|
Мақсаты: Ағайын арасындағы туыстық
қатынас туралы түсінік бере отырып,
«Сүйіспеншілік» құндылығының
мәнін ашу
Міндеті:
-
Білімділік: Оқушыларға ағайын арасындағы
береке-
бірлік, татулықты
сақтаудың маңызы туралы
түсінік
беру.
-
Дамытушылық: Оқушыларды туыстық
қарым-қатынасты
қадірлеп,
бауырмалдық қасиетін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды кешірімді
болуға,
кеңпейілділікке
тәрбиелеу
|
Ресурстар:
(белсенді тақта,
оқулық, )
Мұқажанова Р.А. и.д. Мұғалімге
арналған нұсқаулық/
|
|
Сабақ
барысы:
5 «Т» - ұстанымын
еске түсіру:
-
Тәртіп
-
Талап
-
Тазалық
-
Тыныштық
-
Татулық
Тәртіп болса, талап болады,
онда өзіңде тыныштық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық
болған жерде татулық
болады.
1.Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа
аударып, жағымды көңіл-күйге ену үшін тыныштық сәтін
өткізу.
/ Жайлы, баяу музыка
қойылады./
Тыныштық
сәті «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің
төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта
тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып
келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің
ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,
сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды,
сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:
барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай
Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра
тұрыңыз....
Енді осы нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.
2.Үй
тапсырмасы: «Ағайын»
А.Әбдіразақовтың
өлеңі
Өлеңнің желісі
бойынша сұрақтар:
-
Ағайынды өз
қалауыңша таңдап алуға бола
ма?
-
Ағайынмен тату
болу үшін не істеу
керек?
-
Туыс-туғанның
қадірін білу маңыздыма ?
-
Ағайын арасында
келіспеушілік кездесема
?
|
Оқушылар алған
әсерлері туралы айтады
|
|
4.Әңгімелеу
Қазақтар
шаңырақты бұрыннан сыйлап келген.
"Ұл—орнықты алтын ту, қыз—айдыннан ұшатын аққу". Ұл баласы ер жетсе, бір шаңырақ
иесі деп санаған. Ол үйленіп, үйлі жайлы болып, ата анадан бөлініп
шығып, өз шаңырағын көтереді. Көп балалы отбасыларының әр баласы,
ұядан ұшқан құстай, осылайша шаңырақ көтереді. Ата-анасының
шаңырағында ең кіші ұлы немесе әке-шешелері қай ұлы қалады деп
шешсе, сол қалады. Қартайған шақтарында өзіне жанашырлықпен
қарайтын, қамқоршы болатын ұлын алып қалады. Ал, негізінде, қазақ
халқында ең кенже ұлдары сол шаңырақтың иесі деп
есептелген.
Әрбір
шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі — атасы мен әжесі. Шаңырақтың
басқа мүшелері мен туған-туыстары оларды қадірлеп, ерекше сыйлайды.
Қартайған шақатарында, қара шаңырақта қалған ұлының қолында қалған
қарттарға, баласы мен келіні өз қамқорлықтарын көрсетеді. Басқа ұл
мен қыздары қара шаңыраққа жиі келіп, араласып тұрады. Немерелері
мен шөберелері қартайған қарттарға өте ыстық. "Ата
— бәйтерек, бала
— жапырақ" деген ғой. Ауылды жерлерде тұрған
атасы мен әжесіне демалысқа шыққан немере шөберелері барып тұрады.
Үлкен қарттар тұратын отауға алыстан әдейілеп келіп аман
саулықтарын біліп кетіп отыру, ауырған кездерінде жандарында
болу—әрбір перзенттің міндеті.
Шаңырақта қалған ұлдың
міндетіне әке-шешесі қайтқанша қасында болып, қамқорлығын көрсету
жатады. Оған басқа ұл-қыздары көмектерін көрсетеді. Сол үйдің
шаңырағын мықтап ұстау, тоздырмау, қонақжайлылық көрсету деген
сияқты міндеттері бар. Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған бұл
үйді киелі тұтып, оған құрметпен қарайды. "Ағайын — ағайынның
айнасы". Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген
құрметтерінен білінеді. Әке-шешелері қайтқаннан кейін де, ұлдары
мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлықтарын үзбейді. Бас қосып,
жиналып тұрады.
Алайда осының барлығын
ұйымдастыру үлкен ұлға жүктеледі. Ағайынның басын қосып, ұйытқы
болып отыратын ұл балалары. Ұлдары үйленіп жатса, келінді қара
шаңыраққа түсіріп, сол үйдің табалдырығын аттатады. Кейіннен олар
сол шаңырақтан бөлініп жеке шаңырақ көтереді. Туған туыс жиналса
да, қара шаңыраққа жиналады. "Ағайынның үйі —
ақ жайлау" дегендей, алыстан келген туыстары
мен сол шаңырақтан шыққан балалары үлкен үйге соғып шыққандарын
айтып, жиі жиналып отырады. "Тату үйдің тамағы тәтті" дегендей,
жиналған балалары бас қосып, дастарқан басынан дәм татып,
әңгіме-думан құрады. Бұндай бас қосу бауырлардың арасындағы
ынтымақты күшейте түседі.
-
Ағайын арасындағы татулық нені
көрсетеді?
-
Қазіргі кезде ағайын – туысқа деген көзқарасымыз
қандай?
-
Өздерің ауылда тұратын ата- әжелеріңе барасындар
ма?
-
Бұл
әңгімеден қандай қорытынды
жасайсыңдар?
|
Әңгіме желісі бойынша сұрақ
қоя отырып, қара шаңырақтын сырын неде екендігін
айту
|
|
5.Шығармашылық
жұмыс :/ Оқушылар топқа бөлініп
отырады, әр топ басшысы тапсырма
алады./
Ағайын туралы мақал
мәтел жазу. Оқушылар екі топқа
бөлінеді.
Тапсырма: Мақалды
аяқта.
1 –
топ: « Бауырмалдық
» тобы
1. Ағайын —
ағайынның ... (айнасы)
2. Ағайынға карап ... өсер,
Қарағайға карап тал
өсер (бала)
3. Ағайында өкпе бар
да ... жоқ (кек)
4. Ағайынның аразы
... сәнін кетірер,
Абысынның аразы ауыл
сәнін кетірер (елдің)
5. Ағайынның аразы
... сәнін кетірер,
Абысынның аразы ауыл
сәнін кетірер (елдің)
2–
топ: Мейірімділік»
тобы
1. Ағайынның аразы
болса да ... болмайды
(азары)
2. Ағайынның азары
болса да ... жоқ (безері)
3. Ағайын тату болса — ...
көп,
Абысын тату болса —
ас көп (ат)
4. ... шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас
тәтті (бауыр)
5. Жаман ағайын күншіл,
Жақсы ағайын ...
(сыншыл)
|
А4 қағазы , түрлі-түсті
қарандаш
Лирикалық
әуен
|
|
6.Топпен ән
айту
Ернар
Айдар
«Аман бол ағаларым»
әні
Біз
жүрміз бұл күндері күліпте ойнап
Кей кездерде кетеміз хабарсыз
айлап
Жүрегіңнен айналдым
жүргендерін ай
Тамағыңнан ас өтпей ініңді
ойлап
Жүрегіңнен айналдым
жүргендерін ай
Тамағыңнан ас өтпей ініңді
ойлап
Қайырмасы:
Қалай ғана ақтар екем
сенімдеріңді
Жүрсем екен нұрға бөлеп
өмірлеріңді
Байлығым
ағаларым
Айбыным
ағаларым
Өздерің көрсеттіңдер бакыттың
жағалауын
Аман бол
ағаларым
Сауыттай
ағаларым
Бақ мекен
араларың
Сендерді баға жетпес асылға
бағаладым
Аман бол ағаларым аман бол
ағаларым
Қанаттыға қақтырмай қорған
болдың сен
Кұлынтайдай жарыссақ қалған
болдын сен
Қайда жүрсем уайымдап іздеп
келесің
Ағасы жоқ жандарға арман
болдың сен
Қайда жүрсем уайымдап іздеп
келесің
Ағасы жоқ жандарға арман
болдын сен
|
Ернар
Айдар
«Аман бол ағаларым»
әні
|