АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ
БОЙЫНША
КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІН
ҮЙРЕТУ
Мамішева
Жанат
Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы,
№228 Шәймерден Бәкіров
атындағы
орта мектебінің ағылшын тілі
пәнінің
І санатты
мұғалімі
Білім – адамзат қазынасы,
халықтың білімділігі – елдің байлығының ең маңызды бөлігі.
Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен
дүниетаным қалыптасады. Мәдениет, дүниетаным, білім молайған сайын
халық байлығы артып, дамыған елдер қатарынан орын алады. Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев ″Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан″ атты Қазақстан
халқына жолдауында ″Тілдердің үш тұғырлығы″ мәдени жобасын кезеңдеп
іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұл дегеніміз
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт – аралық қатынас тілі
және ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі
екендігін атап айтты.
Сонымен, ағылшын тілін білу –
замана талабы болып отыр осыған орай білімге деген көзқарас
түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері жаңа бағыттағы
технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен
түбегейлі жаңаруына себепші болып отыр. Яғни оқыту әдістемесіндегі
заман талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ
міндет – тілді коммуникативтік бағытта
оқыту.
Ондағы мақсат – оқушыларды
қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей,
өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім
беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты –
оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін
жетілдіру.
Коммуникативті технология деп
оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құрал-жабдықтар
мен ақпараттардың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді тілдік
қатынасқа ену негізінде оқу үдерісін құруды айтады. Оның жетекші
әдісі тілдік өзара қарым-қатынас. Қолданылатын жұмыс түрлері :
ынтымықтастықта оқу (оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту
(оқушылардың бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу
(топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік диалог (өзара
пікір алысу).Коммуникативті технологияда тілдік қарым-қатынас
алдыңғы орынға шығарылады да басқа жұмыстар осы бағдарға
бағытталады.
Коммуникациялық бағыт адам
өмірінің түрлі саласына байланысты сөйлеуге
үйретуге бағытталған: яғни сөйлеу
мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік
құрылымдардың сөйлеуге қатысуы шарт және ол көбіне дайындықсыз
сөйлеуге,бұрынғы меңгерген грамматика лексикалық формаларды,
автоматты түрде қолдануға жетуі керек деген сөз. Оқушы өз ойын
еркін жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық
минимум алдын-ала анықталып тапсырылады. Бұл тілді функционалдық
тұрғыдан үйрету сипатына жатады.
Коммуникативтік сөйлеу
әрекетінің қай түрі болсада лексикалық-грамматикалық дайындық
деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры,сондай-ақ
грамматикалық білімі болумен бірге,оны сөйлеу әрекетінде қолдана
білуі керек. Сөйлеу әрекеттері, негізінен, белгілі бір мақсаттығы
жағдаяттар, жүйелі модульдер, ауызекі жауаптасу, сұрақ-жауап
жағдайларында жүзеге асады.
Коммуникативтік
әдіс:
1.Жұптық
2.Топтық
3.Ұжымдық
Коммуникативтік әдістердің
негізгі принциптері мыналардан тұрады:
1.тілдік бағыттар
2.функционалдық
3.оқиғалық
4.жаңашылдық
5.қарым-қатынастық дербестік
бағыттар
Коммуникативтік – оқыту процесінің тілдік бағытын
білдіреді – ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде «сөйлеу» – тіл
дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым-қатынас құралы
ретінде үйретудің басты принциптерінің бірі болы табылады деген
сөз.
Коммуникативтік байланыс технологиясы – шетел
тілі сабақтарын қарым-қатынас негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік
бағыт-бағдар береді.Сабақтың практикалық жағына бағытталады.Сөйлеу
жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде
бір қалыпты,және тез мөлшерде жинақталады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің
тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік
категорияға тән басты белгілер мен қағидалар жүйесінен тұратын, тіл
үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас
құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық
түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да,
жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз
етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің
көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты
орын алған. Олар: сөйлеу, оқу жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ
– ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта
дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу
әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғандығы
көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас
жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз
етеді.
Шетел тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту
әдістемесін қолдану – оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан
бір-бірімен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік
тудыратын болғандықтан, бұл әдістемені сабақ барысында жиі қолданып
отыру өз тиімділігін көрсетеді.
Мамішева
Жанат
Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы,
«№228 Шәймерден Бәкіров
атындағы
орта мектебі»
КММ