жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағаш мүкістері және ағаш негізінің тұқымдық сипаттамасы.
Қысқа мерзімдік жоспар/ Краткосрочный план/ Short Term Plan
|
Сабақ/Lesson: Ағаш сүрегімен жұмыс жасау негіздері |
Колледж: «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК КГКП «Карагандинский гуманитарный колледж» College: «Karaganda humanitarian college» CPSC |
|||||||
|
Күні/Дата/Date: ___.___.20___ж. |
Оқытушы/Teacher: Суйиндиков Жанболат Тоганбаевич |
|||||||
|
Топ/Группа/ Group: КЕ-____ |
Қатысқан студент саны/ Количество присутствующих/ Number of people present: |
Қатыспағаны/Количество отсутствующих/Number of absentees: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы/Тема урока/ The topic of the lesson |
Ағаш мүкістері және ағаш негізінің тұқымдық сипаттамасы. |
|||||||
|
Оқыту мақсаты, осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі |
Ағаш ақаулары және ағаш негізінің тұқымдық сипаттамасы және олардың кәсіпорындық маңызын біледі. Ағаш ақауларын өңдеу кезінде ескереді. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты |
- Ағаш ақаулары, ағаш негізінің тұқымдық сипаттамасы және олардың кәсіпорындық маңызын жайында білімдерін жүйелендіру - Ағаш ақаулары, ағаш негізінің тұқымдық сипаттамасы және олардың кәсіпорындық маңызын өңдеу кезіндегі ескеру, қолдана алу қабілеттерін дамыту. - үнемді болуға тәрбиелеу. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Студенттер/Студенты/Students: |
|||||||
|
Алдыңғы тақырып |
Ағаштың физикалық және механикалық қасиеттері |
|||||||
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ |
||||||||
|
Сабақтың кезеңдері Басталуы 5 минут |
Оқытушының іс-әрекеті
2. Сабаққа дайындығын тексереді. |
Студенттің іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
|||||
|
Сабақтың басы |
||||||||
|
Organizational moment |
Сәлеметсіздер ме студенттер! Бүгін қандай күн? Бүгін кезекші кім? Дайынсыңдар ма? Жаңа тақырып Ағаш ақаулары, ағаш негізінің тұқымдық сипаттамасы және олардың кәсіпорындық маңызы. |
|
||||||
|
Сабақтың ортасы |
Сүректің сырқы түрінің өзгеруі, құрылыстың бұзылуы, жасушаларының және клетка қабықтарының бұзылуы, сапасының төменделінуі және оны қолдану мүмкіндігінің шектелуін сүрек мүкістері деп атайды. Сүректің мүкістері бойынша бірнеше топқа бөлінеді: бұтақтар, жарылулар, дің пішінінің кемістіктері, сүрек құрылысының кемістіктері, химиялық бояулар, саңырауқұлақтан зақымдану, биологиялық жарақаттар, механикалық жарақаттар, қисаюлар. Бұтақтар – ең көп тараған сүрек мүкістері, олар оның құрысының біркелкілігін, кейде тұтастығын бұзады талшықтарының және жылдық қабаттардың қисаюына әкеліп соғады, механикалық өңдеуді қиындатады, бірақ жақсы өңдеу барысында әдемі текстура түзеді. Кесу формасына қарай бұтақшалар дөңгелек, сопақ және сопақша болып бөлінеді
Бұтақ формалары. а-дөңгелек, б-сопақ, в-сопақша Жарықтар - бұл сүрек талшығының көлденең бойымен созылуындағы сүрек беріктігінің шегіне жеткен ішкі кернеу әрекетінен қалыптасатын бойлық жарықшақтар. Жарықтар түрі бойынша тілікше, сабалақ және аяздан болған болып бөлінеді. Жарықтар өсіп тұрған және кесілген ағаштарда пайда болады. Оларға белгіленген, аяздан болған, қопсымалы, кебу жарықшақтары жатады. Ағаш діңінің өзекшесінен өтетін белгіленген жарықшақтар ұзындығы бойынша ең үлкені, бұған қоса дайындалған сүрек кепкен сайын көлемі ұлғая түседі. Әдетте ондай жарықшақтар дөңгелек сүрек дайындамаларының қапталдарында, кеспематериалда немесе бөлік беттерінің бүйір және қапталдарында пайда болады. Тілікше жарықшақтар бір немесе бірнеше ұзындығы діңгек бойында 20 және одан да көп метрге дейін болатын ішкі радиалдық жарықшақтарды құрайды.
Дөңгелек орман материалдарындағы жарықшақтардың түрлері. а) белгіленген қарапайым, б) белгіленген күрделі, в) аяздан болған, г) кебу жарықтары, д) қопсымалы. Белгіленген жарықшақтар – бұл, сортимент бойымен біршама ұзына болатын өзекшеден кететін ядроға радиалды бағытталған жарықшақтар. Радиалды бағытталған жарықшалар дің бетінен терең енеді және сортимент ұзындығымен ұзына бойы болатын жарықшақты – аязды жарықшақ деп атайды. Кесілген сүректі кептіру барысында радиалды бағытта пайда болатын жарықшақтарды – кебу жарықшағы деп атайды. Жылдық қабаттардың арасынан өтетін немесе өсіп тұрған ағаш сүрегінің ядросында немесе жетілген сүрегінде пайда болатын жарықшақты – қопсымалы жарықшақ деп атайды. Бұл жарықшақтар кесілген сүректі кептіру барысында ұлғаяды. Ағаш діңгегі пішінінің мүкістері Барлық тұқымдағы ағаштардың өңделуіне діңгек пішінінің кемістіктері кедергі жасайды: сүйірлену, сопақтану,беріштену, қисықтану, тастану. Сүйірлену – қалыпты сүйірліктен, яғни 1 см сүйірліктің, 1м ұзындықтағы сұрыптар жинағына қатынасынан асатын, бөрене диаметері немесе кесілмейтін тақта енінің кемуімен сипатталады. Әдетте, сүйірлену жапырақ тұқымдастарда, әсіресе, жазықта өскен ағаштарда жиі кездеседі, ал діңгек ұзындығы бойынша - жоғарғы бөлігіне қарай кездеседі. Мұндай ақаулық топырақты сыдыра жырту және домалақ орман материалдарын аралау кезінде қалатын қалдық мөлшерінің көп болуына әкеп соғып, қабыршақтың радиал еңістігіндегі талшықтардың пайда болуына себеп болады. Ағаш діңінің сопақтығы өз алдына эллипс пішіндес көлденең қималы бүйіржақты білдіреді, ал оның ең үлкен диаметрі ең кіші диаметрінен 1,5 есе не одан да артық болады. Ағаш өңдеу жұмыстарын қиындататын тағы бір себеп болып ағаш діңгегіндегі бездің жуандауы болып табылады. Беріштену әр түрлі қоздырғыштардың – саңырауқұлақтардың, жоғары не төмен температураның сонымен қатар өрт, механикалық зақым келу немесе басқа да себептердің әсерінен пайда болады. Ағаш құрылымының мүкістері Ағашты өңдеу барысында ағаш діңі құрылымының дұрыс болмауына байланысты жалпы ағаш құрылымының кемістіктері жиі кездеседі. Ағаш құрылымының кемістіктерінің келесі түрлері ажыратылады:
Ағаш тұқымдастары екі түрге бөлінеді: жапырақты және қылқан жапырақты. Қылқан жапырақты ағаштарға: Қарағай - өте әдемі, биік, зәулім ағаш. Діңі жуан, бұтақтары басында орналасқан, жеңңіл, жұмсақ, ақшыл түсті ағаш. Дңі көбінесе түзу болып келеді. Жастай кесілген күніндегі діңінің түрі қызғылт тартады. Кепкен кезде қоңырайланады. Жақсы кесілетін қасиетін пайдаланып, шеберлер әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды. Шырша - сымбатты, қысы-жазы жап-жасыл ьолып тұратын қылқан жапырақты ағаш. Шырша да қарағай секілді жұмсақ, жеңіл, ақшыл ағаш. Бұл қарағайға қарағанда жеңіл, ақ, сақиналары жіңішке. Шырша ағашын құрылыста, үй мүліктерін жасауға қолданады. Бал қарағай - көп өмір сүретін ағаштардың қатарына жатады. Қарағай мен шыршаға қарағанда биік, қатты, діңі қызыл қоңырқай түсті, жылдық сақиналары айқын, анық көрінеді. Бұл ағашта жоғарыда айтылған тұрмыстықжағдайлардың бәрінде қолданады. Сонымен қатар, токарьлық жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. Самырсын - берік, мықты, қылқан жапырақтары да, бұтақтары да қалың өсетін ағаш. Діңі сарғылт-қызыл түсті, кепкен кезде көлемін жоғалтпайды, жылдық сақинасы айқын көрінеді, жақсы кесіліп ойылады. Қолөнерде және мүсін оюға, музыкалық аспаптар жасауға кеңінен қолданады. Жапырақты тұқымдастарға: Емен - өте жуан, биік, түбірі мықты өсетін алып ағаштардың қатарына жатады. Жылдық сақиналары өте айқын және өзек арналары мен ұшқындары басқа ағаштарға қарағанда ерекше көзге түседі. Емен өзінің биіктігі, қаттылығы жағынан теңдесі жоқ ағаш. Емен қатты болғандықтан оны кесу оңайлыққа түспейді. Жиһаз, ыдыс-аяқ жасауға қолданылады. Құрылыстарда кеме жасауға және т.б. өнеркәсіптерде, өндіріс орындарында пайдаланылады. Үйеңкі - орташа тығыздықтағы қатты ағаш, жылдық сақиналары көзге аса аңғарыла қоймайды, көлденең кесіндісінен құс көзді көрініс байқалады. Оңай майысады, бояуды жақсы қабылдайды, бірақ қиын кесіледі. Түсі ақшыл сары, өзек ұшқындары сарғыш шағылыс көрсетеді, жақсы өңделеді. Қандыағаш - қайың тұқымдас, көлденең кесіндісінде ақ түсті болып, кепкеннен кейін қызыл күрең түске айналады. Ал негізгі түсі ашық қызыл күрең болып келеді, кішкене сызықшалары бар. Жақсы кесіледі және боялады, қызыл ағаш құрамына кіреді. Көктерек - қаратеректің бір түрі, бір-бірінен айырмашылығы тек сыртқы түрлерінде. Көктеректің қабығы ақшыл көк болып келеді. Діңі жеңіл, жұмсақ, тез кесіліп ойылады, жылдық сақиналарын дұрыстап қарамаса, жөнді көрінбейді. Сүрегі ақшыл көк түсті. Мүсін немесе терең рельфті заттар мен бұйымдар ою процессінде қолайлы. Қайың - сыртқы қабығы ақ, сымбатты, сұлу ағаш. Қайыңның қабығы оған ерекше қайталанбастай түр беріп, оның ақшыл қабығын көгілдір немесе қызғылт түстерге бояп, қарар көзге жеңіл, әдемі етіп көрсетеді. Қайыңның діңі ауыр, қатты, сүрегі ақшыл сары, жылдық сақиналары көзге онша байқалмайды. Ерте кезде шеберлер осы қасиетін пайдаланып ер-тоқым, киіз үй ағашын, ыдыс-аяқтар жасаған. Шаған - бұтақтары үлкен, ақшыл жапырақты, биік өсетін, жасыл-сұр қабығы бар, сопақша ақшыл жапырақтардан құралған ағаш. Діңі тез кебе қоймайды, қатты, берік, мықты, сарғыш-қызғылт түсті. Кейде оның қабықсыз діңін еменмен шатастырып аласыз. Шағанның еменнен айырмашылығы ядросы ақтау, жылдық сақинасы емендікіне қарағандажалпақтау болып келеді. Өңдеуге қолайсыз, қатты. Жиһаз және құрылыс материалдарын жасауға көп қолданылады. Тал - бұтақтары жан-жаққа шашырай кең жайылып өсетін, майысқақ жуандығы орташа ағаш. Бұтақтары мен жапырақтары сарғыш жасыл, ылғи төмен қарай салбырап тұрады. Діңінің сүрегі ақ жұмсақ, жеңіл, қатты күшке келмей сынып кетедіКиіз үйдің сүйегін жасағанда, шарбақ тоқығанда көп қолданады. Иіп уық, кереге жасап көруге болады. Июге, бұрауға, майыстыруға төзімді ағаш. Шетен - түсі ақшыл, күлгін және сары түсті көлеңке береді. Көлденең кесіндісінен қорек өткізетін дөңгелек каналдарын айқын көруге болады, өте мықты және қатты болып келеді. Ұзыннан кесілген ағаштың құрылысына жылдық сызықша қара–қоңыр сақиналарынан анық көруге болады. Оңай кесілмейді, бұл ағаш емен ағашына ұқсас, жақсы майысады, оңайшылықпен сынбайды. Құнды ағаштар қатарына жатады. |
|
|
|||||
|
Сабақтың соңы |
Студенттерге бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қою. Ағаш құрылымының кемістіктерін атаңыз? Жалған ядро дегеніміз не? Ағаш негізгі топтары? Қылқан жапырақтыларға қандай ағаштар жатады? Жапырақты ағаштарға қандай ағаштар жатады? |
Студент іс-әрекеті. Сұрақтарға жауап беру. |
|
|||||
|
Сабақтың қорытындылау/заключение урока/ Сonclusion of a lesson |
Студенттерге бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылау, сұрақтарға жауап беру. |
Студенттер өздерінің түсінбеген сұрақтарына жауап алады. |
|
|||||
|
Қосымша мәлімет |
||||||||
|
Саралау- қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті студенттермен жұмысты қалай жоспарлайсыз? Студенттердің сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін; |
Бағалау – студенттердің материалды меңгеруін қалай бағалайсыз?
|
Пәнаралық байланыс |
||||||
|
Рефлексия |
Рефлексия «бес саусақ» әдісі арқылы өз ойларын жазады.
|
|||||||
|
Үй тапсырмасы/ Домашняя работа/Homework: |
Сабақ аяқталды. Келесі сабақта кездескенше. Сау болыңыздар! |
|||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген