400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдістемелік семинар Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : Критериалды бағалау жүйесімен таныстыру және практикада қолдана білу, дағдыларының қалыптасуына ықпал жасау. Күтілетін нәтиже: Тыңдаушылар: • критериалды бағалау жүйесінің қолданудың білім берудегі тиімділігін біледі; • критериалды бағалау критерийлерін біледі; • қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін өз тәжірибесінде қолдана алады; • семинарда ұсынылған тапсырмаларды орындайды. Көрнекілігі: слайд,ақ бет, маркер, ресурстар( әдістемелі к нұсқау хат беттерінен), топқа бөлуге қажетті құралдар
Материалдың қысқаша нұсқасы





«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ





Әдістемелік семинар



Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламалары және критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері»















Ұйымдастырушы:

математика пәні мұғалімі Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы













Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламалары және критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері»

Жұмыс түрі: Әдістемелік семинар

МShape1

Семинардың мақсаты:

критериалды бағалау жүйесімен таныстыру және практикада қолдана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал жасау.

ақсаты :
Критериалды бағалау жүйесімен таныстыру және практикада қолдана білу, дағдыларының қалыптасуына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже: Тыңдаушылар:

  • критериалды бағалау жүйесінің қолданудың білім берудегі тиімділігін біледі;

  • критериалды бағалау критерийлерін біледі;

  • қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін өз тәжірибесінде қолдана алады;

  • семинарда ұсынылған тапсырмаларды орындайды.

Көрнекілігі: слайд,ақ бет, маркер, ресурстар( әдістемелі к нұсқау хат беттерінен), топқа бөлуге қажетті құралдар

Семинар барысы:

Кіріспе

Оқу бағдарламасы

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығына;

  • оқушылардың әртүрлі мәнмәтіндегі үдерістерді сипаттау үшін математикалық модельдерді құру біліктерін дамыту арқылы логикалық, абстрактылы, кеңістіктік, сыни тұрғыдан және шығармашылық ойлауын дамытуға, зерттеу дағдыларын дамытуға;

  • оқушылардың қолданбалы есептерді шығару арқылы математиканың практикалық маңыздылығын ұғынуына;

  • адамның жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған.

2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмысымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) эталонмен салыстырылады. Оқыған материалдары негізінде ғана бағалау керек, сондықтан да бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.


Төмендегі суреттер арқылы төрт топқа бөледі


ОРТАҚ САУАЛ: Критериалды бағалауды енгізудегі мақсат не? Мұғалімдер сұрақтарға өз жауаптарын айтады. Сол жауаптардың ішінен төмендегі іріктелініп алынды.

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру


Топтық тапсырмалар «түймедақ» әдісімен әр топқа берілді. Берілген тақырыпты ашатындай әзірлеме (постер) дайындайды.

  1. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі

  2. Критериалды бағалаудың пайдасы мен тиімділігі

  3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін мұғалім ӘРЕКЕТІ

  4. Критериалды бағалаудың оқушы үшін тиімділігі

Мұғалімдердің жауаптары тыңдалып, слайтар арқылы толықтырылады.


Блум таксаномиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейін анықтау мақсатында практикалық жұмыс беріледі. Жұмыс дескриторлар арқылы бағаланады. Мұғалімдердің орындаған тапсырмаларға критериалдық бағалау жүргізіледі.


Топтық сауал:

Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы деген не?

Аталған үдеріске кімдер қатыса алады? (Сұрақтар мен жауаптар.)


Нұсқаухат негізінде түсінік беріледі.

Мұғалімдер төрттен біріне арналған жиынтық бағалау негізінде білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация үрдісі жүргізіледі.

Модерация бағалауды стандарттау мақсатында бір пән бойынша оқитын мұғалімдердің жиынтық жұмыстарының нәтижелерін және сабақтар қатарын талқылауға арналған.

Пән мұғалімдері модерация процесін бірінші жартыжылдықтың соңында жүргізеді де, бір пән бойынша және бір сыныпта бағаларды стандарттау мақсатында жылдық жиынтықты жариялау алдында өткізеді. Жиынтық жұмыс пен модерацияны өткізу арасындағы уақыт 3 жұмыс күнінен аспауы керек.

Модерация оқыту үдерісінің тиімділігі мен сапасын едәуір жақсарта алады. Талдау негізінде білім алушылардың оқу материалдарын игерудегі қиындықтары туралы қорытынды жасалды және проблемаларды шешуге көмектесетін жолдар анықталды.


«Қиықшалар сөйлейді» әдісі бойынша семинар қорытындыланды.

"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы"

 А. Байтұрсынов.


Өткізілген іс шараға «Кері байланыс» жасалды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.05.2019
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі