ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ «функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған физикалық тапсырмалар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ «функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған физикалық тапсырмалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзектілігі Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту – басты міндеттердің бірі. Физика пәні — оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, өмірмен байланысты ойлау қабілетін дамытатын жетекші пәндердің бірі. Бұл әдістемелік жинақта берілген тапсырмалар оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіру, талдау және есептеу арқылы білімін қолдануға бағытталған. Физикалық білім тек теория түрінде емес, нақты тәжірибелік және өмірлік жағдаяттармен байланыста меңгерілгенде ғана оқушының функционалдық сауаттылығы артады. Сондықтан ұсынылып отырған материалдың өзектілігі — физика пәнін өмірмен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың практикалық ойлау және қолданбалы дағдыларын дамыту болып табылады. Мақсаты мен міндеттері Мақсаты: 7-сынып оқушыларының физика пәні бойынша теориялық білімін тереңдетіп, оны өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін, яғни функционалдық сауаттылығын дамыту. Міндеттері:  Физикалық ұғымдарды нақты өмірлік мыса
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ АТЫНДАҒЫ №53 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ

 

 

 



ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

«функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған физикалық тапсырмалар» 

(7- сынып оқушылары үшін дамытуға арналған құрал)  

 

 

Даутова Амина Ержанқызы

Физика пәнінің мұғалімі 

 

 

 






2025 жыл



ƏОЖ 379

КБЖ 74.262.27

Б 19


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ АТЫНДАҒЫ №53 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ «Мектеп оқушыларына физика заңдарын меңгертуде заманауи цифрлық ресурстарды пайдалану»

(7- сынып оқушыларынадамыту құралы)  Даутова Амина Ержанқызы

Физика пәнінің мұғалімі 

 

Алматы: «Білім әлемі» редакциясы, 2025. – 33 бет


Пікір берушілер:

Карсыбаева Раиса Канабековна – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.

Текесбаева Анар – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының кандидаты


ISBN 978 - 601 - 341 - 501 – 14


Ұсынылып отырған оқулық қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңа

технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

ƏОЖ 379

КБЖ 74.262.27


ISBN 978 - 601 - 341 - 501 – 14


© Даутова Амина Ержанқызы

© ИП «Білім әлем»



МАЗМҰНЫ


  1. Кіріспе ……………………………………1-3

  2. Түсінік хат………………………………….4-5

  3. Тапсырмалар жинағы:…………………..5-6

  4. Масса……………………………………….7-8

  5. Тығыздық…………………………………..9-10

  6. Күш …………………………………………11-13

  7. Деформация.Серпімділік күші………….14-18

  8. Газдардың сұйықтар және қатты денелердің

молекулалық құрылымы …………………….19-20

  1. Қатты денелердің қысымы ………………..21

Сұйықтар мен газдардың қысымы Қатынас ыдыстар 10. Архимед күші………………………………22-23

11. Механикалық жұмыс пен қуат ……………24

12. Қолданылған әдебиеттер…………………..25-26

























ТҮСІНІК ХАТ



Өзектілігі

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту – басты міндеттердің бірі. Физика пәні — оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, өмірмен байланысты ойлау қабілетін дамытатын жетекші пәндердің бірі. Бұл әдістемелік жинақта берілген тапсырмалар оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіру, талдау және есептеу арқылы білімін қолдануға бағытталған.

Физикалық білім тек теория түрінде емес, нақты тәжірибелік және өмірлік жағдаяттармен байланыста меңгерілгенде ғана оқушының функционалдық сауаттылығы артады. Сондықтан ұсынылып отырған материалдың өзектілігі — физика пәнін өмірмен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың практикалық ойлау және қолданбалы дағдыларын дамыту болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

7-сынып оқушыларының физика пәні бойынша теориялық білімін тереңдетіп, оны өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін, яғни функционалдық сауаттылығын дамыту.

Міндеттері:

  • Физикалық ұғымдарды нақты өмірлік мысалдармен байланыстыра оқыту;

  • Оқушылардың зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыс дағдыларын жетілдіру;

  • Физикалық заңдылықтарды қолдана отырып есеп шығару білігін қалыптастыру;

  • Оқушының өздігінен ой қорытып, шешім қабылдау, дәлелдеу және қорытынды жасау қабілетін дамыту;

  • Мұғалімдерге сабақ барысында қолдануға ыңғайлы практикалық тапсырмалар жиынтығын ұсыну.

Жаңашылдығы

Бұл әдістемелік жинақтың ерекшелігі — физикалық тақырыптардың барлығы функционалдық сауаттылық тұрғысынан қайта қарастырылған.

Жинақтағы тапсырмалар тек формуланы қолдануға емес, логикалық, талдамалық және өмірлік жағдайларды шешуге бағытталған. Сонымен қатар, әр тарауға қосылған “функционалдық есептер” мен “практикалық тапсырмалар” оқушылардың сыни ойлауын, креативті шешім қабылдау дағдысын және ғылыми көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.






Күтілетін нәтижесі


  • Оқушылардың физикалық заңдар мен құбылыстарды өмірмен байланыстыра түсіндіру қабілеті артады;

  • Физикадан алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі;

  • Зерттеу, бақылау, тәжірибе жасау және қорытынды шығару дағдылары қалыптасады;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, функционалдық сауаттылық деңгейі жоғарылайды;

  • Мұғалімдерге физика сабағын заманауи талаптарға сай жүргізуге арналған әдістемелік көмек көрсетіледі.


Нормативтік бағыты

Осы оқу-әдістемелік жинақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы төмендегі нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарға негізделіп әзірленді:

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы (2007 ж. 27 шілде, № 319-III, кейінгі өзгерістер мен толықтыруларымен);

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  3. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ЖМБС) (БҒМ № 604 бұйрығы, 2022 ж.);

  4. Физика пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы (БҒМ, 2017 ж., 2023 ж. өзгерістерімен);

  5. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жоспарлары мен оқу-әдістемелік нұсқаулық хаттар (БҒМ, жыл сайынғы басылымдар);

  6. PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерінің талаптары мен функционалдық сауаттылықты дамыту тұжырымдамасы (ҚР БҒМ, 2012 ж.);

  7. Физика” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік ұсынымдар және бағалау критерийлері (БҒМ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020–2024 жж.).

Нормативтік бағыттың мақсаты:

Физика пәнінен оқушылардың білімін жаңартылған мазмұн аясында, ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкестендіре отырып дамыту; функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды білім беру процесіне енгізу.








Бағалау шкаласы


Балл

Баға

Деңгей сипаттамасы

1–5

«Қанағаттанарлықсыз»

Негізгі ұғымдарды толық меңгермеген

6–10

«Қанағаттанарлық»

Формула мен шамаларды қолдана алады

11–14

«Жақсы»

Теорияны тәжірибемен байланыстыра алады

15–17

«Өте жақсы»

Логикалық және зерттеу тұрғысынан терең талдайды

18–20

«Жоғары деңгей»

Өмірлік мысалдармен байланыстырып, өз шешімін ұсынады




Shape1

Масса
























Кесте толтырыңыз:

Заттың атауы

Массасы (грамм)

Массасы (килограмм)

Кітап


0.5 кг

Су бөтелкесі

1500 г


Алма


0.2 кг

Шар

50 г


Қарындаш


0.01 кг


Жұптық тапсырма

Таза түрлерінің атауын жазып шығыңыз

Қай жерде қолдануына мысал келтіріңіз

Атауы : Мысалы:

Атауы : Мысалы:

Атауы : Мысалы:

Shape2

Тығыздық





















  1. Заттың тығыздығы дегеніміз ________________________________________________________



  1. Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады:


  1. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=_______


  1. Сәйкес тығыздық бірліктерін жазыңдар:


1 г/см3 = ______________ кг/м3

1000 т/м3=_____________ кг/м3

0,09 кг/мм3= ____________кг/м3

34 ц/дм3=_______________кг/м3

Жеке жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі (құрылымдық тапсырма)


1-тапсырма

Суретте берілген денелердің көлемдерін, массаларын, тығыздықтарын салыстырыңдар.





Мұз Ағаш Болат


2-тапсырма

Массасы 461,5 г металл кесегінің көлемі 65 см3. Бұл қандай металл?


3-тапсырма

Массасы 59 г картоптың көлемі 50 см3. Картоптың тығыздығын анықтаңдар.


4-тапсырма

Төмендегі тұжырымдардың шындық немесе жалған екенін анықтаңдар:

А) Егер зат атомдарының бірлік көлемдегі саны көп болса, онда оның массасы да артық болады. Шындық/жалған

В) Бірдей шелектердің біріне ауыз су, екіншісіне теңіз суы толтырылған. Бұлардың массалары да бірдей болады.

Шындық/жалған


Shape3

Күш





















  1. Күшті килоНьютонмен өрнекте:

    1. 12500Н,500Н,10Н,0,5Н

    2. 2,5МН,12мН,340мН.

  2. Ньютонмен өрнекте:0,5мН,50кН,10МН-ды өрнектеп, стандарт түрде жазыңдар.


Жеке тапсырма


Денеге әрекет ететін 3Н және 4Н екі күштің бағытын неше тәсілмен көрсетуге болады?


1см-ді 20Н-ға тең деп алып,солға қарай 100Н күшті масштабқа сал.

FShape4







Жеке тапсырма

Дәптерді Динанометмен өлшеп көріңіздер:__________________

Пиза тапсырмасы


1*Еркін түсу

Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнараның құрылысы 1173 ж. басталған болатын. Осы ғимарат сол қисайыңқыраған кезде, 1360 ж. салынып бітті. Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилейашкан заңның арқасында Пиза каласыныңдаңқын бүкіл өлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді. Сөйтіп, ол мұнара төңірегіне жиналған пизандықтарды таңғалдырды. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталады. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығына тәжірибе аркылы кез жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп үйғарды. Галилей ашқан бұл заңның маңызы өте зор болды.


Сұрақ 1: Тәжірибе жасалған көлбеу Пизан мұнарасының биіктігі қаншаға тең?

А) 60м В) 58м С)57м Д) 52м

Сұрақ 2: Еркін түсу

Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді.



Оны тек 80 жыл өткеннен соң жүзеге асырған ғалым.

А) Ньютон В) Торричели С)Архимед Д) Кеплер


Сұрақ 3: Еркін түсу


Алайда күнделікті бақылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез кұлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калықтап түседі.





Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда қандай шамаларға тәуелді?

Иә немесе жоқ

Дененің ауырлығына

Иә/жоқ

Өлшемдер мен пішініне

Иә/жоқ

Тығыздығына

Иә/жоқ



Сұрақ 4: Еркін түсу

Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын көрсетеді. Мысалы жергілікті жердегі ендікке байланысты ол қалай өзгереді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Shape5

Деформатция. Серпімділік күші. Гук заңы.


















Жеке тапсырма

Иә/жоқ

Деформация – жайылу, таралу


Күшті өлшейтін құрал – динамометр


Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп аталады


Деформация түрлері: ауырлық, серпімділік, үйкеліс


F = kx — Гук заңының формуласы


Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады



Функционалдық сауаттылық есептері

Есеп 1: Салмақ пен серпімділік күші арасындағы байланыс: Сіздің серіппеге ауырлығы 2 Н болатын жүк ілінген кезде, серіппе 0.05 м-ге созылады. Осы серіппенің қатаңдық коэффициентін (kk) анықтаңыз.

Тапсырма:

  1. Гук заңын қолданып, kk мәнін табыңыз.

  2. Егер дәл осы серіппеге ауырлығы 3 Н болатын жүк ілінсе, серпімділік күшін және созылу ұзындығын есептеңіз.

Есеп 2: Серпімдік күштің өзгеруі:Тәжірибе барысында әртүрлі қатаңдық коэффициенттері бар үш серіппе алынды: k1=150 Н/мk1=150Н/м, k2=200 Н/мk2=200Н/м, k3=250 Н/мk3=250Н/м. Әр серіппеге ұзындығы 0.02 м-ге созылатындай жүк ілінеді.

Тапсырма:

  1. Әр серіппе үшін серпімділік күшін есептеңіз.

  2. Қатаңдық коэффициентінің серпімділік күшіне қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.

  3. Қай серіппе ең аз және ең көп күшті қажет ететінін анықтаңыз.

Есеп 3: Серуендеу серіппесінде:Балаларға арналған аттракциондағы серіппе ұзындығы 0.1 м-ге созылу үшін 120 Н серпімділік күшін қажет етеді.

Тапсырма:

  1. Гук заңы бойынша серіппенің қатаңдық коэффициентін (kk) есептеңіз.

  2. Егер осы серіппе 0.15 м-ге созылса, серпімділік күшін анықтаңыз.

  3. Егер серіппеге 300 Н күш қолданылса, оның ұзындығы қаншалықты созылады?

Есеп 4: Спорттық серіппе тренажері: Тренажерде серіппе ұзындығы 0.04 м-ге созылады және серпімділік күші 80 Н. Осы тренажер серіппесінің қатаңдық коэффициентін анықтаңыз.

Тапсырма:

  1. Серіппенің қатаңдық коэффициентін (kk) анықтаңыз.

  2. Егер серіппе 0.06 м-ге созылса, жаңа серпімділік күшін есептеңіз.

  3. Серіппеге ұзындығы 0.08 м-ге созылу үшін қанша күш қажет болатынын анықтаңыз.

Есеп 5: Биіктік пен серпімділік күші: Сіздің достарыңыз батутқа секіріп, шамамен 0.05 м-ге созылу тудырады, бұл кезде серпімділік күші 400 Н. Батут серіппесінің қатаңдық коэффициентін есептеңіз.

Тапсырма:

  1. Батут серіппесінің қатаңдық коэффициентін (kk) есептеңіз.

  2. Егер серпімділік күші 600 Н-ге дейін артса, серіппенің созылу ұзындығын анықтаңыз.

  3. Батуттың серіппесін басқа қатаңдық коэффициенті k=300 Н/мk=300Н/м болатын серіппеге ауыстырғанда, 0.05 м созылу ұзындығын қамтамасыз ету үшін қажет серпімділік күшін есептеңіз.






Shape6

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы





















Кестені сәйкестендір.

Атом


Бір зат молекуласының екінші зат молекуласының аралығына ену құбылысы

Молекула


Молекулалары ретсіз орналасатын қатты денелер

Қатты дене


Химиялық реакциялар кезінде заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

Кристалл дене



Аққыш, оның меншікті көлемі бар, бірақ меншікті пішіні жоқ

Аморф дене


Меншікті көлемі де, меншікті пішіні де болмайды

Сұйық


Заттың химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі

Газ


Көлемін сақтайды және оның белгілі бір пішіні болады

Диффузия


Молекулаларыбелгілібірретпенорналасатын дене


Тапсырма №2

Суреттерге қарап құбылыстарды түсіндіріңіз. Суреттердегі құбылыстардың айырмашылықтарына тұжырымда жасаңыз.

1-сурет 2-сурет

Shape7

Қатты денелердегі қысым




















Деңгейлік тапсырмаларды орындаңыз.

А деңгейі. Берілген шамаларды есептеңіз, айналдырыңыз

7,2 гПа = Па

85,3кПА = Па

10,07МПа = Па

210гПа = Па


В деңгейі

Кестені толтыр

Атауы

Қысым

Күш

Аудан

Формуласы




Өлшем

бірлігі





С деңгейі

Есептер шығару

1.200см 2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

2.Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

3.Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

4.Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1, 95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.

Тапсырма №2

Суреттерге қарап құбылыстарды түсіндіріңіз. Суреттердегі құбылыстардың айырмашылықтарына тұжырымда жасаңыз.

1-сурет 2-сурет

  1. Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме? 

  2. Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.  

Кестені толтырыңыздар.

Бала қарда тұр,одан кейін шаңғыға тұрды


Бұл ретте...............

Рюкзакта кең кірістірмелер бар


Бұл .............. үшін жасалған

Өткір қарапайым қарындашкейде қағаздың бетін тесіп өтеді


Себебі..............

Қосымша №2

Үстел үстінде кубиктер тұр. Таразы, линейканың көмегімен кубиктердің үстел үстіне түсіріп тұрған қысымын анықтаңдар. Еркін түсу үдеуі g=10 м/с²



Зат атауы

m (кг)

S(м²)

g (м/с²)

P (Па)

Смартфон





Кубик-Рубика





Кітап






Shape8

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы


















Физикалық диктантты орындаңыз

1. Дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.......... деп аталады.

2. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида .........деп аталады.

3. Бір заттың молекулаларының екінші бір зат молекулаларына еніп кету құбылысы ........ деп аталады.

4. ........ тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды.

5.Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, ................. бірдей таратады.

6. ............... .................... – тек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелдi.

7. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың ................... байланысты болады.

Қосымша №2

Тапсырма №2(Практикалық тапсырма)

Биіктіктері бірдей 50 см ыдысқа құйылған су мен сұйық май берілген.Сұйықтықтарға түсірілетін қысымды анықтап, кестені толтыр. Сұйықтарға түсірілген қысым бірдей ме? (еркін түсу үдеуі g=9,8м/с², сұйық майдың тығыздығы ρ=900кг/ м³)


Сұйық атауы

h (м)

g (м/с²)

ρ (кг/м³)

P (Па)

Су





Сұйық май






Тапсырма №3

Бекіре


Бекіре тәрізділер отрядына жататын ірі балық.
Оның дене тұрқы 2 метрден басталып, 200м-ге дейін жетеді. Салмағы 10 кг – нан бастап 1 тоннаға дейін жететін алыптарын да кездестіруге болады. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 - 19, бүйірінде 24 - 30, ал бауырында 6 - 14 қырлы сүйектері бар. 50 - 100 жылға дейін тіршілік етеді. Олар наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында ағысы қатты, тасты, қиыршық құмды жерлерде 250 мыңнан – 1 млн - ға дейін уылдырық шашады. Шабақтың ұзындығы 15 - 20см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары дернәсіл кезінде тұщы өзенде мекен етіп, 1 жылдан соң теңізде тіршілік етеді. Шабақтары шаянтәрізділермен, құрттармен, ал ересектері моллюскалармен, балықтармен қоректенеді. Бекіре балығы өзге балықтардан етінің дәмділігі мен уылдырығының құндылығымен ерекшеленеді. Бекіре балығының асқазаны мен омыртқа жотасының аралығындағы
мүшесінен желім майы алынады. Сол балықтан алынған желім майын тұрмыста ағашты желімдеуге пайдаланылады. Сонымен қатар қазіргі таңда Арал ауданы өкпе ауруынан алдыңғы қатарлар санында тұрғаны бәрімізге белгілі. Сол аурудың емі осы бекіре балығының майы екендігі медицинада дәлелденген. Сондықтан бекіре осындай құндылықтары мен ерекшеліктерінен Қазақстанда ІІ орындағы бағалы балық саналған. Бекіре балығының уылдырығының көлемі мылтықтың оғының бытырасында болса, ал оның іші аппақ сүтке толы болады. Қазіргі таңда бекіре балығы қызыл кітапқа енген, жойылу қауіпі бар балықтардың бірі.

  1. Бекіре балығының адамға пайдасы қандай?(кем дегенде 4 пайдасы)

  2. Бекіре өзге балықтардан несімен ерекшеленеді?

  3. Каспий теңізінде 10 метр тереңдікте бекіре балығы жүзіп жүр. Осы бекіре балығына түсіріліп тұрған қысымды есептеңіз.(теңіз суының тығыздығы ρ=1030кг/мꝪ)

  4. Салмағы 10 кг және 15 кг бекіре балықтары теңізде жүзіп жүр.Осы екі балыққа түсірілетін қысымдар(гидростатикалық қысым)бірдей боладыма? Неліктен?

  5. Бекіре балығының жойылып кету қауіпін алды алу үшін қандай шаралар қолдануға болады? Ойыңмен бөліс.




Кестені сәйкестендіріңіз


Қысым

T

Па

Жылдамдық

υ

Кг/м³

Дененің көлемі

F

С

Тығыздық

P

Н

Масса

V

Па

Уақыт

ρ

м³

Сұйықтардағы қысым

M

м/с

Күш

p

кг


Қосымша №2

Деңгейлік есептерді шығараңыз

1-топ 1. Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі – 10 м, оның тығыздығы – 800 кг/м3. Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын анықтау керек.

2. Дөңгелек рельспен жанасу ауданын 4 см2 деп алып,массасы 32 кг жүк тиелген төрт осьті вагонның рельске түсіретін қысымын анықтаңдар

2-топ 1. 0,6 м тереңдіктегің судың, керосиннің ішіндегі қысымды табыңдар.

2. 200см2 ауданға түсірілген күш 100Н болса, қысым қандай болар еді?

3-топ 1. Адам суда 9 м тереңдікке дейін сүңги алды осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3

2. 10 балдық дауыл желінің тосқауылға түсіретін қысымы 1100 Па. Ауданы 24 м2 үй қабырғасына желдің түсіретін күші?

4-топ 1. Сынаптың 7 м биіктіктегі қысымын табыңдар?

2. Массасы 80 кг адамның аяқ киімінің табанының ауданы 60 см2 болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді?




Тапсырма №3

Паскаль шары


Тепе-теңдік күйде сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесінде барлық бағыттарға бірдей таралды. Бұл заң француз философы Блез Паскаль есімімен аталынған.Паскаль заңын түсіну үшін «Паскаль шары»деп аталатын құралмен тәжірібие жасап көрейік .Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан ,поршеньді цилиндрден тұрады.Егер шарға су не түтін толтырып бассақ,шар саңылаулары арқылы су немесе түтін барлық бағытта бірдей ұзындыққа шашылып немесе будақтап шығатындығы байқалады.Бұдан қысым барлық бағытта бірдей таралып қоймай, оның мәнінің бірдей болатыны көрінеді. Блезь Паскаль –XVII ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі,гидростатиканың негізгі заңының авторы .Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды.Сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен.Ол газбен сұйықтардың қасиеттерін көп зеріттеп ,заңдылығын тағайындап және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибиесімен дәлелдеп берді.

  1. Паскаль заңына анықтама беріңіз.

  2. Қатты денелерге түсірілетін қысым мен сұйықтарға және газдарға түсірілетін қысымның айырмашылығы қандай?

  3. Қайнатылған және шикі жұмыртқалар берілсін.Тир оғымен жұмыртқаларды атқанда, қай жұмыртқада Паскаль заңы орындалады?Неліктен?

  4. Паскаль заңын пайдаланып, неліктен тіс пастасын тюбиктен қысып шығару оңай екендігін түсіндіріңдер?

  5. Қай күйдегі зат тек әсер етуші күш бағыты бойынша қысым түсіреді?

  6. Сұйықтыққа батырылған дене тереңдігі артқан сайын денеге түсірілген қысым қалай өзгереді?

Shape9

Қатынас ыдыстар















Суретті баяндаңыз.

Суретте не көрсетілген? Суреттегі ыдыс физикадағы қандай ережелерге сүйеніп жасалған? Егер ол ережелерге қатысты жасалмаса қандай жағдай орын алады? Неліктен?




Тапсырма №2 (Практикалық тапсырма)

Шатасқан әріптерді орнына орналастырып, сөйлем құраңыз. Құралған сөйлемнің физикалық мағынасын ашып түсіндіріңіз.

1.йшеанк

2.үіттк

3.ұысйқ

4.мшүке

5.рққаұб



Тапсырма №3

Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Ең алғашқы қарапайым су құбырлары бірнеше мың жылдар бұрын салынған болатын. Ертедегі Мысырда жер асты сулары терең құдықтардан су көтергіштермен көтеріліп, қыш немесе ағаш құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырған. Ежелгі Римде одан неғұрлым күрделірек жүйе пайдаланылған. Онда су құбырлары жыралар, өзендер, жолдар және т.б. арқылы өткізілген. Батыс Еуропада (Парижде) XVII ғасырдың аяғында ағаштан жасалған су құбырлары салынған. XVIII ғасырда су құбырын салу Англияда қолға алына бастады. Мәскеуде 1804 жылы орталықтандырылған тұрмыстық су құбыры, ал Алматыда 1933 жылы алғашқы ағаштан жасалған су құбыры салынды. 1935 жылдан бастап су құбырын салу жоспарлы түрде дами бастады. Онда енді темірбетон және қыш (керамика) құбырлар пайдаланылды.Қазақстанда күйдірілген қыштан жасалған су құбырлары Х-ХІІ ғасырларда Отырар қаласында, Х-ХІ ғасырларда Тараз қаласында салынғаны археологиялық қазба жұмыстарынан белгілі. Су құбырының жұмыс істеу принципі мынадай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады. Мұнаралық су құбырының жұмысы катынас ыдыстардың қасиетіне негізделген.


  1. Су құбырлары қалай дамыды?

  2. Су құбырының жұмыс істеу принципі неге негізделген?

  3. Қай қалаларда қыштан жасалған су құбырлары болған?

  4. Егер су құбырының тармақтарына бірдей массада су, глицерин, сынап, керосин құйылса, олардың еркін беттері қалай орналасады?

  5. Су құбырларында су және сынап бар. Су бағанының биіктігі 3 м. Сынап бірдей деңгейде болу үшін су құбырының сол жақтағы тармағына қандай биіктікке дейін керосин құю керек?



Гидравликалық машиналар

Қосымша №1

Суретке қарап анықтама беріңіз.

Суретте не бейнеленген? Бұл машинаның қызметі қандай? Суреттегі машина қалай жұмыс жасайды? Оның құрылымы қалай жасалған? Қайда қолданылады?

Қосымша №2

Тапсырма №2 (Практикалық тапсырма)

  1. Гидравликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5 см-ге тең, ал үлкенінікі – 60 см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?

  2. Ауданы 25 см2 гидравликалық машинаның кіші поршеніне 300 Н күш әрекет етеді. Үлкен поршеньнің ауданы 100 см2 болса, оған қандай күш әрекет етеді?

  3. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 4 см2, үлкен поршенінікі 400 см2. Кіші поршеньге 300 Н, ал улкен поршеньге 27 кН күш әрекет етеді. Бұл пресс күштен қандай ұтыс береді?

  4. Гидравликалық престің кіші поршеніне 200 Н күш түсіргенде, 10 м тереңдікке түсті. Ал үлкен поршень 30 м-ге ығысты. Үлен поршеньге қандай күш түсірілді?



Қосымша №3

Тапсырма №3

Гидравликалық цилиндр – гидростатикалық күшті бір бағытта тасымалдауға арналған механикалық жетек. Құрылыс техникасында, құрылыс техникасында және өндіріс процесіне арналған машиналарда жиі қолданылады. Гидравликалық цилиндр гидравликалық сұйықтықтың кез келген түрін пайдаланады, әдетте майды цилиндрдің әр жағына поршень арқылы алға-артқа итереді. Бұл сызықтық қозғалыстың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, мысалы, бульдозерлер мен тракторлар ғимараттарды бұзу немесе адам күшімен орындалмайтын ауыр жүкті көтеру сияқты қозғалыстарды жасайды. Гидравликалық цилиндрлер поршеньдік штангадан, поршеньдік тығыздағыштан және екі бөлек аймақтан тұрады, олардың барлығы цилиндр түтігіне гидравликалық сұйықтықтың күшін көрсету үшін гайкалар мен болттармен біріктірілген. Гидравликалық цилиндр бірнеше мыңнан екі мың тоннаға дейін үлкен күш жұмсайды! Автоматтандыру қажет қандай да бір сызықтық қозғалыс, сапалы гидравликалық цилиндр кез-келген өндіріс, ауылшаруашылық, азаматтық құрылыс немесе автоматтандыру компаниясының қажеттіліктері үшін тамаша шешім болып табылады.


  1. Гидравликалық цилиндрдің құрылысы қандай?

  2. Гидравликалық цилиндр күштен қалай ұтыс береді?

  3. Гидравликалық цилиндрді қайда қолданады?

  4. Егер гидравликалық цилиндрдің кіші поршень ауданы 100 м2 болса, онда оның үлкен поршень ауданын табыңыз?

  5. Кіші поршеньге 5000 Н күш түсірілген болса, үлкен поршеньге қандай күш түсірілді?


Манометрлер.Сорғылар

Қосымша №1

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз


1.Манометр дегеніміз не?

2. Манометрдің қандай түрлері бар?

3. Барометрмен манометрдің айырмашылығы неде?

4. Алғашқы сұйық манометрді кім жасаған?

5. Су айдағыш мұнараны сумен толтыру үшін қандай құрылғы қолданылады?

6. Түтікті манометрді қай елдің ғалымы ойлап тапты?

7. Сорғыларды (насос) күнделікті өмірде қолданған жайттар болды ма?


1.2 тапсырма. Суретке қарап отырып құбылысты түсіндіріңіз



  1. Суреттен қандай құрылғыларды байқадыңыз?

  2. Манометрдегі судың жылжуының себебі неде?

  3. Қысымның қалай өзгергенін сипаттаңыз.



2 тапсырма

Берілген суреттерге назар аударып, әрбір құрылғының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз


Қосымша №3



Құдық— жерасты суларын, мұнайларды, басқа да сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткейлік су ларды аластау, топырақты құрғату, немесе жерасты суларының режімін зерттеу мақсатыңда әдейі қазылатын қазынды. Қолданылуына қарай құдықтар грунтартезианкәріздеу және бақылау болып 4 түрге бөлінеді. Құдықтар қазылу әдістеріне қарай шахталы (шегенді) және құбырлы деп аталады

а) Құдықтың қандай түрлерін бар?

в) Құдық қай ғасырда пайда болған?

с) Құдықтан судың шығу процессі қалай болатынын суретке қарап түсіндіріңіз?

д)3м тереңдіктен су шығаратын құдық трубасының диаметрі 12см. Құдықтан 2кПа қысыммен секундына 0,2л су шығатын болса қанша уақыттан кейін 5литрлік шелекке су толады?

е) Егер құдықтан су 5кПа



Керіитерушікүш

Берілген шамаларды ХБЖ келтіріңіз

5кН = Н

8,3мН = Н

9,57МН = Н

210гН = Н

7.8дН = Н

500нН= Н

170дН= Н

20 кН= Н


Қосымша №2

  1. Тепе-теңдік жағдайдағы ______тұтастай немесе жартылай батырылған кез келген дененің бетіне төменнен жоғарыға қарай ____бағытта әсер ететін гидростатикалық _____күші________.

  2. Архимед күші тең болады ______тығыздығының, дене ________және _________көбейтіндісіне.

  3. Сұйықтықта немесе газда орналасқан _____жүзуі, немесе батуы оның_______ күші FPмен ______күштерінің FA модульдерінің қатынасымен анықталады.

  4. Егер дененің _____архимедтік күштен ___болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал дененің салмағы архимедтік күштен ____болса, онда дене сұйыққа батып кетеді.

  5. Дененің ____архимедтік күшке ___болса, дене сұйық ішінде жүзіп жүреді.



Қосымша №3


Б алық аулаудың күрделі түрі желі қармақпен балық аулау әдісі. Катермен балық аулауға шыққан адам балық аулау үшін массасы 0.10г, ұзындығы 3 см, ал көлденең қимасының ауданы 0.06 см2 болатын балық аулауға арналған құрттысуға тастады.Судың бетіне шығып тұратын қармақ желісі арқылы балықтың қармағына түсуін көріп отырды.Аз уақыт өткеннен кейін, қармағына ілінген балықтың қозғалыс әсерінен 95кг-дық адам суға қалай құлап кеткенін байқамай қалды. Оны көрген құтарушыларкөлемі 0,23м3, тығыздығы 340кг/м3 болатын құтқару дөңгелегін тастады.


  1. Неліктен катер суға батып кетпей, су бетінде қалқып тұрады?

  2. Балық аулауға арналған құрттың судағы салмағы қандай?

  3. Мәтіннен суға батпай, су бетінде қалқып тұратын денелерді атаңыз.

  4. Балық аулаушы адам суға батады ма? Кері итеруші күштің шамасын анықтаңыз


Механикалық жұмыс


Қосымша №1

1. «Қызыл Арал»

Өлшем бірліктерді (дәрежесімен бірге) толықтырыңыз


1 килоджоуль (1кДж)= ...... ..Дж=...... Дж

1 миллиджоуль (1мДж)=...... Дж=......Дж

1 микроджоуль (1мкДж)=.....Дж=...... Дж

1 Мегаджоуль (1МДж)=........Дж=.......Дж



2.«Жасыл Арал»

Семантикалық картаны толтырыңыз


Күш

Орын ауыстыру

(Жол)

Масса

Жылдамдық

Механикалық жұмыс

Қуат

Анықтамасы







Белгіленуі







Формуласы







Өлшем бірлігі








3. «Сары Арал»

Ауызша есептеңіз

Күш, F

(Н)

Жол , s

(м)

Механикалық жұмыс, A

(Дж)

1

48

7.5

?

2

?

4

240

3

150

?

750



Қосымша №2

Берілген есептердің шешімін табыңыз

1. Машина 75 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

2. Массасы 4 кг жәшікті 2,5 м биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?

3. Көлемі 500000см3 , тығыздығы 2500кг/м3 гранит плитаны 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есепте.

4. Массасы 2*103г орындықты 5 м жерге орын ауыстырғанда баланың істеген жұмысының шамасы неге тең?

5. Арбаға жегілген ат 400 Н күш жұмсап, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Ат 1 сағатта қанша жұмыс істейді?

6. Машина 144 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2500 Н болса, онда ол 20 секундта қанша жұмыс атқарады?







ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина. Өнеркәсіптік трактор -жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруа- шылығында, кұрылыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор; нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін жетеді. Ал Жалпы ауылшаруашылық жұмысты атқаратын трактор- ауыр ауылша- руашылық жұмыстарды аткаруға арналған, нақты тарту күші 2-ден 60 кН ға дейін барады.

а) Трактор қай елдерде көп қолданылады?

в) Қайсы тракторлардың тарту күші ең аз болып келеді?

с) 25кН тарту күшіне ие трактор өзіне тиелген жүкті 7,2 км/сағ жылдамдықпен жылжытады. Трактор 30 минутта қанша жұмыс істейді?

д) Массасы 3т болатын Беллорус МТС тракторы жер жырту кезінде 2*103 м жерді басып өтті. Жер жырту кезінде трактор кандай жұмыс атқарды?


Қуат


Қосымша №1

Тапсырма 1

Берілген есептердің шешімін табыңыз

1.20Н күш әсер ететін жүкті 100м қашықтыққа орын ауыстыру үшін қанша жұмыс жасалады?

2. Штангист штанганы көтергенде 2с-та 6*103Дж жұмыс жасайды. Осы көтеру мезетіндегі қуат қандай болады?

3. Денеге 45Н күш әсер етіп, ол күштің әсер ету бағытында 2м орын ауыстырады. Күштің жұмысы қаншаға тең?

4. Тарту күші 5 кН тең трактор жер жыртқанда 2м/с жылдамдықпен қозғалады. Трактордың қуатын анықтаңдар.

5. Қуаты 650Вт локоматив бірқалыпты 250м аралықта 25с-та өтеді. Оның тарту күші қандай ?

6. Автокран масасы 1.5т жүк көтеріп, 22.5кДж жұмыс атқарады. Сонда жүк неше метрге жоғары көтеріледі?

7. Массасы 40кг ер бала массасы 10кг жүктi бiрқалыпты қозғалтып, мектеп үйінің 3м биіктіктегі қабатына жеткізеді . Массасы 45кг, екінші бала массасы 8кг жүкті бірқалыпты қозғалтып, сол биіктікке шығарады. Бұл балалардың кайсысы көп жұмыс атқарады ?



Қосымша №2

2 тапсырма

А) Шатасқан әріптерді орнына орналастырып, сөйлем құраңыз. Құралған сөйлемнің физикалық мағынасын ашып түсіндіріңіз.


1. Тмтұыырсқ тхаеник

2. Гяренэи

3. Лкртеэ утақы

4. Қлкнхмыаиае мсжұы

5. Аттв


Б) Кестені толтырыңыз


Тұрмыстық техника

Қуаты (кВт)









С) Өлшем бірліктерді (дәрежесімен) толықтырыңыз


1 килоВатт (1КВт) = .........Вт = ...... Вт

1 мегаВатт (1МВт) = ........Вт =. ..... Вт

1 Ватт (1Вт) = ........Вт =. ..... Вт

1 миллиВатт (1 мВт) =.........Вт = ........Вт


МиллиВатт

Ватт

КилоВатт


1




10




100




1000




10000




100000





Қосымша №3



Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш») - жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған құрылғы. Компьютер – ақпараттықпроцестердіжүзегеасыратыннегізгіақпараттыққұрылғы, ал ақпараттық процестер дегенімізақпараттыалу, есту, көру, өңдеу, тартуболыптабылады. Қазіргі таңда компьютердің қуаты сапасы жағынан 300Вт-тан басталып 1600Вт-қа дейін жетеді. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

а.Компьютердің қандайтүрлерін білесің? (Әрқайсысына анықтама бер)

b.Компьютердің пайдасы мен зияны жайлы өз ойыңды жеткіз?

c.Самат компьютермен күніне шамамен 5 сағат жұмыс жасайды. Егер компьютер 5 сағатта 2000 Дж жұмыс жасайтын болса қанша қуат тұтынған?

d. Саматтың компьютері шамамен 1 айда тұтынатын жұмысын анықтаңыз?

e. 1кВт*сағ 32 тн болса 1 айдағы шығынын анықтаңыз



Физикалық диктант


1.Механикалық жұмыс — күштің түсірілген нүктесінің орын ауыстыру бағытына проекциясының осы ____ ________ шамасына көбейтіндісіне тең күш әсерінің өлшемі.

2. «Жұмыс» терминін физика ғылымына 1826 жылы француз ғалымы ________ енгізді.

3. Механикалық жұмыстың өлшем бірлігі _______ , формуласы _________ .

4. Жұмыстың орындалу шапшаңдығы сипаттайтын физикалық скаляр шаманы ______ деп атайды.

5. Қуат - механикалық жұмыстың сол жұмыс істеуге кеткен уақытқа қатынасымен өрнектеледі және формуласы _________

6. Қуаттың өлшем бірлігі аоғаш рет бу машинасын ойлап тапқан ________ құрметіне қойылған.

7. Адам жай адымдап жаяу жүргенде секундына _____ Вт қуат өндіреді.


Қосымша №2

Берілген есептердің шешімін табыңыздар

І топ


1.Ұзындығы 0,8 км жолда 200 кДж жұмыс қандай күштің әсерінен орындалады?

2. Массасы 40 Н денені 120 см биіктікке көтергенде атқарылған жұмысты анықтаңыз.

3. Салмағы 1.5 тонна жүкті көтерген автокран 22,5 кДж жұмыс атқарды. Жүктеме қандай биіктікке көтеріледі?

ІІ топ



  1. 700 Н тарту күшіне ие жеңіл автомобиль бір сағатта орташа 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Автомобильқозғалтқышықаншажұмыс атқарады?

  2. Көлемі 2м3 гранитті плитаны 12 м биіктікке көтергенде қанша жұмыс атқарылады?

  3. Көлемі 0,6 м3 тас судан 5 м тереңдіктен жер бетіне көтеріледі. Тастыңтығыздығы 2500 кг/м3. Тас көтеретін жұмысты табыңыз.


ІІІ топ

  1. Бөрене 5 м тереңдіктенжоғарыкөтерілгенде, Архимедкүші 4 кДжжұмысжасады. Ағаштыңтығыздығы 700 кг/м3 болса, бөрененің массасы қандай?

  2. 36 МДжжұмысістеуүшін 25 кВтқозғалтқышқаншауақытжұмысістеуікерек?

  3. Массасы 1,5 кНбалғаны 0,8 м биіктікке 2 с ішіндекөтеретінмашинаныңқуатынанықтаңыз.


ІVтоп

  1. Массасы 2т жүкті 20 м биіктікке көтеру үшін қуаты 10 кВт көтергіш қанша уақытта жүк бірқалыпты қозғалуы керек?

  2. Көтергіш машинаның қозғалтқышының қуаты 4 кВт. Ол 2 минуттақандай массаны 15 м биіктікке көтере алады?

  3. Локомотивтің тарту күші 245 кН. Ал қозғалтқыш қуаты 3000 кВт. Пойыз бірқалыпты қозғалыста 15 км жолды қанша уақытта жүреді?


Қосымша №3




Қызу шамы(лампочка) — вольфрам қосылыстарынан жасаған бұранда сымнан тоқ өткізіп қыздырудың арқасында пайда болатын электрлік жарық көзі. Қызу шамын үйдің ішіне жарық түсіруге,сондай-ақ автомобиль фарларына, тігін машинасына, қалта фонарына ,фотосуретке түсіру кезінде тағы басқаға пайдаланылады. Тұрмыстық құралдарда қуаты 15 Вт-тан 300 Вт-қа, 220 В не 127 В кернеуге есептелген қыздыру шамдары қолданылады. Жарық түсіру шамдарының криптонды және бисприральды түрлері де болады. Криптонда шам инертті газ-криптонмен толтырылады, электр энергиясын кәдімгі шамдармен бірдей тұтынғанымен, жарық түсіру қуаты олардан жоғары болып келеді. Мұндай шамдардың қуаты 40, 60, 75 және 100 Вт болатын түрлері шығарылады.


а. Шамдардың қандай түрлері бар?(кем дегенде 5 түріне сипаттама бер)

b. Электрлік шамдар кайсы салада көптеп қолданылады?

c. Диодтық шамдармен кәдімгі шамдардың айырмашылығы неде?

d. Егер бір қызу шамының қуаты 80Вт болса, 5 бөлмесі бар тұрғын үйді жарықтандыру үшін қанша шам пайдаланылады және бір күнде қанша КВт қуат жұмсалады?

e. Бір люстраға 6 қызу шамы орналастырылады. Егер люстра 2сағат жанып тұрса, қанша КВт қуат кетеді?



ҚОРЫТЫНДЫ


Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік жинақ — физика пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді құрал.

Жинақтағы тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр бөлімде берілген есептер мен практикалық жаттығулар оқушыларды өздігінен ой қорытып, шешім қабылдауға, өмірмен байланыстыра талдауға үйретеді.


Бұл құралды сабақтың түрлі кезеңдерінде — жаңа материалды меңгерту, бекіту, қайталау және бағалау жұмыстарында — пайдалануға болады. Сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, сабақ мазмұнын түрлендіруге, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Жинақтың мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасының талаптарына және функционалдық сауаттылықты дамыту тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар:

  • физикалық құбылыстарды өмірмен байланыстыра түсіндіруге үйренеді;

  • өз бетінше ізденіп, эксперименттік нәтижелерге талдау жасай алады;

  • алған білімдерін түрлі жағдаяттарда тиімді қолдануға дағдыланады.

Қорытындылай келе, бұл әдістемелік жинақ — оқушылардың физика пәнінен білімін тереңдетіп, олардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған заманауи, тәжірибеге бағытталған құрал болып табылады.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007 (өзгерістер мен толықтырулармен).

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2023.

  3. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ЖМБС). – ҚР БҒМ №604 бұйрығы, 2022 ж.

  4. Жаңартылған білім мазмұны бойынша физика пәні оқу бағдарламасы (7–9 сыныптар). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2023.

  5. «Физика. 7-сынып»: Оқулық / Әбілқасымова А.Е., Қайдаров Қ.Қ., Құдайбергенова К.Т. – Алматы: Мектеп, 2023.

  6. Жолдасбекова С.Ж. Физика пәні сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. – Әдістемелік нұсқаулық, Алматы, 2022.

  7. П.Э. Редько, А.В. Перышкин. Физика. 7 класс: Методическое пособие для учителей. – Москва: Просвещение, 2021.

  8. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2020.

  9. ҚР БҒМ. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау хат. – Астана, 2024.

  10. Бектурова А., Мұхамеджанова Ш. Физикалық эксперименттер және практикалық тапсырмалар жинағы. – Алматы: Арман-ПВ, 2021.

  11. PISA халықаралық зерттеу материалдары. – OECD, 2018–2022.

  12. Интернет көздері:

https://nao.kz (ҰБА ресми сайты)

https://www.enbek.kz

https://edu.gov.kz


31


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі