400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ағылшын тілдер апталығының ақпарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпарлама



Есір Айшуақұлы атындағы орта мектепте 25.02-1.03.2019 ж аралығында «Тіл – татулық тірегі» атты орыс-ағылшын тілдер апталығы болып өтті.Апталыққа осы бірлестіктің пән мұғалімдері белсене ат салысты.

25.02. Апталықтың ашылуы екі ауысымда оқитын оқушылар үшін, екі тілде (ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілді. Оқушылар ағылшын, орыс тілінде өлеңдер оқып, 10 сынып оқушысы Жаңғали Ерасыл орыс тілінде орыс мәдениетімен таныстырса, 11 сынып оқушылары ағылшын тілінде Ұлыбританияның символдарын таныстырды. Апталықты 5-6 сынып оқушылары үш тілде «Әрқашан күн сөнбесін» атты тамашы әнімен аяқтады. Соңында бірлестік жетекшісі Косжанова Айнур оқушылар мен мұғалімдерге апталық жоспары мен таныстырып, оқушыларды апталыққа белсене қатысуға шақырды.

Осы күні түсқайта жас маман Төребаева Динараның даярлық тобында өткен «Super clothes» ашық сабағы өтті. Мұғалім көп ізденген,оқушыларды қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында көрнекіліктерді көп пайдаланған.

26.02.Апталықтың екінші күні 11ә сыныбында ағылшын пәні мұғалімі Кентанова Гүлжанның «Television» атты ашық сабағымен басталды.Сабақ бастан соңына дейін ағылшынша жүргізіліп, өте жоғары деңгейде өтті.Оқушылар теледидардың пайдасы мен зияны, артықшылығы мен кемшілігі туралы айтып, ағылшын тілде сөйлеу шеберліктерін көрсетті. Білім алу әр кезде қызықты болу керек. Сонда ғана білімнің қалыптасуы нәтижелі болады. Осындай оймен ұзақ қоңырауда дәлізде өткен мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арналған «Кім мықты?» зияткерлік сайысы өтті.Бұл сайыс ағылшын орыс тілдерінде жаңылтпаш айту,жұмбақтың шешуін үш тілде айту, сөзжұмбақтар шешу,әуенді табу сондай-ақ қызықты ойындар ойнатылды. Оқушылардың,мұғалімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында сайыста жеңіске жеткендерге тәттілер үлестірілді.Оқушылардың бұл пәнге деген білімі мен құштарлығы байқалды. Бұдан кейін орыс тілі пәні мұғалімі Бектұрова Гүлшараның «Национальная еда» атты ашық сабағы өтті.Сабақ өте қызықты өткізіліп, оқушылар жеке, топтық жұмыстар орындап, қалыптастырушы бағалаулар өз деңгейінде жүргізілді.

27.02.Апталықтың ушінші күні орыс тілі кабинетінің ашылуы мәдени шара ретінде өтіп, кабинетті ашуға ардагер қонақтар келіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Бұл күні Қосбаева Жадыраның «Моя родина » атты ашық сабағы өтті. Сабаққа оқушылар белсенділікпен қатысып, мол мағлұматтар алды.Осы күні ағылшын пәні мұғалімдері Әбуова Ақсұлу 6 сыныпта өткен, Жасқайрат Арайдың 5 сыныпта өткізілген ашық сабақтарымен жалғасты. Ашық сабақтар блум таксаномиясының алты бағыты бойынша жоспарланған, сергіту мақсатында ойындар ойнатылып, оқушылар бар ынтасымен қатысып стикерлермен бағаланды.Бұдан кейін жоспар бойынша 4 сыныптар арасында «Ертегілер әлемінде атты» әдемі кештің куәсі болдық. Оқушылар өте жоғары дайындықпен келген, сахналары ертегілеріне сай безендірілген.Ертегі бастан соңына дейін ағылшын орыс тілдерінде жүргізілді.Сайыс болған соң бірлестік мұғалімдері ақылдаса келе 1 орынды жеңіп алған 4б сыныбы орыс тілінде «Красная шапочка » ертегісімен жетекшісі Рзакова Раушан, 2 орынды 4ә сыныбы «Cinderella» ертегісімен жетекшісі Төребаева Динара, 3 орынды 4а сыныбы «Cotton girl and cat» иеленді.

28.02 Апталықтың төртінші күні Косжанова Айнурдың 8а сыныбында ағылшын пәні бойынша «Transport» атты ашық сабағы өтті.Оқушылар транспорт түрлерімен танысып,жаттығулар орындап,грамматикалық тақырыппен танысты.

Одан кейінгі ашық сабақ 1в сыныбында орыс тілі пәні мұғалімі Рзакова Раушанның «Герой сказок атты» және Тоғысова Гүлинаның 3б сыныбына «Сказки Пушкина» атты ашық сабағы болды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына толық жауап беріп, сергіту сәтінде би билеп ән айттып,ертегілер кейіпкерлерімен толықтай танысып стикерлермен бағаланды.Бұл жерде мұғалімдердің сабақ бойына орыс тілінде жүргізіліп, мұғалім мен оқушы байланысы толық жүзеге асырылды.

Осы күні «I am a singer», «Я певец» атты 1-11 сынып оқушылары арасында ән байқауынан жарыс өтті. Жарыс өте жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар заманауи әндерді ағылшын, орыс тілдерінде керемет орындады. Соңында әділ қазылар оқушыларды жас ерекшеліктеріне карай марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыстады.

1.03 Апталықтың бесінші күнінде Дүйсембаева Тілекшінің 9 сыныбында өткен «London» сабағы болды. Сабақта оқушылар Лондонның көрнекті жерлерімен танысып, оқушылар туристік гид ретінде сұрақтарға жауап берді.

Апталықты қортындылау мақсатында көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» күніне орай оқушыларымыз үш тілде мерекелік алқа өткізілді.Алқада оқушылар үш тілде ән айтып мектеп ұжымына өз құттықтауларын жеткізіп апталықты қортындылады.

Мектеп ұжымы,апталықты жоғары дәрежеде бағалап,жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жұмысымызға сәттілік тіледі.





Бірлестік жетекшісі Косжанова Айнур













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1098
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі