Материалдар / Әдістемелік семинар: Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік семинар: Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2020
3366
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баянгалиева Асия Ибатовна

«Бударин мектеп-бөбекжай кешені»КММ мектеп әдіскері

Әдістемелік семинар

тақырыбы:

Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ.

Мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу.

Міндеттері: - Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру; - Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту; --Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім бере отырып, жетістікке жету жолдарын анықтайды және жолға қояды.

Түрі: пікір алмасу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.

Семинар барысы:

Кіріспе. Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

Құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу ,айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.



Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: Ойлану - ең ізгі жол; Еліктеу – ең жеңіл жол; Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. / Бенедикт Спиноза/ сөзімен

Сіздерге сәттілік тілей отырып, әдістемелік семинарымызды бастаймыз.


І.Ұйымдастыру.

1)Қатысушыларды топқа бөлу. От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.

Жұлдыздар Бірақ бұл адамдар өз эмоцияларын жасырады және тіпті қатаң көрінеді. Жұлдыздар мансаптық өсуге және қоғамдық мойындауға ұмтылады.Бұл адамдар мақсатты, оптимистік және жігерлі.

2) Сәлемдесу «Жапон әліппесі» жаттыгуы.

І.Тапсырма: Бұл заттар бір адамға тиесілі, ол адам кім болуы мүмкін ?

ІІ.Ой тастау : а)Мүғалімдер неге өзгеруі керек?

ә) Кластер құру : Табысты Мұғалім

IIІ. Постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

I топ. «Табысты сабақ қандай болады? »

Мақсаты: Білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру

II топ. « Сабақ жоспарының үлгісі » (шаблоны)

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.

III топ. «Багалау критерийлерін кұрастыру»

Мақсаты: Білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру

ІY топ «Тиімді сабақты қалай ұйымдастыруға болады?»

Мақсаты: Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.

Ү топ Эксперт тобы

ІY. Сергіту сәті. «Аю отыр партада»

1-топ -опера музыка жанрына салып айту

2-топ рэп музыка жанрына салып айту

3- топ қазақ халық әні музыка жанрына салып айту

4-топ- джаз музыка жанрына салып айту

5-топ -көрініс

Y.Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау. Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.

1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.

2-тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

3- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

4- тапсырма Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.


Кілті:1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара нүқте бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады».

2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді».

3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...»

4-тапсырма бойынша «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»


VІ.Сергіту сәті. Тест: «Сіздің уайымға бейімділігіңіз».

     Бұл суреттен басы мен құйрығын жерге қарай иіп алған итті көріп отырсыз. Иттің бақытты болуы үшін бір нәрсенің жетіспей тұрғаны анық, ол қандай зат?

     Өзіңіздің қалауыңызбен иттің айналасына қайткенде де оның көңіл-күйін көтеретін бір нәрсенің суретін салыңыз. Ол итке ұнамайды оған керегі жоқ деген сізде теріс ойлар болмасын. Өзіңізге қажет дегеннің бәрін сала беріңіз.

     Бұл тест көмек қажет еткен адамдарға қол ұшын бере аласың ба немесе өзгеге жаның ашиды ма осыны түсінуге көмектеседі.

    Тестінің кілті.

  1. Егер сіз иттің жанына басқа жануарды салсаңыз онда сіз ең негізгі көмек деп адамның айтқанын ең соңына дейін тыңдайсыз, ішіндегісін шығартып жеңілдетесіз. Сіз әрдайым араласатын адамдарыңыздың қиындыққа түскенін сезесіз және өз ақылыңызбен көмектесесіз.

  2. Сіздің салған жануарыңыз иттен үлкен болса, онда сіздің менмендігіңізді көрсетеді. Сіз елге көмек беруге қарсы емессіз, оның санасыздығы мен тоғышарлығын өзгертуге ұмтылмайсыз.

  3. Егер сіздің салған суретіңіз иттен кіші болса, онда сіз ешқандай пайымды көмек бере алмайсыз. Әрине сіздің жанашырлығыңыз шынайы, бірақ қажетсіз.

  4. Егер де иттің жанына сіз адамның  суретін салсаңыз, онда сіздің салқынқандылығыңызды және бірыңғайлығыңызды білдіреді. Сіз өзгенің күйзелісі мен мәселесіне барынша кірісіп кетесіз, бұл әурешіліктің сізге керегі жоқ.

  5. Егер сіз иттің жанына үйшіктің немесе ұяшықтың суретін салсаңыз, онда сіз қиындыққа түскен барлық адамдарды қорғап пана бола аласыз. Сіз жауапкершіліктен қорықпайсыз және берген уәдеде тұрасыз. Айналаңыздағылар кез-келген жағдайда сіздің көмегіңізге сүйенеді.

  6. Егер сіз иттің мойнына, иегіне, тұмсығына көңіл бөлсеңіз, онда сіз қиындыққа түскен адамның шаруасына араласпағанды ұнатасыз. Өзгенің мәселесі сіздің өміріңізді қиындатпауы керек және адам өзіне-өзі көмек көрсету арқылы қиын жағдайдан шығуы оның жеке ісі деп есептейсіз. Ал сіздің жалғыз берер көмегіңіз бұл ақшалай, әрине қарызға бір-ақ рет.

  7. Тамақтың (сүйектің, қалдықтың) суретін иттің жанына салатын болсаңыз, онда қиындыққа тап болған адам  сізден көмек сұрамаса да, сіз оған көмек көрсетесіз. Айналаңыздағылардың азаптанып, қиналғанын көре тұра қол қусырып қарап отыра алмайсыз,  қайткенде де көмек көрсетуге тырысасыз. Кейде сіздің көмегіңіз түкке де аспай қалады, әрине қарап тұрғаннан бұл да жақсы.

  8. -Иттің айналасына көп заттардың суретін салған өте жақсы. Онда сіздің көмегіңіз жан-жақты болуы мүмкін.


YІ. Сіз қандай мұғалімсіз?


Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.

1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен ә) кездейсоқ б) лажым жоқтықтан

2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс ә) күнкөріс үшін б) бас қатыру

3.Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді ә) қанағаттанарлық б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ

4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде б) маңыма мүлде жоламайды

5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын б) оқулықпен шектелемін

6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі - жиі жарыстар ұйымдастырамын )

басшылар ескерткенде ғана б) бас ауыртқым келмейді

8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

а) мүлде қол жұмсамаймын ә) анда – санда

б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін

9. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз ә) сізге бәрібір б) өкінесіз

10. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары ә) жақсы б) орташа

Жауабы

Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.

45 - 50 ұпай жинасаңыз:

Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз.

44 - 21 ұпай жинасаңыз:

Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

20 - 11 ұпай жинасаңыз:

Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

VІІ.Рефлексия: Екі жұлдыз бір тілек арқылы бүгінгі семинарға рефлексия жасау

VI. Қорытынды: «Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес,пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етіпті»

Қазақ халқында біреуге жақсылық жасау - үлкен сауап. Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!