жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағаштан түйін түйген Ақбұзау шебер.
Павлодар облысы
Тереңкөл ауданы
Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы:
Ағаштан түйін түйген Ақбұзау шебер
Бағыты: «Гуманитарлық»
Секция: Өлкетану
Жобаны орындаушы:
Тереңкөл ауылы Қатша Оспанова атындағы
№3 жалпы орта білім беру мектебінің
5 «А» сынып оқушысы Ахметова Дильназ
Жоба жетекшісі:
Тереңкөл ауылы Қатша Оспанова атындағы
№3 жалпы орта білім беру мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Алетаева Зульфия Бегендиковна
2019-2020 оқу жыл.
Аннотация
Оқушы өзінің ғылыми жобасында Тереңкөл болысында өмір сүрген сол заманның әйгілі адамы Бесары руынан шыққан Ақбұзау шебер туралы мәліметтер толық қамтыған. Ақбұзау шебердің өмірі мен жасаған ағаш бұйымдарын зерттеген. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген.
Оқушы бұл жобаны жазу барысында кенінен дайындалғанын байқатты.
Мұғалім:тарих пәнінің
мұғалімі З.Б.Алетаева
Аннотация
В своем научном проекте ученица полностью охватила сведения о жизни и исскустве великого мастера из рода Бесары мастера-казаха Акбузау. Исследовала жизнь и мастерство резьбы по дереву мастера Акбузау.
Найденые источники соответствуют возрасту учащейся. Доказано сведениями.
При исследовании этой работы, видно что ученики хорошо подготовлены.
Учитель истории Алетаева З.Б.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Берілген жұмыс 17 беттен тұрады. Кіріспе, зерттеу әдістері мен материалдары, сауалнама, қорытынды,пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымша фото суреттер.
Мазмұны
Кіріспе... ................................................................................................................
1.Тереңкөл болысының тарихы...........................................................................
2. Ағаштан жасалған ыдыстар тарихы.................................................................
3. Песчан станциясының жәрмеңкесі..................................................................
4. Ақбұзау шебердің заттары................................................................................
5. Сауалнама...........................................................................................................
Қорытынды ..........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.
Елбасы өз сөзінде: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек. Қазақстан тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз елімізді рухани қабат арқылы паш етеміз» деп атап көрсетті. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы осы бір тарихи мақсатқа жетудегі алғашқы нақты қадам.
Ендеше, туған жеріміздің әйгілі адамдарын білу және өлардың өмірлері мен еңбектерін зерттеу, өскелен ұрпаққа таныстыру біздің ғылыми жобамыздың басты мақсаты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: -Бүгінгі таңда салт-дәстүріміздің үлкен бір саласы-қол өнерді үйреніп болашақта осы үрдісті жалғастырып,ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ата-бабаларымыздың көне ыдыстарын дәріптеу.Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың бай мұрасына сүйіспеншілік сезімін тудыру. Туған өлкемізде өмір сүрген және әйгілі болған атақты Ақбұзау шебер туралы мәліметтер жинақтап, өскелен ұрпаққа жеткізу, Ақбұзау шебер туралы кітапша шығару.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
Тереңкөл болысынның тарихы туралы мәліметтер жинақтау;
Ағаштан жасалған ыдыстардың маңыздылығын білу;
Ақбұзау шебердің шеберлігімен танысу;
Ақбұзау шебер туралы кітапша шығару;
Оқулықтардан дәлелдерді пайдалану;
Тарихи әдебиеттерді,зерттеулерді оқып,ыдыс-аяқ туралы материал жинау.
Зерттеу жұмысында өткен ғасырлардағы ата-бабаларымыздың пайдаланған ыдыстарының жасалу жолдарын іздестіріп,мәліметтер жинақтау.
Бүгінгі таңда ыдыс-аяқтардың күнделікті өмірде қалай қолданылатынын көрсет.
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдарды жинақтау.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы:Қазақ халқының ертеде қолданған ағаштан жасалған бұйымдардың қазіргі замандағы маңыздылығын түсіну.
Зерттеу пәні: тарих
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Қазақ халқының ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары, ертеде қолданылған бұйымдары.
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік
1. Тереңкөл болысының тарихы.
Тереңкөл ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы – Тереңкөл ауылы, 112 километр, халқының саны- 21,2 мың адам. Солтүстік-батысында Железин ауданымен, солтүстік – шығысында Новосибирь облысының Қарасуық ауданымен, шығысында- Успенка ауданымен, оңтүстік және оңтүстік –шығысында Павлодар ауданымен шектеседі. Ауданның батыс шекарасы бойымен 50 километр Ертіс өзені ағады. Жер бедері жазық, Ертіс өзені жағалауында шағын көлдер бар. Тереңкөл ауданының елді мекендерінің өткеніне зейін қойып, зерделеп қарағанда тарихтын өз болмысына тән алақұйын дауылы соғып, құм көшкені астында көміп кеткен кездері де аз болмағаның байқауға болады. Ауданның өткені туралы ой түйіндер тұсқа келгенде тарихтың тереңіне қайлана бойлата сілтеп, ілікке әр қиыршық тасты үкілеп, үңіле қарау керектігін түсіндік. Бұл өңірде де байтақ елімізге танымал, әйгілі, биік тарихи тұлғалар жайлы деректерді зерделеу керек.
Көне заманнан бергі түркі әлемінің алтын бесігі- Алтай тауының қойын-қойнауынан басталып жазира даланы бойлап қолтықтаса аққан Тобыл, Есіл, Нұра, Ертіс өзендері алыптың денесіне тіршілік берген қан тамырындай. Сол дариялар жердің де жерді мекен еткен елдің де өміріне өзек болды. Жарыса ағындап жатқан өзендер ішіндегі еңселісі де , еркесі де Ертіс-таудан бір толқыны бір толқының тікелей ағып келіп, айналасын жасыл желекке бөлей отырып қазақ даласын ұзақ шарлап, баяулаған тұсында Тобыл қаласы маңында енінің өзі 2,5-3 шақырымға көсіле ағады екен. Алтай өлкесін бойлап, Сауыр-Сайқан, Қалба тауларынан өтіп, Сарыарқа даласын жиектеп Құлынды даласына бет бұрған, осы арнасында төрт-бес иық тіресіп, түтін түтеткен ауылдардан бастап құлашын кең жайған қалаларымыздың өткеніне куәгер болған осы айдын шалқар ақ өзен.
Ағайынға Жерұйық іздеген Асан қайғы Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас» деген екен. Сол өзеннің күмістей жарқырап, байсалды ағатын бір арналы кезі Құлынды даласынан өтеді. Бір етегі Батыс Сібірдің орманды даласымен ұштасып жатқанбайтақ өзеннің жағалауы Ортаңғы Ертіс аталып бүгіндегі Семей, Павлодар, жерлерін басып әрі бойлайды. Қазақ даласынан әрі жылжыр кезеңінде мың бұрылып Ақтоғай, Качир, Ертіс, Железинка аудандары жерінің нәрін қандырады. Осы кең алқаптың Құлынды даласымен байланысын көруге болады. Осы далада Жолқұдық, Чернореченск, Тереңкөл, Песчан, Ертіс, Боброва деген көне мекендерге таяу обалар топырақтан үйілген.
Қазақ халықтарының қай-қайсысы да не нәрсеге болсын ат бергенде өзгеден ерекше қасиетін дәл көрсетіп, мән-мағынасын ашып тұрады мәселен, сонау он сегізінші ғасырдың басында Ертіс өзенінің оң жағасында Түркістаннан, Арқадан көшіп келген халық Семей, Омбы аралығындағы жерге Тереңкөл деген атау берген көрінеді. Ол кезде табиғаттың тың бұзылмаған кезі ғой, кең дала көптеген көлдер мен қайыңды шоқ-ормандар болса керек. Сол себептен болар осы қоныстанған мекенін Тереңкөл болысы деп атауы. Бүгін бізге жеткен елді мекен атауына үңілсек, мысалы: құндызқала, қызойнақ, егінағаш, қаратерек, қаракөлағаш, майқараағаш атаулары баршасы жермен байланысты болар.
Осы өлкеге алғаш мекендеген Уақ, Байназар аталары болса керек. Кейін 1768 жылдары Керей-Құдайберді аталары келіп қосылған, одан соң қанжығалы, бегендіктер де келе бастайды. Қазір бұрынғы Тереңкөл болысының 6,8 мың шаршы км жері Максим Горкий (қазір Качир) ауданына берілген болатын. Ыбырай, Әжібек ұрпақтары сол елде еңбек жатқан жайы бар. Соны еске алып «Уақ» шежіресі кітабынан үзіндіні жинаққа еңгізіп отырмын.
2009 жылы «Уақ шежіресі» кітабына уақ жұртының энциклопедиясы деп саналады. осы кітапта уақтар мен керейлер іргелес, тайпалық – әскери одаққа біріккен делінген. Тереңкөл болысының орталығы 70 жылдан Қызылтаң болған. Қызылтаңда Байназар Уақтың Жанқара, Майқара, Жаңаберді аталары қоныстанған. Солардың ішінде Илияс болыс (1847-1924) пен Құсайын болыс (1861-1931) көп жылдар Тереңкөл елін басқарған. Илияс қажы Алашорданың 1917 жылы желтоқсанның 5-13 күндері Орынборда өткен қазақ съезіне қатысқан. Уақтан тараған Жантөбеттің ортаншы ұлы Жанқараның баласы. Жанқараның төрт әйелінен он сегіз ұл тараған. Негізі Ілиястан бұрын Тереңкөлдің болысы болған Жанқараның бірінші әйелінен туған Бозқозы деген баласы еді. Бозқозы Тереңкөлде отыз жыл болыстық құрған. Содан кейін оның інісі Ілияс болыстықты жиырма жылдан астам уақыт атқарып, қажылық сапарға аттанарда өзінің інісі Құсайынға болыстық міндетті тапсырған екен. Ал Жанқараұлы Құсайын Тереңкөлде он сегіз жыл болыстық құрып, Кеңес өкіметі байларды кәмпескелеп, қуғындағанда бұны Кемеровқа (Ресей жері) жер аудар ған. Құсайын 1932 жылы Кемеров қаласында дүние салады.
2. Ағаштан жасалған ыдыстар тарихы.
Табақ – тастан,ағаштан,темірден жасалған тамақ салатын жайпақ ыдыс.Мұны емен,қайың сияқты кепкен қатты ағаштарды әуелі қайнатып алып шабады.Іші шұңғылдау,жалпақ ернеулі,жиекті,дөңгелек,ағашы қалыңдау болып жасала береді.Үлкендерін сыйлы адамдарға бас табақ ретінде тартады.Табақ шарадай безендірілмейді,тек ағаштың өзінен ғана жасайды.Көбінесе ет тағамдары салынатындықтан тазартуға,жууға оңай болуы үшін өрнектер де ойылмайды.
Астау- ағаштан ойып жасалған,ас салатын ыдыс.Ол табақтай емес,ұзыншалау,сопақ,екі жағынан ұстауға лайықталып ернеу қойылады.Бұл ыдыс қазіргі күндерде көп қолданылмайды.Сондықтан мұны мұражайлардан ғана көруге болды.Астаумен ерте кезде ет салып тартқан.
Күбі- айран,іркіт,қымыз пісуге,қаймақтанг май пісіруге арналған түбі кеңдеу,ауыз жағы тарлау,піспегі бар ағаштан жасалған ыдыс.Күбіні тұтас ағаштан үңгіп немесе арша,емен,талдың жұқа тақтайшаларынан қосып та жасайды.Жеке тақтайшалардан жасалған күбіге түп салып сыртынан темір құрсаулармен тартылады.Тұтас ағаштардан жасалғандардың іші тегіс болуы үшін күйдіріледі.Дайын күбінің ішін майлап,саба сияқты жиі-жиі ыстап отырады.Күбінің сыйымдылығы 20-30литр,биіктігі 80сантиметрдей,түп жағы кең,аузы тарлау болады.Шаң-тозаң түспес үшін,әдемі,дөңгелек қақпақ жасалады.Піспек сабы шығып тұруы үшін қақпақтың төбесін теседі немесе шетіне кертік қалдырады.
Піспек – күбідегі сусынды пісіп,араластыру үшін піспек пайдаланылады.Оны күбі аузынан(қақпағынан)сыртына шығып тұратындай ұзын сабы және жалпақ әрі дөңгелек басы болады,ағаштан жасалады.Сабының жоғарғы жағын әшекейлеп немесе күміспен қақтап әшекелейді.
Сүйретпе – ірі қараның бас немесе мойын терісінен жасалған,қымыз құюға арналған үлкен торсық.
Қасық - Сыртқы түрі ожауға ұқсас,көлемі кіші,әдемі,ыңғайлы етіп ойылып жасалады.Сұйық ас ішуге арналған.Ағаштан жасалатындықтан ағаш қасық деп аталады.Үлкен адамдарға және балаларға арналған үлкенді кіші түрлері де болады.Өте кішкентай түрлерін май қасық деп атайды.Қасықтар боялып немесе түрлі-түсті ашық бояулармен әрленеді.
Келі - тарыны ақтауға арналған құрал.Жуан әрі қатты тұтас ағаштан үңгіп жасайды.Орнықты болуы үшін түп жағын қалың қалдырады.Түбінен жоғары 10-15 сантиметрдей жерінен бунақтап ойып,жоғарғы жағын қиғаштап сәл жіңішкертіп бел жасайды.Кейбір жерлерде сол ойған жердің ағашын тұтас қалдырып,ұстайтын тұтқа қалдырады.Ішін әбден үңгіп болғаннан кейін тегістеу үшін және ағаш шайырланып қатаюы үшін отпен қарады.Келінің биіктігі 70-80,диаметрі 30 сантиметрдей болады.
3. Песчан станциясының жәрмеңкесі.
Аты шулы Песчан жәрмеңкесі қарашаның екінші демалысында басталып, желтоқсанның екінші демалысында бітетін. Жәрмеңкеге Ауған саудагерлері кілемдерін саудаласа, Таулы – Алтай өлкесінің алыпсатарлары Песчанның балына қызықса, сонау Енисейден саудагерлер кедр жаңғағын әкеліп, саудалайтын. Орал мен Жайық бойынан да саудагерлер ат басын бұратын еді. Үш жүз жылдық тарихы бар Песчан станциясының жәрмеңкесі осылайша XIX ғасырдың ортасынан бастап, XX ғасырдың басына дейін сауда көрігін қыздырған еді. Осы жәрмеңкеге қатысушылар жоғарыда аталған Ақбұзау шебердің ыдыстарын сатып алуы әбден мүмкін еді.
Жәрмеңкелік көрме өзінің беделін онан кейінгі жылдарда да жоғалтқан жоқ. Мысалы: 1966 жылы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткен ауылшаруашылығы көрмесінде Швецияның ауылшаруашылығы министрі, осы көрмеге әкелінген Песчанның симменталь тұқымды ірі – қара өгізшелеріне өте жоғары баға берген екен. Осы бағаның растығын төмендегі деректер де растайды.
1948 жылдың 23 шілдесінде Максим – Горький ауданы «Песчанский» сүт кеңшарының аға табыншысы Әлжанов Нұртазға, осы совхоздың директоры Выдрин Василий Сергеивичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
4. Ақбұзау шебердің заттары.
Көнекөз қариялардың айтуынша Тереңкөл болысында Ақбұзау шебер жасаған бір жылқының еті түгелдей сиып кететін ағаш табақ болған деседі. Ақбұзау шебер туралы әңгіме 1914 – 1915 жылдары даңқы алысқа тараған. Песчан станциясына қарама – қарсы Ертістің сол жағалауында орналасқан, он алтыншы ауыл тұрғыны, руы - Бесары Ақбұзау шеберсіз Песчан жәрмеңкесі өтпегендей еді... Жәрмеңке болатын күнде осындай табақ Песчан ауылынан табылатын. Сауда ұйымдастырушылардың бірі бәс тігіп, бір семіз тайды сояды. Оны сол жәрмеңке басталғанша баптап пісіреді. Сорпасында төкпейді. Кімде-кім осы табақ толы етті жалғыз өзі тауысып жеп қойса, соған арнайы сыйлық дайындалады. Мұндай жарыс бірнеше мәрте өткізілген болатын. Бұл жарыс алдын –ала хабарланып, бәс тігіледі. «Жей алады» дегендер бір жақ, «жей алмайды» дегендер бір жақ болып әртүрлі сома тастап «бәске» қатысады. Қаржыны жеңген жағы алады. Бұл сайысқа әр жерден жебірлер келетін көрінеді. «Әй, осы жеп кетеді» деп, қорыққан қарсы жақ кейбір жебірлерге байқатпай май ішкізіп, жүрегін айнытып қоятын кездер де болыпты. Қандай жәрмеңке болсын губернатор өкілдерінің бақылауында болатын. Ертіс өңірінде бекініс салып, Ертіс өңірінің жағдайын қадағалап жүретін полковник Василий Чередов біраз уақыт Песчан форпосында болып, жәрмеңке қызған бір күні халық арасын аралап жүреді екен. Қасында Омбыдан еріп келген қонақтары бар. Сол қонақтарының бірі қымыз құятын шаралар мен ожауларды қарап тұрып: -Вот, где музейная редкость,-деп қолына алып таңданыпты. Ұлықтың не айтып тұрғаның өңірдің қазақтары кейінірек түсінген болатын. Кейін В.Чередов қонағын шеберге жолықтырады. Ақбұзау есімі ерекше әйгілі болғанымен де қолына алған затты көздің жауын алатындай әсем өрнектейтін, табанды зергердің бұйымдарына қонақтар қатты сүйсінеді. Ұлықтар әңгімелесіп, жасаған заттарымен танысқанынан кейін: -Сен бізге қымық құятын тегеш, шара, ожау, қымыз пісетін саба жасап бер, - дейді. –Ақысын сұра, ақысын,- деседі шебердің қасындағылар. –Енді, бұл заттардың барлығының құнына бір жақсы міністі жылқы берсе де жетер, - дейді. Шебердің сұрағаның естіп, қонақ жез мұртын ширылап тұрып күледі де жүріп кетеді екен. Ол адам Ақбұзау шебердің заттарын өте жоғары бағалаған болатын. Ол шебер жасаған заттарды Рим, Париж көрмесіне көрсетпек ойы болатын екен. Ресейдің қарамағындағы бұратана халықтардың арасында осындай шебер бар екенің көрсің деп атйқан екен. Ақбұзау шебер онда мен тапсырыстарды орындамаймын деп айтты. Шет жұртқа елімді бұратана деп таныстырса, қазақ аты аталмаса біздің жеткен жетістігіміз қайсы? деп жауап қайтарады. Елімнің атын тәлкекке айналдырып шебер атанбай-ақ қояйын- деп қамшымен жусанды бір осып өтіп, ауылына кетіп қалған екен. Дегенмен Ақбұзау шебердің есімі, жасаған ағаш бұйымдары мен күміс әшекейлері бүгінгі күнге дейін жеткен. Оның қолынан шыққан бірталай заттар облысымыздағы ғана емес көршілес Ресей қалаларының мұражайларында сақталған. Жәрмеңкеге әдетте шебер оюлап, шеберлікпен әсемдеп жасаған, сиымдылығы 0,5 және 1,0 литрлік қымыз құятын тостағандар мен жүз шақты ағаштан жасалған ожауларды сатып алушылар да толастамайтын. Себебі, Ақбұзау шебер жасаған ыдыстар өзінің әсемдігімен көз тартатын еді. Жергілікті ауқатты адамдардың іздері де шебер жасаған ыдыстарды пайдаланып, сонымен қонақ күтуді үлкен мәртебе санаған. Шебер жасаған ыдыстар 1970 жылдардың басында Песчан аймағында кездесетін еді – дейді көнекөз тарихшылар.
Егер де Песчан аймағында, сәті түсіп, сыры кетсе де, сыны кетпеген оюда қазақи ыдыстар кезіксе, Ақбұзау шебердің қолынан шыққанына кәміл сеніңіз. Шебер жасаған ыдыстардың қасиеті сонда, осы ыдыстарды саусақпен шертіп – шертіп жіберсеңіз фарфордың сыңғыры шығатын.
Әдетте, шебер ыдыстарын жасау үшін міндетті түрде жас қайынның ағашын пайдаланатын. Дым күйінде қабығын сыдырып, көлеңкенің астында кептіріп, ыңғайлап, арамен кесіп алатын. Ет салып тартатын табақ жасаса кесіндінің қалындығы 4 см – ден аспайтын, қымыз құятын тостаған жасайтын болса, кесіндінің қалындығы 10 см болатын. Кесілген кесіндінің екі жағына арнайы шөптен жасаған бояулар жағып, тағыда бір жыл кептіруге қоятын.
Іс мұнымен де бітпейтін, шебер кепкен әрбір кесіндіні қыздырылған ыстық шойын плитаның үстіне қойып, тағы да кептіретін. Сонан соң балғамен ақырын тақылдатып, сыңғырлаған металл дыбысы шыққанда суытуға қоятын. Осыдан кейін арнайы ағаш өңдейтін құрал – жабдықтарды пайдалана отырып, әртүрлі ою - өрнектермен әсемдеп, жоғарыда аталған ыдыстарды жасауға кірісетін. Шебер дайын болған ыдыстарды әртүрлі түсті бояулармен безеңдіріп, сатуға шығаратын. Бір ерекшелігі көгілдір, ашық жасыл түсті бояуларды дайындау үшін апталап сапарға шығып, Баянауыл тауынан ғана арнайы әкелетін еді,- дейді бізге жеткен деректер.
Осы ғылыми жобамызды зерттеу барысында қолымызға ХІХ ғасырда жасалған табақшаны таптық. Осы табақшаның жасалуы Ақбұзау шебердің жасаған ыдыстарына өте ұқсас. Бірақта осы табақшаны Ақбұзау шебер жасағаны туралы нақты мәлімет жоқ. Табақшаның иесі Тлеубай ауылында туып өскен Раушан есімді әже. Ол 1940 жылы дүниеге келген. Ал табақшаны оған әжесі қыз жасауы ретінде сыйға тартқан. Раушан әженің айтуынша бұл табақша ұрпақтан-ұрпаққа табысталып келіпті. Менің ойымша бұл табақшаны ертеде Ақбұзау шебер өзі жасаған деп болжамдаймын. Себебі Ақбұзау шебердің жасаған ыдыстардың қасиеті сонда, осы ыдыстарды саусақпен шертіп – шертіп жіберсеңіз фарфордың сыңғыры шығатын. Әдетте, шебер ыдыстарын жасау үшін міндетті түрде жас қайынның ағашын пайдаланатын. Дым күйінде қабығын сыдырып, көлеңкенің астында кептіріп, ыңғайлап, арамен кесіп алатын. Ет салып тартатын табақ жасаса кесіндінің қалындығы 4 см – ден аспайтын, қымыз құятын тостаған жасайтын болса, кесіндінің қалындығы 10 см болатын. Кесілген кесіндінің екі жағына арнайы шөптен жасаған бояулар жағып, тағыда бір жыл кептіруге қоятын.
5. Сауалнама.
Мектеп оқушыларымен Ақбұзау шебер туралы сауалнама жүргізу.
Сауалнама сұрақтары:
1. Қазіргі уақытта ыдыстың қандай түрлері көп қолданылады?
2. Ағаштан жасалған ыдыстардың маңыздылығы қандай?
3. ХХ ғасырда Песчан ауылында жыл сайын өткізілген жәрмеңке туралы естулерін бар ма?
4. Ақбұзау шебер туралы не білесіздер?
5. Ақбұзау шебердің ыдыстарымен таныс болғыларын келеді ме?
Сауалнама қорытындысы:
Балалар ХХ ғасырда Песчан ауылында жыл сайын жәрменке өткізіліп отырғаны туралы білмейді екен. Сонымен қатар осы жәрменкеде Ақбұзау шебердің ағаштан жасалған ыдыстары сатылғаны туралы естулері жоқ. Қазіргі уақытта көбінесе шыныдан жасалған ыдыстар көп қолданылады екендігін түсіндім. Ағаштан жасалған ыдыстардың маңыздылығы мен пайдасы туралы көп балалар білмейді екен. Сондықтан да осы таңдаған ғылыми жобаның тақырыбы қазіргі таңда өте маңызды екенің білдім. Осы ғылыми жобамды болашақта әрі қарай жалғастырып жетілдіргім келеді. Болашақта Ақбұзау шебер туралы кішігірім кітапша шығаруды алдыма мақсат қойдым. Өз жерімізде өмір сүрген сол заманның әйгілі адамдары туралы балаларға мәлімет беріп, Отансүйгіштікке тәрбиелегім келеді.
Қорытынды
Бұл ғылыми жоба арқылы мен ізденушілік-зерттеушілік жұмыс жасадым. ХІХ ғасырда өмір сүрген сол заманға атақты да әйгілі шебердің өмірі мен және еңбектерімен таныс болдым . Ағаш ыдыстарының маңыздылығы мен пайдасы туралы көп мәлімет алдым. Тарихи деректермен жұмыс жасауды үйрендім. Оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Осы сауалнаманы қорыта келгенде, көптеген балалар елімізде өмір сүрген атақты адамдар туралы, олардың өмірі мен еңбектері туралы аз білетіндеріне көзім жетті. Сол себептен Ақбұзау шебер туралы мәліметтер жинақтап болашақта ол адам туралы кітапша шығаруды алдыма мақсат етіп қойдым. Оқушыларға қазақ халқының ұмытылып қалған мәдениеті мен дәстүрлерін жаңдандыру арқылы патриоттық сезімге, Отансүйгіштікке баулығым келеді.
Ұсыныстар:
1.Ақбұзау шебердің өмірі мен еңбектері туралы толығырақ мәлімет жинақтау.
2.Ақбұзау шебер туралы кітапша шығару.
Жетекшінің пікірі.
Бұл ғылыми жоба тақырыбы оқушы үшін өте тиімді,себебі, ол өз өлкесінде туған, өмір сүрген шебер туралы мәліметтермен таныс болды.Ғылыми жоба жазу арқылы оқушының өз туған жерінің тарихына деген қызығушылығы артты. Рухани жаңғыру бағдарламасында «Туған жер» жобасында «Рухани Қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу деп жазылған. Туған жеріміздің ұмытылып қалған есімдерін қайта жаңдандыру әр азаматтың парызы деп ойлаймын. Сондықтан да оқушының таңдаған тақырыбы маңызды болып табылады. Бұл ғылыми жоба арқылы баланың туған өлкесіне және тарих сабағына деген қызығушылығы артады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Болашаққа ұмтылған өлкем. Ғ.С.
Жұматов.Павлодар-2013 жыл.
2. Болашаққа
бағдар-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
– интернет материалы.
3. Песчанские
истории. Вл.Чирков. Издательство
«Казахстан» Алма-ата – 1970 год.
4. Тарихи
жылдар. Р.Р.Мұқаметқалиұлы. Павлодар
қаласы- 2016 жыл.
5. http://old.baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-25628
6. Ақбұзау шебер туралы архив деректері.
7. Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. Павлодар 2003 жыл.
Песчан ауылындағы музейдің фото суреттері.
Деректермен
жұмыс.
АҚБҰЗАУ
Архив деректерімен жұмыс.
оооо
ХІХ ғасырда ағаштан жасаған табақша.
Табақшаның ені.
Табақшаның ішкі жағы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген