400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілі пәні бойынша жылдық қорытынды сараптама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пән мұғалімдері әдістемелік көмек ретінде қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Нұра ауылы

О.Жандосов атындағы орта мектеп - интернат КММ









Ағылшын тілі пән мұғалімі Нұржауова Гүлмира Байқонысқызының бір жылғы жұмыс сараптамасы

















2016 – 2017 оқу жылы



Ағылшын тілі пәні бойынша 2016-2017 оқу жылындағы оқу бағдарламасының орындалуына және пәннің оқытылу сапасына қорытынды сараптама

Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Сол себепті ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау.

2016-2017 оқу жылында маған бөлініп берілген жүктеме – 22 сағат. Оның 20 сағаты 0 мен 9 сыныптар бойынша негізгі сағат, үйден оқитын 9Ә сынып оқушысы Абдрей Дарханда - 1 сағат және 1 сағат - 5Ә сыныбындағы факультативтік сабақ .


Мемлекеттік стандарттың орындалуы

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларын жүзеге асыру аясында және 2016-2017 оқу жылына арналған «Әдістемелік нұсқау хатты» басшылыққа алып құрылған күнтізбелік жоспардың уақытында орындалуы өзімнің қадағалауымда жүзеге асырылды.

Ағылшын тілі пәнінен бастауыш сыныптар бойынша 0А, 0Ә, 1а, 1ә, 1б, 2а, 2ә, 3а, 3ә, 4ә, 4б сыныптарына және 5-9 сыныптар бойынша 5ә, 8ә, 9ә сыныптарына сабақ беремін.

Оқу бағдарламасының орындалуы

Оқу бағдарламасының орындалуы төмендегі кестеде көрсетілген.


№

Сыныбы

Аптасына неше сағат

Жалпы сағат саны

Орындалғаны

Жазба жұмысы

/орындалғаны/

1

0А

1

32

32

-

2

0Ә

1

32

32

-

1

1А

2

66

66

6

2

1Ә

2

66

66

6

3

1Б

2

66

66

6

4

2А

1

34

34

-

5

2Ә

1

34

34

-

6

3А

1

34

34

-

7

3Ә

1

34

34

-

8

4Ә

1

34

34

-

9

4Б

1

34

34

-

10

5Ә

2

68

68

7

11

8Ә

2

68

68

7

12

9Ә

2

68

68

7

13

Үйден оқитын оқушы

1

34

34

-

14

Факультативтік сабақ /5Ә/

1

34

34

-


Ағылшын пәні бойынша оқу жылы басында бекітілген күнтізбелік жоспардағы тақырыптар төрт тоқсанда толығымен орындалды. Журналға тақырыптар уақытында жазылды.Тек 1-ші сыныптарда 1-2 рет журнал уақтысында толтырылмый қалып, әкімшілік тарапынан ескерту алдым. Мерекелік күндерге байланысты өтпей қалған тақырыптарды қосымша сабақтар өткізіп, күнтізбелік жоспардың «түзету» графасында көрсеттім.

Оқу жылы бойынща белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді. Әр сынып бойынша мемлекеттік бағдарламаның игерілуін және сынып журналымен сәйкестігін үнемі тексеремін. Сыныптар бойынша мемлекеттік бағдарлама орындалды. Жиынтық бағалау жұмыстарымен тест жұмыстары белгіленген кесте бойынша алынды.

1-ші жарты жылдық бойынша алынған жазба жұмыстарының қорытынды сараптамасы


№

Сынып

Оқушы саны

Тестқа қатысқан оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Үлгерім

Сапа

1

5Ә

17

16

-

3

11

2

87,5

18,7

2

8Ә

16

16

-

6

10

-

100

37

3

9Ә

17

17

-

4

12

1

94

23,5











4

Жалпы

50

49

-

13

33

3

93,8

26,4





Бірінші жарты жылдық бойынша алынған жазба жұмыстарының қорытындысында 93,8% үлгерім, 26,4% сапа көрсеттім. Бұл әрине төменгі деңгей. Жекелеген сыныптарға тоқталатын болсам:

Жалпы 5Ә сыныбында 17 оқушы бар. Бірақ тестқа 16 оқушы қатысты. Барат Абылай тест жазған күні сабаққа себепсіз келмеді. Сынып бойынша «5» алған оқушы жоқ. Екі тоқсан бойынша үлгерімі жоғары болып келген оқушылар Жақан Гүлім, Ардақ өз білімдерін көрсете алмады. Молдабаев Елнұр мен Нұрданәлі Дариға «2»-лік баға алды.Жалпы оқушылардың жіберген қателіктері Present Simple-да сұрақтарға толық жауап беру. Сынып бойынша оқушылардың білім деңгейі орташа. Себебі ағылшын тілін биылғы жылдан ғана бастап оқып отыр.

8Ә сыныбы тестқа толық қатысты. Бұл сыныпта да «5» алған оқушы жоқ.Сынып бойынша үздік оқушы Қонай Аружан грамматикадан қателескен. Оқушылардың көпшілігі осы грамматикадан қате жіберген.Жалпы оқушылар пән бойынша өз білім деңгейлерін көрсетті. Үлгерімі төмен оқушы Көшербайұлы Орынбасар да тапсырманың жартысын орындап «3»-тік баға алды.

9Ә сыныбы да жазба жұмысына толық қатысты. Үлгерімі жоғары оқушылар Сламжан Б, Солтанбек Ж, Әуелбек А, Бердібек Т, Тұмабек Ш және Төлебек С өз білім деңгейлерін көрсете алмады, яғни «3»-тік баға алды. Бұл оқушылардың жіберген қателіктері мәтінді оқып түсінуден және лексикадан болды. Оқушылар мамандықтардың атауын шатастырып белгілеген. Бұл сыныпта үлгерімі төмен оқушы Ануар Диана тапсырманы түсінбей, немқұрайлы белгілей салған.






2-ші жарты жылдық бойынша алынған жазба жұмыстарының қорытынды сараптамасы

№

Сынып

Оқушы саны

Тестқа қатысқан оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Үлгерім

Сапа

1

5Ә

17

17

-

3

12

2

88,3

17,6

2

8Ә

16

15

1

4

8

2

86,6

33,3

3

9Ә

18

18

1

5

11

1

94,4

33,3











4

Жалпы

51

50

2

12

31

5

89,8

28






2-ші жарты жылдық бойынша алынған жазба жұмыстарының қорытындысында 89,8% үлгерім, 28% сапа көрсеттім. Бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда сапа 1,6%-ға көтерілген. Бұл әрине төменгі деңгей. Жекелеген сыныптарға тоқталатын болсам:

Жалпы 5Ә сыныбында 17 оқушы бар. Тестқа 17 оқушы толық қатысты. Жыл бойы жоғары нәтиже көрсетіп келген оқушылар өз білімдерін көрсете алмады. Олар Жақан Г, Асқар М және Нұрданғали Г. Яғни, сынып бойынша «5»-тік алған оқушы жоқ. Нұрданәлі Дариға мен Барат Абылай «2»-лік баға алды. Жалпы оқушылардың жіберген қателіктері етістіктің Present Simple-да жіктелуінен, much пен many-дің қолданылуынан. Сынып бойынша оқушылардың білім деңгейі орташа. Себебі ағылшын тілін биылғы жылдан ғана бастап оқып отыр.

8Ә сыныбында 16 оқушы бар, бірақ тестқа 15 оқушы қатысты. Ақжолтай Нұржас себепсіз сабаққа келмеген. Бұл сыныпта «5» алған оқушы - Қонай А. Оқушылардың көпшілігі модальды етістіктің формаларынан және предлогтардан қате жіберген.Жалпы 4 оқушы «4» алды. Олар Әлімбай Н, Алимбай А, Жолдасбай Ш және Нұрқасым А. Алтынбек пен Шерхан тоқсандық бағалары төмен оқушылар. Дегенмен де бұл тесте жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Ал Медетхан Ж мен Көшербайұлы О ең төменгі балл жинап, «2» алды.

9Ә сыныбынан жазба жұмысына 18 оқушы түгел қатысты. Үлгерімі жоғары оқушы Солтанбек Ж ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп «5» алды. Ал, Бердібек Т, Тұмабек Ш, Сламжан Б, Әуелбекова А, Жолдасбай М өз білім деңгейлері бойынша «4»-тік баға алды. Жалпы оқушылардың жіберген қателіктері етістіктердің шақтық формаларынан болды. Оқушылар ОЖСБ бойынша қосымша сабаққа толық келмейді, сабаққа деген ынталары төмен. Бұл сыныпта үлгерімі төмен оқушы Қожақан Сағыныш тапсырманы түсінбей, немқұрайлы белгілеп «2» алды.

Жылдық жазба жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық. Оқушылар өз білім деңгейлерін көрсеткен.

Бірінші және екінші жарты жылдықта алынған жазба жұмыстарының салыстырмалы мониторингі



Оқушының білім, білік деңгейі

Бірінші сыныптарда бірінші жарты жылдық бойынша қорытынды баға шықпады. Екінші жарты жылдықта 4 жиынтық бағалау жұмысы және 2 тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы алынды. Екінші жарты жылдық бойынша 1 сыныптардың білім деңгейі төмендегідей.

№

Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Баға шықпаған оқушы саны

Сағат саны

Үлгерім

Сапа

1

1А

12

3

4

5

-


34

100

58

2

1Ә

12

3

3

6

-


34

100

50

3

1Б

10

3

3

4

-


34

100

60












4

Жалпы

34

9

10

15

-


102

100

56








1-ші тоқсан бойынша пәндік есебім


№

Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Баға шықпаған оқушы саны

Сағат саны

Үлгерім

Сапа

1

1А

11






17



2

1Ә

12






17



3

1Б

11






17



4

2А

10






8



5

2Ә

20






8



6

3А

12






8



7

3Ә

11






8



8

4Ә

22






9



9

4Б

17






9



10

5Ә

17

5

3

9



18

100

47

11

8Ә

16

1

8

7



17

100

56

12

9Ә

18

2

8

8



18

100

55












13

Жалпы

51

8

19

24




100

52







2-ші тоқсан бойынша пәндік есебім

№

Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Баға шықпаған оқушы саны

Сағат саны

Үлгерім

Сапа

1

1А

11






17



2

1Ә

12






17



3

1Б

11






17



4

2А

10

4

3

3



8

100

70

5

2Ә

19

5

5

9



8

100

52

6

3А

12

4

3

5



8

100

58

7

3Ә

11

1

3

7



8

100

36

8

4Ә

22

3

6

13



9

100

40

9

4Б

17

2

4

11



9

100

35

10

5Ә

17

2

5

10



18

100

41

11

8Ә

16

1

8

7



17

100

56

12

9Ә

18

3

6

9



18

100

50












13

Жалпы

51

8

19

24





100

48.6








3-ші тоқсан бойынша пәндік есебім


№

Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Баға шықпаған оқушы саны

Сағат саны

Үлгерім

Сапа

1

1А

12

3

4

5



18

100

58

2

1Ә

12

3

3

6



18

100

50

3

1Б

11

2

4

5



18

100

54

4

2А

10






10



5

2Ә

19






10



6

3А

12






10



7

3Ә

11






10



8

4Ә

22






10



9

4Б

17






10



10

5Ә

17

3

5

9



18

100

47

11

8Ә

16

1

7

8



18

100

50

12

9Ә

18

3

6

9



18

100

50












13

Жалпы

86

15

29

42



108

100

51





4-ші тоқсан бойынша пәндік есебім

№

Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Баға шықпаған оқушы саны

Сағат саны

Үлгерім

Сапа

1

1А

11

3

4

5

-


16

100

58

2

1Ә

12

3

3

6

-


16

100

50

3

1Б

11

3

3

4

-


16

100

60

4

2А

11

4

2

5

-


8

100

54

5

2Ә

20

4

5

11

-


8

100

45

6

3А

12

5

3

4

-


8

100

66

7

3Ә

11

1

5

5

-


8

100

54

8

4Ә

22

3

8

11

-


9

100

50

9

4Б

17

3

4

10

-


9

100

41

10

5Ә

17

2

6

9

-


16

100

47

11

8Ә

16

2

7

7

-


16

100

56

12

9Ә

18

3

7

8

-


16

100

55












13

Жалпы

178

36

57

85



146

100

52








Жылдық пәндік есебім

№

Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Баға шықпаған оқушы саны

Сағат саны

Үлгерім

Сапа

1

1А

12

3

4

5

-


66

100

58

2

1Ә

12

3

3

6

-


66

100

50

3

1Б

10

3

3

4

-


66

100

60

4

2А

11

4

2

5

-


34

100

54

5

2Ә

20

4

5

11

-


34

100

45

6

3А

12

5

3

4

-


34

100

66

7

3Ә

11

1

5

5

-


34

100

54

8

4Ә

22

3

8

11

-


34

100

50

9

4Б

17

3

4

10

-


34

100

41

10

5Ә

17

2

6

9

-


68

100

47

11

8Ә

16

2

7

7

-


68

100

56

12

9Ә

18

3

7

8

-


68

100

55












13

Жалпы

178

36

57

85

-


606

100

52








1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші тоқсан бойынша салыстырмалы мониторинг






Жекелеген оқушылардың жетістігі немесе кемшілігі


Бірінші сыныптарға тоқталатын болсам, тоқсандық қорытынды жаңартылған бағдарламаға сәйкес шығарылды. Яғни, тоқсан бойы алынған жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының қорытындысы бойынша шығарылды.

1А сыныбында 12 оқушы бар, сапа көрсеткіші 58% - көрсетіп отыр.Бердібек І, Нусипахын А, Ботанбек Е –дың пәнге деген қызығушылығы өте жоғары, сабаққа да белсенді қатысады. Бұл сыныпта есте сақтау қабілеті төмен оқушылар да баршылық. Мысалы Айтжан А, Мырзабаева И, Ордабайұлы М, Қайып Е және Жұмаш Е. Жұмаш Е бұл сыныпқа үшінші тоқсанда келген, зейіні өте төмен оқушы.

1Ә сыныбында да 12 оқушы бар, сыныптың сапасы - 50%. Бұл сыныпта да білім деңгейі жоғары оқушылар бар. Олар Жүнісақын С, Тоқтақын А және Қайрат Ж. Сабаққа мүлде қызығушылығы төмен оқушылар Рахымбек Г мен Жапарәлі Е. Бұл оқушылар сабаққа дайындықсыз келеді, берілген тапсырманы да орындамайды. Яғни, үйден ата-ана тарапынан қадағалаушылық аз.

1Б сыныбында 11 оқушы болған, бірақ 3-ші тоқсанның соңында Үсен Жансая басқа мектепке кетуіне байланысты оқу жылын 10 оқушы аяқтады. Білім сапасы – 54%. Бұл сыныптың да білім деңгейі орташа.Жақыпбай Е, Даулетқан Қ, Әлімбай Н, Ахмет М-дің пәнге қызығушылығы бар, сабаққа да үнемі дайындалып келеді.Сынып бойынша қабілеті өте жоғары оқушы - Қайипбек Е. Сабаққа немқұрайлы дайындықпен келетін оқушылар Диханбек А, Нұрбақ А.

2А сыныбында 10 оқушы болған, бірақ мамыр айының басында Манаспай С деген ұл бала келді.Сыныптың сапасы -54% . Бірінші жарты жылдықпен салыстырсам сапа 16%-ға төмендеген. Себебі Қыдырбай А мен Али А екінші жарты жылдықта сабаққа мүлде дайындықсыз келіп, сыныптың сапасын едәуір төмендетті. Пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар деп Тұрсын М. Жолдасбай Ж, Уалихан Т, Нағашыбек А, Байбулат А атауға болады.Бұл оқушылар сабаққа үнемі дайындықпен келеді. Ал Нурсеитова А мен Сейлбай А –дың есте сақтау қабілеттері төмен, берілген үй тапсырмасын да орындамай келеді.

2Ә сыныбында 20 оқушы бар. Бұл сынып былтырғы оқу жылында екі топқа бөлініп оқытылған. Биылғы оқу жылында бөлінбей қалды. Әрине, 45 минутта 20 оқушымен жұмыс жасаған өте қиын. Сабақ аптасына бірақ рет болады. Сыныптың білім деңгейі орташа, білім көрсеткіші - 45%. Бұл сыныпта сабаққа немқұрайлы дайындықпен келетін оқушылар баршылық. Атап айтсам, Ержанұлы Б, Даулетбай М, Қалдыбай А, Марат Д, Джандаров Ә, Нұртаза С.

3А сыныбында 12 оқушы бар. Бұл сыныптың білім деңгейі жақсы, сапасы -66%. Үнемі сабаққа дайындықпен келетін оқушылар - Бағашар Ж, Тумабек Б, Байқоныс Е, Абдуали А, Қайып Г және Тұрсынқызы М. Ал Серік Б, Құнақын Ұ, Серік А, Алимхан А –дың білім деңгейлері тұрақсыз.Сабаққа бірде дайындалып, бірде дайындықсыз келеді. Сыныпта үлгерімі төмен оқушылар - Чаймерденов Б, Нұрбақ А. Бұл оқушылардың қабылдауы қиын, есте сақтау қабілеттері төмен және жазу каллиграфиясы да нашар.

3Ә сыныбында 11 оқушы бар. Бұл сыныпта атына заты сай Бекболат Дарын деген өте қабілетті оқушы бар. Дарынның пәнге деген қызығушылығы , есте сақтау қабілеті өте жоғары, сабаққа да үнемі дайындықпен келеді.Екінші тоқсан бойынша сыныптың білім сапасы өте төмен болды /36%/. Дегенмен де екінші жарты жылдықта Молдахмет С мен Мұхит Э сабаққа тиянақты дайындықпен келіп, сыныптың сапасын 18%-ға көтерді. Сондай-ақ бұл сыныпта пәнге деген қызығушылығы төмен оқушылар да бар. Олар Манасбай Н, Абдрей М,Нұрқасым

4Ә сыныбында 22 оқушы бар. Бұл сынып та осы оқу жылына дейін яғни, 4-ші сыныпқа дейін топқа бөлініп оқытылып келген. 22 оқушымен жұмыс істеу өте қиын болды. Сабақта барлық оқушыны қамту мүмкін болмады. Сол себепті де сыныптың сапасы бірінші жарты жылдықта 40% - ы ғана көрсетті. Дегенмен де екінші жарты жылдықта Амантай А мен Болатбай А сабаққа қызығушылық танытып, сыныптың сапасын 18%-ға көтерді.

4Б сыныбында 17 оқушы бар. Менің оқу жылы бойынша сапа көрсеткішімнің ішіндегі ең төменгі сапа берген сынып. Сыныпта үлгерімі жоғары оқушылар да баршылық.Олар Нұрболат М, Құрманжан Т, Нусипахын С және Атығай Ж-ды атауға болады. Сыныптың сапа көрсеткіші - 41%. Себебі сыныпта бірнеше оқушының есте сақтау қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз, үй тапсырмасын орындамайды, сабаққа мүлде немқұрайлы қарайды. Сондай-ақ үйде ата-ана тарапынан қадағалау жоқ.Атап айтар болсам, Анарбек А, Аманбек Г, Оразалы А, Абдықалықова А.

5Ә, 8Ә және 9Ә сыныптары жалпы 51.6% сапа көрсеткішін көрсетті. Жекелеген сыныптарға тоқталсам,

5Ә сыныбында сапа көрсеткіші бірінші тоқсанда - 47% , екінші тоқсанда - 41%, үшінші және төртінші тоқсанда - 47% -ы көрсетіп тұр, яғни екінші тоқсанда 6%-ға төмендеп, үшінші тоқсанда қайтадан көтерілді. Өйткені Бәкір М тест жұмыстарынан төмен баға алып, тоқсандық бағасы «3» болды. Сыныптың білім сапасын айтарлықтай төмендетті. Оқушылар ағылшын тілін бірінші жыл оқып отыр. Сондай-ақ бағдарлама өте күрделі. Бір сабаққа берілген тапсырмалар өте көп.Дегенмен де есте сақтау қабілеті жоғары оқушылар баршылық. Мысалы Жақан Г, Масент Д, Нұрданғали Г, Асқар М және Бақыт А сияқты оқушылар ағылшын тілін қызығушылықпен оқып, жоғары білім деңгейін көрсетті және де «British Buldog» интеллектуалдық ойынына қатысты.Осы ойында Бақыт Ардақ жүлделі екінші орынды иеленіп, дипломмен марапатталса, басқаларына сертификат табыс етілді. Бұл сыныпта сондай-ақ білім деңгейі төмен оқушылар да бар. ҚораласА, Жанболат М, Молдабаев Е, Барат А –дың есте сақтау қабілеттері төмен, сабаққа немқұрайлы дайындалады. Үй тапсырмасын мүлде орындамайды, факультатив сабаққа да келмейді. Барат Абылай берілген ағылшын тілі оқулығын да жоғалтқан.

8Ә сыныбы бірінші және екінші тоқсандарда - 56%, үшінші тоқсанда - 50%, ал төртінші тоқсанда - 56% білім сапасын көрсетті. Бұл сынып бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда білім сапасын 6%-ға төмендетіп тұр. Себебі Тұрсынәлі Д мен Жолдасбай Ш бұл тоқсанда өздерінің сабаққа немқұрайлы дайындықпен келгенін көрсетті. Берілген тапсырмаларды да уақтысында орындамай келді. Ал Қонай Аружан сыныптағы үздік оқушы. Аружан ағылшын тілінен ғана үздік емес, ол сыныптағы озат оқушы, сынып мақтанышы. Сондай-ақ «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған фестивальде Қонай Аружан «National traditions of the Kazakh people» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ал 9Ә сыныбы бірінші тоқсанда 55%-ы білім сапасын көрсеткен.Ал екінші және үшінші тоқсандарда 50%-ы көрсетіп отыр. Өйткені бұл тоқсандарда Баубек Сырым мен Сматова Жанаргүлдің қорытынды бағасы «3» болды. Сырым мен Жанаргүл үй тапсырмасын толық орындамады, сабаққа жүйелі дайындалмай келді, жұмыс дәптеріне толық жазбады. Келесі тоқсанда бұл оқушыларға сабаққа жүйелі дайындалу ескертілді. Сыныпта пәнді қызығушылықпен оқитын оқушылар да бар. Олар Әуелбекова А, Сламжан Б және Солтанбек Ж. Әуелбекова Аяулым пән бойынша мектепішілік өребәйгеден бірінші орын алып, аудандық өребәйгеге қатысты.Болашақта тіл маманы болсам деген арманы бар. Аяулымнан үлкен үміт күтемін.

Жекелеген оқушылармен атқарылған жұмыс түрлері

Ағылшын тілін оқып үйрену қабілеті, зейіні төмен балалар үшін өте қиын деп ойлаймын.Себебі өз ана тіліндегі сабақтарды меңгере алмаған бала шет тілін қайтып меңгерсін. Жоғарыда атап көрсеткенімдей әр сыныпта осындай оқушылар бар. Үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс жоспарым бар. Бірақ сынып бойынша бөлінбеген. Дегенмен де бұл оқушылармен сабақтан кейінгі уақытта, яғни 4-ші немесе 5-ші сабақтан кейін қосымша сабақтар өткізіп, үй тапсырмаларын орындатып , түсінбеген тақырыптарды қайталадық. Сондай-ақ 5-ші сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларға осы сыныптағы жақсы оқитын оқушыларды бөліп қойдым. Мақсаты сабақ кезінде де, сабақтан тыс уақытта да сол балаларға көмектесу.

Сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер

Негізі бастауыш сыныптарға сабақ бергендіктен сабақтарымда көбінесе ойын технологиясын қолданамын. Өйткені балалар жаңа сабақты ойын арқылы тез меңгереді. Сондай-ақ «Ой қозғау»,«Диалог»,«Топтастыру»,«АВС сұхбаты»,«Конвертті сұрақ»,«Пазл», «Фасольды қапшық», «Сазды қалпақ»,«Саймон айтты», «Венн диаграммасы»,«Миға шабуыл» сияқты әдіс-тәсілдерді де қолданамын.

Күнделікті сабақтарымды АКТ-ны және инновациялық оқыту технологияларын қолдана отырып өткіземін. Әдетте сыныпты екі топқа бөлемін. Тек қана оқулық көлемінде шектеліп қоймай,сабағымда қосымша интернет материалдарын пайдаланамын. Әсіресе 1-ші сыныптарға.Себебі осы үшінші тоқсанда бізге берілген «Smiles» оқулығында бағдарлама бойынша берілген тақырыптар болмады. Сондай-ақ бастауыш сыныптардағы сабақтарыма тақырыптық суреттер мен сөз жұмбақтарды пайдаланамын. Жоғары сыныптарда грамматикалық кестелер мен сызбаларды қолданамын.


Жеткен жетістіктерім

2016-2017 оқу жылында үш ашық сабақ, бір сыныптан тыс шара өткіздім. 13 қазан күнгі әдістемелік күнде 9Ә сыныбымен «Past Perfect Passive» тақырыбында ашық сабақ өттім, сабағым «жақсы» деп бағаланды.

1-5 наурыз аралығында өтілген шет тілі пән бірлестігінің апталығында 1А сыныбымен жаңартылған бағдарлама бойынша «Practice lesson» тақырыбында ашық сабақ және 2А-2Ә сыныптарымен сыныптан тыс жарыс сабақ өткіздім. Сабақтарым өте жоғары деңгейде өтіліп, «өте жақсы» деп бағаланды.

22 сәуірде мектебімізде «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған фестивальге оқушым Қонай Аружан «National traditions of the Kazakh people» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталса, жетекшілік ретінде өзіме Алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ, осы Бірлестіктің «Лидер образования» медалімен және Дипломымен марапатталдым.

17-ші мамыр күні мектебімізде өткен «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» атты облыстық әдістемелік семинарда ашық сабақ көрсетіп, «Ұлағатты ұстаз» республикалық ғылыми-білім интернет порталының дипломымен марапатталдым.

«Өрлеу» БАҰО «Жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімді жолдары» атты оқу-әдістемелік құралында «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» тақырыбында мақалам жарыққа шықты. Сондай-ақ, баспаға «Тарихи тұлға – О.Жандосов» атты ашық тәрбие сағатымның жоспарын беріп қойдым, алдағы уақытта жарыққа шығады.

Қорытынды, ұсыныстар

Жалпы сыныптардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдері қанағаттанарлық. Оқу жылы барысында мемлекеттік стандарт орындалды, оқу жоспары бойынша белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді. Дегенмен де пән бойынша үлгерімі төмен оқушылар баршылық. Оның басты себептері жоғарыда айтылды. Келесі оқу жылында топқа бөлінбей оқытылған 2Ә және 4Ә сыныптары топқа бөлініп оқытылса. Сондай-ақ үйде ата-аналар тарапынан қадағалаушылықты күшейту қолға алынса.

Алдағы оқу жылының мақсат міндеттері

Жалпы менің алға қойған мақсатым: оқушыларға шет тілін жоғары деңгейде меңгерту,яғни ағылшын тілінде сауатты оқуға,көркем жазуға және ауызекі сөйлеуге үйрету, оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Мұғалімнің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу. Олай болса алдағы оқу жылында алдыма қойған міндетім:

1. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстың жүйесін жандандыру.

2. Пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларды әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатыстырып, дайындық жұмыстарын жалғастыру.

3. Өзара сабақтарға қатынасу практикасын үзбей, әріптестердің тәжірибесін сабақ барысына енгізіп отыру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
3384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі