жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшын тілі лексикасын үйретудің мақсаты мен міндеттері
Ағылшын тілі лексикасын үйретудің мақсаты мен міндеттері
Балтабекова Асем Нурланқызы
5В011900-«Шетел тілі, екі шетел тілі » мамандығының 4курс студенті
Ғылыми жетекші: Байдалина Жанар Жумановна
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Шетел тілі, екі шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы
Андатпа:Ағылшын тілі сабағында іскерлік лексиканы жоғары сынып оқушыларына үйретудің әдісін көрсету, талдау, оны практикада қолдану туралы айтылды.
Түйін сөз:Ағылшын тілі сабағында іскерлік лексиканы жоғары сынып оқушыларына үйрету әдісі.
Сөз – тілдің негізгі құралы. Белгілі бір тілде сөйлеп, сол тілді меңгеру үшін оқушыға ең керегі де сөздік қорының мол болуы. Сөздерді үйрену арқылы оқушы сол тілге қатысты түсініктерін қалыптастырады. Ал бұл өз кезегінде сол тілде оқушы ойының дамып, сойлеу әрекетінің қалыптасуына алып келеді.
Қазіргі уақытта жаңашыл қоғам сан түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Олар әр түрлі мәдениеттердің өзара әсерлесуі мен ғаламдық мәдениеттің түрлілігінің сақталуы. Барлығы да мәдениет қарым-қатынасының дамуының қажет екенін сезініп отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқыту мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындық ретінде жүргізілуі қажет. Осы орайда оқушы алдында оқу барысында өзге мәдениет құндылықтарын түсініп оны өзіндік дүниетаным арқылы саралай білу мәселесі тұр.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша осы қойылған мақсатқа жетудің негізгі құралы болып тілдің лекесикасын меңгеру болып табылады. Өйткені олардың ойынша дәл сол сөздерде мәдениеттің құндылығы мен дәйегі жатыр. Бірақ та қазіргі уақытта оқушы шетел тілін мәдениетаралық байланыста аз қолданады. Ғалымдар мұны мәселенің өзектілігі ретінде қарастырады.
Лексиканы оқытудың негізгі мақсаты қарым-қатынасқа түсу кезінде қолданылатын қатынас-құралының бірліктерін меңгеру, яғни ол белгілі бір ойды, түсінікті тұтас жеткізу үшін қолданылады.
Ғалымдар қазіргі таңдағы лингвистикада тілді әрбірі тілдік белгілердің жинағын сипаттайтын деңгейлер қатарынан тұратын иерархиялық жүйе ретінде қарастырады. Ал лексикалық деңгей сөз, сөз тіркестерін және т.б бірліктерін бір жүйеге біріктіреді.
Тілді қатынас құралы ретінде қарап, оны абстрактілік жағдайдан қолданысқа алып келіп, тілді жүйе ретінде оқу ағылшын тілін сонын ішінде оның лексикасын үйрену барысында өнімді қызмет атқарады.
Дегенменен оқытудың мақсаты ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрінің дамуы, яғни ағылшын тілінің лексикасын семантикалық дәлдік негізінде меңгеру, синонимдік қатардың молдығы, оларды орынды қолдана білу осы мақсаттың іске асырылуына сілтеме болып отыр.
Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде лексикалық дағды мен сөздерді қолдана білу тек қана сөздің құрылымдық сипаттамасын көрсетпейді, сонымен қатар тілді меңгеруші білетін жағдаяттық, әлеуметтік, мәтіндік қолданылуын білуді талап етеді деп көрсетіледі.
Олардың ойынша бұдан шығатын қорытынды формалық және функциянальдық қыры болып бір құбылыстын әртүрлі аспектілері есептеледі дейді. Өз еңбектерінде бұл ғалымдар сөйлеу барысында форма функциясыз және керісінше функция формасыз болмайды, яғни әрбір функция өзіндік тілдік формаға ие деп атап көрсетеді. Олардың ойынша біз сондықтан мына мәселені есепке алуымыз қажет, бұл функция мен форма арасында бірмағыналы сәйкестік жоқ, көптеген тілге ортақ нәрсе ол коммуникативтік категория ( мысалы: өтініш, бұйрық т.б) әрбір тілде өзіндік сипатқа ие болады.
Осыған орай Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде лексикалық деңгейі формалық және функциянальдық аспектілердің қатынасындағы мәселе лексикалық бірліктердің фунциянальдық ерекшелігі ретінде және тілдік жүйе немесе тілдегі тілдік жүйесіз қатынас құралы ретінде қолдану мүмкін емес деген қорытындыға келеді.
Жоғары сынып оқушылары лексикалық бірліктердің формасын меңгеріп, оларды әр түрлі жазбаша және ауызша жағдайлардағы қарым-қатынаста қолдана білу қажет, яғни лексикалық бірліктерді естігенде немесе көргенде түсінуге үйрену, сөйлегенде немесе жазғанда осы лексикалық сөздерді дұрыс қолдана білуге дағдылану.
Ағылшын тілін үйренуде лексиканың алатын орны өте зор. Себебі тек сөздер арқылы құбылыстың атын атап, тұтас бір мағынаны береміз. Тілді білу дегеніміз оның құрылымы мен сөздік қорын меңгеру дегенді білдіреді. Сондықтан да сөздік қор мектепте тілді оқытуда қолданылатын тілдік аспектілерінің бірі болып табылады. Мектепте үйретілген сөздер мен идомалардың оқушылар жадында ұзақ уақыт сақталу ең өзекті жағдай. Себебі мектепте ағылшын тілі сабағына бөлінген сағат санының аздығы және де оқушылар арасында өзара сөйлеп жаттығудың жетіспеуі, мектепте ағылшын тіліне арналған лингофон сыныптарының жоқ болуы болып отыр. Мектепте оқушылардың үйренетін сөздерінің саны оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Сонымен қатар арнайы үйрету әдістемесіне де байланысты. Сонғы жүргізілген арнайы үйрету бағдарламаларының тәжірибелерінен оқушылардың үйренген сөздерін есте сақтап және оларды сөйлеу, жазу әрекеттерінде дұрыс қолданатынын көруге болады.
Сөйлеу және жазу әрекеті барысында лексиаклық-мағыналық, лексикалық-тематиакалық тұтастықтарды меңгеру, жаңадан үйренген сөзді өткен тақырыптағы сөздермен байланыстыра білу,сөз тіркестерін таңдап, оларды басқа сөздермен үйлестіру, антонимдік, синонимдік қарама қайшылықтан керекті сөзді таңдау, эквиваленттік ауыстыруды орындау, сөздерді мазмұны және формасы жағынан талдау, сөйлеушінің жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру, сөзді тілдік қалыпты ескере отырып әңгімелесу барысында дұрыс қолдана білу қажет.
Тыңдау және оқу әрекеті барысында есту/көру бейнесін семантикамен байланыстыру, ойды ішкі артикуляцияға бағыттауды жеңу,сөздің формасын ақпарраттық белгілері бойынша және дыбысталуы жағынан ұқсастықтарды дифференциалау, ононимдік, синонимдік, антонимдік құбылыстарды дифференциалау, рецептивтік комбинирование механизмін меңгеру,сөзжасам және контекст арқылы сөздің мағынасын ұғу,жаңадан немесе бұрыннан меңгерілген лексикалық материалмен жұмыс жасау кезінде қабылдау мен талдауды қолдана білу қажет.
ҚР-ның Білім және ғылым министірлігінің мектепте шет тілін оқыту бойынша бағдарламасына сәйкес мектептегі 10 – 11 сынып оқушылары ағылшын тілін төмендегі аталатын деңгейде қолдана білуі қажет. Ол:
-
ағылшын тіліндегі сөздердің дұрыс дыбысталуы мен ритмикалық-әуендік құрылымдық ерекшелігін;
-
мектепте оқытылған лексикалық бірліктердің мағынасын білу. Оған сөздер, сөз тіркестері, сөздердің жасалуын (сөзжасам) білу жатады.
-
Оқытылып жатқан елдің мәдениетіне тән пәндік-тақырыптық бағдарламаларды, фразеологиялық сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін, болмыс мәнің білу;
-
оқылытын тiлдегi баламасыз лексиканың мәндерiнiң берiлуiнiң әдiстерi;
-
оқылытын шет тiлiнiң жүйесiндегі өнiмдi және рецептiлi бірліктердің грамматикалық мәні және оның орыны;
-
дағдыларды меңгеру;
-
сөйлемнің әр түрлі коммуникативтік түрлерінің ырғақты, дыбыс ырғағына сай айтылуын;
-
сөйлеуші мен жазушының ойына сәйкес лексикалық бiрлiктердi қиыстыру және таңдауды;
-
пәндік-тақырыптық мазмұндағы көп мәндi және күрделi сөздердiң, антонимдар мен синонимдардың мәндерін айырып тануды;
-
сөйлеуші мен жазушының ойына сәйкес шет тіліндегі сөйлемнің грамматикалық дұрыс ресiмделуiн;
-
есту және оқу барысында оқытылып отырған шет тілінің грамматикалық құрылымын түсінуді;
-
ауызша және жазбаша сөйлеу барысында өзінің лексикалық/грамматикалық қателігін түсініп, түзеуді;
-
оқушы әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дағдыларды меңгеру қажет;
-
оқылытын тiлдiң елiндегі сыныптастарымен мамандық таңдау жөнінде әңгіме жүргізе алу;
-
оқылытын тiлдiң елiнде болған кезде өзіне қажет мағлұматтарды ала алу;
-
шет елдегі сыныптастарына өз елі мен оқылытын тiлдiң елi арасындағы мәдени байланыстар жайлы айтып бере алу;
-
өз елінің болмысы жайлы шет тілінде айтып беруге қабілетті болу;
-
оқушы сөйлеу түрінің барлық деңгейін иелену керек;
-
сөзді естіген кезде түсіну;
-
сөздің тілдік және мәтіндік мағынасында қолдана білу;
-
шет тілінде оқи алу;
-
оқыған мәтіннің тұтас мағынасын түсіне алу;
-
шет тілінде сөйлей алуды белгілі бір деңгейде меңгеру, яғни қасындағы әңгімелесушіге сұрақ қойып, жауап ала алу; өз ойын жеткізу үшін түрлі тәсілдерді қолдана білу;
-
шет тілінде жазу кезінде фразаларды қолдана алу; ойын жеткізу кезінде синонимдарды қолдана алу; оқушы ғылыми-танымдық дағдыны меңгеру қажет; керекті мағлұматты шет тілінде таба білу және оны жариялай алу; анықтамалық материалдарды қолдана алу; жоспар құрап, тілдік құрылымдарды ана тілі мен шет тілінде салыстыра алу; жазба жұмысының дұрыстығын талдай алу; өзінің ғылыми-танымдық жұмысын өзі талдап, өзі бағалай алу;
-
оқушы үйренген тілдік, әлеуметтік-мәдени тәжіриебесін күнделікті қолдана білу;
Оқытудың жоғары деңгейінде оқушы бойында сөйлеудің барлық түрі бойынша негізгі дағды қалыптасады, яғни ол одан әрі дамып, жетілетін болады. Орта буында меңгерген оқушы білімнің беріктігі пен тереңдігі, қабілеті мен дағдысы одан әрі жалғасын табады. Бірақ бұған лексикалық білімнің қалыптасуынсыз жету мүмкін емес. Зерттеулер бойынша адам жады миға келіп түскен ақпараттың 50% ұмытады екен. Ақпаратты ең әуелі қабылдағанда ұмыту көп болады екен. Осы жағдайды ескере отырып мұғалім жаңа сөзбен жұмыстың алғашқы баспалдағын лексикалық материалға арналған жаттығуларды көп орындатып, жаңа сөздерді көп қайталатып, оны оқушыларға қайта-қайта айтқызу арқылы дайындау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Тюленев С.В. Теория перевода: Учебное пособие. - М.: Гардарики,2004 - 336с.
-
Шевченко В.Д. Основы теории английского языка: Учебное пособие. - Самара: СамГАПС, 2004. - 172 с.
-
Яшнов П.А. Особенности перевода аббревиатур. М, 2005г. - с. 285.
-
Bamgbose A. (2001) .World Englishes and globalization. World Englishes, 20(3), 2001.- р.119-131
-
Jacob M.,Strutt P. English for International tourism.- Pearson Education ltd.: Longman, 2007.
-
L’Homme, Marie-Claude. A Lexico-semantic Approach to the Structuring of Terminology.- 3rd International Workshop on Computational Terminology. Geneva. Switzerland, 2004.-p 7-13.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген