Тақырыбы:
Агрессияны түзету.
Мақсаты:
Оқушының
әрекетінде агрессиялық көріністерді
төмендетуге жағдай жасау.
5
– сабақ.
Мақсаты:
агрессиялық көріністерді түзету.
«Сәлем»
амандасу сәті.
«СУ
АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»
тыныштық сәті.
Мазасыздануды
төмендету, қоршаған ортаға сенімділікпен
қарау.
Көзіңді
жұмып, терең дем ал, денеңді босат.
Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне
саяхат жасаймыз.
Теңіз
жағасымен келе жатқаныңды елестет.
Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың
шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен
құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп
тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин
екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне
алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен,
сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап
оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға
шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып
отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында
жүзу қандай керемет. Теңіз түбіне
бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді,
суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар.
Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар.
Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.
Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен
тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық
күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал
қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері
қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып
қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара
және тыныштыққа құлақ түр. Осындай
тыныштық саған самалдай әсер береді.
Енді дельфин кері қарай жолға шықты.
Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.
Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны
сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа
апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа
оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.
Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз,
осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда
сақтауға тырысыңыз.
Ғажайыптардың
сиқырлы орманы
Мақсаты: Эмпатия
сезімін сенімін дамыту.
Қазір
біз түрі ғажайыптар болатын ғажайыпорманға
айналамыз, онда әрқашан да жақсы және
жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:
«Орман»
— «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің
қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар
орманнан өткен адамның басынан, қолынан,
арқасынан сипап аялайды. Ал енді
әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан
өтіңіздер.
Талдау
сұрақтары:
1.Орманнан
өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары
сізге әсер етті ме?
2.Ағаш
болған кездегі, сіздің сезіміңіз?
3.Жаттығуға
дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып
беріңізші?
Қоштасу
сәті.
Жағымды
сөздермен қоштасу.