Ағылшын тілі-әлем танудың кілті
Хайрлықызы Назерке
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік университеті
Қазіргі жаһандану заманында білім саласында көп тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып, соған жан-жақты назар аударылуда.Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі-мемелекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»деп баса айтқан болатын.Сонымен бірге Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»-дегенді баса атап айтты. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.
Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытылады. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы.
Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды.Соған орай,сабақтарда әртүрлі көрнекіліктер қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге болады.Ақ бормен түсіндірілген тақырыптан гөрі түрлі түсті презентациялар арқылы түсіндірілген сабақ әлдеқайда тиімдірек. Сонымен қатар жаңа шет тілін үйренгенде әртүрлі методикалармен үйренген тиімдірек нақтылап айтқанда дебат,топтық жұмыс оқушылардың немесе тіл үйренушілердің әртүрлі көзқарастарын айқындап,тілді еркін менгеруге болады.
Бұл жұмыс қашықтықтан оқыту форматына көшкен кезде де жалғасып жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://bilim-all.kz/article/13501-Birneshe-til-bilgen-artyq-etpeidi
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілі-әлем танудың кілті
Ағылшын тілі-әлем танудың кілті
Ағылшын тілі-әлем танудың кілті
Хайрлықызы Назерке
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік университеті
Қазіргі жаһандану заманында білім саласында көп тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып, соған жан-жақты назар аударылуда.Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі-мемелекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»деп баса айтқан болатын.Сонымен бірге Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»-дегенді баса атап айтты. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.
Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытылады. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы.
Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды.Соған орай,сабақтарда әртүрлі көрнекіліктер қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге болады.Ақ бормен түсіндірілген тақырыптан гөрі түрлі түсті презентациялар арқылы түсіндірілген сабақ әлдеқайда тиімдірек. Сонымен қатар жаңа шет тілін үйренгенде әртүрлі методикалармен үйренген тиімдірек нақтылап айтқанда дебат,топтық жұмыс оқушылардың немесе тіл үйренушілердің әртүрлі көзқарастарын айқындап,тілді еркін менгеруге болады.
Бұл жұмыс қашықтықтан оқыту форматына көшкен кезде де жалғасып жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://bilim-all.kz/article/13501-Birneshe-til-bilgen-artyq-etpeidi
шағым қалдыра аласыз













