жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағаштан жасалған бұйымдар
«№2 Адема» балабақшасы
«Ағаштан жасалған бұйымдар!»
(Ересек, «Қошақан» тобының ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті)
Тәрбиеші: Козыбаева.Г.С
10 Наурыз 2020 ж
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Ағаштан жасалған бұйымдар ».
Мақсаты: Ағаштың қасиеттері мен пайдасы жайлы қарапайым түсініктер. Шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Оқу іс-әрекет презентациясы, суреттер,ағаштан жасалған заттар.
Әдіс-тәсілдер: Тәжірибе жасау,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер Ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуандым!
|
Балалар, тәрбиешімен бірге қайталайды.
|
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексті коррекциялау |
-Балалар көңіл күйлерің қалай? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің ерекшеліктері анықтап беріңдерші. -Көктем мезгілінде гүлдейтін қандай гүлді білесіңдер ? -Табиғат жайлы тақпақты кім біледі? -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, өткен тақырыпты еске түсіріп алайықшы. -Ия балалар, табиғат жайлы екен. -Табиғат бізге не сыйлады? -Ал, біз табиғатқа не сыйладық? -Ал, енді балалар, біз жаңа тақырыппен танысамыз. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын ,мені мұқият тыңдаңдар. Жұмбақ Қыста киімін тастайды , Көктемде киіне бастайды. -Жұмбақтың шешуін кім табады? -Бүгінгі тақырыбымызда, осы ағаш туралы болмақ. -Балалар,ағаштар не үшін керек? -Ағаштардан не жасайды? -Ағаштан жасалған қандай бұйымдарды білесіңдер?
Тәжірибе жасамас бұрын біз сергіту жаттығуын жасап алайық.
Сергіту сәті Жабырқауды білмейміз Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.
-Балалар, енді тәжірибе жасау орталығына барайық. -Метал мен ағаштан жасалған заттарды салыстырып көрелік. Маңдайымызға темір қасық пен ағаш қасықты қоямыз. Не сездіңдер? -Ағаштың жылуды ұстағыш қасиеті бар екен.
-Ал, енді темірді сындыра аламыз ба? -Бұтақтарды сындырып көріңдерші. Темір майысады, ал бұтақтар сынатынын білдік. -Балалар мына бүршік атқан бұталарға қараңдаршы. Бұталар күн жылығанда бүршік атып, жапырақтап гүлдейді. -Қандай ағаштарды егуге болады? Егетін ағаштарды көшет деп айтамыз. Қураған ағаштарды егуге блмайды . Олар өсіп өнуі үшін суғарып баптау қажет.
-Балалар, суы бар ыдысқа ағаш пен темірден жасалған қасықтарды салып көрелікші.
-Балалар, темір қасық суға неге батты да, ал ағаш қасық неге су бетінде қалықтап жүр? Қалай ойлайсыңдар?
-Темір ауыр болғандықтан су түбіне батты.Ал ағштар жеңіл болғандықтан судың бетінде қалқиды.
- Балалар, сендерге тәжірибе ұнады ма? -Қандай ағаштарды егуге болады ? -Ағаштардан қандай бұйымдар жасауға болады? -Ағаштардың қандай қасиеттерін білдіңдер? -Ағаштың бөліктерін атап беріңдерші. -Жарайсыңдар ,балалар сендер бүгін белсенділік таныттыңдар. |
Балалардың түрлі жауаптары тыңдалады.
Табиғат бізге таза ауа,күннің жарығы мен жылуын сыйлады.
Біз табиғатқа ағаштар егіп сый жасадық.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Ағаш
Темір қасық мұздай екен.
Жоқ. Бұтақтар сынды.
Тамыры бар ағаштарды.
Темір қасық суға батты. Ағаш қасық судың бетінде жүзіп жүр. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Табиғатты қорғауды және ағаш қасиеттерін.
Болуы керек: Топпен жұмыс істей алуы .
Қолынан келуі: Қарапайым зерттеу жұмыстарын жасау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген