Материалдар / АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
1. PRESENT SIMPLE TENSE (Жай осы шақ) 2. PRESENT CONTINUOUS TENSE (Нақ осы шақ) 3. PAST SIMPLE TENSE (жәй өткен шақ) 4. PAST CONTINUOUS TENSE (созылыңқы өткен шақ) 5. PRESENT PERFECT SIMPLE TENSE (аяқталған осы шақ) 6. PAST PERFECT SIMPLE TENSE (аяқталған өткен шақ) 7. PRESENT PERFECT CONTINUOUS TENSE (Аяқталған созылыңқы осы шақ) 8. PAST PERFECT CONTINUOUS TENSE (Аяқталған созылыңқы өткен шақ) 9. FUTURE SIMPLE TENSE (Келер шақ) 10. FUTURE CONTINUOUS TENSE (Созылыңқы келер шақ) 11. FUTURE PERFECT TENSE (Аяқталған келер шақ) 12. FUTURE PERFECT CONTINUOUS TENSE (Aяқталған созылыңқы келер шақ)
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тіліндегі
12 шақ
Ағылшын тіліндегі ең қиын тақырыптар қарапайым тілмен

1

Мазмұны

1. PRESENT SIMPLE TENSE (Жай осы шақ)
2. PRESENT CONTINUOUS TENSE (Нақ осы шақ)
3. PAST SIMPLE TENSE (жәй өткен шақ)
4. PAST CONTINUOUS TENSE (созылыңқы өткен шақ)
5. PRESENT PERFECT SIMPLE TENSE (аяқталған осы шақ)
6. PAST PERFECT SIMPLE TENSE (аяқталған өткен шақ)
7. PRESENT PERFECT CONTINUOUS TENSE (Аяқталған созылыңқы осы шақ)
8. PAST PERFECT CONTINUOUS TENSE (Аяқталған созылыңқы өткен шақ)
9. FUTURE SIMPLE TENSE (Келер шақ)
10. FUTURE CONTINUOUS TENSE (Созылыңқы келер шақ)
11. FUTURE PERFECT TENSE (Аяқталған келер шақ)
12. FUTURE PERFECT CONTINUOUS TENSE (Aяқталған созылыңқы келер шақ)

2

1. PRESENT SIMPLE TENSE (Жай осы шақ)
Present Simple Tense (жай осы шақ) – әдетте қайталанып тұрушы және жалпы ісәрекетті білдіреді.
Сонда да түсінікті емес пе?! Кәнеки, мысалдар арқылы
түсінікті тілмен танысайық!

Present Simple шағымен тереңірек әрі

Қай кезде Present Simple шағын қолданамыз?
1. БАРЛЫҒЫ БІЛЕТІН ФАКТІЛЕРДІ СИПАТТАУ
 The Earth goes around the Sun. – Жер күнді айналады.
 Vegetarians do not eat meat. – Вегетарианистер ет жемейді.
 It snows in winter. – Қыста қар жауады.
2. КҮНДЕЛІКТІ ӘДЕТТЕРДІ ЖӘНЕ ҚАЙТАЛАНАТЫН ӘРЕКЕТТЕРДІ СИПАТТАҒАН
КЕЗДЕ
 I often go to the museum. – Мен жиі мұражайға барамын.
 She always watches Youtube videos before going to bed. – Ол әрдайым ұйықтар
алдында Ютубтан видеолар көреді.
 Yerzhan usually listens to music when he is in the park. – Әдетте Ержан саябақта
болғанда музыка тыңдайды.
3. ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАЛПЫ ТҰРАҚТЫ ӘРЕКЕТТІ СИПАТТАУ ҮШІН
 I live in Kazakhstan. – Мен Қазақстанда тұрамын.
 My sister speaks English and Chinese. – Менің әпкем ағылшын және қытай тілдерінде
сөйлей алады.
 He works in a bank. – Ол банкте жұмыс істейді.
4. КЕСТЕ(расписание) БОЙЫНША БОЛАТЫН БАРЛЫҚ НӘРСЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ.
Ол үшін бізге қашан/қай уақытта болатынын көрсетуіміз қажет.
 My work finishes at 6 p.m. – Менің жұмысым кешкі сағат алтында аяқталады.
 The film starts at 12 o’clock tomorrow. – Кино ертең сағат он екіде басталады.
 The train leaves at 8 a.m. on Saturday. – Поезд сенбі күні сағат сегізде жүреді.

3

PRESENT SIMPLE ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ

 Жекеше түрде болымды формада do/does сөйлемде
қатыспайды. Бірақ үшінші жақта етістікке -s/-es
жалғауы жалғанады.
 Cұрақ формада I, you есімдіктерінің алдына do
көмекші етістігі, he/she/it есімдіктерінің алдына болса,
does көмекші етістігі шығу арқылы жасалады.
 Болымсыз формада болса, do/does көмекші
етістіктерінен соң, not шылауы қосылады.

4

Ойыңызды дәлірек жеткізу үшін сізге мына уақыт бірліктері көмектеседі.

Present Simple Tense төмендегі
үстеулер арқылы жасалады
Always 100% - Әрқашан
Usually 99-90% - Әдетте
Often 90-50% - Жиі
Sometimes 50-25% - Кейде
Seldom 25-10% - Сирек
Rarely 10-1% - Өте сирек
Never 0% - Ешқашан
***
Every (day/week/year) – Күн/апта/жыл
сайын

 I always drink coffee in the morning. – Мен әрдайым таңертең кофе ішемін.
 My father usually watches TV after work. – Менің әкем әдетте теледидарды жұмыстан кейін
көреді.
 Aizhan often calls me. – Айжан маған жиі телефон соғады.
 We sometimes go to the mountains. - Біз кейде тауға барамыз.
 She seldom eats spicy food. – Ол ащы тамақты сирек жейді.
 My friends never sing songs. – Менің достарым ешқашан өлең айтпайды.
 Saltanat goes abroad every year. – Салтанат жыл сайын шетелге барады.

ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!
Always, usually, often... үстеулері
әдетте етістіктің алдында тұрады. Ал,
Every (day/week/year) үстеулері
сөйлемнің соңында келеді.

5

2. PRESENT CONTINUOUS TENSE (Нақ осы шақ)
Present Continuous Tense - дәл осы уақытта орындалып жатқан оқиғаларға қатысты қолданылады.
Қәне, бұл шақпен жақынырақ танысып, қай кездерде қолдана алатынымызды қарастырайық.
1. Дәл қазір болып жатқан әрекеттер жайлы айтқанда қолданамыз.
 I am watching TV right now. – Мен дәл қазір теледидар көріп жатырмын.
 My parents are having breakfast. – Менің ата-анам таңғы ас ішіп жатыр.
 My sister can’t talk now. She is doing homework. – Менің әпкем қазір сөйлесе алмайды.
Ол үй тапсырмасын орындап жатыр.

САЛЫСТЫРЫҢЫЗ
 Alina lives in Almaty. – Алина Алматыда тұрады. > Бұл жерде Алина Алматыда тұрақты
түрде тұрады. Бұл факт.
 Alina is living in Oskemen at her aunt’s house while she is on holiday. - Алина демалыс
уақытында Өскеменде (уақытша) тәтесінің үйінде тұрып жатыр. > Бұл мысалда Алина тек
уақытша осы уақыт кезеңінде басқа жерде тұрып жатыр.

2. Болашаққа қатысты жоспарланып қойған іс-әрекеттер жайында айтқанда
 I am meeting with my friends on Friday. – Мен жұма күні достарыммен кездесемін.
 Arman is having a meeting tomorrow at 12. – Арманда ертең сағат он екіде жиналыс
болады.
 My friends are leaving next Saturday to Paris. They bought tickets. – Менің достарым
келесі сенбіде Парижге барады. Олар билеттер сатып алып қойды.
 Ағылшын тілінде Present Continuous шағын болашаққа байланысты жоспарларға
қолданамыз. Оны «белгіленген болашақ шақ» деп айтамыз. Ол дегеніміз – тек
жоспарлап қана қоймай, сол жоспарды орындауға қандай да бір әрекеттер жасаймыз.
Мысалы, келісіп қоямыз, билеттерді әлдеқашан алып қоямыз және т.б.

3. Оқиғалар дәл қазір орындалмаса да, бірақ орындалып жатқанда, әлі бітпеген
жағдайларда. Демек, процесстегі әрекет жайында айтқанда
 Global Warming is getting worse and worse. – Жаһандық жылыну барған сайын
нашарлай түсуде.
 Kazakh film industry is getting better. – Қазақстандық киноиндустрия барған сайын
жақсы бола бастады.
 I am still working in Russia. – Мен әлі Ресейде жұмыс істеп жатырмын.

4. Қызық, бірақ Present Continuous шағымен always сөзін қолдана аламыз (әдетте ол
Present Simple шағымен қолданамыз).
6

 Оны біз егер бір әрекет қайтала берсе және ол әрекет сізге ұнамаса, жүйкеңізге тисе
қолданамыз.
 Why are you always being late? – Неге сен әрқашан кешігіп жүресің?
 My best friend is always eating loud. – Менің жан досым әрқашан дауыстап тамақ
жейді.
 Bayan is always interrupting me. – Баян әрқашан менің сөзімді бөледі.

PRESENT CONTINUOUS ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ

 Болымды сөйлем құраған кезде, to be (am/is/are) мен етістікке –ing жалғауын жалғау
арқылы жасаймыз.

+

I

am

He/she/it

is

We/you/they

are

working

 Болымсыз сөйлем жасау үшін, to be-ден кейін not шылауын қосамыз.

-

I

am not

He/she/it

is not/isn’t

We/you/they

are not/aren’t

working

 Сұраулы сөйлем құрау үшін, «to be» есімдіктер алдына шығады.

?

Am

I

Is

He/she/it

Are

We/you/they

7

working?

Present Continuous шағын қолдану үшін
мына үстеулер көмектеседі
Now – қазір
Right now – дәл қазір
At the moment – қазіргі уақытта
Still - әлі де

 I’m listening to music now. – Мен қазір музыка тыңдап жатырмын.
 My friend is drinking tea right now. – Менің досым дәл қазір шәй ішіп жатыр.
 Tom and Jerry aren’t watching TV at the moment. – Том мен Джерри қазіргі уақытта
теледидар көріп жатқан жоқ.
 Are you still reading a book? – Сіз әлі кітап оқып жатырсыз ба?

ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!
Әрекет дәл қазір орындалып жатса да, біз кейде Present Continuous шағын
қолдана алмаймыз. Олар іс-әрекетті білдірмейтін етістіктіктерге байланысты.
Ағылшын тілінде бұл етістіктерді State verbs немесе Non-action verbs деп
атаймыз.

 Есту, көру, сезіну және қалау сияқты етістіктер бар болғанда: hear, notice, see, feel,
want, wish, prefer
 Эмоцияларды белгілейтін етістіктер үшін: hate, love, like
 Ойлауды белгілейтің етістіктер үшін: think, understand, believe, agree, promise
 Иемденуді белгілейтің етістіктер үшін: possess, have
Демек, біз осы етістіктермен Present Continuous шағын қолданбаймыз. Мысалы, I am hearing you деп
айта алмаймыз. Бұл әрекет дәл қазір болып жатса да қолданбаймыз. Бұл жағдайда, Present Simple
шағын қолданамыз. Яғни, I hear you. - Мен сізді естіп тұрмын.
8

3. PAST SIMPLE TENSE (жәй өткен шақ)
Past Simple ағылшын тілінде болып, аяқталып кеткен іс-әрекеттер үшін қолданылады. Past Simple
шағы осы шақпен немесе келер шақпен ешқандай қатысы жоқ. Мысалы:

 My parents bought me a new phone on my birthday. – Менің ата-анам туған күніме жаңа
телефон сатып алып берді.
 I went to the cinema yesterday. – Мен кеше кинотеатрға бардым.
 Assel wanted to have sushi, but her brother wanted chicken wings. – Әсел суши жегісі келіп
еді, бірақ оның інісі тауық қанаттарын қалады.

PAST SIMPLE ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
 Past Simple ережесі бойынша болымды сөйлемдерді құру үшін дұрыс етістіктерге ed жалғауы жалғанады. Мысалы, watch етістігі watched боп өзгертіледі. I watched this film
two months ago. - Мен бұл киноны екі ай бұрын көріп қойғанмын.
 Болымсыз сөйлем құру үшін did not (didn’t) көмекші етістігі етістіктің алдына қойылады.
Етістікке –ed жалғауы қосылмайды.
 Өткен шақта сұрақтар қою үшін сөйлемнің алдында did қолданылады. Етістікке –ed жалғауы
қосылмайды.

POSITIVE (+)

NEGATIVE (-)

QUESTION (?)

I started

I did not (didn’t) start

Did I start?

You started

You did not (didn’t) start

Did you start?

He started

He did not (didn’t) start

Did he start?

She started

She did not (didn’t) start

Did she start?

It started

It did not (didn’t) start

Did it start?

We started

We did not (didn’t) start

Did we start?

They started

They did not (didn’t) start

Did they start?

9

Ал бұрыс етістіктер бұл ережеге бағынбайды, бұлар үшін дайын кесте бар. Біз, өткен шақта
болымды сөйлем құрайтын болсақ, үш бағанадағы етістіктердің екінші бағанадағы етістіктерді
қолданамыз.

POSITIVE (+)

NEGATIVE (-)

QUESTION (?)

I saw (көрдім)

I did not (didn’t) see

Did I see?

You saw

You did not (didn’t) see

Did you see?

He saw

He did not (didn’t) see

Did he see?

She saw

She did not (didn’t) see

Did she see?

It saw

It did not (didn’t) see

Did it see?

We saw

We did not (didn’t) see

Did we see?

They saw

They did not (didn’t) see

Did they see?

Мына үстеулер өткен
шақтың сигналды
сөздері
Yesterday – кеше
Last week/month/year–өткен
күні/аптада/айда/жылы
A week/month/year ago – бір
апта/ай/жыл бұрын
In 2013 – 2013 жылы
The day before yesterday –
кешенің арғы күні

10

 I saw my English teacher yesterday. – Мен кеше ағылшын тілінен беретін апайымды көрдім.
 My parents bought me Trump English course last week. – Өткен аптада менің ата-анам маған
Trump English курсын сатып алып берді.
 My friends went to the museum without me 3 months ago. – Менің достарым менсіз музейге үш
ай бұрын барды.
 Aisha was in Canada in 2017. – Айша 2017 жылы Канадада болды.
 Arman and Zhanar played the dombyra the day before yesterday. – Арман мен Жанар бір күн
бұрын домбырада ойнады.

11

4. PAST CONTINUOUS TENSE (созылыңқы өткен шақ)
Past Continuous – өткен шақта бір іс-әрекет басталып, сол туралы айтқан кезде әлі де жалғасып
жатқан оқиға жайлы айтқанда қолданылады. Мысалы:
 I was reading a book at 5 o’clock. – Сағат бесте мен кітап оқып жатыр едім.
Ал қазір біз Past Continuous шағын қай кездерде қолдана алатынымызды қарастырамыз.

1. ӨТКЕН ШАҚТА ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРДІ СИПАТТАҒАНДА
 I was doing my homework all day yesterday. – Мен кеше күні бойы үй тапсырмамды
орындап отырдым.
 We were playing on Play Station all evening. – Біз кеш бойы Плейстейшнде ойындар
ойнап отырдық.
 Anna was reading ‘Harry Potter’ book all weekend. – Анна ‘Гарри Поттер’ кітабын
бүкіл демалыс күндері оқып жүрді.

2. ӨТКЕН ШАҚТА ЕКІ ІС-ӘРЕКЕТ БІР УАҚЫТТА БОЛЫП ЖАТҚАН КЕЗДЕ. Ол үшін
бізге WHILE шылауы көмектеседі
 I was drinking tea while my sister was eating a banana. – Мен шәй ішіп жатқан кезімде
менің сіңілім банан жеп жатыр еді.
 While they were watering the flowers, mother was cooking. – Олар гүлдерге су құйып
жатқан кезде, аналары ас дайындап жатқан еді.
 Zhandos was singing a song while his sisters were dancing. – Жандос өлең айтып
жатқан кезінде оның қарындастары би билеп жатқан етін.

3. ӨТКЕН ШАҚТА СОЗЫЛЫҢҚЫ БІР ІС-ӘРЕКЕТ КЕНЕТ БАСҚА ӘРЕКЕТПЕН
СӘЙКЕС КЕЛГЕНДЕ. Ол үшін бізге WHEN шылауы көмектеседі
 I was eating chocolate secretly when my little brother entered the room. – Мен
жасырынып шоколад жеп жатқан кезімде кішкентай інім бөлмеге кіріп қалды.
 We were dancing when suddenly the light was off. – Біз билеп жатқан кезімізде, кенет
жарық өшіп қалды.
 Assem was talking with her best friend about her boyfriend when her mom asked her to
help. – Әсем жан досыңа өзінің жігіті жайлы айтып жатқан кезде, анасы оны
көмектесуге шақырды.

12

PAST CONTINUOUS ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
 Болымды сөйлем құраған кезде, to be (was/were) мен етістікке –ing жалғауын жалғау
арқылы жасаймыз. Өткен шақта to be етістігінің формасы was/were. Was формасын жекеше
түрде қолдансақ, were формасын көпше түрде қолданмыз

+

I

was

He/she/it

was

We/you/they

were

working

 Болымсыз сөйлем жасау үшін, to be-ден кейін not шылауын қосамыз.

-

I

was not

He/she/it

was not/wasn’t

We/you/they

were not/weren’t

working

 Сұраулы сөйлем құрау үшін, «to be» есімдіктер алдына шығады.

?

Am

I

Is

He/she/it

Are

We/you/they

13

working?

Past Continuous шағын
қолдану үшін мына
үстеулер көмектеседі
Yesterday at 7 o’clock –
Кеше сағат жетіде
From 3 till 5 yesterday –
Кеше сағат үштен беске
дейін
The whole day/evening/
morning/night yesterday –
Кеше күн/кеш/таңертең/түн
бойын

 I was talking on the phone with my friend yesterday at 7 o’clock. – Кеше сағат жетіде мен
досыммен телефон арқылы сөйлесіп жатыр едім.
 Alina was doing her homework from 6 till 9 p.m. yesterday. – Алина кеше үй жұмысын
кешкі сағат алтыдан тоғызға дейін орындады.
 We were playing hide and seek the whole evening yesterday. – Біз кеше кеш бойы
тығылыспақ ойнадық.

14

5. PRESENT PERFECT SIMPLE TENSE
(аяқталған осы шақ)
Present Perfect Tense дегеніміз жақында біткен немесе жаңа ғана біткен өткен шақты айтамыз, бірақ
бұл шақ осы шақпен байланысы бар.
Егер бұл шақпен енді танысып жатсаңыз, сізге түсініксіз болуы мүмкін. Кәне, бұл шақпен
жақынырақ танысайық.
Сонымен, бұл шақты қай уақытта қолданамыз?
1. ЕГЕР БІЗ БІР ІС-ӘРЕКЕТТІ ӨТКЕН ШАҚТА БАСТАП, ОЛ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН
ӘЛІ ДЕ БОЛЫП ЖАТСА (ӨЗЕКТІ БОЛСА)
 I have worked in this company since 2018. – Мен осы компанияда 2018 жылдан бері
жұмыс істеймін.
 She has studied English in Trump English School for 3 months. – Ол Trump English
мектебінде ағылшын тілін үй айдан бері оқиды.
 We have known each other since last year. – Біз бір-бірімізді өткен жылдан бері білеміз.

2. ӨТКЕН ШАҚТА ЖАСАҒАН ӘРЕКЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ ҚАЗІР БАЙҚАЛҒАНДА
 Сипаттамаға қарағанда түсінікті болмауы
қарастырайық.

мүмкін.

Сондықтан, мысалдар арқылы

 I have cut my finger. I can’t do anything. – Мен саусағымды кесіп алдым. Мен ештеңе
жасай алмаймын. (Мен саусағымды өткен шақта кесіп алдым, бірақ мен қазір ештеңе
істей алмаймын. Себебі, менің саусағым әлі жазылмаған. Демек, нәтижесі – саусақ әлі
жазылмаған)
 My father has lost his keys. He is looking for it now. – Менің әкем кілттерін жоғалтып
алды. Ол қазір оларды іздеп жүр. (Ол кілттерін өткен шақта кілтін жоғалтып алды.
Нәтижесі – қазір оның кілті жоқ, ол оларды жоғалтып алды.)
 Alina has bought a beautiful dress to his cousin’s wedding. Now she doesn’t worry what to
wear. – Алина бөлесінің тойына әдемі көйлек сатып алды. Қазір ол не киемін деп
уайымдамай жүр. (Алина өткен шақта көйлек сатып алды. Нәтижесі – қазір оның
көйлегі бар)

3. ӨТКЕН ШАҚТА БОЛҒАН ӘРЕКЕТТІҢ ҚАШАН БОЛҒАНЫН АЙТПАҒАН КЕЗДЕ
 I’ve bought a beautiful dress. – Мен әдемі көйлек сатып алдым. (Бұл мысалда қашан
болғаны маңызды емес. Маңыздысы – өткен шақта мен көйлек сатып алғаным)
 I bought a dress two days ago. – Мен екі күн бұрын көйлек сатып алдым.
(Бұл мысалда Past Simple-өткен шақты қолданамыз. Себебі, нақты қашан
алғанымыз жайлы айтып жатырмыз)
15

 My friend has tried Italian food. – Менің досым итальяндық тағамды жеп көрген. (Бұл
мысалда қашан жеп көргені емес, не жеп көргені маңызды)
 My friend tried Italian food when he was in Italy. – Менің досым
итальяндық тағамды Италияда болғанда жеп көрген. (Бұл мысалды
нақты қашан жегені жайлы айтқандықтан Past Simple-өткен шақты қолданамыз)

4. ЕГЕР БІЗ БОЛЫП КЕТКЕН ӘРЕКЕТ ЖАЙЛЫ АЙТҚАНДА, БІРАҚ СОЛ УАҚЫТ
МЕЗЕТІ ӘЛІ АЯҚТАЛМАҒАН КЕЗДЕ
 (It’s 8 am now). I’ve done exercise this morning. – Қазір таңғы сағат сегіз. Мен
таңертең жаттығу жасадым.
 (It’s 8 pm now). I did exercise this morning. – Қазір кешкі сағат сегіз. Мен таңертең
жаттығу жасадым.
o Қазақ тіліне аударғанда ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ, ағылшын
тілінде осы форманы сақтауымыз керек.

5. ЕГЕР ӨТКЕН ШАҚТА БІРНЕШЕ РЕТ ҚАЙТАЛАНЫП ЖАСАЛҒАН, ОСЫ НЕМЕСЕ
КЕЛЕР ШАҚТА ҚАЙТА ҚАЙТАЛАНУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ БАР ӘРЕКЕТТЕР ЖАЙЛЫ
АЙТҚАНДА
 I have watched this film three times. - Мен бұл киноны үш рет көріп қойдым. (Мен осы
уақытқа дейін үш рет көріп қойдым, бірақ болашақта тағы көруім мүмкін)
 My parents have been to Almaty twice this year. – Менің ата-анам Алматыға осы
жылы екі рет барып қойды. (Олар осы жылы екі рет барды, бірақ әлі де тағы барулары
мүмкін)
 Dimash Kudaibergen has won many contests. – Димаш Құдайберген көп сайыстарды
жеңді. (Ол келешекте әлі де сайыстарға қатысып, тағы да жеңіске жетуі мүмкін)

16

PRESENT PERFECT SIMPLE ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ

Present Perfect Simple шағында болымды сөйлем жасағанда, I/you/we/they есімдіктерімен have
көмекші етістігі, ал he/she/it есімдіктерімен has көмекші етістігі мен етістіктің үшінші формасын
(бұрыс етістік болса) немесе етістікке –ed жалғауын жалғаймыз.
I
You

+

Gone/watched
Have(‘ve)

Gone/watched

We

Gone/watched

They

Gone/watched

He

Gone/watched

She

Has (‘s)

It

Gone/watched
Gone/watched

Present Perfect Simple шағында болымсыз сөйлем жасағанда, I/you/we/they есімдіктерімен have
көмекші етістігі, ал he/she/it есімдіктерімен has көмекші етістігінен кейін NOT шылауы мен
етістіктің үшінші формасын (бұрыс етістік болса) немесе етістікке –ed жалғауын жалғаймыз.
I
You

-

We

Gone/watched
Have not
(haven’t)

They

It

Gone/watched
Gone/watched

He
She

Gone/watched

Gone/watched
Has not
(hasn’t)

Gone/watched
Gone/watched

Present Perfect Simple шағында cұраулы сөйлем жасағанда have/has көмекші етістіктері
есімдіктердің алдына шығады.

Have

?
Has

I

Gone/watched?

You

Gone/watched?

We

Gone/watched?

They

Gone/watched?

He

Gone/watched?

She

Gone/watched?

It

Gone/watched?

17

Мына уақыт бірліктері Present Perfect Simple шағымен қолданылады
Ever – бұрын-соңды

Since – (уақыт) бері

Never – ешқашан

For – (уақыт) бойы

Just – қазір ғана
Already – әлдеқашан
Yet – әлі...емес
Recently – жақында
Lately – соңғы кездері
Before – (бір әрекетке) дейін
Today – бүгін
This year (month/week) – Осы жылы(айы/аптада)

Yet мезгіл үстеуі тек болымсыз және сұраулы сөйлемдерде қолданылады.
 I haven’t finished my homework yet. – Мен әлі үй тапсырмамды аяқтамадым.
 Have you seen this film yet? – Сіз мына киноны әлі көрмедіңіз бе?
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мына сөйлемдердің айырмашылығын табыңыз
She has been to the USA three times. – Ол АҚШ-та үш рет болды.
She has gone to the USA. So, she can’t visit us on Friday. – Ол АҚШ-қа кетіп қалды.
Сондықтан жұма күні бізге келе алмайды.
HAVE/HAS BEEN TO – барып, қайта келді деген мағынада білдіреді.
18

HAVE/HAS GONE TO – бір жерге кетіп, әлі де сол жерде екенін білдіреді.

Байқасаңыз, Present Perfect Simple өткен шаққа өте қатты ұқсайды. Бірақ, арасында сонда да
айырмашылық бар. Қазір, мына төмендегі кестеде нақты анықтап аламыз.

Past Simple

Present Perfect

Іс-әрекеттің нақты қашан жасалғаны
көрсетіледі

Іс-әрекеттің нақты қашан жасалғаны
көрсетілмейді және ол онша маңызды емес

Arman bought a new car last week. – Арман
өткен аптада жаңа машина сатып алды.

Arman has bought a new car. – Арман жаңа
машина сатып алды.

Іс-әрекет өткен шақта басталып өткен шақта
аяқталған

Іс-әрекет өткен шақта басталып әлі де
жалғасып келе жатса

Balnur learnt Chinese when she studied at the
university. – Балнұр университетте оқығанда
қытай тілін меңгерген.

Balnur has learnt Chinese since she entered the
university. – Балнұр университетте түскелі
бері қытай тілін меңгеріп келе жатыр.

Өткен шақта болған әрекет қайта келешекте
орындалмайтын болса

Өткен шақта болған әрекет қайта келешекте
орындалуы мүмкін жағдайда

Michael Jackson made great music. – Майкл
Джексон керемет музыка жасаған.

Scriptonit has made great music. – Скриптонит
керемет музыка жасады. (әлі де жасауы
мүмкін)

Өткен шақта жасалған іс-әрекеттің уақыт
мерзімі өтіп кетсе

Өткен шақта жасалған іс-әрекеттің уақыт
мерзімі әлі аяқталмаса

Marat watched this film twice last year. – Марат
мына киноны өткен жылы екі рет көрді

Marat has watched this film twice this year. –
Марат мына киноны осы жылы екі рет көрді
(әлі де осы жылы ол киноны көруі мүмкін, себебі
жыл әлі аяқталмады)

19

6. PAST PERFECT SIMPLE TENSE (аяқталған өткен шақ)
PAST PERFECT SIMPLE – бұл шақты біз кейде «өткен шақтың өткен шағы» деп атаймыз.
Past Perfect-ті өткен шақта екі әрекет болған кезде қолданамыз. Бірінші болған әрекет Past Perfect
болса, екінші болған әрекет Past Simple шағында болады. Егер сөйлемде Past Perfect-ті қолданатын
болсақ, ол бірден бірінші аяқталған іс әрекет екенін көрсетеді.
 I had done exercise before I had breakfast. – Мен таңғы ас ішпес бұрын жаттығу
жасадым.
 Kamila had listened to music before she read a book. – Камила кітап оқымас бұрын
музыка тыңдады.
 My brothers watched cartoons after they had dinner. – Менің інілерім кешкі асты ішіп
болған соң мультфильмдер көрді.
Қәне, мына сызбадан толық түсініп көрейік
 I had heard a lot about America before I went there. – Мен Америкаға бармас бұрын ол
(мемлекет) жайлы көп естігенмін.

had heard

went

Осы шақ

Демек, мен бірінші Америка жайлы естідім, сосын барып бардым. Менің естігенім өткен шақта
бірінші орындалғандықтан оны Past Perfect-пен қолданамыз, ал барғаным екінші орындалғандықтан
оны Past Simple-мен қолданамыз.
Алайда, іс-әрекет бірінен кейін бірі болғанын көрсеткенде тек Past Simple шағын қолданса
болады. Мысалы,
I got up, brushed my teeth and had breakfast. – Мен оянып, тісімді жуып, таңғы асты
іштім.

PAST PERFECT SIMPLE ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
Past Perfect Simple шағында болымды сөйлем жасағанда, есімдіктерден кейін had көмекші етістігі,
мен етістіктің үшінші формасын (бұрыс етістік болса) немесе етістікке –ed жалғауын жалғаймыз.

+

I

Gone/watched

You

Gone/watched

We

had (‘d)

Gone/watched

They

Gone/watched

He

Gone/watched

She

Gone/watched

It

Gone/watched

20

Past Perfect Simple шағында болымсыз сөйлем жасағанда, had көмекші етістігінен кейін NOT
шылауы мен етістіктің үшінші формасын (бұрыс етістік болса) немесе етістікке –ed жалғауын
жалғаймыз.

-

I

Gone/watched

You

Gone/watched

We
They

had not
(hadn‘t)

Gone/watched
Gone/watched

He

Gone/watched

She

Gone/watched

It

Gone/watched

Past Perfect Simple шағында cұраулы сөйлем жасағанда had көмекші етістігі есімдіктердің алдына
шығады.

?

Had

I

Gone/watched

You

Gone/watched

We

Gone/watched

They

Gone/watched

He

Gone/watched

She

Gone/watched

It

Gone/watched

Мына уақыт бірліктері Past Perfect Simple
шағымен қолданылады
By 2 o’clock yesterday – Кеше сағат екіге дейін
Before – дейін
After – кейін
Since – (уақыт) бері
For – (уақыт) бойы
Before/by the time someone did something – біреу
бірнәрсе жасауға дейін

21

7. PRESENT PERFECT CONTINUOUS TENSE
(Аяқталған созылыңқы осы шақ)
Present Perfect Continuous Tense өткен шақта басталып, қазіргі уақыт аралығына дейін
жалғасып, әлі де созылып жатқан әрекетті білдіреді.
Бұл шақты қай кезде қолдана алатынымызды қарастырайық
1. ӨТКЕН ШАҚТА БАСТАЛЫП, ҚАЗІРГІ ШАҚТА ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСЫП ЖАТСА
 I have been teaching English since 2016. – Мен ағылшын тілін 2016 жылдан бері
оқытып келемін.
 My friend has been living in Almaty since she was born. – Менің досым Алматыда
туылғаннан бері тұрып келе жатыр.
 Dias and Saken have not been doing their homework since this morning. – Диас пен
Сәкен үй тапсырмаларын таңертеннен бері жасап жатқан жоқ.
 How long have you been living in Oskemen? – Сіз Өскеменде қанша уақыт тұрып
жатырсыз?
2. ӨТКЕН ШАҚТА БЕЛГІЛІ БІР УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ, БІРАҚ ОНЫҢ
НӘТИЖЕСІ ҚАЗІР КӨРІНІП ТҰРҒАН КЕЗДЕ
 I have been running all the way from school. Now I’m tired. - Мен мектептен бері
жүгіріп келдім. Қазір мен шаршап тұрмын.
 Timur has been playing on computer the whole day. Now his eyes are red. – Тимур күні
бойы компьтерде ойнады. Қазір оның көздері қызарып тұр.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
WORK, LIVE, STUDY, TEACH секілді етістіктер Present Perfect Simple және Present Perfect
Continuous шақтарында қолдансақ, бірдей мағынаны білдіреді. Мысалы, Damir has been studying
English for 2 years = Damir has been studying English for 2 years. (Дамир екі жыл бойы ағылшын
тілін оқып жүр).

БІРАҚ, іс-әрекетті білдірмейтін етістіктерді Continuous (созылыңқы) шақта қолдана
алмаймыз, сондықтан әрекет бұрын басталып, әлі де жалғасып жатса да қолданбаймыз. Ол
үшін Present Perfect Simple шағын қолданамыз.
I have known my best friend for 16 years. – Мен өз жан досымды 16 жыл бойы танимын.
Know етістігі іс-әрекетті білдірмейтін етістік болғандықтан, оны Continuous
шағында қолдана алмаймыз. Сәйкесінше, Present Perfect Continuous шағымен де қолдана алмаймыз.
Сондықтан, оны Present Perfect Simple-мен қолданамыз.
22

PRESENT PERFECT CONTINUOUS ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
Present Perfect Continuous шағында болымды сөйлем жасағанда, I/you/we/they есімдіктерімен have
көмекші етістігі, ал he/she/it есімдіктерімен has көмекші етістігі, been қосымшасы және етістікке
-ing жалғауын жалғаймыз.
I
You

+

learning
Have(‘ve)

learning

We

learning
been

They
He
She

learning
learning

Has (‘s)

learning

It

learning

Present Perfect Continuous шағында болымсыз сөйлем жасағанда, have және has көмекші
етістіктерінен кейін NOT шылауы been қосымшасы және етістікке -ing жалғауын жалғаймыз.

I
You

-

learning
Have not
(haven’t)

learning

We

learning
been

They
He
She
It

learning
learning

Has not
(hasn’t)

learning
learning

Present Perfect Continuous шағында cұраулы сөйлем жасағанда have/has көмекші етістіктері
есімдіктердің алдына шығады.

Have

?

I

learning

You

learning

We

learning
been

They
Has

learning

He

learning

She

learning

It

learning

23

Мына уақыт бірліктері Present Perfect Continuous шағымен
қолданылады
How long – қанша уақыт
For – (уақыт) бойы
Since – (уақыттан) бері
Lately – соңғы кездері
All evening/day/year – кеш/күн/жыл бойы

 Perizat has not been sleeping all night. – Перизат түні бойы ұйықтамады.
 Who has been eating too much sugar lately? – Соңғы кездері кім тым көп қант жеп жүр?
 Rita and Sanzhar have been having lunch since I came home. – Рита мен Санжар мен үйге
келгелі бері түскі ас ішіп жатыр.
 How long has Karlygash been talking on the phone? – Қарлығаш телефонмен қаншадан бері
сөйлесіп жатыр?
 We have been drinking tea for half an hour. – Біз жарты сағат шай ішіп жатырмыз.

24

8. PAST PERFECT CONTINUOUS TENSE
(Аяқталған созылыңқы өткен шақ)
Past Perfect Continuous Tense іс – әрекеттің өткен уақытта белгілі бір кезеңге дейін болған, сол
уақыт аралығында созылып және сол уақытта әлі де аяқталмаған іс-әрекетті білдіреді.
Жалпы алғанда, Past Perfect Continuous шағы қолдану жағынан Present Perfect Continuous шағы
сияқты. Бірақ, Past (өткен) болғандықтан, өтіп кеткен іс-әрекеттерге қолданамыз.
Естеріңізде болса, Past Perfect Simple шағын өткен кезде екі аяқталып кеткен әрекеттердің қайсысы
бірінші орындалса, сол әрекетпен қолданатынымызды қарастырдық. Ал, Past Perfect Continuous
шағын Past Perfect Simple және Past Continuous шақтарының қосындысы деп алсақ болады.

Past Perfect Continuous = Past Perfect Simple + Past Continuous
Демек, өткен шақта екі әрекет орындалып, оның біріншісі екінші әрекетке дейін жасалынған болса
Past Perfect Continuous шағын қолданамыз.
Сонда да қай кезде және қалай қолданатынымызды нақтылап алайық.
1. ӨТКЕН
ШАҚТА
ЕКІ
ӘРЕКЕТТІҢ
БІРІНШІСІ
ЕКІНШІСІНЕ
ДЕЙІН
ЖАЛҒАСҚАНЫН КӨРСЕТУ ҮШІН
 I had been learning Spanish until my mum called me to have dinner. – Мен анам кешкі
асқа шақырғанға дейін испан тілін оқып отырғанмын.
 Beksultan had been writing his diploma work for 3 months until he finally finished it. –
Бексұлтан дипломдық жұмысын бітіргенге дейін үш ай бойы жазды.
 We had been talking about the film until he came back. – Біз ол қайтып келгенге дейін
кино жайлы сөйлесіп отырғанбыз.
2. ӨТКЕН ШАҚТА БЕЛГІЛІ БІР УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
НӘТИЖЕСІ ДЕ ӨТКЕН ШАҚТА БАЙҚАЛҒАНДАН КЕЗДЕ ҚОЛДАНАМЫЗ
 - Sorry for not calling you back yesterday, I was exhausted. I had been working all day.
- Кеше қайта хабарласпағаным үшін кешірім сұраймын. Мен күні бойы жұмыс
істегендіктен қатты шаршап тұрдым.
 My sister had been queuing for an hour. That’s why she was furious yesterday. – Менің
әпкем кеше бір сағат бойы кезекте тұрғандықтан, өте ашулы болды.
Төбедегі мысалдарға қарағанда Past Perfect Continuous және Past Perfect Simple
айырмашылығы қатты байқалмауы мүмкін. Сондықтан, осы екі шақты бөлек
салыстырып көрейік.
САЛЫСТЫРУ!

25

 I had been doing my homework for 20 minutes before I realized that it was wrong exercise. –
Мен үй тапсырмамды жиырма минут бойы жасап жатқан кезде, мүлдем басқа жаттығу
екенін түсіндім.
 I had done my homework for before I realized that it was wrong exercise. – Мен үй
тапсырмамды жасап болған соң, мүлдем басқан жаттығы жасағанымды түсіндім.
Демек, өткен шақта іс-әрекет екінші әрекетке дейін аяқталған болса, Past Perfect Simple (had
done) қолданамыз, ал егер іс-әрекет екінші әрекетке дейін әлі де жалғасып жатса Past Perfect
Continuous (had been doing) қолданамыз.

PAST PERFECT CONTINUOUS ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
Past Perfect Continuous шағында болымды сөйлем жасағанда, есімдіктерімен had көмекші етістігі,
been қосымшасы және етістікке -ing жалғауын жалғаймыз.

+

I

learning

You

learning

We

learning

They

had (‘d)

been

learning

He

learning

She

learning

It

learning

Past Perfect Continuous шағында болымсыз сөйлем жасағанда, had көмекші етістігінен кейін NOT
шылауы been қосымшасы және етістікке -ing жалғауын жалғаймыз.

-

I

learning

You

learning

We
They

learning

had not
(hadn’t)

been

learning

He

learning

She

learning

It

learning

Past Perfect Continuous шағында cұраулы сөйлем жасағанда had көмекші етістігі есімдіктердің
алдына шығады.

26

?

Had

I

learning

You

learning

We

learning
been

They

learning

He

learning

She

learning

It

learning

Мына уақыт бірліктері Past Perfect
Continuous шағымен қолданылады

o
o
o
o
o
o
o

How long – қанша уақыт
For – (уақыт) бойы
Since – (уақыттан) бері
Before – дейін
After – кейін
Until - дейін
All evening/day/year – кеш/күн/жыл
бойы

27

9. FUTURE SIMPLE TENSE (Келер шақ)
Future Simple - болашақта орындалатын іс-әрекеттер жайлы айтқанда қолданамыз.
Келер шақ жайлы айтқанда қолданылатын ең қарапайым жол – WILL көмекші етістігін қолдану.
Сонда да, Future Simple-ді қай кездерде қолданатынымызды қарастырайық.
1. КЕНЕТТЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР ЖАЙЛЫ АЙТҚАНДА
 - My bags are heavy. - Менің сөмкелерім ауыр.
- I will help you. – Мен саған көмектесемін.
 - Someone is calling. – Біреу қоңырау шалып жатыр.
- I will pick up. – Мен ала саламын.
2. ЕШНӘРСЕГЕ НЕГІЗДЕЛМЕГЕН БОЛЖАМДАРДЫ СИПАТТАУ ҮШІН. БҰЛ ТЕК
СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗ БОЛУЫ МҮМКІН
 I think he will not come today. – Менің ойымша ол бүгін келмейді.
 I hope my child will get the scholarship. – Менің балам шәкіртақыны алады деп
сенемін.
3. БІЗ БОЛАШАҚТА БОЛАТЫН ЗАТҚА СЕНІМДІ ЕМЕС БОЛҒАН КЕЗДЕ
 Maybe I will call you tomorrow. – Бәлкім мен саған ертең хабарласамын.
 Perhaps she will win. – Ол жеңіске жететін шығар.

FUTURE SIMPLE ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
Future Simple шағында болымды сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші етістігін
қолданамыз

+

I

learn

You

learn

We
They

learn
will

learn

He

learn

She

learn

It

learn

Future Simple шағында болымсыз сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші етістігін және
NOT шылауын қолданамыз
I

learn

You

learn

We

learn
28

They

-

He
She

learn
will not
(won’t)

It

learn
learn
learn

Future Simple шағында сұраулы сөйлем жасағанда, есімдіктер алдына will көмекші етістігін
қолданамыз

?

will

I

learn

You

learn

We

learn

They

learn

He

learn

She

learn

It

learn

Мына уақыт бірліктері Future Simple
шағымен қолданылады
 Tomorrow – ертең
 Next day/week/month/year – Келесі күні/
аптада/айда/жылы
 The day after tomorrow – Ертеңің арғы күні

29

10. FUTURE CONTINUOUS TENSE
(Созылыңқы келер шақ)
Future Continuous – болашақта дәл көрсетілген уақытта немесе уақыт аралығында болып жататын
іс-әрекетті білдіреді.
Мысалы,
 Tomorrow this time I will be flying to Los Angeles - Ертен дәл осы уақытта мен Лос Анджелеске үшып
бара жатамын.
 I will be travelling to Europe next week. – Бір аптадан кейін дәл осы уақытта мен Европада саяхаттап
жүремін.
 What will you be doing tomorrow at 6 pm? – Ертең кешкі алтыда не істеп жататын боласың?
 Assem will be drinking tea at 5 pm in two days. – Әсем екі күннен кейін сағат бесте шәй ішіп жататын
болады.

 FUTURE CONTINUOUS ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
 Future Continuous шағында болымды сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші
етістігі, be және етістікті –ing жалғауымен қолданамыз

+

I

learning

You

learning

We

learning
will be

They

learning

He

learning

She

learning

It

learning


 Future Continuous шағында болымсыз сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші
етістігі мен NOT, be және етістікті –ing жалғауымен қолданамыз

-

I

learning

You

learning

We

learning
will not be
(won’t be)

They
He

learning
learning

She

learning

It

learning

 Future Continuous шағында сұраулы сөйлем жасағанда, есімдіктер алдына will көмекші
етістігін қолданамыз
I

be

learning

You

be

learning

30

?

Will

We

be

learning

They

be

learning

He

be

learning

She

be

learning

It

be

learning

Мына уақыт бірліктері Future
Continuous шағымен қолданылады

At … (time) tomorrow / next week / on
Sunday — ертең/келесі аптада/ жексенбіде
осы уақытта
• From 3 till 6 tomorrow — ертең сағат
үштен алтыға дейін
• Still — әлі де
• The whole evening (day, night, etc.)
tomorrow — ертең кеш (күні, түні...) бойы

31

11. FUTURE PERFECT TENSE
(Аяқталған келер шақ)
Future Perfect - ағылшын тілінде сирек қолданылады. Бұл уақыт шағы болашақта бір мерзімге дейін
(не басқа оқиғаның басталуына дейін) аяқталатын не одан кейін де жалғасатын оқиғаларға қатысты
қолданылады. Мысалы,
 I will have worked at this company for 3 years by next month. – Келесі айда мен осы компанияда
жұмыс істегеніме үш жыл болады.
 Next month we will have been married for 5 years. Келесі айда біздің үйленгенімізге 5 жыл толады.
 My sister will have learnt English before she moves to America. – Менің әпкем Америкаға көшпес бұрын
ағылшын тілін үйреніп алады.
 We will not have bought a new flat until next year. – Біз келесі жылға дейін пәтер сатып алмаймыз.

 FUTURE PERFECT ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
 Future Perfect шағында болымды сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші етістігі,
have және етістіктің үшінші формасын қолданамыз

+

I

learnt/planned

You

learnt/planned

We

learnt/planned
will have

They

learnt/planned

He

learnt/planned

She

learnt/planned

It

learnt/planned


 Future Perfect шағында болымсыз сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші етістігі
мен NOT, have және етістіктің үшінші формасын қолданамыз

-

I

learnt/planned

You

learnt/planned

We

learnt/planned
will not have
(won’t have)

They
He

learnt/planned
learnt/planned

She

learnt/planned

It

learnt/planned

 Future Perfect шағында сұраулы сөйлем жасағанда, есімдіктер алдына will көмекші етістігін
қолданамыз
I

have

learnt/planned

You

have

learnt/planned

32

?

Will

We

have

learnt/planned

They

have

learnt/planned

He

have

learnt/planned

She

have

learnt/planned

It

have

learnt/planned

Мына уақыт бірліктері Future Perfect
шағымен қолданылады

By … (уақыт) tomorrow / next week / on Sunday —
(уақыт) ертеңге / келесі аптаға / жексенбіге дейін


When someone does something + already / yet —
Біреу бір нәрсе жасап жатқанда, мен әлдеқашан/әлі
(әлдеқашан бітіріп қойғанмын / әлі жасап бітірмегенмін)


Before / by the time someone does something —
біреу бір нәрсе жасайтын алдында/дейін

33

12. FUTURE PERFECT CONTINUOUS TENSE
(Aяқталған созылыңқы келер шақ)
Future Perfect Continuous - ағылшын тілінде сирек қолданылады. Болашақта бір уақытқа дейін бір істі
жасап жататынымыз жайлы айтқанда қолданамыз

 By the end of this year I will have been studying abroad for 2 years. — Осы жылдың соңында
мен шетелде оқып жатқаныма екі жыл болады.
 I will have been waiting here for 2 hours by 5 pm. - Сағат бесте мен осы жерде күтіп
отырғаныма екі сағат болады.
 She will have been studying French for 10 years by next month. – Келесі айда ол француз тілін
оқып жатқанына он жыл болады.

 FUTURE PERFECT CONTINUOUS ШАҒЫНЫҢ ФОРМАСЫ
 Future Perfect Continuous шағында болымды сөйлем жасағанда, есімдіктерімен will көмекші
етістігі, have+been және етістікті –ing жалғауымен қолданамыз

+

I

learning

You

learning

We

learning

They

will have been

learning

He

learning

She

learning

It

learning

 Future Perfect Continuous шағы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!