Ашық
сабақ
Білім
беру саласы: Таным
Бөлімі:
Жаратылыстану
Тақырып:
«Ағаштар,бұталар,шөптер»
Мақсаты:
1.
Сырт белгілері бойынша топтарға
өсімдіктерді жіктей білуге үйрету:
ағаштар, бұталар, шөптер
2.
Көптүрлілігі
мен оларға күтім керектігі туралы
білімдерін кеңейту
3.
Өсімдіктердің маңызы туралы түсінік
беру,
Қостілдігі:
дерево-ағаш,
Бұта- куст, шөп-трава,жанды табиғат-живая
природа.
Көрнекіліктер:
Әр
түрлі өсімдіктер суреттері,слайд.
Сабақ
барысы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді
көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол
ұстасып, дөңгеленіп тұрайық.Бір-бірімізге
деген жылы лебіздерімізді жылы сөздер
арқылы білдірейік.
-Қазір
жылдың қай мезгілі?
-Көктем
неше айдан тұрады?
-тақтада
тұрған суреттерге назар аударсақ балалар
.
Бүгінгі
сабағымыз өсімдіктер жайында болмақ
кім қандай өсімдік түрін біледі?
Өсімдік
түрлерін айтады.
-Өсімдік
тіршілігіне қажетті жағдайлар нелер?
Күн,су,топырақ,
таза ауа.
-Өсімдіктердің
қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары
бар? -Өсімдіктерді неге жанды табиғат
қатарына жатқызамыз?
-Өсімдікке
су не үшін қажет? -Өсімдіктер топырақсыз
өсіп- өне ала ма?
Өйткені
өсімдіктер көбейіп, өседі.
Сондықтан
оларды тірі табиғатқа жатқызамыз.
-Өсімдіктер
топырақсыз өсе алмайды.
Балалар
өсімдіктер сырт келбеттері бойынша
олар Ағаштар, бұталар, шөптер болып
бөлінеді.
Олай
болса слайдқа назар салайық.
Біз
қазір сол өсімдіктердің түрлеріне
тоқталайық. Ағаштар, бұталар шөптектес
өсімдіктер түріне жатады. Ағаштарға:
емен, қайың, қарағаш, тал, жөке, жеміс
ағаштары. Шөптесін өсімдіктерге: бақбақ,
раушангүл, құлпынай, қоңыраугүл, қалампыр,
қызғалдақ жатады. Бұталарға: итмұрын,
жыңғыл, бөртегүл жатады.
Енді
балалар біз үш топқа бөлінеміз.Ол үшін
мен сендерге біреуіне бұта,біреуіне
ағаш,біреуіне шөптің суретін беріп
шығамын сол арқылы үш топқа отырамыз.
-Тапсырма.
Баларды
үш топқа бөліп отырғызып «Көлеңкесін
тап» тапсырмасын орындау.
Сергіту
сәті.
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан
жел еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар
Биік
болып өседі.
Мақал:«Жалғыз
ағаш орман болмас»
Бізді
қоршап тұрған жасыл әлем өсімдік деп
аталады. Өсімдік – жер бетінің ажарын
ашып, сәнін келтіретін жасыл әлем.
Өсімдік – денсаулыққа қажетті дәрі-дәрмек
қоймасы. Өсімдік – адам ағзасына нәр
беретін дәруменнің көзі. Өсімдік –
адамдар мен ұшқан құс, жүгірген аңға
баспана.
Қимылды
ойын:
"Ұшты -ұшты"
Ал
енді сабақты қорытындылаймыз ол үшін
сендер мына жапырақтарды мына талға
іліп шығыңдар.
Балалар
мақталады,мадақталады.
Тақырыбы:
«Ағаштар,бұталар,шөптер»
Тәрбиеші:
Бидаш Ақбота Сәбитбекқызы
Рудный
2018ж