жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдістемелік тақырып
Краснознаменное орта мектебінің мектепалды даяярлық тобының Тәрбиешісі : Калыбекова.Акмарал Сериковна.
Әдістемелік тақырыбы: Сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Балалардың сөйлеу қабілеттерін,тіл байлықтарын байыту,дамыту.Балалармен көп сөйлесу керекАта-ана.балалармен тығыз қарым-қатнаста болу керек.Тәрбиеші балаларды жақсы түсіну ,сүйіспеншілікпен тіл байлықтарын кеңейту қажет.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі
Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.
Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы – мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.
Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақ ыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.
Балаларға тілдің үштұғырлығын үйрету әдістемесі
Ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында қай жастағы балаларға арнап әзірленгендігін ескеру қажет.
Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.
Зайцевтің әдістемесі үш жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. Зайцевтің белгілі текшелерінде ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды.
Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру арқылы есте сақтауы қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады. Глен Доман өз кітаптарында айқын әрі нақты құраллар береді. Карточкалар жұмысты сәбилермен ғана емес, сонымен қатар, ересектеу, тіпті мектепалды жастағы балалармен де қолдануға болады.
Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Тілді үйретуші сабақтар жүйесі үшін тақырып таңдайды, берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін тапсырмалар алады (немесе ата-аналарының көмегімен). Қорытынды сабақтың уақыты келгенде балалар жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.
Аралас әдістеме – бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнау, тақпақтар мен әндер жаттау, жобаларды әзірлеу және т.б. Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігінде. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.
Тәжірибеде қолданылып жүрген барлық мектеп жасына дейінгі кезеңде тілді үйрету әдістемелері ата-аналарға үйде өз баласымен дербес айналысуға көмектеседі.
Жарияланды 26-12-2013, 21:31 Категориясы: Мектепалды дайындық
Мектепалды
даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін
дамыту
Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
сөйлеуге үйрету, даярлық топқа арналған
бағдарлама мазмұнына сәйкес педагогикалық
– дидактикалық принциптерді басшылыққа
алып жүргізіледі. Даярлық топтағы
балалар мектепте оқуға ой еңбегіне
дайындалатын болғандықтан баланың
сөздік қорын молайтып қана қоймай, әр
сөздің мағынасын дұрыс түсініп қолдана
білуге үйрету көзделеді. Балаларға
антоним көркем сөздерді қолдана білуге
үйретуді қамтиды.
Тіл дамыту
сабақтарында сөздік қорды молайту тіл
дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, тілдің
грамматикалық жағын қалыптастыруды
қамтиды.
Мұғалім
сабақ жоспарын жасағанда сабақтың
мақсатын өтілетін материалдық сипатын
ескере отырып, әрбір сабақта төмендегідей
3 - 4 міндетті көрсетуге тиісті.
1.
Сөздің
дыбыстық жағын меңгерту, дыбыстарды
дұрыс айтуға төселдіру.
2.
Сөздік
қорды молайту ( сөз саны 4 – 5-тен аспауы
тиіс) үйренген сөздерді пайдалану.
3.
Байланыстырып
сөйлеуге үйрету. Даярлық топтардағы
тіл дамыту сабақтарының негізгі мақсаты
– балард байланыстыра сөйлеуін
жетілдіру.
Сөздік
қорды байыту - айналадағы өмірмен
таныстыру. Шығарма оқу, есеп, сурет т. б
сабақтары мен тіл дамыту кезінде
жүргізілетін әр түрлі жаттығулар
барысында да іске асырылады.
Кейбір
балардың әсіресе үйден келгендіктен
сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын,
артикуляциясын дұрыс қолдана білмейтіні
де кездеседі. Ондай балалардың көпшілігі
р, л, с, ш, з, ж дыбыстарын алмастырып
айтатыны байқалады. Қатаң, ұяң, үнді
дыбыстарды айтуға қиналады. Сондықтан
даярлық топта сөздің дыбыстық жағын
қалыптастырудағы, ең алдымен сөздің
дыбысталуын дұрыс айтуды жетілдіруге
үнемі назар аударылып отыруы тиіс. Ол
үшін сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс анық
айту, үн, дауыс қарқынын қалыптастыру
басты мақсат болып табылады.
Сөзді
дұрыс естіп, сөз дыбыстарын өзгертпей
қайталауға, сөйлескенде асып - саспай
үн ырғағын өзгерте отырып, анық, ашық
айтуға үйретіледі. Сонымен қатар тіл
мүкістігі бар балармен жек жұмыс істеуді
мұқият ескерген жөн. Сауат ашу сабақтарында
сөздің дыбыстық құрамына талдау жасату,
ойындар өткізу. Мысалы «Телефон»
ойыны.
Даярлық топтағы оқушыларға ұқсас с - ш,
з - ж дыбыстарын ажырата білуге жаттықтыру.
Аталған дыбыстарға жиі қатысатын өлең,
тақпақ, жаңылтпаш айтқызу.
Мысалы
Тау дәу болады, дәу тау болады.
Бір
топ сөзден тек қана с, ш, з естілетін
сөзді табу( сәбіз, сағыз, жалау, жүзім,
жүгері) басталатын сөздер ойлап табу.
Әріпке байланысты жұмақтар шешкізу
Жанында
жаздың шуағы,
Жаңбырмен жүзін
жуады.
Екі орақ пен бір таяқ
Белін
бірге буады.
Ол қандай әріп болады?
Ал
зердеге салайық,
Болады екен қай
әріп? (Ж ж)
Бақылау жұмысын жүргізу.
13 - 14 сөз жатқа жазу. Суреттің атын
өздігінен жазып көрсету болып табылады.
Осындай жұмыстардың нәтижесі мектепалды
даярлық топ балаларының сөйлеу қабілетін
дамытары сөзсіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген