жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдістемелік құрал:Педиатриядағы шұғыл жағдайлар
АЛҒЫ СӨЗ
Педиатрия (paidos - грек сөзінен алынған бала, iatrea - емдеу) баланың даму заңдылықтарын, аурудың себебі мен даму механизмін, оны анықтап емдеу, алдын-алу туралы зерттейді.
Бала ағзасының анатомиялық-физиологиялық көрсеткіштері ересектерге қарағанда өзгеше екендігі ескеріліп және қазіргі кездегі қолданылатын жаңа емдеу әдістері жазылған оқулықтарға негізделе отырып жасақталды. Көмекші оқу құралында балалар арасында шұғыл көмекті қажет ететін синдромдар, емдеу әдістері жеке-жеке көрсетілген.
Бұл оқу құралы білім алушылардың балаға көмек көрсету кезінде тез ойлап, тез шешім қабылдауға, өз мамандықтарына деген жауапкершіліктерін арттыруға, білім деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін көмекші құрал болып табылады. Тиісті дәрежеде жасалған көмектің ауру диагностикасы мен емінде алатын орнының маңыздылығы да ескерілген. Осы тақырыпқа қажетті ақпараттар қысқаша топтама түрінде беріліп, таблицалар, суреттермен толықтырылды. Ана тілінде жазылған оқулықтардың жетіспейтіні белгілі, сондықтан көмекші оқу құралын орта буын медицина қызметкерлері мен медицина колледжінің жас мамандары, оқытушылары, білім алушылары қолдануы үшін жасақталынды.
Жүрек жұмысы және тыныс алу тоқтағанда көрсетілетін жедел жәрдем
Бүкіл әлемдік реанимациялық тізбе төрт бөлімнен тұрады:
«А» - Сізге және балаға қауіп бар ма? Түрлі қауіп-қатер
болуы мүмкін, бар болса одан құтылудың жолын тез
арада шешім қабылданып, қарастырылуы тиіс.
«В» - Тыныс алу жолдарын тексеру (бос па?)
«С» - Тыныс алуын тексеру (тыныс алып жатыр ма?)
- Кеуде қуысының қозғалысын тексеру
- Тыныс алу дыбысын тексеру
«Д» - Қан айналым жүйесін тексеру (жүрегі соғып тұр ма?)
пульсті іздеу
1 жасқа дейінгі балада пульсті иық артериясынан іздеген жөн. Шынтақ пен иықтың ортасының ішкі бетінен 2 саусақпен жәй сүйекке қарай итере басып, сүйектің артқы бетінен бас бармақпен демейді.
1 жастан асқан балаларда пульс ұйқы артериясында анықталады. 2 саусақпен қалқанша шеміршегі мен мойын бұлшық еті арасындағы ойысты басып, пульсті анықтайды.
Пульс жиі шынтақ артериясында анықталады. Оң қолдың 2-3-4 саусақтарымен білезіктегі шынтақ артериясын басып қарау арқылы анықталады.
Балалардағы пульсті анықтау
Ескерту!
Егер тыныс алу анықталмаса – жасанды тыныс алдыру жүргізіледі.
Егер пульс анықталмаса – жүрекке тікелей емес уқалау жүргізіледі.
Балалардағы пульс көрсеткіштері
-
Баланың жасы
1 минут ішіндегі
пульстің соғуы
Нәресте
140
1 – 12 ай
130 – 125
1 – 2 жас
120 – 115
3 – 4 жас
110 – 105
5 – 7 жас
100 – 90
8 – 10 жас
85 – 80
11 – 14 жас
85 – 72
Пульстің жиілеуі тахикардия деп аталады. Ал, баяулауы брадикардия деп аталады. Ал, пульс соғуының аралық уақыттары әр түрлі болса, артимия деп талады.
Ауыздан ауызға жасанды тыныс алдыру
1 жасқа дейінгі және 1 жастан кейінгі балаларға жасанды тыныс
алдырудың айырмашылығы бар. Нәрестеге дем бергенде
үш ережені ескеру қажет:
1) Ауыз және мұрынға бір мезгілде дем берілуі тиіс
2) Емшек жасындағы баланың мойны қысқа, жуан, нәзік
сондықтан басын артқа шалқайтқан кезде сақ болу қажет
3) Барлық күшіңмен нәрестенің тыныс алу жолына үрлеме,
себебі өкпе альвеолалары жарылып кетуі мүмкін.
1 жасқа дейінгі балаларда жасанды тыныс алдыруды жүргізу
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
1 |
Нәрестені тегіс жерге жатқызу |
Тыныс алу жолдары ашылады |
2 |
Иығының астына валик қою |
Тыныс алу жолдары ашылады |
3 |
Басын еппен артқа шалқайтып, иегін көтеру |
Нәрестенің мойны қысқа, нәзік Тілінің кетіп қалуын сақтайды |
4 |
Тыныс алу жолдарын шырыштан және бөгде заттардан тазарту |
Тыныс алу жоларының өткізгіштігін қамтамасыз етеді. |
5 |
Мұрынына, аузына дәке қою. |
Жұқпалы аурулардан сақтайды. |
6 |
Ішке тыныс алып ауызды нәресте ауызы мен мұрнына тығыз орналастыру. |
Жүргізілген шаралар нәтижелі болуы тиіс |
7 |
Мөлшерлі ауаны нәрестенің тыныс алу жолдарына жіберу қажет, сол кезде кеуде қуысы жоғары көтеріледі. Ескерту: Нәресте жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым жіберілетін ауа да аз болуы тиіс. |
Нәресте өкпесі ауамен толтырылуы тиіс
Альвеолалары жарылып кетпес үшін
|
8 |
Нәрестенің кеуде қуысы төмен түскенше, үзіліс жасалу керек. |
Енжарлы тыныс шығарылады |
9 |
6-8 пунктерді өздігінен тыныс алғанша немесе жедел жәрдем келгенше немесе өлік дақтары пайда болғанша қайталау қажет |
Өлік дақтарының пайда болуы биологиялық өлімнің белгісі болып табылады. |
1 жастан кейінгі балаларда жасанды тыныс алдыруды жүргізу
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
1 |
Баланы шалқасынан жерге жатқызу (көмек көрсетуші баланың оң жағында тұрады) |
Тыныс алу жолының өткізгіштігі артады |
2 |
Иық астына валик қою |
Тыныс алу жолы ашылады |
3 |
Басын шалқайтып иегін көтеру |
Тілінің түсіп кетуінің алдын алу |
4 |
Жоғарғы тыныс жолдарын шырыш, бөгде заттардан тазарту |
Тыныс алу жолының өткізгіштігі қамтамасыз етіледі. |
5 |
Аузына дәке қою |
Жұқпалы аурулардың алдын алу |
6 |
Ішке тыныс алып ауызды баланың аузына тығыз орналастыру |
Жүргізілген шаралардың нәтижелі болуы үшін |
7 |
Ауаны баланың тыныс алу жолдарына жеткілікті мөлшерде үрле; кеуде қуысы жәй көтерілуі тиіс |
Баланың өкпесі ауаға толтырылады. |
8 |
Кеуде қуысы төмен түскенше үзіліс жасалады |
Енжарлы тыныс шығарылады. |
9 |
7 – 9 пунктерді бала өздігінен тыныс алғанша немесе жедел жәрдем келгенше жасалады. |
Өлік дақтары биологиялық өлімнің белгісі болып табылады. |
Жүрекке тікелей емес уқалау жүргізу
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
1 |
Баланы шалқасынан тегіс жерге жатқызу. (көмек көрсетуші баланың оң жағында тұрады) |
Жасалған шаралардың нәтижесі болу үшін |
2 |
Баланың жасына байланысты көмек қолдың әр түрлі бөліктерімен төстің төменгі бөлімін итереді. (семсер өсіндісін емес) Нәрестеге екі бас бармақтың ішкі жағымен (қалған саусақтарды баланың арқасына орналастыру) 1 – 12 айлық балаларға – екінші , үшінші саусақтармен 1 – 7 жас – бір алақанмен (саусақтармен емес ) 7 жастан жоғары - екі алақанды кеудеге крест түрінде айқастырып, «көбелек» тәрізді орналастырады. |
Жергілікті қысым көлемін қамтамасыз ету Семсер тәрізді өсінді сынып кетуі мүмкін
Кеуде қуысын әлсіз итеру қимылдарынан қан айналым тамырлары арқылы қан жылжымайды. Ал өте қатты итерсе қабырға немесе төс сынуы мүмкін. |
3 |
Кеуде қуысына итерген кезде ол төмен қарай түседі: Нәрестеде-1-1,5 см Емшек жасындағы балаларда -1-2,5 см Ересек балаларда -3-3,5 см |
|
4 |
Егер жүрекке тікелей емес уқалау, жасанды тыныс алдырумен қатар жасалса, ауаны үрлеу және кеуде қуысын итерудің ара қатынасы: 1:5 көмек көрсетуші екі адам болса 2:10 көмек көрсетуші бір адам болса |
Тыныс алу жиілігі мен жүрек соғу жиілігінің қалыпты көрсеткіштеріне сәйкестендірілген |
5 |
Реанимациялық шараларды жүргізгеннен соң 1 минуттан кейін өмірге маңызды мүшелердің қызметі қалпына келген, келмегенін тексеру қажет |
Жүргізілген шаралардың нәтижесін білу үшін |
6 |
Реанимациялық шараларды жедел жәрдем келгенше (өмірге маңызды мүшелердің қызметі қалпына келгенше) немесе өлік дақтары пайда болғанша жасалады |
Өлік дақтары биологиялық өлімнің белгісі болып табылады. |
Метеоризм
Метеоризм - ішектерге газ жиналып, іштің кеуіп кетуі.
Метеоризм кезіндегі көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері
|
1 |
Баланың қысып тұрған киімдерін шешіп , шалқасынан жатқызу. |
Ішек перистальтикасын жақсарту үшін |
|
2 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Қолайлы жағдай туғызу қажет |
|
3 |
Сағат тілінің бағытында ішке жеңіл уқалаулар жүргізу |
Ішек перистальтикасын жақсарту үшін |
|
4 |
Осы шаралардан нәтиже болмаса жел шығарғыш түтікше қойылады. |
Жиналған газдарды шығару үшін |
|
5 |
Нәтиже болмаса, реr os беріледі: Карболен немесе Смекта Одан да нәтиже болмаса бұлшық етке салынады Церукал (реглан) немесе Прозерин |
Адсорбент болып табылады
Ішек перестальтикасын жақсартады |
1 мг/кг (1мл-5 мг) 0,1мл/әр жасына |
6 |
Рационнан ішті желдендіретін тағамдарды алып тастау қажет: сүт, газдалған сусындар, көкөністер, дәнді дақылдар, қара нан т.б. |
Метеоризмнің күшеюінің алдын алу немесе қайталанбауы үшін |
|
Құсу Құсудың себептері:
- Тамақпен , дәрімен т.б. заттармен улану
- Интоксикация
- Асқорыту жүйесінің аурулары
- Орталық жүйке жүйесінің аурулары
Құсу кезіндегі шұғыл көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері
|
|
1 |
Баланың басын көтеріңкі қылып жатқызу және басын бір қырына бұру |
Құсығына тұншығып қалудың алдын алу. |
|
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін босату |
Тыныс алуды жеңілдетеді |
|
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Қолайсыз иістерден арылу үшін |
|
|
4 |
Дәрігердің нұсқауымен қарынды жуу |
Токсиндерді улы заттардан тазарту Кейбір жағдайда қарынды жуған баланың жағдайын нашарлатуы мүмкін екендігін ескеру қажет |
|
|
5 |
Дәрі – дәрімектерді енгізу
Ескерту: Әрбір келесі дәрі алдыңғы дәріден нәтиже болмаған жағдайда ғана беріледі Per оs: 0,25 % новокаин ерітіндісі
Бұлшық етке:
|
Құсудың шеткі орталықтарындағы қозуды азайту үшін
Перистальтиканы жақсартады
Перистальтиканы жақсартады
Құсудың ОЖЖ орталығының қозуын басады |
1 шәй қасық; 1 десерт қасық; 1 ас қасық жасына байланысты 1 мг/кг 1 мл - 5мг
0,1 мл әр жасына
0,1 мл әр жасына |
|
6 |
Құсып болғаннан кейін
|
Жеке бас гигиенасын сақтау
Сұйықтың орнын толтыру үшін
Құсудың себебін анықтау үшін |
|
|
7 |
Құсудың себебін тауып оны жою |
Құсудың қайталанбауы үшін |
|
|
Коллапс
Коллапс - жедел тамыр жетіспеушіліктің ауыр түрі.
Коллапс қан көп кеткен кезде немесе қан қыл тамырларына мүшелерге жинақталған кезде қан қысымы күрт төмендейді.
Клиникалық белгілері:
аяқ астынан науқас жағдайы төмендеп, есінен танады
терілері бозғылт
салқын, жабысқақ тер
пульс әлсіз
қан қысымы төмендеген
Коллапс кезіндегі шұғыл көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері
|
1 |
Баланы тегіс жерге аяқ-қолын көтеріңкі қылып жатқызу |
Ми гипоксиясы дамиды, сондықтан миға қанның келуін жақсарту үшін |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін босату |
Тыныс алуын жеңілдетеді |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Коллапста ағзада гипоксия дамиды |
|
4 |
Қаң тамырларын тарылтатын дәрілер салу Мезатон немесе
Норадреналин немесе
Адреналин |
Бұл дәрілер қан тамырларын тарылтады, яғни қан қысымын жоғарылатады |
0,1 мл әр жасына
0,1 мл әр жасына
0,1 мл әр жасына
|
5 |
Көк тамырға тамшылатып қан ауыстыратын сұйықтықтар жіберіледі
Қан қысымын үнемі бақылау қажет |
Қан тамырларын толтыру арқыы қан қысымы жоғарылайды |
|
Қалыпты жағдайдағы қан қысымының балалардағы көрсеткіштері
Артерия қан қысымының көтерілуін - гипертензия, төмендеуін - гипотензия деп атайды.
Баланың жасы |
Қан қысымы |
||
|
қолда |
аяқта |
|
систолалық |
дистолалық |
|
|
мм.с.б. |
мм.с.б. |
|
|
Нәрсте 1-12 ай 1 – жас 6-10 жас 11-14 жас |
60-80 80-85 90-105 95-115 105-120 |
40-50 45-50 50-60 55-65 65-70 |
Систолалық қысым қолдағыға қарағанда 10-20 мм.с.б. артық болады |
Есінен тану
Есінен тану – қан тамыры жетіспеушілігің көрінісі бұл кезде мида ишемия болғандықтан адам аз уақытта есінен айырылады.
Есінен танған кездегі көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Баланың аяқ жағын көтеріңкі қылып жатқызу немесе басын, кеудесін төмен қарай еңкейтіп отырғызу |
Бас миы қанмен қамтамасыз етіледі |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін босату |
Өкпенің қозғалысын жеңілдетеді. |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Есінен танғанда ми гипоксиясы дамиды. |
|
4 |
Бетіне, денесіне салқын су шашу немесе мүсәтір , уксус қышқылын иіскету |
Мида орналасқан тыныс алу және қан тамыр орталықтарын қоздыру үшін |
|
5 |
Кордиаминді тері астына енгізу |
Орталықжүйке жүйесін қоздырады |
0,1 мг әр жасына |
Нәрестенің асфиксиясы немесе тұншығуы
Клиникалық белгісі:
Тыныс алудың бұзылуы немесе тоқтауы
Асфиксияның дәрежелері Апгар шкаласы бойынша анықталады.
І дәрежесі - 7 балл ІІ дәрежесі - 4-6 балл ІІІ дәрежесі - 1-3 балл
Апгар шкаласы бойынша нәресте туылғаннан кейін 1 және 5 минуттан кейін бағалануы тиіс.
Егер 5 минуттан кейін Апгар шкаласы бойынша 7 баллға жетпесе реанимацияны әрі қарай баланың жағдайы қалпына келгенше жалғастырады.
Тыныс алу жолдарын тазарту.
Бұл кезең 20-25 секундқа созылады.
А. Жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алу. Б.Егер өздігінен тыныс алмаса табан, бөксесіне қағу қимылдарын жүргізу. |
Егер 20-25 секундта өздігінен тыныс алмаса реанимация ІІ кезеңге өтеді. |
ІІ кезең. Сыртқы тыныс алуды қалпына келтіру.
Көмек көрсету ұзақтығы 20-30 секунд.
-Жасанды тыныс алдыру орталығын дәрі-дәрметер- мен қоздыру Налорфин 0,01 мг/кг), Этимизол 0,1 мг/кг |
Егер 20-30 секундтан кейін жүрек соғысы минутына 80 реттен төмен болса реанимацияның ІІІ кезеңі басталады. |
ІІІ кезең. Жүрек жұмысын қалпына келтіру
Реанимацияны бастаған уақыттан 20 минутқа дейін бастаған қолайлы.
Жүрекке тікелей емес уқалау + жасанды тыныс алдыру
60 секунд ішінде нәтиже болмаса көк тамырға 0,1%-0,1 мл/ әр жасына адреналинді физиологиялық ерітіндімен қосындысын енгізеді. (1:1)
Адреналинді енгізуді 5 минут сайын 3 рет қайталауға болады. Ми зақымдануларының алдын алу үшін «К» витамині беріледі және дұрыс күтім жүргізілуі тиіс
Ларингоспазм
Ларингоспазм спазмофилия ауруының нақты бір түрі.
Спазмофилия – ағзадағы Са мөлшерінің азаюынан дамитын, жиі нәрестелерде кездесетін, құрылуға бейімділікпен сипатталатын ауру.
Спазмофилия рахитпен ауыратын балаларда кездеседі.
Ларингоспазм – дыбыс саңылауларының тарылуы. Бала қорыққанда, жылағаннан кейін дамиды. Алдымен ысылдап, қарлығып ішіне дем алғаннан кейін тыныс алуы тоқтап қалады. Бала бозарып , көгереді, есінен танады. «Ұстама, әтештің айқайы» тәрізді ішке тыныс алумен аяқталады. Сосын бала мазасызданып жылайды, бірнеше минуттан кейін ұйықтап қалады. Ауыр жағдайда баланың жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Баланы тегіс жерге жатқызу |
Жүрегі тоқтап қалса реанимациялық шаралар жүргізілуі мүмкін |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін шешу. |
Өкпе қозғалысы жақсарады. |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Балаға оттегі жетіспейді. |
|
4 |
Қолайлы, тыныш жағдай туғызу |
Мазасыздану жаңа ұстаманың дамуына әсер етеді. |
|
5 |
Беті мен денесіне салқын су шашу немесе мұрнына үрлеу, мүсәтір спиртін иіскету немесе шпательмен тіл түбірін жай басу. |
Бұл шаралар рефлекторлық түрде көмекейдегі бұлшық еттерді босаңсытуы мүмкін |
|
6 |
Көк тамырға Глюконат кальций |
Аурудың себебі гипокальциемия |
1,0 мл/ әр жасына |
7 |
Нәтиже болмаса интубация немесе трахеостомия |
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігі қамтамасыз етіледі. |
|
8 |
Жүрегі тоқтап қалса – жүрегіне тікелей емес уқалау жүргізіледі |
Реанимациялық шаралар |
|
9 |
Тыныс алуы қалыпқа келгеннен кейін оксигенотерапия жүргізіледі. |
Ларингоспазм салдарынан ағзада гипоксия дамиды |
|
Стеноздаушы ларингит
(Жалған круп)
Жалған круп – тыныс алу жолының тарылуынан тыныс алу жетімсіздігі дамиды. Нәрестелерде анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне байланысты жиі кездеседі. Көмекейде дыбыс саңылауының кілегейлі қабығы ісінеді, қуысы тарылады, шырышты заттар жиналады. Сондықтан, тыныс алу жетімсіздігі дамиды: бала мазасызданады, төсегінде дөңбекшиді, инспизаторлық ентігу, цианоз, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, даусы қарлығыңқы, жөтелі «иттің үргені» тәрәзді.
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Баланың басын көтеріңкі қылып жатқызу |
Дыбыс саңылауындағы ісіну азаяды Тыныс алуы жеңілдейді |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін босату. |
Өкпенің қозғалысы жеңілдейді |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Оттегіге мұқтаждық артады |
|
4 |
Қолайлы, тыныш жағдай туғызу |
Бала мазасыз болады |
|
5 |
Димедрол 0,1% ерітінді |
Аллергияны басады, баланы тыныштандырады |
0,1-0,2мл/ әр жасына |
5 |
Балтырына қыша қою, аяғын бұлау |
Қан дененің төменгі бөлігіне кетіп, көмекейдегі ісік азаяды. Шырышты заттардың бөлінуі азаяды. |
|
6 |
Булы ингаляция жүргізу: Эуфилинмен Содамен Қақырық түсіретін шөптермен |
Жылу мен эуфилин дыбыс қатпарындағы ісікті басады. Сода қақырықты түсіреді жұмсартады. Шөптер қақырықтың бөлінуін жеңілдетеді. |
|
7 |
Бұлшық етке немесе көк тамырға Лазикс салу |
Дыбыс саңылауындағы ісікті басады (несепті жүргізу арқылы) |
1- 2 мг/кг 1 мл -10 мг |
8 |
Бұлшық етке немесе тері астына Эфедрин салу |
Дыбыс қатпарындағы бұлшық еттерді босаңсытады. Бронхолитикалық әсері бар. |
0,1 мг әр жасына |
9 |
Ауыр жағдайда көктамырға, Предлизолон бұлшық етке |
Қабынуға қарсы аллергияға қарсы әсері айқын. Тек ауыр жағдайда ғана салынады. |
3-5 мг / кг 1мл -30 мг |
10 |
Оксигенотерапия |
Оттегіге мұқтаждығын жою үшін |
|
Құрысу (convulsion)
Құрысу – бұлшық еттердің еріктен тыс жиырылуы.
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Баланы тегіс жерге жатқызу, зақымдау қаупі бар заттарды алып тастау |
Жарақаттардың алдына алу үшін |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін босату |
Өкпе қозғалысын жеңілдетеді |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Құрысу кезіндегі оттегіге мұқтждық артады |
|
4 |
Тістердің арасына дәке оралған шпатель салу |
Тілін тістеуі мүмкін |
|
5 |
Көктамырға немесе бұлшық етке: Реланиум (седуксен) немесе Дроперидол немесе 25% магний сульфат немесе ГОМК |
Орталық жүйке жүйесіндегі қозуды тежейді және мидың гиппоксия төзімділігін арттырады. |
0,1 мл/ әр жасына
0,1-0,2мл/ әр жасына 0,1-0,2мл/ әр жасына 50-100 мг/ кг 1мл- 200мг |
6 |
Оксигенотерапия |
Гипоксия салдарынан құрысу дамуы мүмкін |
|
7 |
Құрысудың себебін тауып, жою |
«құрысу» аурудың белгісі. Ауруды емдемесе құрысу қайталану мүмкін |
|
Анафилаксиялық шок
Анафилаксиялық шок – аллерген әсерінен бірнеше минут ішінде дамитын аллергиялық реакция.
Антеген мен антидене арасындағы аллергиялық реакция нәтижесінде ағзада кенеттен гистамин сияқты биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттар әсерінен:
Қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі артады
Қан қысымы төмендейді, есінен танады, тахикардия, терілері бозғылт, пульс әлсіз
Бронхоспазм әсерінен тыныс алу қиындайды, тыныс алу жетімсіздігі тез дамиды: ентігу, цианоз байқалады. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады.
Анафилаксиялық шок кезіндегі шұғыл көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Аллергенді енгізуді тоқтату |
Анафилаксиялық шок – бұл аллергиялық реакция |
|
2 |
Баланы бір қырынан жатқызу |
Құсуы мүмкін |
|
3 |
Аллерген салынған жерге мұзды мұйық қою, немесе бұрау салу |
Қанға аллергеннің түсуін азайтады. |
|
4 |
Қысып тұрған киімдерін босату |
Өкпенің қозғалысын жеңілдетеді. |
|
5 |
Көк тамырға немесе бұлшық етке: Преднизолон
Адреналин
Димедрол
Эуфиллин
Глюконат кальций |
Аллергияға қарсы әсері айқын Адреналин қан қысымын көтереді. (себебі қан тамырын тарылту әсері бар) Димедрол антигистаминдік әсері бар Эуфиллиннің бронхолитикалық әсері бар Қан тамыры қабырғасының өткізгіштігін азайтады антиаллергиялық әсері бар. |
1– 5 мг / кг 1мл -30 мг 0,1 мл/ әр жасына
0,1 мл/ әр жасына
1,0 мл/ әр жасына
1,0 мл/ әр жасына
|
6 |
Оксигенотерапия |
Гипоксияны жою үшін |
|
Гипертермия
Гипертермия - балаларда ең жиі кездесетін симптомның бірі.
Қазіргі кезде гипертермияны ағзаның қорғаныстық-компенсаторлық реакциясы деп санайды. Себебі бұл кезде ағзаның ауруға қарсы иммундық жүйесінің қызметі күшейеді.
- қанның бактериоцидтік қасиеті артады
- лейкоциттердің белсенділігі жоғарылайды
- эндогендік интерферонның жасалуы күшейеді-ұлпаларда зат
алмасу процесі жоғарылайды.
Қызба (лихорадка) – ағзада патологиялық процестің бар екендігін айқындайтын қорғаныстық реакция. Бірақ дене температурасының көтерілуі артқан сайын, тыныс алу мен қан айналым жүйесіне түсетін күш те артады. 370С температурадан артқан әр 10С-та тыныс алуды 4-ке, ал пульс-10 ретке (1 минутта) көбейеді. Ал бұл кезде қанға оттегінің түсуі де артады. Бірақ соған қарамастан ағзада гипоксия дамиды, орталық жүйке жүйесі зардап шегеді, кейбір балаларда құрысулар болуы мүмкін. Мұндай құрысулар 39-400С- температурада байқалады.
Түрі |
Механизм |
Клиника |
Қызғылт гипертермия |
Жылу өндіру жылу бөлумен теңеседі |
Терілерінде гиперемия, жылы, ылғалды Жалпы жағдайы көп өзгермеген |
Ақ гипертермия |
Жылуды өндіру жылуды бөлуден басым, себебі шет қан тамырлары қысылған (спазм) |
Тоңу, қалтырау Терілері боз Еріндері, тырнақтары көгіс Қол – аяқтары салқын |
Шұғыл көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Баланы төсекке жатқызу |
Дене температурасының көтерілуі – бұл улану белгісі болып табылады. |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін шешу. |
Өкпенің қозғалысын жеңілдетеді. |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Гипертермия кезінде оттегінің қажеттілігі артады. |
|
4 |
Гипертермия түрін анықта (ақ және қызғылт ) Егер ақ гипертермия болса – қызғылт гипертермияға ауыстыру қажет ол үшін баланы жылыту қажет. Но – шпа немесе никотин қышқылын немесе поповерин беріледі. |
Ақ гипертермия шет қан тамырлардың спазм болуына байланысты, жылу аз бөлінеді |
|
5 |
Температураға байланысты жүргізілетін шаралар: 37,0 – 37,5 – сұйықтықтар беріледі 37,5 – 38,0 – физикалық салқындату жүргізіледі 38,0 – 38,5 парацетомол 38,5 0С және одан жоғары болса бұлшық етке литикалық қоспалар салынады Анальгин
Димедрол
Папаверин |
Басына мұзды мұйық қою, салқын су басу, сірке қышқылымен, спиртпен ысқылау |
0,1 мл/ әр жасына 0,1 мл/ әр жасына 0,1 мл/ әр жасына |
6 |
Оксигенотерапия |
Гипертермия кезінде гипоксия дамиды |
|
7 |
Осы шараларды бастағаннан кейін 20 – 30 минут ішінде несеп шығарылуы тиіс |
Токсиндерді ағзадан шығару үшін |
|
8 |
30 – 60 минут сайын термометрияны қайталайды |
Жүргізілген шараның нәтижесін бағалау үшін |
|
9 |
Жүргізілген шараларды толықтыру қажет. (термометрияның нәтижесіне байланысты) |
Әр 30 -60 минутта температура 0,2 – 0,30С төмен түсуі қажет. |
|
Мұрыннан қан кету кезіндегі шұғыл көмек
№ |
Кезеңдері |
Негізделуі |
Мөлшері |
1 |
Баланың басын еңкейтіп отырғызу |
Қанның тыныс жолдарына кетпеу үшін |
|
2 |
Қысып тұрған киімдерін босату, терең тыныс алу |
Өкпе қозғалысын жақсартады. Терең тыныс алу бастан вена қанының ағуын жақсартады |
|
3 |
Таза ауамен қамтамасыз ету |
Тыныс алуын жақсартады. Жағымсыз иістен арылту үшін |
|
4 |
Тыныш жағдай жасау |
Баланың қорқынышын басу үшін |
|
5 |
Мұрын қанаттарын мұрын пердесіне қарай қысу |
Қан кетуді механикалық жолмен тоқтату |
|
6 |
Мұрын қуысы аймағына, кеудесіне, желкесіне салқын басу, аяғына қыздырғыш қою |
Мұрын қуысына қан келуді азайтады |
|
7 |
Қан кеткен мұрын қуысына мақта тампондарын салу (мақта тампондарын 3% сутегі асқын тотығына Адреналин, Викасол, гипертоникалық ерітіндіге, ана сүтіне малған жөн) |
Қанды жергілікті тоқтату қамтамасыз етіледі. Сутегі асқын тотығы күйдіреді, Адреналин қан тамырларын тарылтады. Викасол, гипертоникалық ерітіндінің қан тоқтатын әсері бар. Ана сүтінде қан тоқтататын «К» дәрумені бар |
|
8 |
Бұлшық етке салынады Викасол
Глюконат кальций |
Қан тоқтату әсері бар Қан тоқтату және қан тамырының қабырғасын нығайтады |
01мл/ әр жасына 1,0мл/ әр жасына |
9 |
Қан кету себебін тауып, оны жою. Ыстық тағамдар, сусындар беруге болмайды. |
Мұрыннан қан кету – бұл ауру емес, белгілібір аурудыңбелгісі болып табылады. |
|
Жедел улану
Егер баланың жағдайы ауыр болса, тыныс алуын, қан айналым жүйесінің қызметін қалпына келтіру керек. Егер жағдайы қалыпты болса, көрсетілетін шұғыл көмектің реттілігі:
Сіңіп үлгермеген улы заттарды жою.
Сіңірілген удың бөлінуін тездету.
Антидоттық терапия.
Патогенетикалық және симптомдық ем
I. 1. Сіңіп үлгермеген улы затты тері, шырышты қабықтардан жою үшін лас киімдерін шешу, таза киім кигізу керек. Бетін, қолын жылы сабынды сумен, ал көзін 10-15 минут бойы жылы сумен жуады.
2. Егер улы зат ауыз арқылы қабылданған болса, науқастың есі болса (дәрі-дәрмекті, саңырау құлақты, жемістерді т.б тамақты қабылдағанына көп уақыт болмаса және улы заттың коррозиялық әсері болмаса) құстыру керек. Әдісі: 200 – 500 мл (баланың жасына байланысты) тұзды суды (1 шай қасық тұзды 1 стакан суға немесе қайнаған суды ішкізіп саусақпен немесе қасықпен жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендіру арқылы құстыру. мұны таза су шыққанша қайталайды.
Қарынды жуу - міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Қарсы көрсеткіштер:
коррозиялық улы затпен улану
барбитураттар мен уланғаннан кейін 6-8 сағат өтсе, Себебі қарынның пилорикалық сфинктері босаңсып улы заттар 12 елі ішекке өтеді.
науқастың ес – түссіз жағдайында.
Қарынды жуу әдісі: Зонд баланың жасына байланысты таңдалады. Қарынға енгізілетін зондтың ұзындығын анықтау үшін құлағының сырғалығынан бастап, төстің семсер өсіндісіне дейін өлшенеді. Науқасты бір қырына жатқызып, басын төмен түсіреді. Енгізілетін сұйық мөлшері баланың жасына байланысты алынады.
Қарынды жуу үшін енгізілетін сұйық көлемі
Жасы |
Енгізілетін сұйық көлемі |
|
Бір рет жуу үшін (мл) |
Барлық енгізілетін сұйық мөлшері |
|
Нәресте |
15 – 20 |
200 мл |
3 айға дейінгі |
60 – 100 |
500 |
1 жасқа дейінгі |
100 - 110 |
1л |
5 жасқа дейінгі |
300 – 350 |
3 – 5л |
10 жасқа дейінгі |
350 – 400 |
6 – 8л |
10 жастан жоғары |
450 – 500 |
8 – 10л |
Қарынды жуу үшін жылы су немесе физиологиялық ерітінді қолданылады. Егер улы зат белгілі болса, арнайы ерітінділер қолдануға болады:
сілтілермен уланғанда – мүсәтір спиртін, жұмыртқа ақуызы қосылған сүтпен (1 литр сүтке + 12 жұмыртқаның ақуызы)
йодпен уланғанда – крахмал, ұн қосылған су,
никотин, кокаин мен уланғанда 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен
Қышқылмен уланғанда натрий гидрокарбонат ерітіндісін қолдануға болмайды! Қарынды жууды тәулігіне 2 – 3 рет жүргізуге болады. Жуып болғаннан кейін қарынға 100 – 200 мл суға ерітілген 10 – 30 гр магний сулфат енгізілген дұрыс (іш жүргізетін әсрі бар). Ал коррозиялық улы затпен уланғанда магний сулфат енгізілмейді! оның орнына вазелин майын 3мл/кг қолданады.
Тазалау клизмасы: барлық улану жағдайларында улы затты ағзадан тезірек шығару үшін қойылады.
Клизма үшін:
Жасы |
Клизмаға қажетті сұйық көлемі |
|
Тазалау клизмасы |
Сифондық клизма |
|
1 – 2 ай |
30 – 40 |
— |
3 – 5 ай |
60 |
800 – 1000 |
6 – 9 ай |
100 – 120 |
1000 – 1500 |
10 – 12 ай |
200 |
1500 |
2 – 5 жас |
300 |
2000 – 5000 |
6 – 10 жас |
400 – 500 |
5000 – 8000 |
II. Сіңірілген улы заттарды ағзадан шығару үшін диурездерді тездету және гемодиолиз, гемосорбция, плазмоферез аппараттары арқылы қанды тазарту. Мұндай улы заттарға жатады:
фосфор
угарлық газ (СО)
темір препараттары
цианидтер (миндаль – башақтары)
белгісіз дәрілермен уланғанда
аритмия қылатын дәрілермен уланғанда
ß адреноблокаторлар
жүрек гликозиттері
химиядан
кокайн
антидепресанттар
Кетоацидозды (гипергликемиялық) кома
Себептері: аурудың кеш анықталуы, инсулин мөлшерінің кем болуы, инсулинді жүйелі түрде қолданбау, диетаны дөрекі бұзу (майлы және тәтті тағамды көп қолдану), қосалқы аурулардың араласуы, күйзелісті жағдайлар.
Алғашқы белгілері: тәбеті төмендейді, әлсіздік, шөлдеу, жиі зәр шығару, іш ауруы, жүрек айнып құсу, ауыздан ацетон иісі шығады. Бірте-бірте бала сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, сөзі түсініксіз болады. Терісі құрғақ, суық, ерні жарылып қабыршақтанады, беті қызарады, тілі құрғап, бауыры үлкейеді. Егер науқасқа көмек берілмесе жағдайы нашарлай береді: дем алысы терең, шулы, рефлекстері және көз алмасы тонусы төмендейді; дегидратация белгілері күшейеді: бет пішіні айқындалып, пульсі жиі, қан қысымы азаяды. Көз қарашығы кішірейіп, ақыл-есі күңгірттенеді, өшеді. Қанда гипергликемия және гиперкетонемия, ацидоз, зәрде қант, кетонды денелер анықталады.
Жедел көмек: науқасты дереу ауруханаға жеткізу керек. Емдік шаралар дегидратациямен күреске және зат алмасуын реттеуге бағытталады. Емдеудің бірінші сағатында көк тамырға - Инсулинді 1 кг дене салмағына 0,1 бірліктен 150-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып үздіксіз жібереді;
Асқазанды 5% натрий гидрокорбанат жылы ерітіндісімен жуады; қуыққа катетер салады; 4% натрий гидрокорбанат жылы ерітіндісімен тазартқыш клизма қойылады. Оттегі беріледі, науқасты жылытады. Натрий хлорид ерітіндісін тамшылатып құюға дайындайды.(20мл/кг салмағына бірінші сағатта), оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылы, гепарин қосылады.
Жедел көмектің келесі сатысында глюкоза мен тұзды ерітінділер және инсулинотерапия жүргізіледі. Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітінділері, "Хлосоль", "Ацесоль", "Дисоль" 50-150 мл/кг салмағына беріледі. Бірінші 6 сағатта барлық сұйықтың 50% -і құйылады, инсулинотерапия (0,1 бірлік 1 кг дене салмағына сағат сайын) жалғастырады. Емді қандағы қант мөлшерін бақылап отырып жүргізеді. Науқастарға қан сары суы, реополиглюкин, гемодез, 4% натрий гидрокорбанат ерітіндісі, трисамин, калий хлорид, панангин қолдану қажет. Зат алмасуын жақсарту үшін В5, В6, С, кокарбоксилаза, АТФ тағайындалады, қажет болса антибиотиктер қосылады. Диетотерапия маңызды орын алады: бала ессіз күйде болса, көк тамырға ерітінділер мен глюкоза құю жеткілікті, жағдайы жақсарып жүрегі айну мен құсу болмаса тәтті сусын, шырындар, компот, кисель, минералды су беруге болады. Екінші күндері ботқалар, езілген көкөністер, жемістер, айран, нан қосады.
Гипогликемиялық кома
Команың жиі кездесетін түрі. Инсулин алып жүрген балаларда, гипогликемиялық жағдайлар байқалып тұрады.
Себептері: инсулин дозасының мөлшерден асып кетуі, физикалық күш түсуі, тамақтану режимінің бұзылуы (ашығу), инсулин алғаннан кейін тамақтың жеткіліксіз болуы. Гипогликемиялық жағдайдың негізі қандағы қанттың күрт азаюынан ми жасушаларында глюкоза сіңуі жетіспейді, мида гипоксия дамиды. Алғашқы белгілері: әртүрлі, "аштық" сезімі, тез әлсіреу, терлеу, аяқ-қол дірілінен басталады. Бас ауырып, басы айналады, еріні, тілі жансызданады. Науқаста қозу, ызалану, орынсыз ашулану байқалады, кейде апатия, ұйқы басу, кез келген жерде ұйықтап кетуі мүмкін. Қарашығы үлкейіп, бұлшық ет тонусы төмендейді, рефлекстері жоғалады, тоникалық, клоникалық құрысып-тырысу басталады. Науқас тез естен танады. Қан қысымы қалыпты.
Жедел көмек: Бастапқы белгілері кезінде тәтті шәй, бал тосап, ақ нан, ботқалар, картоп береді. Гипогликемияның науқас есінен танған ауыр түрінде көк тамырға үздіксіз 20-50 мл 20% глюкоза ерітіндісі жіберіледі. Егер нақас 10-15 мин соң есін жинамаса глюкозаны қайта жібереді, нәтиже болмаса, 5-10% глюкоза ерітіндісін көк тамырға тамшылатып құяды. Ауыр жағдайда оттегі беріледі, тері астына 0,1% адреналин немесе глюкагон ерітінділері, глюкокортикоидтар егіледі. Кокарбоксилаза, аскорбин қышқылы ерітінділерін қолдану да орынды.
Қолданылылған әдебиеттер:
«Современная педиатрия» Н.А.Федько.,Ростов-на-Дону «Феникс», 2007
Педиатрия практикум Н.В.Ежова., Минск. «Вышэйшая школа», 2003
Педиатрия для фельдшера Н.Г.Соколова., В.Д.Тульчинская., Ростов-на-Дону «Феникс», 2001
Семейная медсестра. Педиатрия.В.Д.Тульчинская., Ростов-на-Дону «Феникс», 2003
Балалар ауруларының пропедевтикасы мен балаларда жиі кездесетін аурулар. Б.Н.Баймухамбетова., М.А. Садуақасова., Астана, 2002
Педиатриянеотложные состояния у детей Т.В.Парийская. Москва. Санкт-Петербург, 2001
Мазмұны
Бет
1. Алғы сөз ………………………………………… …... ……2 2. Жүрек жұмысы және тыныс алу тоқтағанда
көрсетілетін жедел жәрдем……………………………….3
3. Метеориз …………………………………………………..10
4. Құсу…………………………………………………………12
5. Коллапс …………………………………………………….14
6. Есінен тану………………………………………………….16
7. Нәресте асфиксиясы немесе тұншығуы…………………..17
8. Ларингоспазм……………………………………………….19
9. Стеноздаушы ларингит (жалған круп) …………………...21
10. Құрысу …………………………………………………….23
11. Анафилактикалық шок …………………………………...24
12. Гипертермия……………………………………………….27
13. Мұрынннан қан кету……………………………………....30
14. Жедел улану……………………………………………….32
15. Кетаоацитозды (гипергликемиялық кома) ……………..36
16. Гипогликемиялық кома…………………………………...38

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген