Агрессивті балаларға арналған ойындар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Агрессивті балаларға арналған ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойындар балалардың эмоционалдық интеллектісін дамытып,оларды сабырлы,шыдамды болуға және өз сезімдерін бейбіт жолмен білдіруге үйретеді.Сонымен қатар,ұжымда жұмыс істеу,достық қарым-қатынас орнату және ынтымақтастық сияқты маңызды әлеуметтік дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 «Қуыршақ театры»


Балаларға қуыршақтар арқылы әртүрлі жағдайларды ойнап шығу ұсынылады: Бұл әдіс арқылы олар өз эмоцияларын түсініп,оларды қалай дұрыс білдіру керектігін үйренеді.

Мақсаты: Театр әлемімен танысу жаттуғуын үйрету.




«Рөлдік ойындар»


Әртүрлі әлеуметтік жағдайларды сахналау арқылы балаларға дұрыс мінез-құлық үлгілерін көрсетуге болады. Мысалы,достарымен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау,жанжалдарды қалай шешу керектігін үйрету.Бұл ойындар мен жаттығулар балалардың агрессивті мінез-құлқын түзетуге және олардың эмоцияларын дұрыс басқаруға көмектеседі.оларды жүйелі түрде қолдану арқылы балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоционалдық интеллектісі дамиды.


2. «Қызыл,сары,жасыл қолдар» жаттығуы

Мақсаты:Балалардыңзейінін бір арнаға тоғыстыру,педагогтың айтқанын тыңдауға үйрету және тыныс алу жаттығуын жасату.

Шарты:

«Қызыл қол»-шулаймыз «А-А-А-А-А-А»

«Сары қол»-сыбырлаймыз »У-У-У-У-У-У»

«Жасылқол»тынышталамыз.(үнсіздік)



3. «Сабын көпіршіктері»

Мақсаты:Тыныс алуды реттеу арқылы сабырлы болуға үйрету.

Шарты:


  • Балалар терең тыныс алып,жайлап сабын көпіршігін үрлейді.

  • Әр көпіршікпен бірге олар уайымдарын ұшырып жібереді.








4 .«Кемпірқосақ түстері»

Мақсаты:Зейін қоюды жақсарту.

Шарты:


  • Балалар көздерін жұмып,кезек-кезек түрлі түстерді елестетеді.


  • Әр түспен бірге олар әртүрлі жағымды сезімдер ойлайды


Қызыл түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

Қызғылт сары түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

Сары түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

Жасыл түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

Ашық көк түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

Қою көк түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

Күлгін түсті ойлағанда,қандай сезім пайда болды?

5. Ойын:«Тропикалық жаңбыр»

Мақсаты:Ашуды басып,эмоциялық тонусты көтеру.

Шарты:Шеңбер бойына тұрып,денеңізді бос ұстап,барлығыңыз шеңбер бойымен солға бұрылып,көзіңізді жұмыңыз.Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар.Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.

Ауа-райы алдымен керемет еді,күн ашық,өте ыстық және қапырық болатын.Міне,кішкене жел ұрды.Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар.Жел күшейіп,қолқимылы да жылдам бола түседі.

Дауыл басталды,қол қимылдары да айналдыра жасалып күшейді.Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне нөсер басталды(саусақтармен қимылдар жасап,алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті(барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз).қайта нөсерлетті,ақ жауын жауды,дауыл тұрды,қатты жел тұрды,ол қайта басылды,сосын табиғатта барлығы тынышталды.






6 .«Жайбарақат құмырсқалар»

Мақсаты:Дене бұлшықеттерін босаңсыту

Шарты:

  • «Құмырсқалар»(балалар) денелерін қатты қысып,шаршаған құмырсқалар сияқты жүреді.


  • Сосын демалыс уақыты дегенде олар баяу отырып,бүкіл денесін бос ұстап,босаңсиды







Жұмбақ:

Бір палуан өзі күшті,қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр,мейлі жота,мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.

(Құмырсқа)


7. Психологиялық ойын: «Қағаз доптар»

Мақсаты:Балалардың шаршауын болдыртпау;көңіл-күйін сергіту.

Шарты:Балалар;қазір барлығыңа қағаздар таратамын;сіздер сол қағаздарды мыжырып;уқалап қағаз допқа айналдырасыңдар:Әр қайсымыз доп жасасақ жарайды.

(Психолог балалармен бірге қағаз доптар жасайды.)

Ал;енді санамақ арқылы сендерді екі топқа бөлемін.

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Алманы кім табады?

Сол ойыннан шығады.


Екіге бөліндік;енді бір-бірімізге қарап тұрамыз да,қағаз допты тебеміз,екеуара бір доптан келеді.Қазір бұйрық былай беріледі:

«Дайындал!»,

«Назар аудар!»,

«Басталды!»,

Ал, «Тоқта!»- деген белгі берілгенде ойын аяқталады.Қай бетте доп көп қалса,солар жеңіледі.




«Қағазды жырту» жаттығуы:


Мақсаты:Барлық жағымсыз эмоцияларды қағазды жырту арқылы сыртқа шығару және одан құтылу.

Шарты:қағазды жырту арқылы жағымсыз күйлерді сыртқа шығару және қағазды шелекке салу арқылы сол күйден мүлдем арылу.

Бұл әдіс агрессияны қауіпсіз түрде шығарып;эмоцияларын басқаруға үйретеді



8 . «Бұлтқа міну»

Мақсаты:Көз алдына елестету арқылы тыныштандыру.

Шарты:

  • Балалар көздерін жұмып,жұмсақ бұлтқа отырғанын елестетеді.


  • Бұлт оларды баяу аспанға көтеріп,жаймен айналдырады.



  • Жан-жақта әдемі түстер мен жылы жел сезіледі.






«Мейірімді жануар» ойын

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке ,достыққа шақыру.

Шарты:Шеңберге тұрып қолдарын ұстайды.шеңбердің ішіне және сыртына қарай кезегімен мейірімді жануар сияқты терең тыныс алады.Соңында әр балакөршісінің жүрегін тыңдап,жүрек соғысын бақылайды.Сол арқылы бір-біріне жақындасады.



9 . Ойын -жаттығу: «Жалқаулар сайысы»

Мақсаты: Денесінің барлық бұлшықеттерін босаңсыта білуге үйрету.

Шарты: (Педагог өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.)

Мейлі жаз,мейлі қыс болсын,

Қапталына аунайды.

Орманшылар тынбайды,

Түсінде іс жасайды.

Тек аюлар апанда,

Таң, мейлі ол кеш болсын.

Ұйықтаудан қашпайды,

Кереуетте ұйықтайды

(Балалар жалқау аюдың кейпін салады.Кілемшеге жатып,барынша денесін босаңсытады.)

10. «Жұмсақ жануар»

Мақсаты: Баланы сабырлы күйге енгізу.

Шарты:

  • Әр бала өзінің сүйікті жұмсақ ойыншығын алады.

  • Оны кеудесіне қойып,терең тыныс алады.

  • Ойыншықты жайлап құшақтап,өзіне және ойыншығына жылы сөздер айтады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2025
44
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі