Материалдар / Ағаштардың суретін саламыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағаштардың суретін саламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағаштардың суретін саламыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2019
141
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
ДҮНИЕТАНУ
1-сынып

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.

2

Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Ортақ тақырып: «Өзім туралы» .................................................................................................... 4
Ортақ тақырып: «Менің мектебім» .............................................................................................. 8
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 13
Ортақ тақырып: «Менің отбасым және достарым» ................................................................. 13
Ортақ тақырып: «Бізді қоршаған орта» ..................................................................................... 18
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 23
Ортақ тақырып: «Саяхат» ........................................................................................................... 23
Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ................................................................... 28
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 34
Ортақ тақырып: «Тағам және сусындар» ................................................................................. 34
Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау».............................................................................. 40

3

1-тоқсан
Ортақ тақырып: «Өзім туралы»
Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты

1.1.2.6. Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының
мүшесі ретінде сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды
• Сынып ұжымы туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға сүйеніп, әңгімеле.
• Балалар қайда келді?
• Енді оларды кім деп атайды?
• Оқушы қандай болуы керек?

Өзіңнің мектепке барған күнің туралы әңгімеле.
• Сені кім қарсы алды?
• Мектепте өзіңді қалай сезіндің?
• Сыныпта тағы кімдер бар?
• Кімдермен достастың?
• Сыныптастарыңмен бірге қандай іс-әрекеттер жасадыңдар?
Дескриптор

Білім алушы
- сұрақтардың негізінде оқушы және сынып ұжымы туралы
әңгімелейді.

4

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты

1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің
құрылымын, олардың түсу көзін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өзіне қажетті тұтыну заттарын және алыну
көздерін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Саған қандай оқу құралдары қажет? Оларды сөмкемен байланыстырып сыз.





Бұл заттар саған не үшін керек?
Оларды қайдан аласың?
Сен мектепке қалай дайындалдың? Жұпта әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- оқушыға қажетті құралдарды анықтайды;
- мектеп құралдарының қажеттілігі туралы айтады;
-тұтыну заттарының алыну көздері туралы айтады;
- өзінің мектепке дайындығы туралы әңгімелейді.

5

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты

1.1.2.4. Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн
тәртібін құру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелейді
• Өзінің күн тәртібін құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Оқушының күн тәртібінің ретін цифрлармен жазып көрсет. Күн тәртібін не үшін сақтау
қажет? Жұпта талқыла және түсіндір.



Өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- күн тәртібінің ретін анықтайды;
- күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді;
- өз күн тәртібін әңгімелейді.

6

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»

Оқу мақсаты

1.1.2.5.Тәулік уақыты мен апта күндерінің атауларын
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тәулік бөліктері мен апта күндерін ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Тәуліктің қай бөліктері бейнеленген? Олардың атауын жаз.



Тәуліктің әр бөлігінде немен айналысатының туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- тәулік бөліктерін анықтайды және атауын жазады;
- тәуліктің әр бөлігіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді

2-тапсырма
Бір аптада неше күн бар? Апта күндерінің ретін анықтап, цифрлармен жаз. Бос
орынға соңғы күннің атауын жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- бір аптадағы күн санын анықтайды;
- апта күндерінің ретін анықтап, жазады;
- аптаның соңғы күнінің атауын жазады.

7

Ортақ тақырып: «Менің мектебім»
Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты

1.1.2.1.Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мектептің адам өміріндегі рөлін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Олардың бір-бірімен қандай байланысы бар?



Оқушылар мектепке не үшін барады?

Өлеңді мұқият тыңда. Ойыңмен бөліс.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
(М.Мақатаев)


«Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың!» деген жолдарды қалай
түсінесің?

Дескриптор

Білім алушы
- суреттердің байланысын анықтайды;
- адам өміріндегі мектептің рөлі туралы әңгімелейді.

8

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты

1.1.4.4.

Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің
қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін
түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жол белгілерін таниды және мағынасын түсіндіреді
• Жолда жүру тәртібін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суретке қара. Жұпта талқыла.
• Бұл қандай белгілер?
• Олар не үшін қажет?
• Жол белгілері жоқ орындардан қалай өту керек?

Дескриптор

Білім алушы
- жол белгілерінің мағынасын сипаттайды;
- жол белгілері болмаған жағдайдағы ережелер туралы ой
бөліседі.

2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қай суретте жол ережесі сақталмаған? Белгіле ().




Ол қандай ережені бұзды? Бұл әрекет қандай қауіп туғызады?
Басқа суреттер бойынша қандай ережелер айта аласың?

Дескриптор

Білім алушы
- жол ережесі сақталмаған суретті анықтайды және туындайтын қауіп
туралы әңгімелейді;
- берілген суреттерге қатысты жол ережелерін айтады.
9

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты

1.1.2.2.Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан
жерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мектептегі функционалдық аймақтарды атайды және
орнын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Суретте қандай бөлмелер бейнеленген? Оларды ата.




Бұл бөлмелер не үшін керек?
Сенің мектебіңде бұл орындар қай жерде орналасқан? Әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша мектептегі арнайы аймақтарды атайды;
- мектептегі арнайы аймақтардың қызметі туралы айтады;
- өз мектебіндегі арнайы аймақтардың орнын анықтайды.

10

2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Мектепте бұл бөлмелерді қалай атайды? Суреттерді атауымен
сәйкестендір.

асхана



спорт зал

дәрігер бөлмесі

сынып бөлмесі

Сенің мектебіңде бұл бөлмелер қай жерде орналасқан?
Мектепте тағы қандай арнайы орындар бар?

Дескриптор

Білім алушы
- мектептегі арнайы аймақтарды атауымен сәйкестендіреді;
- өз мектебіндегі арнайы аймақтардың орнын сипаттайды.

11

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты

1.1.2.3. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын
түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мектептегі тәртіп ережелерін атайды
• Тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

туралы

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Қай суреттегі балалардың әрекеті дұрыс емес деп санайсың? Неліктен?




Мектепте қандай ережелерді сақтау керек?
Ереже сақтамаған жағдайда не болуы мүмкін?

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша жағымды/жағымсыз әрекеттерді ажыратады;
- мектеп ережесі туралы ой бөліседі.

12

2-тоқсан
Ортақ тақырып: «Менің отбасым және достарым»
Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы»
ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

Оқу мақсаты

1.1.1.1.

Бағалау критерийі

Білім алушы
• «Отбасы» ұғымының мағынасын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұл адамдарды не біріктіреді? «Отбасы» дегенді қалай түсінесің?

• Өз отбасың туралы әңгімеле. Суретін сал.
Дескриптор

Білім алушы
- «отбасы» ұғымына түсінік береді;
- өз отбасы туралы әңгімелейді.

13

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты

1.1.1.2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің
туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды
ажыратады
• Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Сызбаға мұқият қара. Сұрақтардың көмегімен өзіңе қатысты туыстық атауларды
анықтап, жаз.




Әкеңнің әкесі саған кім болады?
Анаңның анасы саған кім болады?
Оларға сен кім боласың?

Дескриптор

Білім алушы
- туыстық атауларды дұрыс анықтайды.

14

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты

1.1.6.1.Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Отбасылық мерекелерді атайды
• Отбасындағы мерекелерді өткізу рәсімін
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суретте қандай мереке бейнеленген? Сенің отбасыңда бұл мереке қалай тойланады?
Әңгімеле.




Сенің отбасыңда қандай мерекелер болады?
Саған отбасыңдағы қандай мереке ерекше ұнайды?

Дескриптор

Білім алушы
- суретте бейнеленген мереке түрін анықтайды;
- отбасында туған күн мерекесін өткізу рәсімін сипаттайды;
- отбасылық мерекелерді атайды және әңгімелейді.

15

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты

1.1.1.3.
Отбасы
мүшелерінің
арасындағы
өзара
қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа
мысал келтіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Кім кімге көмектесіп жатыр? Олардың бір-біріне
көмектесіп жатқаны туралы әңгімеле.



қалай

Сенің отбасыңда бір-біріңе қалай көмектесесіңдер? Мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша ой бөліседі;
- өз отбасындағы қарым-қатынасқа мысал келтіре отырып,
әңгімелейді.

16

Бөлімше 1.3. «Менің атамекенім»
Оқу мақсаты

1.1.3.1. Өз мекенжайын атау және елді мекенінің
географиялық орналасқан жерін сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өз мекенжайын атайды
• Тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Конверттің сыртына өз мекенжайыңды толтыр.

Дескриптор

Білім алушы
- өз мекенжайын жазып көрсетеді.

2-тапсырма
Жұптық жұмыс
Алыстағы/ шетелдегі досыңмен скайп арқылы сөйлесуді сахналап көрсетіңдер.
Оған өз елің, оның тұрған орны туралы не айтар едің?

Дескриптор

Білім алушы
- өз елінің, мемлекетінің, қала/ауылының атауын айтады;
- өзінің тұрғылықты жерінің орны, ерекшелігі туралы әңгімелейді.

17

Ортақ тақырып: «Бізді қоршаған орта»
Бөлімше 2.1. «Жергілікті жерде бағдарлану»
Оқу мақсаты

1.2.1.1.Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын
анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Көкжиектің тұстарын жергілікті белгілерге сүйеніп
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1- тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жергілікті белгілер бойынша көкжиектің бағытын анықта.
Бос торкөзге көкжиек бағытының бастапқы әрпін жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- жергілікті белгілерге сүйеніп, көкжиектің бағытын анықтайды.

2-тапсырма
Көкжиек бағыттарын Күнге қарап анықтап тұрған балаға көмектес. Көкжиек
бағыттарын әріппен белгіле.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша көкжиектің бағыттарын анықтайды және белгілейді.

18

Бөлімше 1.3. «Менің атамекенім»
Оқу мақсаты

1.1.3.1. Өз мекенжайын атау және елді мекенінің
географиялық орналасқан жерін сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өзінің мекенжайын атайды
• Тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретте бейнеленген елді мекендердің атауын жаз.

Сұрақтарға жауап бере отырып, досыңа өзің тұратын жер туралы әңгімелеп бер.
• Сен қай қалада/ауылда тұрасың?
• Мекенжайың қандай?
• Сен тұратын қала/ауыл қай облысқа жатады?
• Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
Дескриптор

- суреттегі елді мекендердің атауын жазады;
- өз мекенжайын атайды;
- тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды.

19

Бөлімше 1.3. «Менің атамекенім»
Оқу мақсаты

1.1.3.2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін,
ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тұрғылықты жерінің көрікті жерлері туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Өзің тұратын елді мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жаса.
Ол үшін:
• Зерттеу нысанын белгілеп ал. (*Ол көше, ғимарат, ерекше жерлер болуы мүмкін)
• Үлкендерден сұрай отырып, оның атауы/тарихы туралы ақпарат жинақта.
• Жинаған ақпараттарыңа қатысты суреттер сал немесе кесте жаса.
• Топта әңгімелеп бер.
Дескриптор

Білім алушы
- зерттеу нысанын таңдайды;
- зерттеу нысаны бойынша қажетті ақпарат жинайды;
- зерттеу нысаны туралы әңгімелейді.

20

Бөлімше 2.2. «Климат және ауа райы»
Оқу мақсаты

1.2.2.1.Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін
анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Ауа райының әсері туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Адамдарға ауа райы қалай әсер етеді? Әңгімеле.



Адамдар ауа райына қатысты қандай әрекеттер жасайды?

Дескриптор

Білім алушы
-ауа райының адамның көңіл күйіне тигізетін әсері туралы айтады;
- адамдардың ауа райына қатысты іс-әрекетін сипаттайды.

21

Бөлімше 2.2. «Климат және ауа райы»
Оқу мақсаты

1.2.3.1.Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу
мүмкіндіктерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жыл мезгілдерін ажыратады
• Бос уақытын жыл мезгілдеріне қарай қалай өткізетіні
туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Жыл мезгілдерін ата. Жылдың әр мезгілінде бос уақытыңды қалай өткізесің? Әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- жыл мезгілдерін атайды;
- жылдың әр мезгіліндегі бос уақытын өткізу мүмкіндіктері туралы
әңгімелейді.

22

3-тоқсан
Ортақ тақырып: «Саяхат»
Бөлімше 3.1. «Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты

1.3.1.1. Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі
адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Суреттерге сүйеніп ежелгі адамдардың өмірін
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға сүйене отырып, ежелгі адамдардың өмірі туралы
әңгімеле.
• Алғашқы адамдар нені паналаған?
• Алғашқы адамдар немен тамақтанған?
• Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасаған?

Дескриптор

Білім алушы
- сұрақтардың негізінде ежелгі адамдардың өмірі туралы
әңгімелейді.

23

Бөлімше 3.2. «Қазақстанның тарихи тамырлары»
Оқу мақсаты

1.3.2.1 Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір
салтын сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сурет бойынша сақтардың тіршілігін әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Сақтар туралы не білесің? Сақтар күнделікті өмірінде немен айналысқан? Суретке
сүйеніп әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- сақтар туралы ой бөліседі;
- сурет бойынша сақтардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

2-тапсырма
Суреттер мен сұрақтардың негізінде сақтардың қолөнері туралы мәтін құрап айт.





Сақтар қандай зергерлік бұйымдар жасаған?
Зергерлік бұйымдарда нелер бейнеленген?
Зергерлік бұйымдар неден жасалған?

Дескриптор

Білім алушы
- зергерлік бұйымдарды сипаттайды;
- суреттер бойынша сақтардың қолөнері туралы әңгімелейді.
24

Бөлімше 3.2. «Қазақстанның тарихи тамырлары»
Оқу мақсаты

1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы
әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Деректерге сүйеніп, Томирис туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Томирис туралы мультфильмдерді көр.
(http://vk.com/video128909388_171665492 (3.15-4.20 минут аралығын)/
https://kaztube.kz/video/91945)
Сұрақтарға жауап бер.

Дескриптор

Білім алушы
- көрген материалдың негізінде сұрақтарға жауап береді.

25

Бөлімше 2.4. «Туризм»
Оқу мақсаты

1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• «Туризм» ұғымының мағынасын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Саяхат деген не? Суреттерге сүйеніп әңгімеле.



Сен саяхатқа шықтың ба? Қайда бардың? Не көрдің? Өзіңнің саяхатың туралы
әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- «саяхат» ұғымы туралы ой қорытады;
- өзінің жасаған саяхаты туралы әңгімелейді.

26

Бөлімше 2.4. «Туризм»
Оқу мақсаты

1.2.4.2 Туристердің негізгі мақсаттарын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Туристің негізгі мақсаттарын атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Адамдар не үшін саяхаттайды?

Тарихпен
танысады



Спортпен
айналысады

Суреттерді сөйлемдермен сәйкестендір.

Қоршаған ортамен
танысады

Мәдениетпен
танысады

Сен саяхатқа қандай мақсатпен және қайда бардың? Өз саяхатың туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- туристердің негізгі мақсаттарын анықтайды;
- өз саяхатының мақсатын айқындап, әңгімелейді.

27

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Бөлімше 3.5. «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм»
Оқу мақсаты

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық
жұмыстарын таныстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қазақстан елордасына
жұмыстарын ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

арналған

шығармашылық

Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Астана қаласы туралы суретті кітапша дайында.
Ол үшін:
• Астана қаласында түскен фотоларыңды немесе газет/журналдан Астананың көрікті
жерлерінің суреттерін таңдап ал.
• Кітапшаның әр бетіне желімде. Көрікті жерлердің атауын жаз.
• Кітаптың мұқабасын безендір.
• Кітапшаңды көрсете отырып, Астана қаласы туралы әңгімелеп бер.
Дескриптор

Білім алушы
- Астана туралы материалдар мен ақпараттар жинақтайды;
- Астана қаласы туралы кітапша жасайды;
- шығармашылық жұмысын таныстырады.

28

Бөлімше 3.5. «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм»
Оқу мақсаты

1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы
әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мемлекеттің тәуелсіздігін бейнелейтін негізгі
белгілерін атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттегі еліміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілерді ата. Еліміздің тәуелсіздігін
білдіретін тағы қандай белгілер бар? Бос орынға суретін сал.

Дескриптор

Білім алушы
- еліміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілерді атайды;
- Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін сурет салады.

2-тапсырма
Суреттегі бейнелерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.

1)
2)
3)
4)


Бұл бейнелер еліміздің қай рәмізінде кездеседі?
Ою-өрнек нені білдіреді?
Күннің бейнесі нені білдіреді?
Қыран бүркіт нені білдіреді?
Берілген бейнелерді қиып алып, Қазақстанның мемлекеттік Туын құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді.
- жеке бейнелерден Қазақстанның Туын құрастырады.

29

Бөлімше 3.5. «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм»
Оқу мақсаты

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге
елдердің рәміздерінен ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды
және сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын белгіле (). Оны сипаттап айт.

Қазақстан Республикасының
бейнеленген элементтерді ата.

Дескриптор

мемлекеттік

Елтаңбасын

белгіле

().

Елтаңбада

Білім алушы
- ҚР мемлекеттік Туын анықтайды және сипаттайды;
- ҚР мемлекеттік елтаңбасын анықтайды және элементтерін
атайды.

30

Бөлімше 3.3. «Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар»
Оқу мақсаты

1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қазақстан
аумағындағы
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

көне

жазбаларды

Тапсырма
Суреттегі көне жазбаларға мұқият қара. Ежелгі адамдар жазуды қайда, қалай жазған?
Бұл жазбаларда не жазылған деп ойлайсың? Сипаттап айт.

Дескриптор

Білім алушы
- ежелгі жазбалар туралы әңгімелейді;
- көне жазбалардағы бейнелерді сипаттайды.

31

Бөлімше 3.3. «Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар»
Оқу мақсаты

1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды
пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Көне жазуларды таңбалар арқылы бейнелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1- тапсырма
Жұптық жұмыс
«Ескіше хат жазу» ойыны





Сазды немесе ермексазды тегістеп, жазу жазатын негіз дайындап ал.
Көне жазуларды бейнелейтін таңбалар ойлап тап.
Дайындап алған тақтайшаның бетіне үшкір ағаш таяқшамен бірнеше сөз жаз.
Жазған хатыңды жұбыңа оқып бер.

Дескриптор

Білім алушы
- көне жазуды бейнелейтін таңбалар ойлап табады;
- өз таңбалары арқылы көне жазбаларды бейнелеп көрсетеді;
- бейнеленген жазбаны оқиды.

2-тапсырма
Көне түркі жазуының үлгісіне мұқият қара. Көне таңбаларды пайдаланып, берілген
сөздерді жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- әріпке сәйкес таңбаны анықтайды;
- берілген сөздерді көне түркі таңбаларымен жазып көрсетеді.

32

Бөлімше 3.1. «Көне мәдениеттер мен өркениеттер»
Оқу мақсаты

1.3.1.2. Ежелгі заманның танымал тарихи
ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тарихи ескерткіштерді/жәдігерлерді сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1- тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға сүйене отырып, жұпта ой бөліс.
• Суреттегі заттарды қайдан көрдің немесе қайдан көруге болады?
• Олардың атауларын білесің бе?
• Бұл заттар неден жасалған деп ойлайсың?
• Оларды не үшін пайдаланғанын білесің бе?
• Мұндай заттарды неліктен мұражайға қояды?

Дескриптор

Білім алушы
- көне бұйымдарды атайды және сипаттайды;
- сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма
Шетелдік досыңа Алтын адамды таныстыр. Оған Алтын адам туралы не айтасың?
Әңгімелеп бер.

Дескриптор

Білім алушы
- Алтын адам туралы әңгімелейді.

33

4-тоқсан
Ортақ тақырып: «Тағам және сусындар»
Бөлімше 1.4. «Денсаулық пен қауіпсіздік»
Оқу мақсаты

1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Тимурдың жазған хатын мұқият тыңда. Оған қандай кеңес берер едің? Жұпта
талқыла. Тимурға дұрыс тамақтану туралы жауап хат жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- хаттың мазмұнын талқылайды;
- дұрыс тамақтануға қатысты пікір білдіреді;
- кейіпкерге дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы кеңес береді.

34

Бөлімше 3.1. «Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер»
Оқу мақсаты

1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі
адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қазіргі және ежелгі адамдардың тамақтануында қандай
айырмашылықтар бар? Сурет бойынша әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- ежелгі адамдардың тамақтануы туралы әңгімелейді;
- қазіргі кездегі тамақтану туралы әңгімелейді;
- тамақтанудағы ерекшеліктерді сипаттайды.

35

Бөлімше 1.4. «Денсаулық пен қауіпсіздік»
Оқу мақсаты

1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын
түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Балаға тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтауға көмектес.
Суреттерді сәйкестендір.



Адамдарға тазалық сақтау не үшін керек? Жұпта ой бөліс.

Дескриптор

Білім алушы
- тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтайды;
- гигиена сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.

2-тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Олардың тұсына «+»,«-» таңбаларының тиістісін қой.

1.
2.
3.
4.
5.


Сөйлемдер
Жеке бас гигиенасын сақтау дегеніміз – тазалық сақтау.
Әр адамның жеке орамалы болғаны жөн.
Жеміс-жидектерді жуып жеу міндетті емес.
Тісті күнделікті тазалап тұру керек.
Тырнақты өсірмей, уақытында алып тұру керек.

+/-

Сурет бойынша жеке бас гигиенасы ережелерін құрастырып айт.

Дескриптор

Білім алушы
- сөйлемдердің дұрыс/ бұрыстығын көрсетеді;
- жеке бас гигиенаасы ережесін құрастырады.
36

Бөлімше 1.4. «Денсаулық пен қауіпсіздік»
Оқу мақсаты

1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін
түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Берілген ас мәзірлерін тамақтану мерзімімен сәйкестендір. Тамақтану режимі туралы
жұпта ой бөліс.



Сенің түскі ас мәзірің қандай тағамдардан тұрады? Өзіңнің түскі ас мәзіріңді жаса.

Дескриптор

Білім алушы
- ас мәзірлерін тамақтану мерзімімен сәйкестендіреді;
- тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді;
-өзінің түскі ас мәзірін құрастырады.

37

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты

1.1.1.4 Тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін
түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тауар-ақша қатынасы туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Ерте кезде заттарды қалай сатып алған деп ойлайсың? Сурет
бойынша әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- ерте кездегі сауда-саттық туралы ой бөліседі.

2-тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Сөздерді оқы. Тауар болып саналатын атауларды қоршап сыз.



Дүкенге барып, осы тауарлардың құнын анықта. Кестені толтыр.


Тауардың атауы

Бағасы

1
2
3
4

38

Дескриптор

Білім алушы
- тауарды білдіретін атауларды белгілейді;
- тауардың бағасын анықтап, кестені толтырады.

3-тапсырма
Сенің отбасыңда ақша қайда жұмсалады? Сызбаны толықтыр.

Дескриптор

Білім алушы
- отбасылық қаражаттың жұмсалу көзін анықтап, бейнелейді.

39

Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау»
Бөлімше 1.4. «Денсаулық пен қауіпсіздік»
Оқу мақсаты

1.1.4.3 Үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды
• Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Үйде қандай қауіпті заттар бар деп ойлайсың? Сурет бойынша үйдегі қауіпсіздікті
сақтау ережесін құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- қауіп туғызатын заттар мен жағдайларды атайды;
- үйдегі қауіпсіздікті сақтау ережесін құрастырады.

2-тапсырма
Үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың шартты белгілеріне мұқият қара. Олар нені білдіреді?
Жұпта талқыла.



Үйдегі қауіпсіздікті сақтауға қатысты шартты белгі ойлап тауып, суретін сал.

Дескриптор

Білім алушы
- қауіпсіздікті сақтаудың шартты белгілерін сипаттайды;
- үйдегі қауіпсіздікті сақтауға қатысты шартты белгінің суретін
салады және түсіндіреді.
40

Бөлімше 1.4. «Денсаулық пен қауіпсіздік»
Оқу мақсаты

1.1.4.6 Шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен
хабарласу жағдайларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жедел көмек қызметтерін және олармен хабарласу
жағдайларын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жедел көмек көрсету қызметінің атауын және олармен
хабарласуға арналған телефон нөмірін жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- жедел көмек көрсету қызметінің түрлерін анықтайды;
- жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу нөмірлерін жазады.

2-тапсырма
Жұптық жұмыс
Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу қажет болған жағдайда не туралы айтар
едің? Жұпта диалог құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу жағдайына қатысты
диалог құрастырады.

41

Бөлімше 2.1. «Жергілікті жерде бағдарлану»
Оқу мақсаты

1.2.1.2.Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың
қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін атайды
• Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың
маңыздылығын әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Берілген жағдаятты мұқият тыңда.
Тимур мен Қанат саябаққа барды. Олар балмұздақ сатып
алды. Қанат балмұздақтың сыртын қоқыс жәшігіне қарай
лақтырып жіберді. Қағаз жәшіктің сыртына түсті. Қанат оған мән
бермей, балмұздағын жеп отыра берді. Тимур Қанатқа ескерту
жасады.

• Тимур Қанатқа қандай ескерту жасады деп ойлайсың?
• Қанат не істеу керек еді?
• Жұпта балалардың атынан диалог құрастырыңдар.

Білім алушы
Дескриптор
- сұрақтарға қатысты ойын айтады;
- берілген жағдаят бойынша диалог құрастырады;

42

2-тапсырма
Суреттер бойынша табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыр. Бұлтшаларға жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- әр суретке қатысты ереже құрастырып жазады.

43
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!