400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдістемелік құрал Қазақ тілі пәні бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінің оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы




















ҚАЗАҚ ТІЛІ



























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ




ШЫМКЕНТ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ








ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ























ШЫМКЕНТ 2020ж.

ӘОЖ 811.512.122(075.8)

ББК 81.2 каз



Әдістемелік кеңес мәжілісінде

талқыланып, қаралған.

Хаттама №____ «____»___20__ж

әдістемелік кеңес төрағасы

_________ А.Акмулдаев



Ц/к _____мәжілісінде

талқыланып, қаралған

Хаттама №____ «____»___20__ж

Ц/к төрағасы

_________ Р. Найманбаева


Құрастырған: Д.Ж.Қалдыбаева

Қазақ тілі пәні бойынша оқу - әдістемелік құрал




№430 19.11.2009 жылғы ҚР білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім берудің бекітілген үлгілік (типтік) оқу бағдарлама негізіңде қазақ тілі пәні бойынша оқу – әдістемелік құрал қазақ тілі пәні негізінде күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша түзілген. Қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика салаларына қатысты дидактикалық тапсырмалар жинақталған. Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда әр түрлі қосымша тапсырмалар берілген. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді. Дәріс беруде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.





Пікір жазған:

- Филология ғылымдарының кандидаты

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты





Фонетика

Тіл дыбыстары


Қазақ тіліндегі дыбыстар саны


37(а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э.)


Қазақ тіліндегі әріп саны


42 (а, ә, б, в, г, ғ, д, е,е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ,ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я)


Дауысты дыбыстар: 12 (а, ә, е, э, о, ө,ү, ұ, ы, і, и, у )


Тіліміздегі дауыссыз дыбыстар 26 (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ)


Дауысты дыбыстар


1. Тілдің қатысына қарай:

а)жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы (у)

б) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, э, ө, ү, і, (у)


2. Жақтың (иектің) қатысына қарай:

а) ашық дауысты: а, ә, е, о, ө, э

б) қысаң дауысты: и, у, ұ, ү, ы, і


3. Еріннің қатысына қарай:

а) еріндік дауысты: о, ө, у, ұ, ү

б) езулік дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, э, ы, і


Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар өз ішінен үн мен салдырдың қатысына қарай 3 топқа бөлінеді:


1.Үнді дауыссыз дыбыстар: й, л, м, н, ң, у, р.

2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з

3. Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с,т,ф,х,ч,ш,щ,ц, һ


Әріп

1) көреміз және жазамыз

2) дыбыс таңбасы


Алфавит/әліпби


1) әріптердің белгілі тәртіппен тізілуі

2) әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағы.

Буын

1) дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі.

2) сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.


Ашық буын


Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын. Ашық буын (мысал): аға, бала, ағеке, шеше, қара, ана, әке.


Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Тұйық буын(мысал): өрт, ант, ақ, ән, ар.


Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Бітеу буын(мысал): бақ, бұлт, зор, көл, таң, мен.


Жуан буынды сөз: қару, қаршыға, қарт.

Жіңішке буынды сөз: есік, өмір, үлкен, көлік.


Тасымал. Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға бөліп жазу.


Тасымалданбайтын сөздер:


1) Бір буынды сөздер (ат, кел, қарт).

2) Жеке бір әріпті келесі жолға немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды (ата, әже, аю, сия, қия).

3) Қысқартылған кісі есімі фамилиясынан ажыратылып жазылмайды

(М.Әуезов). М. Шаханов.

4) Қысқартылып алынған өлшем атаулары өздері де, алдындағы санынан бөлініп те алынбайды (км, г, см, 25кг, 10км).

5) Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқы буыны арқылы қысқарған сөздер (ТМД, ҚазМҰУ, АлМҰУ).


Екпін

Сөз құрамындағы буындардың біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылуы.



Интонация /Дауыс ырғағы/


1) Сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені.

2) Сөздердің мағыналық топтарын, оқшау сөздерді айырым үнмен, сөйлемдерді тиісті әуенмен, олардың құрамындағы сөздердің бірін көтеріңкі бірін бәсең дауыспен айту.

3) Дауыс екпінінің біресе жоғарылап, біресе бәсеңдеп айтылуы, дауыс ырғағы.

Үндестік заңы


Буын үндестігі дегеніміз - сөз бен қосымша құрамындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі. Буын үндестігі (мысал): ауылдағыларға, үйдегілерге, балалық.


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:


1) көмектес септігінің жалғауы. (адаммен, қонақпен, сенімен)

2) –нікі, (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -дар, -еке (баланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал).

3) -бей-, би-, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес (бейшара,

бинарлық, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш,

4) –ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина-ларға аяқталған сөздер (Әуезов, Алтыбаев, Жұмағазина, Сейфуллин).

5) соңғы буынында ә, я дыбыстары бар сөздерде және х дыбысына аяқталатын сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады (кінәлау, күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта)

6) соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нк сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. (полюске, парашютті, хирургке, Томскіден, пунттен, ансамбльден, рульді, бинокльден)


Дыбыс үндестігі


Сөз бен қосымша жігінде немесе сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі.


Ілгерінді ықпал - көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі. Ілгерінді ықпал (мысал): Балалар, күздік, отпен, ғарышқа (айтылуда да, жазылуда да), Қонысбек, Тынысбек, алып бер-жазылуда, ал айтылуда - Қоныспек, Тыныспек, алып пер.


Кейінді ықпал - Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі. Кейінді ықпал (мысал): Күрегі, добы (айтылуда да жазылуда да), құрылысшы, жұмысшы-жазылуда. Ал айтылуда: құрылышшы, жұмышшы.


Тоғыспалы ықпал - Сөз бен қосымша жігінде, біріккен сөздер құрамында қатар тұрған дыбыстардың бір – біріне әсер етуінен екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап, басқа дыбысқа ауысуы. Тоғыспалы ықпал(мысал): Досжан, Жанқожа-жазылуда, айтылуда-Дощан, Жаңғожа.


Орфография


1) сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.

2) сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.


Орфоэпия


1) сөздердің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы.


Фонетика жаттығу

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сөздердегі дауысты дыбыстарды атаңыз, жаттап алыңыз.


Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрум қалғаныма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстерме едім?

( Абай ).


2-жаттығу. Тексті көшіріп, сөздердегі дауысты дыбыстардың әріпінің астын сызыңыз, текстегі негізгі ойды айтып беріңіз.


Ұлан Енесейді аяп та кетті. Енесейдің үлкен адам екендігіне қызыгыпта кетті. Басқа адам кім болса да, Енесей бола алмас еді. Еркекке тіс те керек, іс те керек. Білек те керек, жүректе керек. Күні өтіп бара жатқан кәрі тарланда мұның бәрі де бар екен әлі. Шіркін – ай бұдан қырық жыл бұрын болды екен? Сөз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым Енесейдің оннан біріне тұрар ма еді? Кім білсін... Жоқ, тұрмас еді. ( Ғ.Мүсрепов ).


3-жаттығу. Жаттығуды оқып, ондағы дауысты дыбыстарды атаңыз, текстің мазмұнын түсініп, есте сақтаңыз, қолданыңыз.


Бала би: “ Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не? – деп сұраған екен. Жауапты ешкім таппаған соң, Бала бидің өзі шешіп беріпті дейді.

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім – оқу – ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.


4-жаттығу. Тексті мәнерлеп оқып, сөздердегі жуан жене жіңішке дауысты дыбыстарды атаңыз. Текстің мазмұнына мән беріңіз, оны монолог ретінде айтып беріңіз.

Бір аңызда Толе Түлкі деген жігіттің сұрақтарына былай жауап береді:

-Ата, алты алаш деген кім? – дейді жігіт.

-Алты алаш Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Өзбек, Түркімен, Жайлхан, - дейді Толе.

-Үш жүз деген кім?

-Үш жүз – қазақтың ағайынды үш баласы.

5-жаттығу. Тексті жазып, жуан дауыстысы бар сөздің астын бір, жіңішке дауыстысы бар сөздің астын екі сызыңыз. Дауыстылардың неге жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіндіріңіз. Толғаудың негеізгі ойына көңіл бөліңіз.

ТӨЛЕ БИДІҢ ТОЛҒАУЫ

Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Балаң жақсы болса,

Башшысы болмаса, ел жетім. Жан мен тәннің пырағы

Ұқпа айтқан сөз жетім... Әйелің жақсы болса,

Бірінші – “ иманың ”, Ер жігіттің пырағы.

Екінші – жиғаның Атың жақсы болса,

Үшінші - ырысыңның тұрағы...


6-жаттығу. Үйде біріңғай жуан сөздерден тұратын мақал – мәтел, біріңғай жіңішке сөздерден тұратын 5 мақал – мәтел жазып, олардың әр қайсысымен сөйлем құрастырып жазыңдар.


7-жаттығу. Тексті көшіп, ашық дауыстылардың астын бір, қысаң дауыстылардың астын екі сызыңыз.


Әй, Тәке, қойыңызшы. Сіздің оқушыларыңыз менің балаларымдай күніне екі сағаттан өндіріп істесе, екі – аяқ күнде бітетін жұмыс қой бұл. Бүгін жоспарларыңды асырып орындаңдар, боталарым, жүріңдер, - деп, Смағұл ағай бәрімізге бас боп думандатып, үиге қайтатынбыз.Жарым жолға келгенімізде артымыздан төбедей жирен қасқа атына мінген директор ағай қуып жететін.


8-жаттығу.Төмендегі сөздерді екі топқа бөліп, бір топқа ашық дауысты дыбыстары бар создерді, екінші топқа қысаң дауысты дыбыстары бар сөздерді жазып, олармен сөйлем құрастырып жазыңыз.


Ыссылы – суықты, ізгілікті, алабожақ, шілік, ноқта, өрмек, өрнек, хабар, сәукеле, тұқым, тігін білгір.


9-жаттығу. Өлеңді жазып, жаттап алып, ондағы ашық дауыстының астын бір, қысаң дауыстының астын екі сызыңыз.


10-жаттығу. Тексті оқып, еріндік, езулік дауысты дыбыстарды ажыратыңыз.

Елегізер желде жоқ, елең етер үн де жоқ айналайн қапа, тым – тырыс, тыныштық. Желді күнгі толқындай жүйткіп, дамылсыз құлпырған көк ала сағым ғана ойнайды. Жердің жарығы мен көде түстерінде бұғып отырып, қызыл сирақтары сырт – сырт етіп, қоңыр шегірткелер ғана ысқырып, ән салады. Намаз оқып тұрған молдаға ұқсап, әр жерде қызықтай қадалған бірен – саран семіз қара сұр суырлар корінеді. ( Ғ.Мүсрепов).


11-жаттығу. Берілген мақал – мәтелдерді көшіріп жазып, олардағы еріндік дауыстының астын бір, езулік дауыстының астын екі сызыңыз. Осы мақал – мәтелдерді оқып, сөйлем құрастырыңдар.


Ұстаз үшін ұстараны да жұт. Махабат бар жерде, мархабат бар. Өнерді үйренуге де өнер керек. Бір сөз – жұт. Жалқаe кісі – жарым кісі. Өнерлі зор, өнерсіз қор. Іші тардың ішінде доңыз дөңбекшиді. Әдеттің ең ізгісі – адлдық.


12-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, еріндік, езулік дауыстыларға талдау жасаңыз.

Жетпекке үлкендікке жас балалар.

Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп,

Шал – кемпір күн шуақтан көңілі жат боп.

Өткен күн өмірін айтып күбірлесіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,

Қуанып ойнатқан олар да осіп.

Сүйтсе де, адам өзі бір тоймайды,

Құдайым берсе – дағы.

( Шәкәрім).

13-жаттығу. Жаттығудағы дауыстыларға топтастырылуына қарай жалпы талдау жасаңыз.


Е, сенің іздегенің де қиын екен. Мен адам – адам болса екен, ардан безбесе екен, намыстан қашпаса екен, ерлікке бастаса екен, елдің шырқын бұзбаса екен, ел басшысызболмаса екен, жер жаңбырсыз болмаса екен, сөз тыңдаусыз болмаса екен деп, соны іздеп барам. Бұрынғылар айтқан екен, дүниеде орны толмас үш жетім бар: “ Ел басшысыз болса, жер жаңбырсыз болса, сөз тыңдаусыз болса, жетім” – деп. ( “ Ел аузынан ” ).


14-жаттығу. Жаттығуды оқып, онда ә әрпінің сөзде қандай орнында қолданылғанын көсетіңіз, себебін айтыңыз.


Міне, кәрі Шыңғыстау! Осының бәрі сенің көз алдыңдаболған іс. (Шәкәрім). Қайтарда Күләнмен бірәз сойлестім. Мұрныңда қыспа көзәйнегі бар, желкілдеген сұлу шашы қарсы қайрлған, тұйғындай жұтынған жас жігіт түрегелді. (Ж. Аймауытов). Қой десе, сірә қойдың ба?... Куәлік бүгін таңдалмақшы емес. Ол ертең қалып отыр. ( М.Әуезов).


15-жаттығу. Сөйлемдерді жазып, а, ә әріптерінің астын сызып, сөздің қай буында қолданылғанын, себебін айтыңыз.


Абайдың ақылымен Сейіл бастаған бір топ қайқшы куәлардың аразы деп кірді. Әбсәметтің жарығы көп кең бөлмесін Әбішке босаттырғанда ол өзі қадағалап қарап тұрды. Әзәзіл қан тілегенін танытып қалды. ( М.Әуезов). – Иә, Гүлшарат, аз күнә істеген жоқсың... – деді салқын үнмен Люба. ( І.Есенберлин). – Командирге апарамын, күмәнді адамдар деп апарамын. ( Ә.Сәрсенбаев). Директордың кабинетінде Варов пен Жанаділ де ендігі жайды ақылдасып отырған сияқты.(Ғ.Мұстафин).
































Фонетика саласы бойынша тестік сауалдар


1. Тек жуан дауыстылар қатарын анықтаңыз.
а) а, о, ы, ұ  

в) ə, і, и, ө  
д) а, о, ө, ү  

е) а, о, ү, е

с) ұ, ү, і, е  
2. Ұяң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді анықтаңыз.
а) кереге 

в) баға  

д) ине  

е) көк

с) алма 
3. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
а) бұлт 

в) өрт 

д) іні 

е) қант

с) жұрт 
4. Қатаң дауыссыз дыбыс болмайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
а) ч, х, щ  

в) п, ф, к  

д) һ, ц, ж  

е) ғ, г, д

с) т, с, ш 
5. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
а) ол, қазір, осында  

в) орташа, тау, уақыт  
д) құрмет, жауын, ғарыш  

е) дəулет, іні, біз

с) қар, қуаныш, бала
6. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
а) нүкте  

в) белес  

д) жалғыз  

е) жеңіс

с) жомарт 
7. Тек қатаң дауыссыз дыбысы бар сөздерді анықтаңыз.
А) күндіз  

В) сабақ  

Д) Айша

Е) шашу

С) қоңырау 

8.  Ашық буынды күрделі сөзді табыңыз.
а) қалада

в) отбасы  

д) бүге-шіге 

е) үш машина

с) он бірінші 
9.   «Ө» қандай дыбыс?
а) жуан, езулік  

в) езулік, жуан  
д) жуан, қысаң  

е) жіңішке, езулік

с) жіңішке, еріндік      
10.  Қатаң дыбысты көрсетіңіз.
а) з  

в) ң  

д) ғ 

е) у  

с) қ      
11. Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз.
а) əуестену  

в) шұғылдану  

д) аластату  

е) секіру  

с) талпыну
12.  Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
а) астана  

в) дəрігер  

д) түлкі  

е) көлік  

с) көбелек
13. Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.
а) ғарыш  

в) орман  

д) байлық  

е) құрлық  

с) үміт
13.  Бітеу жəне ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.
а) əже  

в) жазда  

д) үй  

е) үлкен  

с) ел
14.  Мыс. Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз. 
а) екі 

в) бір  

д) төрт  

е) үш  

с) бес
 
15. Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын белгілерді көрсетіңіз.
а) ъ, ь

в) ь, о  

д) а, е 

е) ъ, е  

с) ъ, ю




































Лексикология


Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам)


1) белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы

2) белгілі бір тілдегі сөз байлығы


Диалект сөздер

Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана кездесетін сөздер. Диалект сөздер (мысал): оттық, сіріңке, сым, дәукен, нән.


Кәсіби сөздер

Жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздер(мысал): Шербек (үлкен ара), атауыз (шеге суырғыш), жүйек (көкөніс, жемістер отырғызылған арықшалар), ақаба (судың лай түрі).


Термин сөздер

Ғылым, техника, өндіріс және т.б саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер. Термин сөздер (мысал): квадрат, егемен, жарғы, нарық, төлқұжат, глобус, антоним, материк.


Жаңа сөздер (неологизмдер)

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер. Жаңа сөздер (мысал), тәлімгер, егемендік, ұшақ, жарлық, компьютер, маркетинг.


Көнерген сөздер.

Қолданыстан шығып қалып,тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі айтылатын сөздер.


Архаизмдер.

Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескірген сөздер. Архаизмдер (мысал): торқа, биқасап, сауын айту, ұрын бару, шидем, күпі, кебеже


Тарихи

Қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген сөздер. Тарихи сөздер (мысал): ояз, болыс, шабарман, ұя (партия ұясы), уәзір.


Кірме сөздер

1) Шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер

2) Басқа тілден енген сөздер.


Кірме сөздер (мысал): Тарих, әдебиет, мәдениет, тәрбие-араб-парсы тілінен; Аймақ, жарлық, нөкер, ұлыс- моңғол тілінен; Кереует, бөтелке, бәтеңке, сөмке-орыс тілінен;

Сөз мағынасы


Сөздің тура мағынасы


1) Сөздің заттар мен құбылыстардың және олардың негізгі белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы

2) Сөздің затты, не құбылысты атап білдіретін мағынасы

3) Әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы «Қара» сөзі тура мағынасында қолданылып тұрған сөйлем


1) Шахтерлер қара көмірді тау қылып үйіп тастапты.

2) Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы.

3) Қара түнді қақ жарып, бір машина келеді.

4) Қара тақтаға ақ бормен жазған әдемі көрінеді.

5) Қара домалақ балалардың көбейгені жақсы.


Сөздің ауыспалы мағынасы


1) Бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолданылғанда берілетін мағына.

2) Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың, не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде жасалған мағынасы. «Ашық» сөзі ауыспалы мағынасында қолданылып тұрған сөйлем.


а) Ашық ауыздық ешкімге жақсылық әкелмейді.

ә) Айгүл – мінезі ашық, сыпайы қыз.

б) Кеше мекемеде ашық жиналыс болды.

в) Аудандық газетте мектеп бітірушілердің ашық хаты жарияланды.


Сөздің көп мағыналығы


а) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.

ә) Әр түрлі мағынасы бар жеке сөз.

Сөздің көпмағыналығы (мысал): Түбір, кілт, төркін, көз, бет, түп, құлақ.


Синоним сөздер


а) Мағыналары бір-біріне жақын

ә) Мағыналары өзара мәндес

б) Дыбысталуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын

в) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын

г) Жазылуы бөлек, өзара мағыналас


Синоним (мысал)


а) салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды

ә) маңай, төңірек, айнала.

б) келбет, көрік, шырай

в) әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы

Антоним сөздер


а) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы

ә) Бір-біріне қарсы мағынада айтылатын

б) Бір-біріне мағыналары қарама-қарсы


Антоним (мысал)


а) кең - тар

ә) ақ - қара

б) жарық - қараңғы

в) үлкен - кіші

г) ыстық - суық


Омоним сөздер


а) Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі

ә) Дыбысталуы бірдей, мағыналық байланыс жоқ

б) Дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары әр басқа

в) Бірдей дыбысталып, түрлі мағына білдіретін


Омоним сөздер (мысал): Көш, жаз, қас, алма, бөлме, қос


Табу


а) Мифтік ескі аным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер

ә) Наным–сенімге байланысты кейбір заттардың аттарын басқаша атаудан туындаған сөздер


Табу(мысал): Қайынаға, қайыніні, д.с туысқандық атаулар, ауру түрлеріне байланысты (қорасан –шешек, жаман ауру – қылтамақ- рак), азулы аңдардан (қасқыр-ұлыма),табиғаттың түсініксіз құбылыстарынан қорыққаннан (найзағай-жасыл).


Эвфемизм


а) Бір нәрсенің, құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естілсе, орнына қолданылатын сыпайы, жағымды сөздер.

ә) Кейбір заттың, не құбылыстың атын айту қолайсыздау болған жағдайда орнына қолданылатын сыпайы сөздер.


Эвфемизм (мысал):


Мылжың– сөзуарлау, өтірік айту-қосып айту, ұрлық жасама-ала жібін аттамау.


Дисфемизм


а) Ауызекі сөйлеу тілінде әдепті сөздерді алмастырып, орнына дөрекі сөздерді қолдану

ә) Әдеби тілге жат, тек ауызекі сөйлеу тілінде жақсы ұғымды сөздерді нашар ұғымды сөздерге алмастыру

Дисфемизм(мысал): Боқмұрын, қырт

Тұрақты тіркес


а) Құрамын өзгертіп айтуға болмайтын сөздер тіркесі

ә) Құрамындағы сөздердің жеке дара лексикалық мағыналары емес, тек тұтас күйіндегі мағыналары түсінілетін сөздер тіркесі

б) Екі немесе біреше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін сөз тіркесі.


Тұрақты тіркес (мысал): Төбе шашы тік тұру, үмітін үзу, жүрек жұту.


Идиомалық тіркес


Сөздердің байланысы берік болып, олардың тұтас топ болып тұрғандағы мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.


Идиомалық тіркес (мысал): Қой аузынан шөп алмайтын, салы суға кетіп отыр, тісін қайрап жүр.


Фразалық тіркес


Тұрақты тіркестерінің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады.


Фразалық тіркес (мысал): Таяқ жеу, жаны ашу, үрейін ұшыру.


Еркін тіркес


Құрамындағы сөздердің орнын алмастырып қолдану әрқайсысының дербес лексикалық мағынасымен байланысты болады.


Еркін тіркес (мысал): Жақсы кісі, жақсы әдет, жақсы ниет


Мақал


а) Аз сөзбен көп мағына беру жолы

ә)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні


Мақал (мысал): Кең болсаң, кем болмайсың. Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.


Мәтел

Ой-пікірдің бейнелі, әрі тұспалдап айтылуы. Мәтел (мысал): Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Жақсы адамға жау жоқ.








Лексикалық жаттығулар

 1-жаттығу. Архаиздер мен историзмдерді ажыратып жазыңдар.


1.Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алапты (М.Ж) 2.Дуаны бұл болыстардан бөлек болса да жері көршілес Керей де бар. Жасауыл әр шақырғанға келмейді. Енді бұл қосын өздерінен басқа дуниеден тугел қол узіп жалғыз қалды (Ғ.М) 3.Абайдың бұл келісін ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те атайды (М.Ә) 4. Бұл үйді пісіміллә, ол дүние, шариғат, ораза, намаз, пітір, зекет, иман, жаназа, мешіт, мәзін, дозақ деген тәрізді сөздер жайлайды (Д.Ә).


2-жаттығу. Мына сөйлемдерден жергілікті ерекшеліктерге жататын сөздерді тауып,оларға түсінік беріңдер.


Кәсіпсіздік айдап қорғанның қақпасына әкелгенде байбатшалар: -Саттасын менікі, нымтасы сенікі,-деген болатыт. Бұл Яссауи арағының суындай төгіліп жатқан еңбек сол «нымта» үшін ғана болар еді. Сол тердің нөсері егін піссе –ақ қызыл алтын, ақ күміс болып бай-батшалардың қамбасына құйылады. Нәтижесі: - Әне, ғалла базарға қара, мал базарға қара, «бит» базарға қара, шөп базарға қара, һамма базарға қара...

Асхана, наубайхана, бозахана, халуахана, баспаханалар тұр. Қазақтар қақпағын қайырып, өткен-кеткенге:-Келің, келің!-деп қол бұлғап тұрған сатушы (К.Ә.)


3-жаттығу. Мына мақал – мәтелдерден сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңдар.


Байлықтың атасы – еңбек, анасы- жер. Өнерлінің өрісі кең. Ел үмітін ер сақтар, ер атағын ел сақтар. Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар. Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде. Басы аманның малы түгел. Аузы күйген үріп ішер. Керек тастың ауырлығы жоқ. Ақыл жастан шағады, асыл тастан шағады. Қырсыққанда қымыран іриді.


4-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің омонимін тап.


1. Қар тепкенге қаржымас қайран жылқы (Абай).

2. Сенсең тондарына оранып, шана ішінде қалған отырған бірен саран көшірлерге байқалады (Д.Әбілев).

3. Мәз болады болысың арқаға ұлық қаққанға (Абай).

4. Арық атқа қамшы ауыр (мақал).


5-жаттығу . Мына төмендегі сөйлемдерде автор синонимдерді қандай мақсатпен жұмсап отырғанын айтып беріңдер.


1. Елді, бейбіт жұртты тыныш ет (І.Жансүгіров).

2. Қаладан қашық тұратын ауылға бәрі қат, бәрі зәру (Ә.Нұрпеиісов).

3. Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол тарқылдап күледі (Ғ.Мұстафин).

4. Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (З.Қабдалов).

5. Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты (Б.Майлин).

6. Гүлшат апай ақтарылмады, шешіліп сыр шашпады (Т.Әлімқұлов).

7. Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж.Жұмақанов).

8. Абай қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады.

9. Шөл даланы жарып аққан дариялай игілік өмір үгілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті (М.Әуезов).


6-жаттығу. Синоним сөздерді топ-тобымен теріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер.


Ауыл деген сөз қазақ үшін ең қастерлі, қасиетті сөздің бірі екені анық. Отан деген ұлы сөздің шағын баламасы осы ауыл болса керек. Қайда жүрсең де, қайда барсаң да, көкірегіңнің түбінде маздап жататын бір шоқ бар, ол-сол туған ауылыңнан тұтатып әкелген шоғың. Күйінгеніңде де, сүйінгеніңде де, сағыныштың күйзеу желі ескенде де көңіліңе медет болар сол бір шоқ. Қазақ ауыл деген сөзге о баста-ақ ерекше салмақ, ерекше кеңдік сипат берген тәрізді.«Ауыл-аймағың аман ба?» дегенде ұлан-ғайыр Отанының үлкен бір аумағын түп-түгелімен соған сабақтап, тели айтады. Қанша қуаты мол, жылы сөз! Сен өскен ортаға, ағайын-туғаныңа, ел-жұртыңа деген ықылас тегіс сыйып тұрған жоқ па?


7-жаттығу. Сөйлемде салыстырылып, іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып, ыңғайласа кезектесіп жұмсалған антонимдерді ажыратып көрсетіңдер.


1. Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егіншіден елгезек жасақшы артық. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Досыңның асын қасыңдай іш.

2. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.Тоқшылықта жеген тоқпан жілік, ашаршылықта көзіңнен бұлбұл ұшар. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. Ащы менен тұщыны татқан білер, алыс пенен жақынды жортқан білер (мақалдар). Ит үрер жақсыға да, жаманға да, қылмағы бірақ залал құдайданда (Ы. Алтынсарин). Бір суып, бір

 
8-жаттығу. Берілген сөз тіркестеріне қарсы мəндес сөз тіркестерін жазыңдар, олармен сөйлем құрастырыңдар.
 
Жеңіл жұмыс – ... ; көңілді əн– ... ; терең су – ... ; баяу жел – ... ; қалың шөп – ... ; шалғай жер – ... ; қысқа мерзім – ....
9-жаттығу. Төмендегі тіркестерде қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін айт.
 

1. Қалың дəптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім.
2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы.
3. Қисық ағаш, қисық мінез.
4. Суық күн, суық сөз, суық хабар.
5. Жылы су, жылы сөз, жылы қабақ.
6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр мінез.
 
10-жаттығу. Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен қатарластырып сөз тіркесін жаз.

 Сирек, селдір  (шаш, кездесу).
Қысқа, келте, шолақ  (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше).
Көп, мол, қыруар  (ақша, тамақ, адам, жылқы).
Мықты, берік, күшті  (еден, ағаш, суретші).
 
11-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаз.
 
Бірлік, татулық, ынтымақ. Бейбітшілік жақтаған жұмыр жердің бетіндегі кез келген халық осы қасиетті үш ... қадірін жақсы біледі. Халықтардың аңсаған ... , көздеген ... – ең бірінші осылар. Қазақстан – жүздеген ... басын біріктіріп отырған мемлекет. Біздің жас мемлекет үшін халықтың ... ауадай қажет.
 
Қажетті сөздер: бірлігі, арманы, ұғымның, мақсаты, ұлт өкілдерінің.
 
12-жаттығу. Жақша ішіндегі сөзді қазақшаға аудара отырып, сөйлемдерді аяқта.
 
Көк Туымыз төбемізде (развевается). Елтаңбамыз барша əлемге (известен). Елбасымыз өз Жолдауында халқымызға ХХІ ғасырдың бас кезіндегі атқарылатын жұмыстардың жауапкершілігінің зор екенін  (напоминает). Тіл тазалығы мен дене тазалығын сақтауға  (старайтесь).
 
13-жаттығу. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар.
 
Мой отец – учитель. Он учит детей. Мать – врач. Она работает в поликлинике. Бабушка и дедушка не работают. Они – пенсионеры. Я и моя старшая сестра учимся в школе. Мы учимся хорошо.




Лексика саласы бойынша тестік сауалдар


1. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
а) ащы, тұщы  

в) кітап, оқулық 
д) ағайын, туыс  

е) жақсы, дұрыс  

с) береке, бірлік
2. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
а) жылы жүрек 

в) жылы жүз  

д) жылы лебіз

е) жылы су 

с) жылы сөз
3. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
а) аласа, ұзақ  

в) биік, зəулім  
д) жақсы, жаман  

е) құрметті, күшті

с) əдемі, жақын
4. «Атақты» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
а) даңқты  

в) баяу  

д) білімді  

е) қызық

с) ақылды  
5. «Мейрам» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
а) демалыс  

в) дана  

д) мереке  

с) күн  

е) жаз
6. «Қуаныш» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
а) мереке  

в) қайғы  

д) шаттық  

е) ұят  

с) қуат
7. «Дұшпан» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.
а) кəрі, қария  

в) қауіп, қатер  

д) аман, сау
е) қас, жау 

с) дауыл, боран
8. «Дос» сөзінің
антонимін көрсетіңіз.
а) қос 

в) дұшпан  

д) ағайын  

е) бауыр  

с) құда
9. «Көп» сөзінің
антонимін көрсетіңіз.
а) жоқ  

в) мол  

д) аз  

е) бар  

с) кел
10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
а) мөлдір су 

в) терең сай  

д) өткір көз 

е) алтын  уақыт  

с) өткір тіл
11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
а) өткір, қымбат, бағалы  

в) қарт, кедей, жас  

д) биік, аласа, жақын
е) алыс, шалғай, жырақ  

с) шаттық, қуаныш, өкініш
12. «Жылдам» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
а) жай  

в) тез  

д) жақсы  

е) алыс

 с) үлкен
13. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
а) дəрі, дəріхана, аурухана  

в) ауыл, дала, аймақ  

д) үй, мектеп, баспана
е) жас, құрдас, көрші  

с ауру, сырқат, кесел
14. «Алғашқы» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
а) бастапқы  

в) алдыңғы  

д) соңғы 

е) бірінші  

с) ортаншы
15. «Ену» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
а) айту  

в) бару  

д) салу  

е) сөйлеу  

с) шығу.
 


















Морфология

Сөз және оның формалары туралы ілім.


Морфема


Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшек.


Түбір морфема


а) сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлігі

ә) сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі

б) мофемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбыстық құрам


Қосымша морфема. Түбірге қосылып, оған қосымша мағына үстейтін морфема.


Жұрнақ. Жаңа мағына тудыратын, мағына түрлендіретін қосымша морфема.


Жұрнақтың түрлері

а) Сөз тудырушы

б) Сөз түрлендіруші

Сөз тудырушы

а) жаңа лексикалық мағына жасайды

ә) жаңа мағыналы сөз жасайды

б) сөздің мағынасын өзгертеді


Сөз тудырушы (мысал): Көзде, саңқыл, бұрғы, байлам, күлкі, сөйлем, талас, өріс


Сөз түрлендіруші


а) сөзге грамматикалық мән береді

ә) сөзге үстеме мағына қосады

б) лексикалық мағына тудырмайды


Сөз түрлендіруші (мысал): Ағажан, кітапша, көрген, баратын, келсе, барғалы, әдемілеу, ботақан, ақшыл, көлшік.


Жалғау


Сөйлемдегі сөздер арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіріп, сол қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет ететін қосымша.


Жалғаудың түрлері: Көптік, септік, тәуелдік, жіктік


Жалғаудың түрлері(мысал):


-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, - тер

-ның, -нің, - дың, -дің, -тың, -тің

-ға, -ге, -қа, -ке, -ты , -ті, -ды, -ді, -ны, -ні

-да, -де, -та, -те , -нда, -нде, -мен, -бен, -пен

-менен, -бенен, -пенен

-мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін,-пыз,-піз,-быз,-біз

-ым,-ім,-м,-ың,-ің,-ыңыз,-іңіз


Сөздердің түрлері


Атаушы


а) лексика-грамматикалық мағына береді

ә) сөйлемнің белгілі мүшесі болады

б) шындық болмыстағы әр қилы құбылысты, ұғымды білдіреді


Көмекші


а) белгілі бір сөздің жетегінде жүреді

ә) мағыналық дербестігі жоқ немесе солғындаған

б) сөз бен сөзді,сөйлем мен сөйлемді байланыстырады


Одағай


а) ақиқат ұғымды білдірмейді

ә) басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді

б) әр түрлі көңіл-күймен байланысты айтылады


Туынды сөз


а) түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөз

ә) жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер


Туынды сөз (мысал): Ойна, тұзда, суырма, кеспе


Жалаң сөз


Құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздер


Жалаң сөз (мысал): Ауыл, қала, оқушы, кітапхана


Күрделі сөз


а) құрамындағы ең кемі екі негізгі түбір бар сөз

ә) ритм, ырғақ жағынан бірұдай, лексика – семантикалық жағынан біртұтас, лексика – грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлескен тұрақталған құрама сөз

б) кірігіп, бірігіп, қосарланып, тіркесіп, қысқарып жасалған сөздер

Күрделі сөз (мысал): Жиырма бес, әке-шеше, АҚШ, саңырауқұлақ


Кіріккен сөз


а) компоненттердің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағынаны білдіретін сөз

ә) компоненттері фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әр үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөз

Кіріккен сөз (мысал): Бүгін(бұл күн), биыл(бұл жыл), әкел(алып кел), әкет(алып кет)


Біріккен сөз


Компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай – ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөз.


Біріккен сөз (мысал): Аққу, аққұтан, қаламсап, орынбасар, оттегі, Жұмабай.


Қос сөз


Компоненттері я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынының, не бір дыбысының өзгеріліп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан біртектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.


Қос сөз түрлері


Қайталама қос сөз


Белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалған сөз.


Қайталама қос сөз (мысал): Қора-қора, мая-мая, үлкен-үлкен, ұсақ-ұсақ, бара-бара, үй-үйден, ат-мат, сарт-сұрт, қалт-құлт, ап-ашық.


Қосарлама қос сөз


Лексикалық мағынасы басқа – басқа екі түрлі сөзден құралады

Қосарлама қос сөз (мысал): Ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кеш , жатса-тұрса, туған-өскен, алды-арты, іші-сырты.


Қысқарған сөз


Күрделі атаулардың ықшамдалып, қысқарған түрі. Қысқарған сөз (мысал):

ҚазМҰУ, АҚШ, кеңшар, пединститут, ауатком, кг, мм


Зат есім


Заттың атын, табиғаттағы әр алуан құбылыстарды, ұғымдар мен түсініктерді білдіретін сөз табы.


Зат есім (мысал). Қымыз, түтін, шаш, жаңбыр, таусымақ, Мұқа, қалқатай, апажан, қызылша, төсек орын, жемістер.

Зат есімнің деректі түрі


Көзбен көріп, қолмен ұстап көруге болатын, нақтылы ұғым атаулары.

Деректі (мысал): Дәптер, кітап, қалам, алма, Нұрахмет


Зат есімнің дерексіз түрі


Көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын ұғым атаулары

Дерексіз түрі (мысал): Арман, қиял, сезім,сенім


Жалпы есім


Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер


Жалпы есім (мысал): Ағаш, ат, ас, түсінік, сана, ер, ес, бас, дала, көмір


Жалқы есім


Жеке я дара заттарға берілген зат есім


Жалқы есім (мысал): Сырдария, Іле, Меруерт, «Талапты» ауылы, Отырар ауданы, «Ұлағат» газеті


Есімнен болған туынды зат есім


Қойшы, әдебиетші, егіншілік, жаңалық, айлакер, арбакеш, тоқылдақ, Шымкент.


Етістіктен болған туынды зат есім


Кеспе, білім, шалғы, ұрыс, піспек, жазмыш, сүйемел, көрермен, көмір, қарауыл.


Ілік жалғаулы сөзі бар тіркес


Қаланың маңы, адамның жаны, ағаштың көлеңкесі, машинаның даусы, жұлдыздың жарығы.


Көмектес септігіндегі сөзі бар тіркес


Менімен барды, көшемен жүрді, жігітпен таныстым, түнімен қыдырдық, қасықпен іштім.


Сын есім


Заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр – сипатын білдіретін лексика – грамматикалық сөз табы.


Сын есім (мысал): Салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең, қызыл, ауыр, салмақты, ақылды


Зат есімнен болған сын есім: Епті, күлкішіл, білімпаз, рухани

Етістіктен болған сын есім: Жылжымалы, сүріншек, сүзеген

Негізгі сын есім: кермек, сараң


Туынды сын есім: Мәдени, бояма, көшпелі, күздік

Сапалық сын есім: Ұзын, қызыл, ащы, момын, ашық, жабық, тегіс, қараңғы, кәрі, сынық

Қатыстық сын есім: Бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздер.


Қатыстық сын есім (мысал): Түнгі, тоқпақтай, білгіш, нулы, балалы.


Жай шырайлы: Семіз, домалақ, ауыр, ұзын


Күшейтпелі шырай: Қоп-қоңыр, аппақ, сап-сары, жасыл


Салыстырмалы шырай: Үлкенірек, ақшылтым, сарылау


Сан есім

Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы


Есептік сан есім: Бір, он екі, бір мың тоғыз жүз тоқсан бес

Реттік сан есім: Үшінші, он алтыншы, отызыншы

Жинақтық сан есім: Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу

Болжалдық сан есім: Мыңға жуық, жиырмадай, елулеп

Бөлшектік сан есім: Он бүтін жүзден жиырма, бестен екі, оннан бір

Топтық сан есім: Төрттен, жүз-жүзден, бес-алтыдан


Есімдік


Заттың атын, сынын, санын атамай, солардың орнына жұмсалатын, белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде нұсқай отырып білдіретін сөз табы


Есімдік (мысал): Ол, кім, әлдеқашан, бүкіл, түгел, сол, осынау, өз, ешбір, кейбіреу


Жіктеу есімдігі: Мен, сен, біз, ол, біздер, сендер, олар

Сілтеу есімдігі: Бұл, сол, анау, мынау, осынау, сонау, әне, міне.

Сұрау есімдігі: Кім?, не?, қай?, қандай?, қанша?, қалай?, қашан?

Өздік есімдігі: өз

Белгісіздік есімдігі: Біреу, бірнеше, әркім, әрқалай, әлдеқандай, әлденеше

Болымсыздық есімдігі: Еш, ешкім, ешбір, ешқайсысы

Жалпылау есімдігі: Бәрі, күллі, барша, барлық


Етістік


Зат пен құбылыстың іс-әрекетін, қимыл – қозғалысын білдіретін сөз табы


Туынды етістіктер: Шегеле, тазала, баста, ойна, молай, ағар, басқар, жарқыра

Негізгі етістік: Жаз, оқы, жүр, күл, айт

Етіс

Іс-әрекет істеушінің сол іс-әрекетке қатысы


Ырықсыз етіс жұрнағы бар сөз: Салынды, орылды, ілінді, естілді, айтылды

Өзгелік етіс жұрнағы бар сөз: Айттырды, айтқызды, барғызды, шақыртты

Өздік етіс: Жуын, киін, таран

Ортақ етіс: Алыс, беріс, ұшырас


Рай - іс-әрекеттің объективті шындыққа байланысы


Ашық райлы сөйлем


а) Әркім өз ойымен отыр.

б) Келемін тау ішінде түнделетіп.


Бұйрық райлы сөйлем


а) Ғылым таппай мақтанба.

б) Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда!


Шартты райлы сөйлем


а) Жарқырап бір көрінсін дейміз!

б) Барса, жүрсе болғаны.


Қалау райлы сөйлем


а) Шіркін, мен оны көрсем!

б) Айтқым келді . Ол келсе игі еді.


Шақ - амал -әрекеттің мезгілімен байланыстылығы


Өткен шақ түрлері: Жедел, бұрынғы, ауыспалы

Келер шақтың түрлері: Болжалды, мақсатты, ауыспалы

Осы шақтың түрлері: Нақ, ауыспалы


Үстеу


Іс-әрекет, қимылдың мөлшерін, көлемін, сан түрлі сапасын, бейнесін, орындалу амалын, себебін, орындалуының жай-күйін білдіретін сөз табы


Үстеудің мағыналық топтары мен түрлері: Мезгіл, мекен, сын-қимыл, мөлшер, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау.


Шылау


а) Ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркінінен біржола қол үзіп, дербестігінен айрылған көмекші сөз.

б) Сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.


Шылаудың түрлері:

Жалғаулықтар


Өзара тең, бірыңғай сөздердің, сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің аралығындағы әр қилы қатынастарды білдіретін көмекші сөз (мен, бен, және, тағы, әрі, да,әлде, біресе, бірде, немесе, мейлі, әйткенмен, сонда да, себебі, демек, яғни, ендеше)


Септеуліктер


Объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөз (үшін, сайын, туралы, бойы, шамалы, шақты, жайлы, жайында, арқылы, қаралы, ғұрлы, шейін, қарай, таман, бері, кейін, соң, бұрын, бетер) 4 септікті меңгереді: атау, барыс, шығыс, көмектес.


Демеуліктер


Өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын көмекші сөздер(ма, ме, ба, бе, па, пе, ше, ау, ай, ақ, қой, ғой, ды, ді, ты, ті, қана, ғана, мыс, түгіл, тұрмақ, екеш )


Еліктеуіш


Табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу – соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы белгілі бір түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздер.


Қимылдық мағынаны білдіретін еліктеуіш сөз: Қалт-құлт, арбаң-ербең

Бейнелеуіш еліктеуіш: Жымың-жымың, далаң-далаң, жалп

Дыбыстық еліктеуіш: Тарс-тұрс, сырт, саңқ


Одағай

Адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишаратты, мағыналары құбылмалы, ауыспалы, яғни көпмағыналы болатын сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін өзіндік ерекшелігі бар сөз табы.

Көңіл-күй одағайы: Әттеген-ай, бәрекелді, ойпырмай, түу, әй.

Жекіру, шақыру одағайы: Тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, сап-сап, айда.

Тұрмыс – салт одағайы: Қош, қайыр, рахмет, құп, кеш жарық, ассалаумағалейкүм .

Морфологиялық жаттығулар

1-жаттығу. Берілген зат есімдерге жатыс септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.

Түс... , тау... , досым... , сен... , бөлмесі... , дүкен... , үйің... , ат... , жаз... , олар.., үйі... , үстелім... , бас... , уақыты... , əжеңіз...
 
2-жаттығу. Жатыс септігінің тиісті жалғауларын жазыңыздар.
 

Менің үйім орталық  (де, те, та). Сенің жұмыс орның Тəуел­сіздік даңғылы  (нде, та, нда). Сіздің мекенжайыңыз Лихарев көшесі (де, нда, нде). Мен көктем (те, нде, д Е) Астанаға барамын. Лəззат демалыс  (да, та, де). Асан  (та, нда, д А) қызық кітапбар.
 
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына жатыс септігінің жалғауын жалғап, жақшаның ішіндегі сөздердің біреуін таңдап жазыңыздар.
 

Көктем...  (гүлдер, адамдар) өседі. Үстел...  (кітап пен қалам, орындық) жатыр. Мен...  (қызық, қисық) кітаптар көп. Біз бүгін Русланның үйі... кездесеміз.  (Наурыз..., қаңтар... ) күн жылы­нады.  (Сəрсенбі мен дүйсенбі..., түн..) сабақ болмайды. Батыр...  (найза, садақ, қылыш, күшік) болады. Əсет...  (жаңа, кəрі) шапан бар. Мектебіміз...  (дарынды, алтын) оқушылар көп. Ол менің  (ойым...,қалтам...)жүреді.
 

4-жаттығу. Берілген зат есімдерге барыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғаңыздар.
 

Бөлме... , Асан... , жігіт... , қызы... , орталық..., əжем...,  жұмысыңыз .. , аптасы ... , көрпе..., үйің..., шəкірттеріміз..., сыны­бың..., ұстазым ..., дəптері... , қала...,жүзім...,күрес...,бетім...
 

5-жаттығу. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.


Үлгі: Су  (вода), ішу  (пить) – су ішуге  (чтобы воду попить)
 

Кітап  (... ), алу  (... ) – ...  (... ).
Үй  (... ), қарау  (... ) – ...  (... ).
Ол неге келе жатыр?
Ақша  (... ), беру  (... ) – ...  (... )
Сүт  (... ), сатып алу  (... ) – ...  (... )
Есік  (... ), ашу  (... ) – ...  (... )
 

6-жаттығу. Берілген зат есімдерге шығыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғап, оларға сұрақтар қойыңыздар.

Үлгі: ата ... - атадан  (кімнен?)

- əңгімесі ... -əңгімесінен  (неден?)
 

Қағаз ... , хат... , сурет... , баласы... , əжем... , ұн... , баяндамаң ... , өлең ... , үйі ... , құлын ... , түйе... , Атырау... , балық... , жаз... бері.
  

7-жаттығу. Берілген зат есімдерге табыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғаңыздар.
 

Болат... , темір..., мысығым..., күші..., ай..., кітап... , не­мере... , атасы... , мемлекет.., жаз..., күз ... , зауыты... , көше... , ескерткіш..., жағажай..., сөздігің..., тайпа..., заң..., жылы..., құстар..., тілі..., апта..., ел..., халық...
 

8-жаттығу. Сөйлемде келтірілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
 

Үлгі: Мен  (кого?) қатты сағындым. – Мен сені қатты сағын­дым. Сіз бұл (что?) оқыдыңыз ба? – Сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба?
 

Сен тез  (что?) жəне  (что?) палауға кес. Ол маған əдемі  (что?) сыйлауға əкеле жатыр. Оқушылар қазақ тілінің  (кого?) ықыласпен тыңдап отыр. Əке-шешем «Бəйтерек» мейрамханасына Жаңа жылды бірге қарсы алуға  (кого?) шақырды. Ағаларым үлкен  (что?) салып жатыр. Баласы кеше байқаусызда  (что?) жəне (что?)жыртыпалды.
 

9-жаттығу. Берілген зат есімдерге ілік септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
 

Дүкені... , аймақ... , ұғым... , мөлшер... , аң... , тұрғын... , теңіз... , елік... , жасөспірім... , көшбасшы... , сарбаз... , алып... , Ертіс... , күй... , Абай... , көшелер..., əжелерім....
 

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті ілік септігінің жалғау­ларын қойып аудырыңыздар.
 
Үлгі: Бөлменің терезесі – окно комнаты
 Астана қаласы – Қазақстан... астанасы –
 «Евгений Онегин» - Пушкин... романы –
Өскемен қаласы... тұрғыны – ___________
Əпкем... үйі – ________________________
Бөлім... қызметкері – __________________

11-жаттығу. Көмектес септігінің тиісті жалғауларын жазыңыздар.
 
Алма пышақ  (пен, бен) нан турады. Мен Нұрлан  (пен, мен) бірге өлең айттым. Үйге автобус  (бен, пен) барасың ба? Атам (мен, бен, пен) жайлауға барайық. Мінезі (мен, бен) ұнады. Апайым кəмпит  (мен, пен) шай ішіп отыр. Терезені қағаз  (мен, бен) сүрттік. Сен филармонияға Жұмабаев  (пен, мен) бірге барған жоқсыңба?
 

12-жатығу. Берілген зат есімдерге көмектес септігінің тиісті жал­ғауларын жалғаңыздар.
 
Ит... , қар... , мені... , тарақ... , күрек... , теңіз... , пойыз... , ұшақ... , досы... , Ілияс... , той... , доп... , аяқ... , адам... , шаңғы... , көше... , тұлға... , сноуборд... , археолог....
 
13-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
   
14-жаттығу. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
 

Үлгі: гүл-гүлді – гүлді өсімдік
 Орман, жапырақ, шырша, қарағай, шөл, көлеңке, алма, бала, ағаш, салмақ, терек, пайда.
 
15-жаттығу. Жақша ішіндегі етістіктерді өзгелік етіс тұлғасына қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
 
Көктемде біз Наурыз мейрамын  (өт) .... Апай бізге əн  (айт) ... , би  (биле) .... Ол бізге құттықтау  (жаз) ... , кейбір балаларға сурет  (сал) .... Апамбізге наурыз көже  (іш) .... Мен əпкеме ба­уырсақ  (пісір) ....
 












Морфология саласы бойынша тестік сауалдар


1. Жұрнақ жалғанған зат есімді көрсетіңіз. 
а) мұғаліммін  

в) үйдің  

д) Атыраудан 

е) сандықша  

с) баласы
2. Дара зат есімді табыңыз.
а) ауа райы  

в) Екібастұз  

д) ҚТЛ, ТМД 

е) ата-ана  

с) етікші
3. Босорынғасəйкескелетінкөмекшіесімдіқойыңыз.
Ауылдың -------тереңсай.
а) маңы  

в) үсті  

д) асты  

е) арты  

с) алды
4. Жұрнақжалғануарқылыжасалатын зат есімқалайаталады.
а) жалпы 

в) дерексіз  

д) туынды  

е) деректі  

с) негізгі
5. Зат есімніңсұрақтарынкөрсетіңіз.
а) кімде? қалай?  

в) қанша? неше?  

д) қай? қандай? 

е) кім? нелер?  

с) қайтті?қалай?
6. Жанаматолықтауышқызметіндегі зат есімдікөрсетіңіз
а) Мен əкеме қызмет көрсетемін. 

в) Мен əкемді сыйлаймын. 
д) Атасы ұлын орнына қалдырды.

е) Сіз осы кім боласыз?  
с) Ол баласын оқуға жіберді.
7. Жалқы есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
а) Қазір қалалар көркеюде. 

в) Көз қорқақ, қол батыр.
д) Адамдар жайлы мекендерге қоныстануда.

е) Есілдің бойында жолығамыз. 
с) Оқушылар сыныптарына кірді.
8. Дерексіз зат есім дегеніміз не?
а) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттардың атауы.
в) Бір ғана түбірден тұрады. 

д) Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.
е) Бөлшектеуге келмейтін түбір. 

с) Біртектес заттардың жалпы атауы.
9. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табын не дейміз?  
а) етістік  

в) есімдік  

д) зат есім  

е) сын есім  

с) сан есім
10. Тура толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
а) Мектептен ерте келдім.         

в) Көктемгі жаңбырдың пайдасы бар. 
д) Əли кітапты қызыға оқыды.

е) Дина – сыныптың ең үлгілі қызы. 
с) Айнаның алдында тарақбар.. 
11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз. 
а) қашан? қай?  

в) қандай? қай?  

д) қалай? қайдан?
е) кім? не?  

с) қанша? неше?
12.«-еу» жұрнағыжалғанатынсанесімдікөрсетіңіз?
а) жеті  

в) онекі  

д) тоғыз  

е) он  

с) сегіз
13. Бір-бірінеқарама-қарсымағынадағысынесімдердітабыңыз. 
а) аласа, тəтті  

в) ащы, тұщы  

д) жақсы, жаман
е) ұстамды, шыдамды  

с) ұзын, ұзындау
14. Негізгі сынесімдікөрсетіңіз. 
а) ұзын  

в) адамгершілік  

д) үшқыз 

е) саудагер  

с) өнерлібала
15. Күшейтпелішырайдыбелгілеңіз. 
а) терең

 в) қызыл-сары

д) қып-қызыл 

е) ақшыл 

с) жақсыданүйрен




 






































Синтаксис


Сөз тіркесінің түрлері


Есімді тіркес(мысал): Алтын қасық, сұлу қыз, ақ орамал

Етістікті тіркес(мысал): Жақсы сөйлейді, жоғары көтерілді


Сөздердің байланысу тәсілдері


Жалғау арқылы, шылау арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы


Сөйлем мүшелері


Бастауыш - сөйлемдегі негізгі ойдың иесі болып тұрған мүше

Баяндауыш - сөйлемдегі негізгі ойды іс-әрекет, қимыл тұрғысынан баяндап тұратын мүше


Анықтауыш


а) Заттық ұғымды, ойды сын-сапа, сан-мөлшер жағынан сипаттайтын мүше

ә) Сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын мүше


Толықтауыш


а) Септік жалғауларының бірінде келіп, онымен заттық ұғымда байланысатын мүше.

ә) Сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағынасы жағынан сипаттайтын мүше


Пысықтауыш


а) Іс-қимылдың мезгіл, мекенін, т.б сипатын білдіретін мүше.

ә) Сөйлемде іс-оқиғаны себеп, мақсат жағынан сипаттайтын мүше


Жай сөйлем


Белгілі бір тиянақты ойды білдіретін, бір ғана предикаттық орталығы болатын сөйлем түрі


Түрлері


Жақты сөйлем

Грамматикалық бастауышы бар, не бастауыш ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын жай сөйлем.


Жақсыз сөйлем


Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлем.

Толымды сөйлем - ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем.

Толымсыз сөйлем - ойға қатысты мүшелері толық айтылмаған сөйлем.


Атаулы - сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралған сөйлем.


Құрмалас сөйлем


а) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем

ә) екі я одан да көп жай сөйлемдерден болып, күрделі ойды білдіретін сөйлем

б) екі жай сөйлем, не бірнеше жай сөйлемнен тұрып күрделі ойды білдіретін күрделі сөйлем



Құрмалас сөйлемнің түрлері - сабақтас, салалас, аралас


Салалас


Ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес,түсіндірмелі.


Салалас құрмалас сөйлем


а) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем түрі


ә) құрамындағы екі,не одан да көп жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып байланысқан құрмалас сөйлем түрі


Салалас құрмалас сөйлем (мысал)


а) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.

ә) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

б) Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржола көшіп келді.


Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

а) құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойдың екіншіге мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болатын салалас түрі.

ә) құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі ойға екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болып келетін салалас

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (мысал):


а) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырады, шөп суылдады.

ә) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.

б) Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім.

Қарсылықты салалас


а) құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама–қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі

ә) салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылған түрі


Қарсылықты салалас (мысал):


а) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты

ә)Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық бұрынғыдай мазасыздандырмайды

б) Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын.


Түсіндірмелі салалас құрмалас


а) құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста болатын салалас түрі

ә) құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы соңғысына меңзеп, ал соңғысы бастапқы сөйлем мазмұнын ашатындай қатынаста болатын салаластың түрі


Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем (мысал):


а) Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді:

ол-Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаян деген сияқты шақпалы жәндіктері

ә) Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдарында шын көріп тұрғандай болды

б) Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі-жеміс отырғызу мәселесі, бірі- ағаш қондыру мәселесі


Себеп-салдар салалас құрмалас


а) құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салаластың түрі

ә)құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы кейінгісінің, не кейінгісі бастапқысының себебін білдіретін салалас түрі


Себеп-салдар салалас (мысал):

а) Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді

ә) Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді


Талғаулы салалас құрмалас

а) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың үрі

ә) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның орындалуын болжайтын түрі


Талғаулы салалас (мысал):

а) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар

ә) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын

б) Ауылдан тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба?

в) Дәулеткелді бұның не сөзінен қызық күтеді, не бір мінінен әлдеқандай қызық күтеді


Кезектес салалас құрмалас


а) құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас түрі

ә) құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-оқиғалар кезектесіп келетін іс салалас түрі


Кезектес салалас құрмалас (мысал):


а) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады

ә) Машина жүрісін шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді

б) Біржан біресе бұлбұл нақысты көп ырғақты «Жиырма бесті» созады, біресе назды қоңыр кең тынысты «Жанбота» шығады.


Сабақтас құрмалас сөйлем


а) құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан түрі.

ә) құрмалас ішіндегі жай сөлемдердің бастапқысы тиянақсыз болып, кейінгісіне бағына байланысқан түрі


Сабақтас


Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы , себеп бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы.


Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас


а) бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтастың түрі

ә) сабақтастың бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің шарты болып келетін түрі


Шартты бағыныңқы (мысал):


а) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың

ә) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым күшейеді

б) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай


Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас


а) басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы айтылған іске басыңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтастың түрі

ә) сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы бөлігіндегі іске бағыныңқы бөліктегі айтылған іс немесе бағыныңқы бөліктегі іске басыңқы бөліктегі іс қарсы қойыла айтылған сабақтас түрі


Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (мысал):


а) Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды

ә) Ұлберген кедей болғанмен, киім – кешектерін таза ұстайтын

б) Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен


Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас


а) Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін түрі

ә) Сөйлемнің бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігінде айтылған ойдың себебін білдіретін түрі


Себеп бағыныңқы (мысал):


а) Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ

б) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді

в) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады


Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас


а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін түрі

ә) Бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің мезгілін білдіретін түрі


Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас


Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіреті түрі


Қимыл – сын бағыныңқы (мысал):


а) Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпет сулайды .

ә) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді

б) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жол аушылар тағы да жолға шықты


Мақсат бағыныңқы сабақтас


а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін түрі

ә) бағыныңқы бөлік басыңқы бөліктегі істің мақсатын білдіретін түрі


Мақсат бағыныңқы сабақтас (мысал):


а) Ана мен балның бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты

ә) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиісті

б) Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар

Көп бағыныңқы сабақтас


а) құрамында екі, не одан да көп бағыныңқы сөйлем бар сабақтас түрі

ә) Құрамындағы екіден көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі

б) Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан түрі

в) Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне –бірі бағынып барып байланысқан


Аралас құрмалас


Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмалас түрі


Аралас құрмалас (мысал)


а) Күн шығып, ел тұра бастады, Нұрлан жоқ

ә) Қорған кезінде топырақ араластыра тастан алған екен де, бұл кезде қорғанның үстінде жыңғыл мен шеңгел аралас шығып өзінше ол да бір сән беріп тұр

б) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынан тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді ат етпетінен түсті


Төл сөз


а) Біреудің сөзі ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізілуі

ә) Пікір айтушының ойының еш өзгеріссіз жеткізілуі

б) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде берілген сөз


Төл сөз (мысал)


а) –Бұл қыз менің қарындасым ,-деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп

ә) –Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау ұшін

б) –Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді – деді ол


Төлеу сөз


а) Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын сақтап қана жазылуы.

ә) Біреу пікірінің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны ғана сақталып жазылуы

б) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілетін сөз


Төлеу сөз (мысал)

Кенжетай Асқардың сұрағысы келгенін біліп, бұл қыз өзінің қарындасы екенін айтты


Синтаксистік жаттығулар

 
1-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астық себілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл.
  
2-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, ....  8. Əрсен жерге   жатса, .... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
2. 1. ... , менде барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тез табамын. 4. ... , інім де əн айтады. 5. ... , олар да мектепке бармайды. 6. ... , сендер келіңдер. 7. ... , біз сізді түсінеміз. 8. ... , көкөніс алар едім. 9. ... , олар не істейді? 10. ... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11. ... , ерте тұрамыз.
 
3-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астықсебілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл. «Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
   
4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
 
1. Кел, балалар, оқылық ... Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық .... 2. Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала Жамбылды ... Тыңда, Қастек, Қаскелең... 3. Шіркін, Ақмоншақ... Көркі ғой біздің ауылдың .... Ақылы қандай ... Мінезі қандай ... Адамгершілігі қандай ... Нағы еңбек сүйгіш адам ғой .... 4. Түу ... Бұл не деген əсем əн еді ... 5. Ол қандай кемеңгер, адал жан ....
  
5-жаттығу. Төмендегі жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғаларын өзгертпей салалас құрмалас сөйлем жаса, қалай байланысып тұрғанын анықта.
 Нұрланның мұны шал дейтін жөні бар. Өйткені оның бойынан жастықтың ешбір нышаны көрінбейтін еді. Сіздің қолыңыз босай қоймас. Босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер. Ол Маратпен сөйлесіп тұрды. Марат əлденеге қуанғандай ниет білдерді.
 
6-жаттығу. Төмендегі жай сөйлемдерді оқы, олардан құрмалас сөйлем жаса.
 Үлгі: Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді.
       Қатты жел тұрды да, теңіздің толқыны күшейді.
 
Қатты жел тұрды. Теңіздің толқыны күшейді. Аспанды қара бұлт қоршады. Бір кезде селдете құйып жіберді. Біз қайықты жағаға тастай бердік. Паналауға жер іздедік. Ол күні жауын ашылмады. Балық аулауға шыға алмадық.
 
7-жаттығу. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді жаз, берілген сөздермен сөз тіркестерін құра. Сөздердің қалай байланысып тұрғанын айт.
 
... жолдас; ... су; ... кеңес; ... ағайын; ... шелек; ... күресу; ... кездесу; ... отыру; ... сатып алу; ... жету; ... бітіру.
 
8-жаттығу. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастыр. Екінші сөйлемді сұраулы, төртінші сөйлемді лепті сөйлем етіп жазыңдар.
 
1. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп шығады, бəйшешек.
2. Бəйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.
3. Гүлдер, жақсы көреді, өте, күн сəулесін.
4. Тезірек, бəйшешек, екен, көрінсе.
5. Бармақшымыз, бəріміз, бəйшешек, тауға, теруге.
 
9-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

Қаланың көрікті жерінде зəулім үй тұр. Бұл үйге үнемі балалар келіп-кетіп жатады. Бұл зəулім үй «Оқушылар сарайы» деп аталады. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды. Компьютермен жұмыс істеп, əртүрлі бағдарламалар құрастырады. Мұнда расытхана да бар. Онда нағыз телескоппен аспан əлемін көруге болады.
 
 10-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.
 
1. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді.       5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
  
11-жаттығу. Төмендегі мəтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта.
 Киіз үй – Орталық жəне Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дəуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
 
12-жаттығу. Мына мақал-мəтелдердің тыныс белгілерін қойып, көшір.
 
1. Су диханның қаны, жер диханның жаны. 2. Еңбек– ердің сəні. 3. Еңбек түбі береке. 4. Халықтың ортақ үйі– Отан. 5. Бірлік бұзылмас қамал. 6. Білім таусылмас бұлақ, өнер өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті еңбек. 10. Ырыс алды ынтымақ.
 
13-жаттығу. Мəтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
 
Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Оқушылар көп жиналды. Жиналыс өте қызықты өтті. Қызықты тақырыптар талқыланды. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жиналыс кеш аяқталды. Үйге бəріміз бірге қайттық. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысуымыз керек.
   
14-жаттығу. Мына сөйлемдерді «бірақ», «сонда да», «əйтсе де» жалғаулықтары арқылы қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 1. Көктем келді. Күн əлі суық. 2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 3. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. 4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. 5. Қар жауып тұр. Күн суық емес. 6. Жолдасым ауырып қалды. Дəрігерді шақыртпады. 7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. 8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. 9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес. 10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.
 

15-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, .... 8. Əрсен жерге жатса, ... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....




Синтаксис саласы бойынша тестік сауалдар


1. Сөйлемніңтұрлаусызмүшелері
а) бастауыш  

в) баяндауыш  

д) толықтауыш 

е) еліктеуіш  

с) есімше
2. Сабақтасқұрмалассөйлемдікөрсет.
а) Сабақ аяқталды, оқушылар үйлеріне қайтты  

в) Бүгін күн суық
д) Сен қайда барасың?  

е) Досым кеше келді
с) Күн жылы болғандықтан, сыртқа шықтық
3. Толықтауыштытап. 
а) ақынды  

в) кеме  

д) қаланың  

е) қайықтың 

с) көктем
4. Хабарлысөйлемдітап. 
а) Қандайғажап. 

в) Меніңарманым– дəрігерболу  

д) Бұлне?
е) Жазғы демалыс қызықты өтті.

с) Кім кезекші?
5. Сөйлемніңтұрлаулымүшелерінтап. 
а) бастауыш  

в) пысықтауыш  

д) еліктеуіш 

е) есімше  

с) толықтауыш
6. Салаласқұрмалассөйлемдітап.
а) Құнанбай үндеген жоқ. 

в) Күн ыстық болғандықтан, біз шомылуға кеттік. 
д) Таң атып келеді.

е) Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз. 
с) Туыстарым сізге ертең барар.
7. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғауларын тап:
а) сондықтан  

в) немесе  

д) жəне  

е) біресе  

с) алайда
8. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді тап.
а) Мұғалім келді, сабақ басталды. 

в) Сабақ аяқталды, алайда оқушылар сыныптан шыққан жоқ. 

д) Əжеміз үйге келді.

е) Маған қазақ тілі өте ұнайды. 

с) Күн ұзарды, түн қысқарды
9. Жайылма сөйлемді көрсет. 
а) Таң атты. 

в) Күн шықты. 

д) Мұғалім көңілді.  

е) Оқу басталатын уақыт та жетті. 
с) Мектеп тап-таза.
10. Құрмалас сөйлемді көрсет. 
а) Өмірді, еңбекті сүй. 

в) Ел іші – өнер кеніші. 

д) Ол аспай-саспай киіне бастады.
е) Ажал алыс болса, ақша жақын. 

с) Жақсы сөз – жарым ырыс.
11. Төлсөзді сөйлемді белгіле:
а) Сен дегенде сөз бар ма?  

в) Əй дер əже, қой дер қожа жоқ .
д) Балалардың соңғы ермегі –“Ақсүйек”, “Соқыртеке”.

е) “Келешек – өткен тарихты қорғау” – дейді Олжас Сүлейменов.
с) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
12. Атаулысөйлемдікөрсет. 
а) Жаз. 

в) Күнертешықты.  

д) Мұғалім көңілді.  

е) Оқу басталатын уақыт та жетті.
с) Мектеп тап-таза.
13. Жақсыз сөйлемді тап.
а) Құттықтау қағазын алдым. 
в) Əжем ауылға кетті. 

д) Оған уақытты өткізу керек.  

е) Сəби жылай бастады. 
с) Қоңырау соғылды.
14. Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаны тап.
а) Сулық жаңбырда киетін киім. 

в) Қар жауды. 

д) Екі жерде екі төрт.
е) Оның əке-шешесі бар. 

с) Отбасымыз төртеу еді.
15.Тұрлаулы мүшені табыңыз. 
а) анықтауыш  

в) бастауыш

д) толықтауыш  

е) пысықтауыш  

с) одағай







































МАЗМҰНЫ

1.Фонетика............................................................................................................

2.Фонетика жаттығулар.......................................................................................

3.Фонетика саласы бойынша тестік сауалдар..................................................

4.Лексика...............................................................................................................

5.Лексика жаттығулар..........................................................................................

6.Лексика саласы бойынша тестік сауалдар......................................................

7.Морфология.......................................................................................................

8.Морфология жаттығулар..................................................................................

9.Морфология саласы бойынша тестік сауалдар..............................................

10.Синтаксис..........................................................................................................

11.Синтаксис жаттығулар.....................................................................................

12.Синтаксис саласы бойынша тестік сауалдар.................................................























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі А.,1993

2. Оралбаева Н., Абылақова Ә Қазақ тілі А.,1992

3. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік А., 2001

4. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі А.,2004

5. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі А.,2007

6. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік А., 2007

7. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
67 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
7279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі