уәзірге келгенде не үшін қорықты?

А.Жазалайды деп

Б.Жұмыс жасатады ддеп үрейленді

С.Кешегі ісін біреу айтып танытқан екен деп

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма.

Нағым уәзірдің соңғы айтқан сөздеінен кейін қандай шешім қабылдайды деп ойлайсың? (уәзірге деген ойы өзгереді ме?)

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________



11-мәтін. Қоңыр қаз

Құстардың ішінде қоңыр қазды адам алғаш қолға үйреткен. Жабайы қаздар үлкендігі, түр-сипаты жағынан асыранды қаздарға ұқсас. Балпаңдай басқанымен, олар жерде көп жүреді. Ал ұшқанда тізбектеліп алып немесе сүйір бұрыштанып жылдам ұшады.

Суда олар денесінің артқы жағын, құйрығын жоғары көтеріп отырады. Өте сақ. Қаздар біздің елге сәуір айында келіп, ұясын жұптасып салады. Ұясына үйінді қамыс, шөптерді пайдаланады. Үстіне үлпілдек қауырсындар төсейді. Мамыр айында мекиені сары түсті 4-6 жұмыртқа тауып, оны апта бойы басып жатады.

Ал ата қаз оның маңайында жүріп, қауіп-қатерден сақтайды.

1-тапсырма. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты белгілеңіз.

А.Құстардың ішінде қоңыр қазды адам алғаш қолға үйреткен.

Б.Суда олар денесінің артқы жағын, құйрығын жоғары көтеріп отырады.

С.Мамыр айында мекиені сары түсті 8-9 жұмыртқа табады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2-тапсырма. Мәтін қай стильде жазылған

А) ресми стиль

В) ауыз екі стиль

С) ғылыми стиль

Д) көркем әдеби стиль

Е) публицистикалық стиль

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Қоңыр ата қаздың міндеті қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________



12-мәтін.

Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?

деп сұрады баласы.

Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

1-тапсырма.

Мәтін тақырыбын анықтаңыз

А) Ананы қадірлеу

В) Достық туралы

С) Ана тілі жайында

Д) Бала тәрбиесі

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. «Бағу мен қағуда қандай мағына бар?»

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Ағаш бірден түзеу өседі ме? Адам да бірден тәртіпті мәдениетті болып шығады ма? Неліктен?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________



13-мәтін. Күн



Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттар иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процестерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.

Қызық дерек:Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігінде. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.

D дәруменікальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің, омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді. Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.

1.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз. Ультракүлгін сәулелер...

А) ағзада жүріп жатқан көптеген процестерді - тыыс алу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын кұшейтеді.

В) төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

С) негізгі зақымдағыш әсер факторы.

Д) минерлады сіңіруді реттейді.

Е) көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады.

2.Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?

А) Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін.

В) Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін.

С) Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін.

Д) Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін.

Е) Апта бойы, бір сағат толық.

3.Қандай реңді адамда күн сәулесі әсерінен болатын Д дәрумені аз өндіріледі?

А) Қара сұр.

В) Қара торы.

С) Қызыл шырайлы.

Д) Дөңгелек жүзді.

Е) Ақ құба.

4.Д дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы?

А) Таңдай.

В) Жақ.

С) Ерін.

Д) Тіл.

Е) Тіс.

5.Мәтін қай стиль түрінде жазылған?

А) Ауызекі сөйлеу стилі.

В) Публицистикалық стильде.

С) Көркем әдебиет стилінде.

Д) Ғылыми стиль.

Е) Ресми іс-қағаздар стилінде.

6. Жаз мезгілінде қай уақытта күн көзіне шыққан пайдалы?

А) 8 сағаттық жұмыс уақыты кезінде.

В) 8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін.

С) Кеш батқаннын кейін.

Д) Түскі үзіліс кезінде.

Е) Жұмыс уақытының ортасында.


14-мәтін.

Үнді

Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы ағаштың басына кептіруге іліп қойған еті жоқ. Ағаштың айналасын әбден жүріп, қарап болған соң, орамға шығып жолай дауыстап сұрайды:

Аласа бойлы, қолында қыскантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық кішкентай иті бар, бірі қарт адам көрдіңіз бе? - деп. Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып ұрысын ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден «ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз» деп сұрасыпты. Сонда үнді айтты дейді:

Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаштан аяғының астына тас қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі ізінен байқадым - адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым. Ұрының қасында иті бар екенін, және ол иттің өзі кішкентай, құйрығы тарақ-кұйрық екенін білгенім, етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір кұмайтырақ жерде отырған екен; соның құмға түсіп қалған ізінен, және былғаңдатқан құйрығының табынан байқадым депті-міс.

1-тапсырма:

Ұрының аласа бойлы екенін қай әрекетінен білді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Қолында мылтығы бар екенін ше?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Соңында итінің болғанын қайдан білді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Қарт адам екенін қандай іс-әрекетіне қарап ажыратты?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Бұл-мәтіннің қай түріне жатады?

А) Әңгімелеу

В) Сипаттау

С) Пайымдау

____________________________________________________________________________________________________________________________________





15-мәтін.

Алтын шеттеуік

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді.

Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.

Шешесі айтты:

Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп.

Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуікгерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады.

Сонда атасы айтты:

Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар,- деді.

1-тапсырма.

Мәтін кейіпкерлерін ата:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2- тапсырма.

А)Мәтін құрылымын анықтап, әр бөлік алдына қанат белгісін қой.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Ә)Мәтіннің негізгі идеясы қай бөлікте айтылады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________



16-мәтін.

Балалар мен ғалым

Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:

Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім, - дейді. Екінші бала:

Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым, - дейді.

Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға:

Сендер хат танисыңдар ма? – депті. Балалардың екеуі де шынын айтып:

Жоқ, танымаймыз, - дейді. Сонда ғалым:

Кітап сендерге не керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін, - депті.

1-тапсырма.

Мәтіннің 3 бөлігін ажыратып, қоршап сыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Ғалымның: «Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін» деген сөзі неге үндейді?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



17-мәтін.

Әдептілік

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі оқымысты да онан да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып:

Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз, сүйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты. Сонда ғалым кісі тұрып:

Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - депті.

1-тапсырма:

-Мәтіндегі түйінді ой?

А) Еңбекқорлық

Ә) Денсаулық

Б) Әдептілік

В) Даналық

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Мәтін мазмұнына ең жақын мақалды белгіле.

А)Әдепсіз бала. Ауыздықсыз атпен тең.

Ақылды кәрия. Жазып қойған хатпен тең.

В) Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

С) Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.

Д) Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.

____________________________________________________________________________________________________________________________________




18-мәтін.

Ит – адамның досы

Ит - адамға шын дос жануар. Дүние жүзінде иттің неше атасының ұлы бар: біреуі қора, біреуі үй күзетеді, біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң, құс алып береді, біреулері, тіпті, ат орнына жегіліп те жүріледі; бұлардың бәрін де екінші кітапта уақытымен айтармыз. Англия жұртының ең үлкен Лондон деген қаласында өрт болған уақытта, күйіп жатқан үйдің ішінде қалған балаларды алып шығуға үйретілген иттер бар. Соның біреуі Боб деген ит он екі баланы өрттен алып шығыпты. Бір күні бір үй жанып, өрт сөндіргіш адамдар келген уақытта, бір қатын жылап тұрды, балам жанып жатқан үйде қалды деп. Өртшілер әлгі Бобты жіберді: Боб баспалдақпен үйге кіріп, түтін ішінде жоқ боп кетіп, біраздан соң баланы көйлегінен тістеп қана алып келді. Шешесі қуанып баласын алды, өртшілер иттің өрт шалған жері жоқ па деп қарап тұрғанда, Боб өршеленіп жанған үйге қарай тағы ұмтыла беріпті. Өртшілер ойлады шамасы үйде тағы бір бала бар шығар деп; сонымен Бобты және қоя берді. Біраздан соң Боб, ауызында бір тістегені бар, үйден жүгіріп шыға келді.

Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен.

1-тапсырма.

Мәтінге тағы қандай ат қояр едің? Неліктен?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Мәтіннің негізгі ойын ашатын сөйлемді белгіле

А. Өрт-тілсіз сау.

В. Ит-адамның досы

С. Ит-жеті қазынаның бірі

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма.

Боб неліктен қуыршақты алып шықты деп ойлайсың?

____________________________________________________________________________________________________________________________________



19-мәтін. Ғаламтордың ғаламаты

Youtube – Жер шарындағы ең ауқымды бейнематериалдардың кешені. Мұнда кез-келген адам өзінің туындысын (видеоматериал), идеяларын бүкіл әлемге паш ете алады. Қазір үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар саны артуда. Жыл сайын қараушылар саны 40%-ға көбейіп отыратын Youtube туралы не білесіз?

Қазақстандық интернет қолданушылардың 79%-ы 18 жастан асқандар, яғни белсенділік 18-24 жас аралығы. Соның ішінде 35% Youtube-тың тұрақты қараушылары.

Оның артықшылықтары:

-Youtube.com сайтына қолданушылар бірнеше форматтарда бейнематериал сала алады: mp4, OGG, avi, mpeg, DV, DivX, Xvid;

-Қай форматта салынса да, Youtube оларды автоматтты түрде Flash Video – mp4 форматына ауыстырады;

-Бірнеше жолдар арқылы Youtube-тан видео жүктеуге мүмкіндік бар. 2009 жылы тікелей Youtube-тың өзінен жүктейтін функциясы болған, бірақ 2011 жылы ол функция жойылды;

-Орташа жылдамдықтың өзінде мұнда видеоматериалдарды еркін тамашалауға болады;

-Күніне 2 млрд қаралым болады;

-Бір минутта 60 сағаттық видеоматериал салынса, күніне 86400 сағатқа жетеді;

-Жойылған белгісі бар видеоматериалдарды Deleted YouTube Video Viewer арқылы қайта көруге болады;

-Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады.


1-тапсырма. Youtube-қа қандай форматтар арқылы бейнематериалдар салуға болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2-тапсырма. «Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады» деген тұжырымдамамен келісесіз бе? Не себепті?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Мәтінде үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар санының артқаны туралы айтылған. Осы ақпаратты қандай деректермен дәлелдер едіңіз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4-тапсырма. Youtube-тың артықшылығы туралы мәтіндегі ақпаратқа тағы не қосар едіңіз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


5-тапсырма. Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі терминдік атауға түсініктеме беріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

6-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтерге сүйене отырып, 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________



20-мәтін

Байқоңыр

«Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық маңызы бар нысан туралы келесі қызықты деректерді көп адам біле бермейді.

  1. 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.

  2. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.

  3. Жасалған келісімшарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады.

  4. 1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» («Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы берілді.

  5. Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.

  6. «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген.

  7. 130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты.

  8. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.

  9. 50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ, 80-нен астам ғарыш аппараты және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды.

  10. 2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Жыл адамы» деп танылды.

  11. Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды.

  12. 2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге (әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты.

  13. Юрий Гагаринді «ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар дәлелдейді.

  14. Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған.

Дереккөзі http://e-history.kz/kz/publications/view/1183


1-сұрақ.

Өзің үшін қандай ерекше қызықты мәлімет алдың? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2-сұрақ.

Қай мәліметте әлемдік біріншілік туралы айтылған? Мәліметтің нөмірін жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3-сұрақ.

Екінші және төртінші мәліметтерге сәйкес неге ғарыш айлағы орналасу жерінің екі нұсқасы болған? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4-сұрақ.

Мына сурет қай мәліметке сәйкес келеді? Мәліметтің нөмірін жазыңыз.









Ғарышкер Т.Әубәкіров

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


1-тапсырма

  1. Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.

  2. Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.

  3. Кіріспедегі «тұңғыш әрі ең ірі» деген сөздер тіркесіне назар аударыңыз.

  4. Бір сөйлеммен жауап беріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2-тапсырма

  1. Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.

  2. Мәтіннен санға қатысты мәліметтерге назар аударыңыз.

  3. Әлемдік біріншілік туралы мәліметке мән беріңіз?

  4. Реттік нөмірін жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма

  1. Тапсырманы мұқият оқыңыз.

  2. Мәтіннен 2 және 5-мәліметтерді тағы бір оқып шығыңыз.

  3. 2 және 4-мәліметтердегі микротақырыптарды белгілеңіз.

  4. Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4-тапсырма

  1. Суретті мұқият қараңыз.

  2. Оның детальдарына назар аударыңыз.

  3. Оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысы бар екенін ойланыңыз.

  4. Мәліметтің нөмірін жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________




21-мәтін

Ақбөкендер тіршілігі

Қазақстандағы ақбөкендер санының өсу динамикасы көрсетілген. Қазақстанды мекендейтін ақбөкендер саны бұл жануардың әлемдік популяциясының 90 пайызын құрайды. Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылы ақбөкендер қазақ даласынан мүлде жойылып кету қауіпі бар.

Дереккөзі http://abai.kz/post/view?id=5550

Ақбөкендер саны

Популяциялар саны (мың бас)

85,5

мың бас

102,0

мың бас

137,5

мың бас

187

мың бас

256,7

мың бас

225,7

мыңға азайған

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Дереккөзі http://el.kz/blogs/entry/content-1175

Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.

Ақбөкендер Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 31-32 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған ақбөкендердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.Үкімет ақбөкендерді 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енгізген.

Дереккөзі https://kk.wikipedia.org/wiki


Дереккөзіhttp://go.mail.ru/search_images

Ақбөкендер тіршілігі

Тапсырмалар:

1-сұрақ.

2015 жылы ақбөкендер саны қанша бас болған?

А. 15 мыңға жуық.

В. 20 мыңға жуық.

С. 50 мыңға жуық.

Д. 31 мыңға жуық.

Е. Ондай ақпарат жоқ.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-сұрақ.

Ақбөкендердің саны шамамен қай жылы 1 миллион 400 мың болған екенін анықтаңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


3-сұрақ.

Автор не себепті 2-сұрақтағы жылдарды ерекше көрсетіп отыр?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4-сұрақ.

Ақбөкендер болашағы туралы ойыңызды бір сөйлеммен қорытындылаңыз

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

5-сұрақ.

Ақбөкендердің саны 2013 жылдан кейін қанша пайызға азайды?

А. 10-12%.

В. 57-60%.

С. 15-20%.

Д.25-30%.

Е. 50-52%.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:

  1. 1-суретке мұқият қараңыз.

  2. 1-суреттен қажетті ақпаратты алыңыз.

  3. Екінші сұрақтың жауабына мұқият назар аударыңыз.

  4. 2-суреттің қандай жағдайда бейнеленіп тұрғаны туралы ойланыңыз.

  5. Мәтінді мұқият оқыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


22-мәтін.

Сәкен аға

Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен.

Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз. “Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады.

Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып: — Қолқанатым менің!- дейді.

  1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

  1. Ақ қаздар

  2. Қолқанат

  3. Ұқыпты Сәкен

  4. Ағайынды балалар

  5. Біздің анамыз

__________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Анасының: «Айналайын, менің ақ қаздарым» — деп қарсы алуының мәнісі

  1. Барлығы тетелес болғандықтан

  2. Бірдей тәртіппен келе жатқандықтан

  3. Барлығы тап-таза болғандықтан

  4. Әдемі балаларына сүйінгендіктен

  5. Балалар судан келе жатқандықтан

____________________________________________________________________________________________________________________________________




23-мәтін.

Қасқырлар туралы қызықты деректер

Ауа райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.

Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл.

Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілік иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.

Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.

Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.

Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады.

Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті.

Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг.

1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы - 65 000.

Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар.

Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді.

Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады.

1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды.

Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1765/

1-тапсырма

Қасқырлар қандай жағдайда 56 км/сағ жылдамдықты бағындырады?

А.Бір-бірімен жарысқан уақытта

В.Қауіпті сезінген жағдайда

С.Жемтігін қуу кезінде

Д.Тірі жануардың иісін сезгенде

Е.Қоныс өзгерткенде

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

Қасқырдың сезім мүшелерінің ерекшелігін жазыңыз.

1.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма.

1600 жылы Солтүстік Америкада мекендеген қасқырлар саны қазіргі таңдағы санының айырмашылығы қандай?

А. Едәуір азайды, қазіргі таңда 63000 қасқыр бар.

В. Қазіргі таңда 65000 қасқырға көбейді.

С. Сол уақытта да, қазіргі таңда да сол жерді жайлаған қасқырлардың саны шамалас.

Д. Едәуір азайды, бүгінгі таңда 65000 қасқыр бар.

Е. Едәуір көбейді, қазіргі таңда 2 миллион қасқыр бар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________


24-мәтін.

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ КИІЗ ҮЙ.


Киіз үй қаңқасын түгел ағаштан – берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ, күлдіреуіш) деформациялайды. Деформация – дене пішінің немесе көлемінің өзгеруі. Қайың мен тал басқа ағаштармен салыстырғанда деформациялауға, яғни июге, бұруға, қысуға, созуға ыңғайлы, бір жағынан берік, қатты жақсы материал болып табылады. Үйшілер кептірілген ағаштарды алып қидың малмасына (диффузия процессі жүреді) немесе ыстық шоқ араластырылған күлге (жұмсарту, балқыту) салып балқытады.

Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы киіз болып табылады. Синтетикалық материал айналасына оң зарядталған өріс тудырады. Ол өріс адамның ағзасына қолайсыз әсер етеді. Ал киіз – табиғи материал. Қой жүнін сабалап, біріктіріп жасайды. Жүннің жылу өткізгіштігі нашар, өйткені қалай сабаласа да, жүн талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар болады, өйткені ауа молекулалары бір – бірінен алыс орналасады да, энергияның бір молекуладан екіншісіне берілуі қиынға соғады. Сондықтан киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болады.

1 сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үйді құрастыруда киіздің қандай түрлері пайдаланылады?

1.

2.

3.

4.



2 сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үйдің табалдырығын биік, маңдайшасын төмен етіп жасаудағы мақсат қандай?

3 сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Мәтінде киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болатыны айтылған. Осы ақпаратты қандай деректермен дәлелдер едіңіз?

4 сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үй құрылысында ең соңғы жасалатын әрекетті белгілеңіз

А) Киіз жабылады

В) Кереге орнатылады

С) Үлкен бақанмен шаңырақты көтереді Д) Киіз үйдің жарма есігі бекітіледі



5 сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үй құрылысында қайың мен тал ағаштарының және қой жүнінің пайдаланылу себебін түсіндіріңіз.
















Пайдаланылған әдебиет

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

  2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

  3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. 66 б.

  4. Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы /әдістемелік нұсқау хат, Астана, 2020 жыл.

  5. TIMSS тест тапсырмаларының жинағы: Ақпараттық-талдау орталығы:Нұр-Сұлтан, 2020 97 бет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2025
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі