400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық ерекшеліктері" ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық ерекшеліктерін талдау, салыстыру арқылы жасалған ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІРІСПЕ



ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ



Қазіргі кезде көпшілігіміздің сөйлеу мәдениетіміз , сөздік қорымыз ,ойлы сөйлеу шеберлігіміз жетпей жатады. Сондықтан әріптестерімді халықтың ғасырлар бойы жинап келген асыл қазынасы – сөз шеберлігімен таныстырып тапқыр да әдемі сөйлеуге , мақал – мәтелдерімізді ретті жерінде қолдана білуге шақырамын .Әркімге пайдасы тиер ,ғасырлар бойы заман сынынан өткен , керегіне жараған , өміріне өнеге болған ,қисығын түзететін таразы болған мақал – мәтелдеріміздің маңызы өте зор .

Өйткені мақал – мәтелдер тәрбиенің таптырмас құралы , ол арқылы сөйлеу мәдениетімізді дамытамыз , тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні арқылы ұрпағымызға дұрыс жол сілтей аламыз .





























3.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1. Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық ерекшеліктері

Мақал-мәтелдер халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі ,ақыл-өнегесі мен даналығы мол көрініс тапқан,ой-дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер .

Мақал көп жағынан үлгі- өнеге ,өсиет айтуға құрылады.Ал мәтел сөз тіркесі қалыптасқан,нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізіп, нақты тұжырым ,қорытынды пікір жасалмайды .

Мақал-мәтелдердің барлығы өз орнында,екшеленген ,жымдаса біріккен ішкі мазмұнына сыртқы мазмұны сай болады.Мысалы «Ер дәулеті-еңбек»деген мақалды талдап көрсек. Осындағы сөздің бірінде өзгерте алмайсың ол мүмкін емес.Мұндағы негізгі ой-еңбектің құдыреті.Ол бүкіл игіліктің көзі екенін білдіреді.Оның орнына ырыс,байлық,молшылық сөздерін ала алмайсың .

Сөздер сол бітімінде үлкен ой жүгіне ие.Егер сөздерді ауыстырып қолдансақ,онда мақал поэтикалық қасиетінен ,мән мағынасынан айырылады.

Ағылшын тілінде « No pains,no gains»Мақал-мәтелдер тура және ауыспалы мағынасында қолданылады .Мысалы « не ексең ,соны орарсың »мақалында ой тура айтылмай,жұмбақтап астарлы мағынада айтылғанын көреміз.

The cask savors of the first fil.Ағылшын мақалдары көбінесе бір сөйлемнен құралса,қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі немесе бірнеше тармақты болып келеді.Ағылшын тілінде мақал-мәтелдердің ара жігі нақты ажыратылмай,біртұтас тұрақты тіркес ретінде де қарастырылады.

Мысалы: «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды».There is no place without fire.

«Талғамға талас жоқ» Tastes differ .

«Балықшы балықшыны алыстан таниды».Birds of а feather flock together.

«Судан таза,сүттен ақ болу».To come out of dry.

«Қандалаша жабысу».To stick to somebody like a leech.

«Отқа май құю».To add fuel to the fire.



3.2.МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ӨЗАРА АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ



Мақал-мәтелдер құрылымы жағынан сырттай ұқсас болғанымен,мазмұнды түйіндеуінде айырмашылықтары болады .Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелді түйіндеу жағынан да ,құрылымы жағынан да өөзгеше болады. Мысалы « Мезгілі жетсе,мұз да ерір». Everything is good in its season.

«Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,

Ырысы кеткеннің иті ұры кеткен соң үреді». Fool’s tongue runs before his wit. Мұнда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселер салыстырылады,

Шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Ал мәтелдер құрылымы өзгеше.Мәтелде қорытынды ой-түйін айтылмайды,тұспал ғана болады.Бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды .Мағына ашық емес ,қорытынды пікір жоқ.

Мысалы : қабырғаңмен кеңесу –to take councel of one’s pillow

Бағына балта шабу-to throw a stone in one’s own gargen

Мақал –мәтелдер бір-бірінен осындай ерекшеліктері арқылы ерекшеленеді.



















3.2.1.МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҮШ ЖАҚТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Сонымен мақал-мәтелдердің үш жақты ерекшеліктері бар.

Біріншіден мақал-мәтел фразеологизм сияқты тілдік құбылыс.

Екіншіден пайымдау мен ой- пікірдің түйіні .

Үшіншіден келелі ой, кең мазмүнды қысқа айтып,қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Бірқатар қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы жөнінен өзара сәйкестіктері де байқалады,

абсолютті эквивалент,яғни теңбе-тең балама түрлері де жиі кездеседі.

Мысалы : «Өтіріктің аяғы бір-ақ тұтам» .Lies have short legs.

«Сақтықта қорлық жоқ».Forewarned is forearmed.

«Ештен кеш жақсы».Better late than never.

«Бір бастан екі бас жақсы ».Two heads are better than one .

«Өмір бар жерде үміт бар».While there is life there is hope.

«Жылтырағанның бәрі бірдей алтын емес».All is not gold that glitters.

«Шөп ішінен ине іздеу».To look for a needle in a haystack.

«Уәдені аз бер де,көп тындыр».Promice little, but do much.

«Суға кеткен тал қармайды».Drowning man will catch a straw.

«Үндемеген келіскеннің белгісі».Silence gives consent.

«Темірді қызған кезде соқ».Strike while the iron is hot.

«Сол аяқтан тұру».To get out of bed on the wrong site.

«Анасын көріп ,қызын ал».Like mother ,like daughter.









3.3.МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ТАҚЫРЫПТАРЫ



Мақал-мәтел сөз мәйегі,саф алтыны.Халық мақал-мәтелді сүттей ұйып,сүйсіне тыңдайды. Сөздің көркі-мақал деп қадірлейді.Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.

Олар әр халықтың әлеуметтік ,шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.Мақал-мәтелдердің басты тақырыптары Отан,туған жер,атамекенге байланысты. Осы тақырыптағы мақал-мәтелдер ағылшын халқында да көптеп кездеседі. Мысалы «Ел –елдің бәрі жақсы,өз елің бәрінен жақсы » There is no place like home.

«Өзге елде сұлтан болғанша ,өз еліңде ұлтан бол»Dry bread is better than roast meat abroad.

«Өз-елім өлең төсегім».Every bird likes own nest.

«Өз үйім-кең сарайдай боз үйім».East or West home is best.

Осы мақал-мәтелдерде екі халықтың да туған жерге ,үйге ,Отанға деген сүйіспеншілігі түйінделген .

Екі халықтың мақал-мәтелдерінің бір саласы еңбекке арналған.

Мысалы :«Еңбек етпеген ішіп жемейді» .A cat in gloves catches no mice.

«Әрекет болмай берекет болмас».Nothing venture ,nothing have.

«Еңбек етсең емерсің». The end crowns the work.

«Еңбек еткен –мұратқа жеткен». An hour in the morning is worth two in the evening.

«Еңбексіз өңбек жоқ».No pains,no gains.

«Еріншектің ертеңі бітпес».Never put off till torrow what can do today.

Бұл мақал-мәтелдерде еңбекті дәріптеп, жалқаулықты,еріншектікті мінеген.









3.4.АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ АДАМ , ЖЕР –СУ АТАУЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

Ағылшын мақал-мәтелдердің ерекшеліктерінің тағы біреуі олардың мақал –мәтелдерінде елді-мекендердің атауларымен кісі аттары жиі кездеседі.

Мысалы : Jack all trades and master of one.

Rome was built in a day.

Since Adam was a boy.

The Gordian knot.

To send owls to Athens.

The Dutch have taken Holland.

Every Jack has his Jill.

When the Queen Anne was alive.

’’Hamlet ’’ without the Prince of Denmark.

If the mountain won’t come Mohammed ,then Mohammed must go to the mountain.

Rob Peter to pay Paul.

Marry in haste , repent at leisure.

Casear’s wife must be above suspicion.

Don’t carry coal’s to Newcastle.

Бұл мақалдардан Джек , Адам , Гордиев ,Джил ,Анна , Гамлет Питер ,Паул, Мери ,Цезарь ,Мохамед сияқты адам аттарымен Рим ,Афина , Голландия , Тула ,Дания сияқты жер , елді мекендердің атауларын көруімізге болады.

Басқа тілдегі бірқатар мақал- мәтелдердің өзара мағыналас болып келуі қазақтың және ағылшын халықтарының өмір тәжрибесінің көзі жетіп , көкейіне түйген , ой- тұжырымдарының ұқсастығымен де байланысты. Мақал –мәтелдердің игі қасиеті үндеу , ақыл- өсиет сипатында болатыны бәрімізге мәлім. Адам аласы ішінде , мал аласы сыртында.Appearance are deceitful. Бұл мақал тура және ауыспалы мағынаға ие. Ол мағыналар бір-бірімен астарласып ,байланысып жатыр.Мысалы « Адам аласы » адамның жаман пиғылын ,жағымсыз жақтарын сырт бітімінен көре , сезе алмайсыз демек сөйлемнің фразеологиялық мағынасы ала сөзі ауыспалы мағына негізінде қалыптасқан. « Біреуге ор қазба , өзің түсесің » To build a fire under oneself .Бұл басқаға жамандық жасау дегенді білдіреді ,басқаға жамандық жасасаң ,өзіңде жамандықтан аулақ қалмайсың дегенді білдіреді.















































3.5.ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНА БАУЛУДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДІҢ

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



Мақал- мәтелдердің адамды игі істерге үндеу, уағыз сипаты бар екені баршамызға мәлім.Бұл қазына тәрбиелі қыз ,ұлағатты ана, ардақты ұл,елі аялаған елі, жылы жүректі әке , мейірімді ана қандай болу керек екенін осының бәрін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде түйіндеп көрсетеді.

Жастарға өнер-білім,тіл үйретуде,жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдердің маңызы өте зор.Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, өз білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып,, өз орнын табатыны сөзсіз .

Мақал-мәтелдердің өскелең ұрпақтың эстетикалық мәдениетін дамытуда да маңызы өте зор.Мақал-мәтелдер жас ұрпақтың санасын,әсемдік сезімін,өмірге көзқарасын дамытады.Осыған орай көптеген ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектеріне сөз болған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көз жүгіртсек .Мысалы: Б.Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде «Әр халықтың мақал-мәтелдері сол халықтың өзі жасап алған формуласы ,ережесі.Ол кез-келген оқиға,мәселе тұсында еске түседі,тілге оралады .Сөйтіп көп ойлануды,ұзақ баяндауды керек ететін,қиын нәрсені жеп-жеңіл,оп-оңай,бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді,ұғындырады» деп тұжырымдама жасаған болатын.





















4.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ең көне түрі.Ол ғасырлар бойы әр халықтың ұқыптап, сақтап келген тәжрибесінің жиынтығы,ой-пікірлерінің түйіні,аңсаған арман арнасы,өмір тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға,атадан балаға қалдырып келе жатқан, тозбайтын,тот баспайтын асыл мұра.

Мақал-мәтелдер көркемдік сөз айшықтарымен әсерлі. Мақал-мәтелдер адамды сөз қадірін білуге,жақсы мен жаманды,қас пен досты айыра білуге,айналасындағыларға мейірімді ,сезімтал болуға,халықтың інжу-маржанын бағалай білуге баулиды.Өркениет қарыштап дамыған заманда көпшілігіміздің сөйлеу мәдениетіміз төмендеп,сөздік қорымыз азайған шақта,мен қазақпын деп мақтана айтатын ұрпақтарымыз үшін солардың бойында мәдени,адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында айтылуы ойда сақталып қалатындай тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдерді насихаттау керек екеніне көзім жетті .Осындай игі істерде біздің таптырмас көмекшіміз халық даналығы болып табылады.Себебі халық даналығы-сарқылмайтын теңіз.Біз бұрынғы үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ тоссақ адаспай,жаңылмай,жаза баспай арман-тілегімізге жетуімізге жол табылады.Халықтың сөз-мәйегі мақал-мәтелдер ізгілікке,адамгершілікке,адалдыққа,шыншылдыққа,еңбекті сүюге,Отанды,елді,жерді сүюге,ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Осы зерттеу жұмысымның қорытындысы ретінде өркениетті еліміздің өрге тартқан көшінде,алға тартқан легінде,халқымыздың мерейін көтеруге,қажыр-қайратымды жұмсауға,тіліміздің үстемдігін көтеруге осылайша үлес қоссам деген тұжырымға келдім.



















5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1«Мектептегі шет тілі »№2 (56)2012

Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал

2.А.Нысаналин. Қазақ мақал-мәтелдері .2004

3.М.Әлімбаев. «Халық –қапысыз тәрбиеші». Алматы 1978

4.Б.Адамбаев. «Халық даналығы» .Алматы 1978

5.Казахские пословицы и поговорки. Алма-Ата .«Жазушы»1978

6.Көнеге көз салсаң өнеге көп. «Нақыл сөздер»2010

7. «Шың кітап» Алматы 2009,стр 126-127

8.Adelante /info/encyclopedia/ poslovitsy

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1218
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі