Adobe Photoshop
бағдарламасының интерфейсі.
6-сынып.
Шардарбекова
Меруерт.
Тараз қаласы,Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық
гимназия.
Сыныбы 6
Сабақтың
тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске
қосу, жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу,
қайта ашу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы сурет
салу тәсілдерін үйрете отырып пәнге деген танымдық қызығушылығын
арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және фантазиялық ойлау
қабілеттерін әр түрлі суреттерді, геометриялық фигураларды салу
арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу,
өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, өзара көмек
беруге тез ойлауға, өз пікірін айта білуге
тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: Аралас сабақ.
Сабақ
әдістері: Сұрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, компьютермен
жұмыс істеу.
Сабаққа қажетті құрал
–жабдықтар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
карточкалар.
Сабақтың барысы:
-
I. Ұйымдастыру
кезеңі
-
Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық,
дәптерлерінің толық болуын тексеру.
-
Сабаққа жұмылдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау
-
Растрлық кескіндер дегеніміз
не?
-
Векторлық графика дегеніміз
не?
-
Пиксель дегеніміз не?
-
Компьютерлік графиканың қолданылу
салалары
-
Компьютерлік графика дегеніміз
не?
III.Жаңа сабақ
Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір
нүкте пиксель деп
аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe
Photoshop-та графикалық бейнелерді құруға, файлдарды редакциялауға
болады. Редакциялау дегеніміз – құжатқа өзгертулер, түзету және
қосымшалар енгізу. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу үшін
мына команданы орындаймыз:
Пуск→ Программы→ Adobe
Photoshop
Adobe Photoshop программасы мынандай терезе
элементтерінен тұрады:
тақырып жолы, меню қатары, құралдар
параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып –күй
қатары.
Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру
үшін Файл→Новый командасын орындап ашылған сұхбат
терезеде Имя өрісіне құжаттың аты жазылады
да,
Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы
енгізіледі де ОК батырмасы шертіледі. Ал құжатты сақтау
үшін Файл→Сохранить командасын орындау керек.
Adobe Photoshop
бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты
атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған
құралды баптаудың барлық өзгерісі
көрсетіледі.
Adobe Photoshop бағдарламасында түстер
моделін өзгерту үшін Изображение →
Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге
қажетті моделді таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін
Менюжолынан Изображение→Размер
изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге
бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту
керек.
Paint
және Adobe Photoshop бағдарламаларының ұқсастығы мен
айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы
салыстыру.
IV. Сабақты
бекіту
-
Adobe Photoshop қандай
графика?
-
Adobe Photoshop бағдарламасын қалай іске
қосамыз?
-
3. Adobe Photoshop бағдарламасында жаңа құжатты қалай
құрамыз және сақтаймыз?
-
5. Adobe Photoshop бағдарламасында қанша құрал
бар?
-
Бейненің масштабын қалай
өзгертеміз?
V.Практикалық
жұмыс
Adobe Photoshop бағдарламасында құжат құру, жаңа
құжат көлемін орнату т.б.
VI. Қорытындылау,
бағалау
VII. Үйге тапсырма
авторы анықталды.