Материалдар / Ағылшын тілі - халықаралық тіл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі - халықаралық тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі - халықаралық тіл

Жылқыайдарова Әлия Нұрқалиқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде.

Осыған орай, ағылшын тілі тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етудің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы, әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор.

Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батысгерман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Оған қоса көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі қоғамдық құбылыстың бір формасы.

Бірден-бір фактор, өмірдің әмбебап бейнесінің дамуының үдеуінде - ағылшын тілі болып табылады. Ағылшын тілі жанасушылықтың негізімен, сол салдардан осы айқын: ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің арасындағы жаһанды тіл болады.

Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Тіпті балабақшалардың өзінде ағылшын тілінде сөйлеуді, оқуды үйретеді. Ғаламтор желілерінде, кішкене балаларға арналан түрлі-түрлі мультхикаялар баршылық. Керек дегенде, Ағылшын адамдары да ғаламторға оқыту,үйрету әдістерін енгізіп қойғаны да рас.

Елімізде жыл сайын шет елдерде білім алатын жастарымыздың саны артуда. Сол себепті де ағылшын тілін тереңдетіп оқитын мектептер,жоғары оқу орындары, тілге күш салуда. Еліміздің біршама аймақтарында да, Ағылшын тілін жетік меңгеру үшін көптеген курстар ашылған.

Елімізде сонау заманнан бері келе жатқан, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетіміз тілдерді оқытуда үлкен күш салғаны баршамызға айқын.Қазіргі таңда университетімізде көп тілді оқыту курстары бар: Француз, Қытай, Түрік, Орыс, Ағылшын тілдері,т.б. Ағылшын тіліне жеке тоқталсақ, тілді үйренуде студенттеріміз өз білімдерін шыңдауда.

Қазіргі таңда, заман талабы тек қана жоғары оқу орындарында «Бакалавр» дәрежесімен ғана шектелмейді,сонымен қатар «Магистратура» , «Докторантура» сияқты жоғары лауазымдарды талап етуде. Ол үшін міндетті түрде ағылшын тілін жетік меңгеру қажет.

Тілді меңгеру қиынға соғатыны арине рас. Сол себепті, ағылшын тілінде аудио-видео, онлайн программаларды көп көріп,тыңдау қажет. Ағылшын тілін оқып меңгеремін деген әрбір тұлаға сөздік қорды байыту қажет.

Ағылшын тілінде 34 шақ бар. Негізінен 12 шағын меңгеретініміз де бар. Оқу орындарында тереңдетілгендіктен осының барлығын қарастырамыз.Кейінгі жылдары ағылшын тілін оқытуда қолданылатын жаңаша оқу әдісінде білім беруді компьютерлендіру дейміз. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ.Компьютер арқылы ағылшын тілінде онлайн бағдарламаларды көптеп көреміз.Ағылшын тілі-инженерлік-компьютерлік технологиялар тілі, әлемдік қарым-қатынас тілі, кейбір мамандық бойынша білім алу тілі, жастар арасында беделді тілге, БАҚ, әсіресе Интернет арқылы ақпарат алу тіліне айналып келеді.

Міне, осымен байланысты «Үштұғырлы тіл мәдени жобасын» Қазақстан кеңістігінде тиімді қолданудың шешімдері ретінде мыналарды ұсынамыз:

-Ағылшын тілін оқытуды бастаудың жасын лингвопсихологиялық негізде дәлелдеу және жаппай ұстану;

- Ағылшын тілдерін ақпарат алудың, өз тілінің құндылықтық жүйесін салыстыра, салғастыра отырып танудың құралы ретінде оқыту.

Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек.

Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік. Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды.

Егер сіз Қазақстанда ағылшын тілінен сабақ беретін болсаңыз, біз сізге сабақ беруге арналған пайдалы ресурстардың бірқатарын қуана-қуана ұсынамыз. British Council-да ағылшын тілінің оқытушыларына арналған тегін материалдардың кең ауқымы бар. Сізге:

1)Оқытушыларға арналған онлайн-курстарға жазылуға;

2)Сабақ жоспарлары мен материалдарын тегін түсіріп алуға;

3)Кәсіби даму, конференциялар және біліктілікті арттыру туралы ақпаратпен танысуға;

4)Оқу-әдістемелік материалдарды талқылауға қатысуға және пайдалануға;

5)Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Facebook бетіне жазылуға болады.

Ағылшын Тілі Маманы бағдарламасына АҚШ сыртқы істер департаменті сырт елдерде мерзімі екі аптадан 4 айға дейін созылатын бағдарламаларды жүргізуге,ағылшын тілін шет тілі ретінде үйрету (TEFL) және ағылшын тілінде басқа тілділерге үйрету саласындағы АҚШ академиктері мен мамандарын жалдайды. Жоба тақырыптарына оқыту жоспарын дайындау және бағалау, ұстаз дайындау, оқу құралдарын жетілдіру, немесе Арнайы Мақсаттарға арналған ағылшын тілі кіреді. Кей жағдайларда, кеңесшілерге дәріс беру үшін сандық видео конференциялар мен вебинарлар (онлайн семинарлар) қолданылады. Ағылшын тілі бағдарламаларының, шет елдерде оқу үшін арнайы маманданған елдер кіреді.

Ағылшын тілін үйрету форумы — 1962 жылдан бері тоқсан сайын мұғалімдердің мұғалімдерге арнап жазып, ағылшын тілінің кеңсесі арқылы таратылып отыратын журнал.Ағылшын тілінде қазіргі заман талабына сай көптеген технологиялар жаңаруда.Тілді жақсы үйреніп, меңгеру , әрбір жастарымыз үшін қажет. Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген шара Қыздар университеттің 70 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби білімі мен іскерлігін қалыптастыру, ынтасын және шеберлігін арттыру. Олимпиада 4 аспектіде, яғни «Оқылым, тындалым, жазылым және айтылым» бойынша 3 кезең негізінде өткізілді. Олимпиадалар көптеп, мектеп қабырғаларында да болады.Ағылшын тіліндегі олимпиадалараға көптеген азамат,азаматшаларымыз қатысып бақ сынауда. Егер ағылшын тілін жетік меңгеріп, толықтай олимпиадалардан орындарға ие болса, шет елде білім алуға таы бір мүмкіндік туады. Арине шет елдерде білім алу үшін, ағылшын тілін білу керек. Еліміздің көп жастары ағылшын тілін дамыту үшін, одан ары қарқындату үшін шет елдерге оқуға кететіні рас. Себебі, заман осы бағытта жұмыс жасайды.Тіпті шет елдермен сауда, қарым – қатынас жасау үшін де , ағылшын тілінің маңызы зор.

Қадірменді атамыз, Қадыр Мырза Әли: «Өзге тілдің бәрін біл,..»,-деген жолдарын бекер айтып кетпесе керек.

Ағылшын тілі күні БҰҰ-ның тікелей бастамасымен басқа тілдерге арналған ресми күндер секілді 2010 жылдан бері мерекеленіп жүр. Бүгінде ағылшын тілі "әлемдік тіл" мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінің тұрғындары екен. Ағылшын тілі тіпті, Азия және Африканың кейбір елдерінде ресми тілсаналады.Бұл тілде сөйлейтін адамдарды "англофандар" деп атау дәстүрі қалыптасқан. Айта кетейік, Standard English дейтін, таза лондондық диалект уақыт өте келе әртүрлі аймақтарда өзгеріске ұшырап кеткен, сондықтан, ағылшынға ағылшынша сөйлейтін америкалықты немесе афикалықты түсіну қиынға соғады. Ағылшын тілі француз тілімен қатар БҰҰ хатшылығының жұмыс тілі қызметін атқарады және БҰҰ-дағы алты ресми тілге енеді. Айтулы күні әлемде дөңгелек үстелдер, конференциялар, конкурстар, ғылыми көрмелер, ағылшын мәдениетімен танысуға болатын сабақтар ұйымдастырылады. Біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды иемденіп отыр. Бірінші орында – қытай тілі, екінші орында – испан тілі. Ағылшын тілі сөздік қоры ең көп тіл саналады. Тілде 800 000-нан астам сөз бар. Және синоним сөздер қатары да көп. Америка президенті Бенджамин Франклин «мас» (ағыл. drunk) сөзінің 200-ге жуық синонимін тапқан екен. Енді, өзіңіз ойлай беріңіз. Мұның тиімділігі – керек сөзді еске түсіре алмаған жағдайда, басқа сөзбен оп-оңай алмастыра аласыз.

Ағылшын тіліндегі тыныс белгілер XV ғасырда пайда болған. Ағылшын тілінің ең кәрі сөздері 14 000 жасқа жеткен. Олардың көпшілігінің негізі үндіеуропалық тілдерден бастау алады. Бұл сөздердің қатарына apple (apal), bad (bad), gold (gold) сөздерін жатқыза аламыз.Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am-ді I´m-ға қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады. Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis. Бұл тыныс жолы ауруының атауы. «The quick brown fox jumps over the lazy dog» сөйлемінің ерекшелігі сол, ағылшын әліппесіндегі барлық әріп кездеседі.Талай айтылған алғашқы сөз: «ОК». Қазір бұл сөзді айтып көрмеген адам кемде-кем. «The sixth sick sheik‘s sixth sheep‘s sick» жаңылтпашы ағылшын тіліндегі ең қиын жаңылтпаш болып саналады. Тіл сындырғыңыз келсе, осы сөзді қайталаңыз.

Ағылшын тіліндегі month, orange, silver, purple - осы 4 сөзге ғана ұйқас табу қиын екен. Кейбір ақындар ізденістерінің арқасында orange сөзін courage, porridge, arrange және т.б. ұқсас сөздермен үйлестіріп көрген екен, бірақ мағынасы жағынан бұл қисынсыз болып шыққан.

& нышаны бір кездері ағылшын тілінің әліпбиінде болған екен. Ал қазір таңбаға «амперсэнд» деген атау берілген. Ағылшын тілінде құрлық атаулары басталған әрпімен аяқталады.

Білесіз бе, оқиғаны ағылшын тілінде баяндау үшін 1500-2000 аралығындағы сөздерді білу жеткілікті. Алайда, көп білгеніңіз өзіңізге жақсы. Айта кетейік, ағылшындардың өзі шамамен 12000-20000 аралығында сөз біледі, бұл оның біліміне, ортасына байланысты. Атақты Шекспир шығармаларында 30000 сөз қолданған.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек,кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда.

 

Әдебиеттер:

1) Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы - 2012 жыл

2) «Айқын» газеті , жаңа басылым «Еліміздегі ағылшын тілінің рөлі»

3)Шетел тілін оқыту әдістемесі №4(48)2012

4)Мектептегі шет тілі №5 2008



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!