Материалдар / АҒАШ ОТЫРҒЫЗАМЫЗ

АҒАШ ОТЫРҒЫЗАМЫЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
ШОТ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

Тақырыбы: Ағаш отырғызамыз

Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайында балаларға түсінік беру. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, оны қорғауға, аялауға үлкендердің еңбегі арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Ағаш отырғызу ретін үйрету, ағаш отырғызудың пайдасы туралы түсінік беру, айналаны көгалдандыруға деген ниеттерін тәрбиелеу, өсімдіктер әлеміне танымдық қызығушылықтарын ояту.

Мотивациялық –қозғаушылық кезеңі:

Тәрбиеші : - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің бізге қонақтар келіп отыр. Қане ,бәріміз шаттық шеңберге шығайық. Кәне, қолдарымызды күнге созып, жақсы көңіл-күймен амандасайық.

Сәлем саған күнім

Шуақ шашқан нұрын

Ұланымыз елдің

Байтақ далам менің!

Ұйымдастыру- іздену кезеңі : Балаларды берілген суреттер бойынша топқа бөлу

1.Алмұрт ағашы

2. Алма ағашы

Тәрбиеші: - Балалар жылдың неше мезгілі бар? Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық.

Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.

  • Тамаша ,балалар!

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

Ендеше бейнефильмді тамашалайық.Балалар сұрақ-жауап арқылы көктем туралы білімдерін бекіту.

-Балалар суретте не бейнеленген?

- Балалар , осы табиғат дегеніміз не?Табиғат- бізді қоршаған орта.

Есік қағылады . Тәрбиеші: - Балалар бұл кім екен? Бізге қонаққа «Табиғат -Ана» келіпті.

Балалар: - Саламатсыз ба,Табиғат-ана

Табиғат – Ана : ия ,балалар мен сендерге табиғатымның сұлулығын көрсетуге келдім. Айналаға зейін қойып қарасақ , табиғат әлемі керемет! Табиғат адам өмірінде маңызды орын алады. Адамға сұлулық пен жақсы көңіл –күй ғана беріп қоймайды, онсыз адамның тіршілік етуі мүмкін емес .

Тәрбиеші: - Балалар , табиғат қандай тамаша! Бізді қоршаған ортаның бәрі табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер , жан-жануарлар, өсімдіктер, ағаштар. (слайд арқылы ) Балаларға сұрақ –жауап арқылы түсіндіріледі.

Ал енді көктем мезгіліндегі үлкендердің еңбегіне не жатады? ( аула тазарту, құстарға ұя салу, ағаштарды әктеу, ағаш отырғызу, егін егу)

Адам еңбегі, ағаш турлері туралы түсіндіру.

Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады. Сонымен қатар олар үй жиһаздарын жасауға, үй салуға, қағаз жасауға пайдаланылады және айналаға әсем көрік береді

Тәрбиеші: Табиғат –ана , біз апта бойы көктем мезгілінің табиғатын далаға серуенге шығып тамашаладық және мектеп ауласына ағаш отырғызған болатынбыз. Соны сізге көрсеткім келіп тұр. Бейнефильм ( мектеп ауласына ағаш отырғызу)

Табиғат- Ана : Мектептерің қандай керемет ! Жарайсыңдар , балалар! Табиғатқа сендер де өз үлестеріңді қосыпсыңдар. Ендеше ,мен сендермен бір ойын ойнайын.


Ойын: «Не болар еді?»

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрып, қойған сұрақтарына жауап беріп, сөйлемді аяқтайды.

Табиғат-Ана: Жарайсыңдар ,балалар! Қандай ақылды баласыңдар, мен сендерге жеміс ағаштарын сыйға беремін. Сендер де ағаштар секілді көркейіп өсіп, еліміздің ел басқарар азаматы болыңдар. Сау болыңдар

Тәрбиеші: Балалар, ағаш үлкен болып өсу үшін не қажет?

Тосын сәт:

Тәрбиеші: Балалар ,бұл дауыс? Біреу жылайтын сияқты.

Бейнебаянда бейтаныс қыз отырғызған ағашы солып , балалардан көмек сұрайды.

Тәрбиеші: - Балалар , бейтаныс қызға көмектесеміз бе?

Онда ағашқа қажетті ауаның , судың , күннің тапсырмаларын орындай отырып, Табиғат-ананың берген ағаштарын отырғызайық.

Ауаның тапсырмасы:

І топ Ағаштар тақпақтар айту

ІІ топ Ағаштар туралы мақал –мәтел

Күннің тапсырмасы: І топ: Геометриялық пішіндерден ұя жапсыру

ІІтоп :Геометриялық пішіндерден ұя сурет салу

Кандай пішіндерден құралған? Пішіндер туралы тақпақтар сұрау

Құрттың тапсырмасы: Ойын : «Ағашқа құрт түсті?»

Ойын шарты: балалар ағаштан құрттарды алып, жұмбақтарды шешеді.

Сергіту сәті : «Ағаштар» биі

Судың тапсырмасы: Суреттер арқылы әңгіме құрастыру. Әр тапсырма сайын балалар макетке ағаштар отырғызады.

(мультфильмнен үзінді) Бейтаныс қыз өзінің рахметін айтып, балаларға сыйға алма береді.

Рефлекстік түзету кезеңі :

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, менің кішкентай бүлдіршіндерім, адамдар бір-біріне дос және қамқор бола білу керек. Міне ,балалар біз тапсырмаларды орындай отырып, өз бағымызды көркейттік.Біз бүгінгі ұ.о.і.ә. нені үйрендік?

-Жарайсыңдар , менің кішкентай бүлдіршіндерім ! Қазақстанымызды жайната берейік. Осындай әрқашан еңбекқор болайық ,табиғатымызды аялай берейік.Бәріміз бірге «Болайықшы осындай» әнін орындайық.

Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі ұ.о.іс-әрекетіндегі көңіл –күйлеріңді мына смайликтер (күліп және ренжіп турған алма ) арқылы көрсетіп, ағашқа іле қойыңдар.

Алма ағашы неге толды? Бүгін мен сендерді біз көмектескен бейтаныс қыздың алмаларымен мадақтаймын.










ЖИ арқылы жасау
22 Желтоқсан 2017
2330
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі