400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Ағайынды математиктер" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика апталығын жабу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы


Медеу орта мектебі

Математика апталығының қорытынды кеші

1-жүргізуші:

Армысыңдар осында жиналғандар,

Сіздерді қызықтырар не бір сыр бар.

Рұксат берсе біздерге көрермендер,

Кешімізді бастайық көңіл бөлер.

2-жүргізуші :

Ойнайық,ойлайық,тұрмайық құрбылар

Ән салып билейік,бітпесін думандар.

Ақ орда мектептің төрінде ілім –ап

Қуантып ел жұртты,биікке самғайық.

1-жүргізуші

Біліммен біз жарысып,

Жұбақ шешіп аңдасып.

Шабыт тасып шайқасып,

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

2-жүргізуші:

Бар өнерге бастайық,

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық,

Еркін болып барынша

Жарыста сірә қалыспа

Кеш қызығын ей,достар!

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық.

1-жүргізуші:

Мұнда қызық табылар,

Жаңылтпаш, жұмбақ юәрі бар.

Айтыс ,тартыс тағы бар,

О –о-ей бір қызық кеш болар,

Өздеріңізбен бас қосар.

Армысыздар, құрметті жиналған математиканың жанкүйерлері, ардақты ұстаздар, замандастар, құрбылар! «Ағайынды математиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Ал,оқушылар, ұстаздар!

Ортаға назар салайық

Ағайындылар шықса сайысқа

Қол соғып қарсы алайық, - деп ортаға сайыскер ағайындыларды шақырайық.

  1. Бердешовтар жанұясы

  2. Берікқазиндар жанұясы

  3. Мажитовтер жанұясы

Осы кештің әділ, дұрыс өтуін қадағалап отыратын әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:

Мадина, қалай ойлайсың ағайындыларға сайысқа түспес бұрын шабыт беріп, сәт сапар тілеу керек шығар.

2-жүргізуші:

Иә, Аманғазы, дұрыс айтасың. Олай болса осы математикалық кешке арнайы жыр шумақтарын оқып берейін.






І бөлім. « Сөз кезегі ағайындыларда »

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпаз болу шарты сол.

Еңбек етіп жалықпай,

Сәтті сапар тілеумен.

Сайысты біздер бастайық

Көрсетіңдер өнерді,

Қарап қалма жасқанып – деп сөз кезегін сайыскер ағайындыларға берерміз:

  1. Өздерін таныстырып өтеді.

  2. Эмблемаларын табыс етеді.

ІІ бөлім «Қас-қағым сәт»

Қарап тұрмай бәйгеге сізде еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

«Қас қағым сәт» сұрақтарын көріңіз.

«Қас өағым сәт» сұрақтары барлық сайыскерлерге ортақ қойылады, жауабы дайын болса қалақшаны көтеріп жауабын айтады. Әр жауап бір ұпай.

1.Математикалық өрнектермен есептеулер жүргізетін бөлімі. (алгебра)

2.Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу.(параллель)

3.Көп бұрыштың қабырғаларының қосындысы.(периметр)

4.Планиметрияның негізгі ұғымдары.(нүкте, түзу)

5.Аксиома дегеніміз не?

6.Екі жағынан шектелген түзу.(кесінді)

7.Түбір астындағы 169.(13)

8.Үшбұрыштың элементтерін ата.

9. Математика кабинетінде неше парта бар.(10)

10. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштар.

11.Санның 1/100 бөлігі

12.Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз

13.Шеңберді сызатын құрал.

14.Түрлендіргенде нүктелердің ара қашықтығы сақталса ....болып табылады (қозғалыс)

15.»Еврика» сөзі кімнің сөзі. (Архимед)

16.Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

17.Сыбайлас бұрыштың қосындысы.(180)

18.Вектор дегеніміз.....

19.Мектепте оқылатын «Геометрия» пәнінің негізін қалаушы.

20.666 санын ешқандай амал қолданбай 1,5 есе арттыр (999)

ІІІ бөлім. «Мақал-мәтел сайысы»

Мақал-мәтелдердің бірінші жолы оқылады жалғасын табуларыңыз керек.

1-жүргізуші: Ердің екі сөйлегені өлгені,

(Еменнің иілгені сынғаны)

2-жүргізуші: Бір күндік жолға шықсаң,

( Үш күндік азық ал)

1-жүргізуші: Алты жыл аш болсаңда,

(Ата салтыңды сақта)

IV бөлім: «Жұмбақ сайыс»

Математикалық атаулар ен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнен де,

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек,

Артық болмас, бастайық, кезек сізге- деп ағайындыларға үш жұмбақ шешуге беріледі. Шешімін тапқандарға бір ұпайдан.




№1 сайыскерлерге:

  1. Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтындаршы,

Оң, теріс сан бәрі сонда (рационал сан )

  1. Үлкен, кіші сандарды сен

Ажыратқың келсе егер,

Қандай таңба қояр едің

Қане ойлан сайыскер (теңсіздік)

  1. Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісі қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды (айқыш, тұстас, сәйкес)

№2 сайыскерлерге:

  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай (натурал сан)

  1. Оң сандарға қолшатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтпассың сен оны (квадрат түбір белгі)

  1. Параллель түзулер қос-қостан

Оңды-солды жүріп өткен

Пайда болған фигура сонда

Бар ма іштеріңде бұрын білген (параллелограмм)

№3 сайыскерлерге:

  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? ( ондық бөлшек)

  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден

Құралған фигура бар қарапайым

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі, бар ма сірә, дара пайым (түзу)

  1. Өзара перпендикуляр түзулерден

Бағыты бар нүктелермен бөлінген

Құралған жазықтықта бұл не өзі (координаталық жазықтық)

№4 сайыскерлерге:

  1. Доп емес, дөңгелек емес

Ұқсас бірақ достарым

Фигура ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым (шеңбер)

  1. Нүктеден екі сәуледен

Құралған айтшы бұл не екен? (бұрыш)

  1. Дүниеде бүтін сан бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәре бөлігін көрсететің

Қандай сан достарым кім біледі (бөлшек сан)

№5 сайыскерлерге:

  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)

  1. Екі бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар қаңқу (сыбайлас бұрыш)

  1. Түзудің бір бөлігі, екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар, айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

V бөлім. «Постер»

Постер бөліміне берілген тақырыптар:

Математика – техникада , математика – медицинада, математика- құрылыста.

ІІ . Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Математика патшайымның шығарған жарлығы!

Бүгін мектеп патшалығында математика жәрмеңкесі өтеді! Осында әлемге әйгілі керемет өнімдер ұсынылады.

Олар:

  1. «Математикалық балық аулау» кооперативі

  2. «Басыңды қатыр» фитнес клубы

  3. «Ақ магия» салоны

  4. «Пифагорда» әдеби- математикалық салоны

  5. «Математикалық» тир

Патшайымымыз өздеріңізді былай ұстауларыңызды бұйырады:

  1. Өздерін сенімді жауаптарымен, ұшқыр ойларымен көрсету.

  2. Әрқайсысыңыздың қағаз-қаламдарыңыз болу керек.

  3. Кезекке тұру тәртібін сақтау.

  4. Қасыңыздағы адамға кедергі келтірмеу.

Жәрмеңкенің ашылу лентасын мектеп директоры патшаның кесуін бұйырамын. Жәрмеңкенің сауда орындарын бірінші болып, мектеп ұстаздары-уәзірлердің аралауына құқылары бар.

1-жүргізуші.

Математика патшайымының жарғысы бойынша, ал кәне математикалық жәрмеңкемізді бастайық.

2-жүргізуші.

Білімімізді паш етіп, жетондарға қарық болып, ана тұрған «математика» дүкенінен сол жетондарды өнімдерге айырбастап, бір байып қалайық!

1-жүргізуші:

Жәрмеңкедегі сіздерге бар жағдайды жасайтын ауда орындары:

-«Математикалық балық аулау» кооперативіне барып, балық ұстап, сол балықтың сұрағына дұрыс жауап берсеңіздер жетонға ие боласыздар.

Балық аулау кооперативінің сұрақтары:

  1. «Математика- ғылымдар патшасы» деген сөзді айтқан математик?( К.Гаусс)

  2. Ноль қай елдің сөзі және мағынасы қандай? (5 ғ үндістанда шыққан, жоқ дегенді білдіреді)

  3. Цифр қай елдің сөзі? (арабтың ноль деген мағынадағы сөзі)

  4. Оң және теріс сандарға түсінік беріп, координаталар жазықтығын енгізген ғалым? (Рене Декарт)

  5. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? (Алжебр)



  1. «Негіздер» кітабының авторы кім? ( Евклид)

  2. «Дөңгелекті өлшеу» еңбегінің авторы ( Архимед)

  3. Қазіргі геометрия оқулығы қай математиктің еңбегіне негізделіп жасалған? ( Евклид)


2-жүргізуші:

-«Басыңды қатыр» фитнес клубына да бас сұғып, ребустарды шешіп, 1 жетонға ие болайық!

1-жүргізуші:

«Ақ магия» салонында сізге балгер жетонды өзіңіздің жылыңыз, айыңыз, күніңіз, салмағыңыз, бойыңыздың өлшемін 1 минутта бесеуін қоысп айтсаңыз ғана береді.

2-жүргізуші:

Математикалық тирда өзіңіз айтқан нөмірдегі шарға дәл тигізіп, ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берсеңіз ғана жетон сіздікі!

Шардағы сұрақтар:

  1. Алымы бөлімінен ұлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)

  2. Бағытталған кесінді? (вектор)

  3. Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым? (геометрия)

  4. Рационал сандар қандай сандардың жиыны? ( бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)

  5. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

  6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

1-жүргізуші:

-Ал Пифагорда деп аталатын әдеби-математикалық салонында сіз берілген 2 мақал-мәтелдегі сандарды тауып, дұрыс жауап берсеңіз ғана 1 жетонды ала аласыз.

Мақал-мәтелдер:

1......жаман мың қолды ірітер, (бір)

........құмалақ бір қарын майды шірітер (бір)

2.......қырлы, бір сырлы (сегіз)

..........кісі бейім тұрса, (екі)

Есті кісі кейін тұрады.

3.Ер .....бір рет өледі (бір)

Қорқақ .....рет өледі (мың)

4. Білекті .....жығар, (бірді)

Білімді .....жығар ( мыңды)

5. Батыр.... оқтық, (бір)

Бай ....жұттық (бір)

6........түгел болса, төбедегі келер. (төртеу)

7.........жеңнен қол шығар. (бір)

8.........жағадан бас шығар (бір)

9. Ер жігіттің неше жұрты бар ? (үш)

10........жылға қоян терісі де шыдайды. (бір)

2-жүргізуші:

Математика дүкеніндегі өнімдердің қанша жетон тұратыны көрсетіліп тұр. Ал , кәне достар өзімізге қажетті өнімімізге сауда орындарына барып, білімділігімізді көрсетіп, жетондар жинайық.

1-жүргізуші:

Әр сұрақ 1 жетонмен бағаланады. Әр оқушы тек қана 3 сауда орнына бару керек. Ортаға 10 оқушы шығарылады. Оқушылар әр сауда орындарының қойған сұрақтарына жауап берңп, өздеріне тиісті өнімдерін дүкеннен алды.






2-жүргізуші:

Білім-деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектестігімізді білдіре отырып, бүгінгі кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ұйымшылдықпен қатысқандарыңызға көп рахмет!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі