400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ағаш көркемдеп өңдеу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде беріледі. Ағаш көркемдеп өңдеу әдістерімен, ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың  тақы рыбы:

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік  мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін  меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен  таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

 

Күтілетін нәтиже

Ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен танысады, сыни ойланады, танымдылық қабілеттері дамып, икемділік дағдылары қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабаққа туындаған негізгі идеялар



Сын тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, диалогтық оқыту барысында проблеманы шешу үдерістері қамтылады.


 Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.

Сілтеме

Оқулық,  8-сынып

Оқыту әдістері

 

Топтық жұмыс


Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар

Ара, сүргі, балға, шот, ағаш ою құралдары, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, бояу  т, б.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

(5 минут)

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу

Шаттық шеңбері. Әркім өз есімінен басталатын жақсы тілектер арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру. Мысалы: Серіктен сәттілік тілеймін. Түстер арқылы үш топқа бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.

ІІ. Жаңа сабақ

( 5 минут)

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Бейнежазба көрсету «Ағашты өңдеу», тақырыпқа шығу, сабақтың мақсатын анықтау.


ІІІ. Топтық жұмыс

(20 минут)

   І топ «Қызыл» ІІ топ «Сары» ІІІ топ «Көк»  

  І топ «Қызыл» «Ағаш ұстасы және қолданбалы өнер»

    Табиғатта өңдеу тәсілдерінің бәріне дерлік көнетін ағаш сияқты материал жоқ деуге де болады. Ағашты тек қана кесуге, сүргілеуге, аралауға және желімдеуге, бұрғылауға, жонғылауға, жону мен күйдіруге ғана емес, сондай-ақ баспақтауға, калыптауға, жылулық және химиялық өңдеуге де болады. Ұсақталған және арнаулы құрамдарға арадастырылған ағашты металды құйған сияқты құюға да болады. Ағаштың мамықтай жеңіл болуы, бытыра сияқты тұтануы мүмкін. Алайда оны жанбайтын, қорғасын сияқты ауыр және қоспа болат сияқты қатты етуге болады.

Материал ретіндегі ағаштың сапасы оны өңдеу және өрлеу барысында, сондай-ақ дайын бұйымдардан көрінеді.

Өңдеу тәсілдері өте көп, олардың көпшілігін адамзат бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген және қолданған. Тіпті ағашқа суретті отпен емес, күшті қышқылдармен күйдіріп салу сияқты әдіс бұдан жүздеген жыл бұрын белгілі болған.

Қазіргі заман техникасы белгілі бір ережеде механикаландырылған және олар өңдеудің алуан түрлі технологиясын жетілдіруге мүмкіндік береді. Алайда бастапқы материал өзінің физикалық-механикалық қасиеттері бойынша өзгермей қалып отырғандықтан, өңдеу жұмыстарының адамзат жасап шығарған тәсілдерін түбірімен өзгертуге техниканың мүмкіндігі жете қойған жоқ.

ІІ топ «Сары» «Ағашты көркемдеп өңдеу»

Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегеш
терді аса шеберлікпен жасаған. Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал.

Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағашты өңдеу жұмыстарының тәсілдеріне ою мен нақыштама мозаика мен күйдіру, оюлы безендіру жатады.

Жазықтық геометриялық оюдың алғашқы кезеңінде ені 15 мм-ден кем емес, бір ғана аспаппен немесе жақсы қайралған қысқа қашаудан жасалған кескішпен, сондай-ақ металл кесетін коларадан етікші пышағына ұқсатып жасалған пышақпен де жұмыс істеуге болады. Кескіштің сабы тік бұрышты формада жасалады, тек жиектерінде доғал бұрышты қиықжиектері болады. Домалақ жылтыр сабы бар аспапты кесу бағытында дәл ұстап тұру қиын.

Қалыңдығы 10 мм-ден кем емес, жақсы кептірілген, жарықшақтары, бұтақтары жоқ, бөлінбеген, беті тегіс тақтайдың кез келген кесіндісі үшін материал бола алады. Енді дайындамаларды ағаштың бір түрі мен біртектес құрылымдарының бірнеше жіңішке кесінділерін желімдеп жасаған дұрыс. Мөлдір емес жабындымен өңделетін ойықты: ою үшін ағаштың кез келген түрі жарайды. Тесіп өтетін оюдың суретін алдымен кағазға салып, одан кейін көшірме кағаз аркылы ағаш бетіне түсіреді.

ІІІ топ «Көк»  «Ағашты өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері: 

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері:

 1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп мұқият тексеру  (верстактың қысқыш қораптары т.б.)

 2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі  жасама.

 3. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.

 4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды, материалыңды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.


ІҮ.Сергіту сәті

(5 минут)


Жұмбақтар шешу.

1. Азулы хайуан- темір ер,

    Әндетіп сүйек кемірер.        

                         (Ағаш кескіш ара)                                   

2. Бір қыры- балта,

    Бір қыры –балға.

    Ағашты шапқан,

    Шегені қаққан.

                          (Шаппа шот)

3. Қолға алсаң қызмет етер,

    Бүтінді бөлшектеуге шебер.

                           (Пышақ)

4. Кедір-бұдыр тақтайды,

    Тегістейді тілімен.

    Жеген асын таппайды,

    Шығар желке түбінен.

                             (Сүргі)

5. Болат түкті

    Көсеу мықты

    Тозаңдатып темірді үкті.

                             (Егеу)

6. Қалпақты жымырады,

   Төбесінен ұрады,

   Түзетуге қыңырды,

   Дәйім дайын тұрады. 

                            (Балға)   

Ү. Қорытынды

( 5 минут)




Материалдарды бекіту, сұрақтар

А) Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.
Б) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?
В) Ою - өрнек түрлерін ата. Бедерлеп ою дегеніміз не? Г) Кертіп ою, қиып ою, жұмырлап ою дегеніміз не? Ғ) Жазықтық геометриялық ою дегеніміз не? Д) Ағашты өңдеу кезінде техника қауіпсіздік ережелерін қалай сақтаймыз? 



ҮІ. Үй тапсырмасы

( 5 минут)



ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Кері байланыс


«Ағаштан жасалатын    бұйымдар» эссе жазу





Бағалау парақтарына топ жетекшілері өз топтарын бағалайды.

« Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс беру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1157
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі