400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адымда, ойла

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған эстафеталық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Адымда, ойла»


Мақсаты: Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру. Дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: доптар, шарлар, арқан, кедергі, секіргіш жіп, ысқырық.

Өтілетін орны: спорт зал.

Болатын күні:


1-жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Адымда, ойла» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Бұл ойын эстафеталық жарыс түрінде өтетін болады. Жарысқа 4 топ (1 сынып оқушылары) қатысып, өз ептілігін көрсетпек.

2-жүргізуші: Денсаулық-баға жетпес қазына. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Бүгінгі өткізгелі отырған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

2-жүргізуші:  Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.

1-жүргізуші: Ендеше командаларымызбен таныс болайық.

1 топ: «Жалын» тобы

2 топ: «Қыран» тобы

3 топ: «Сұңқар» тобы

4 топ: «Бүркіт» тобы

2-жүргізуші:  Командаларымызбен сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейік.

1 кезең. «Мергендер»

2 кезең. «Мәреге кім бұрын?»

3 кезең. «Кім жылдам?»

4 кезең. «Пингвин»

5 кезең. «Кім күшті?»

6 кезең. «Допты лақтыру»

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

2-жүргізуші: Әр сайыс кезеңі «10», «8», «6», «4» ұпайлармен бағаланады. Әр кезең соңында топтарға ұпай қойылып, сайыс соңында жемімпаздарды анықтайтын боламыз. Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: 1 кезеңіміз «Мергендер», сайысқа қатысушылар кедергілерді айналып барып, шарды жаруы керек. Шарды жарғаннан соң қайта кедергілерді айналу арқылы мәреге оралады.

2-жүргізуші: 2 кезең «Мәреге кім бұрын?», сайысқа қатысушылар допты жерге ұрып жүгіру арқылы белгіленген межеге барып, қайтатын болады.

1-жүргізуші: «Кім жылдам?» кезеңінде сайысқа қатысушылар секіртпемен жүгіріп барып,белгіленген межені айналып, қайта секіртпемен секіру арқылы келуі қажет.

2-жүргізуші: 4 кезең «Пингвин» деп аталады, сайысқа қатысушылар қапты аяқтарына киіп алу арқылы жүріп межеге барып келуі керек.

1-жүргізуші: «Кім күшті» кезеңінде сайысқа қатысушыларымыз топтық өнер көрсетеді. Жеребе тарту арқылы қай топ бір-бірімен арқан тартысатын команданы анықтаймыз.

2-жүргізуші: 6 кезеңіміз «Допты лақтыру», сайысқа қатысушылар допты басынан жоғары лақтырып, қағып алып, мәреге дейін жүріп барып, қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз болмақ.

1-жүргізуші: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау

2-жүргізуші: Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
1-жүргізуші:  Әділ - қазы алқасы, сөз кезегі сіздерге беріледі! Осымен «Адымда, ойла» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті, әрбір топтың ұпайларын есептей келе, нәтижелерімен бөліссеңіздер. Қорытынды сөз.Марапаттау рәсімі. Жеңімпаз топты құттықтаймыз.

2-жүргізуші:  Бүгінгі «Адымда, ойла» атты эстафеталық сайысымызға қатысқандарыңыз үшін әрбір топқа, төрелігін көрсеткен әділ қазыларымызға, келген қонақтарға алғысымызды білдіреміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, сау саламатта болыңыздар!




Жауапты мұғалім: Джилкайдарова У

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.12.2023
325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі