Деңгейлеп оқыту технологисының ерекшеліктері
Қазіргі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденісті, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді және біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы меңгерсе, оқу технологияларын соғұрлым тиімді қолдана алады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушылар жеке, жұптық немесе топтық жұмыстар арқылы қарым-қатынасқа түсіп, диалог, монолог, сұрақ-жауап секілді тілдік дағдыларды меңгереді. Бұл әдіс оқушылардың өзара әрекеттесуін күшейтіп, олардың коммуникативтік қабілеттерін дамытады.
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдына жеке ғылыми зерттеуді қажет ететін ауқымды тақырып. Деңгейлік тапсырмалар әр оқушының білім дәрежесіне сай дайындалып, олардың оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталады. Бұл ретте мұғалім – бақылаушы, кеңесші және бағыттаушы рөлін атқарады. Қазіргі білім беру саласында проблема - әлеуметтік - педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану. Олай болса, оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электрондық оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік - психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етеді.
Сондықтан да тиімді
дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты
ғылыми түрде ұйымдастыру
қажет.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі
Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытуды саралап ұйымдастыруға негізделген жүйе. Ол оқу процесінде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін, оқу мазмұны мен әдістерінің үйлесімділігін, сондай-ақ оқу мақсаттарының жүйелі ықпалдасуын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның басты ерекшелігі – оқыту үдерісінде негізгі назарды мұғалімге емес, оқушының белсенділігі мен қабылдау ерекшеліктеріне аударуы.
Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:
- білім стандартына сай толық нәтиже бере алады;
- мақсатты диагностикаға қарай бағыттап, оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;
- дидактикалық үрдістің тұтастығы және бірізділігі;
- оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.
Деңгейлеп оқытудың басты артықшылығы – оқушыны мәжбүрлеп оқытудан арылтып, оны өздігінен білім алуға, ақпаратты өңдеуге және дербес шешім қабылдауға бейімдеуі. Бұл әсіресе тіл сабақтарында оқушылардың ойын жүйелі жеткізіп, сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау барысында оқушылардың оқу қарқыны, жеке даму траекториясы, ынтасы, ойлау қабілеті, есте сақтау дағдылары мен оқу сапасы жақсарады. Әр оқушының ой-өрісі кеңейіп, өз бетімен іздену дағдысы қалыптасады. Бағалау жүйесі де ерекше – ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе негізінде жүзеге асырылады. Деңгейлік оқытудың тағы бір артықшылығы – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алу мүмкіндігі.
Ағылшын тілін оқытудағы деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы
Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдіру үшін деңгейлеп оқыту технологиясын жүйелі әрі үзіліссіз дамыту қажет. Бұл мақсатта төмендегідей жұмыстар іске асырылады:
-
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, тапсырмаларды деңгей бойынша бөлу;
-
Тілдік дағдыларды (тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу) жүйелі түрде дамыту;
-
Қарым-қатынастық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастыру;
-
Интерактивті әдістер мен заманауи технологияларды қолдану арқылы оқыту тиімділігін арттыру.
Оқытудың үш өлшемді жүйесіне негізделген педагогикалық технология – білім беруді ізгілендіру мен демократияландырудың тиімді құралы. Бұл әдіс оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, олардың өздігінен шешім қабылдай алатын, сыни ойлай білетін және өмірде алған білімін қолдана алатын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясын жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға болады.
Ағылшын тілін саралап (деңгей бойынша) оқыту – оқушылардың білім деңгейіне, қабілетіне және оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар мен әдістерді қолдану арқылы жүргізілетін оқыту жүйесі. Бұл әдіс әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп, олардың тілді меңгеру дағдыларын тиімді дамытуға бағытталған және мұғалімдерге оқушылардың әрқайсысының қажеттілігіне сай білім беру мүмкіндігін арттырады, сонымен қатар олардың ағылшын тілін тиімді меңгеруіне көмектеседі.
Бұл әдістемелік құрал ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың әртүрлі деңгейін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды құру және қолдану жолдарын ұсынады. Оқушылардың қабілеттері мен дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі оқу процесінде сараланған және дербестендірілген оқыту әдістерін қолдануды талап етеді. Осыған орай, бұл құрал мұғалімдерге әр деңгейдегі оқушылармен тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.
Әдістемелік құралда оқушылардың бастапқы (Beginner), орта (Intermediate) және жоғары (Advanced) деңгейлері ескеріліп, олардың қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар берілген.
Бұл құрал ағылшын тілі мұғалімдеріне күнделікті оқу процесін тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың білімін тереңдетуге және олардың тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі деп сенемін.
ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Бұл әдістемелік құралды енгізу арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізіледі:
Экономикалық әсері:
-
Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі артып, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуына мүмкіндік береді.
-
Білім сапасының артуы нәтижесінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен стипендияларға қолжетімділік артады.
-
Білім беру жүйесінің тиімділігі артып, қосымша репетиторлық қызметтерге қажеттілік төмендейді.
Әлеуметтік әсері:
-
Әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білім алуына тең мүмкіндік жасалады.
-
Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау дағдылары дамып, ынтымақтастық күшейеді.
-
Тілдік кедергілерді жою арқылы көпмәдениетті ортада қарым-қатынас жасау қабілеті артады.
-
Дарынды оқушыларға қосымша қолдау көрсетіліп, олардың шығармашылық әлеуеті дамиды.
Экологиялық әсері:
-
Сандық оқыту ресурстарын пайдалану қағаз тұтынуды азайтуға көмектеседі.
-
Интерактивті және онлайн тапсырмалар арқылы қашықтықтан оқытудың тиімділігі артады.
-
Білім беру саласында технологияларды қолдану арқылы экологиялық тұрақтылықты қолдауға мүмкіндік туады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың білім алу деңгейі әртүрлі болуына байланысты саралап оқыту маңызды рөл атқарады. Әр оқушының оқу қабілеті, қабылдау жылдамдығы және тілдік дағдылары әртүрлі болғандықтан, мұғалімдер сабақ барысында тапсырмаларды оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеуі қажет. Бұл әдіс оқушылардың оқу материалын жақсы меңгеруіне және олардың әлеуетін толық ашуға көмектеседі. Оқушыларды деңгейге бөлу олардың білімін, икемділігін және дағдыларын ескере отырып жүргізіледі.
Бірінші деңгей тапсырмалары – оқытудың ең төменгі шегін қамтиды және мемлекеттік стандартқа сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген. Бұл деңгейдегі тапсырмалар сыныптағы барлық оқушыларға қолжетімді, себебі олар қарапайым сұрақтардан тұрады. Көбінесе қысқа мәтіндер мен жеңіл ақпараттарды қамтып, терең ойлануды немесе ізденуді қажет етпейді. Сондықтан оқушылар бұл тапсырмаларды тез әрі оңай орындай алады.
Екінші деңгейде тапсырмалар күрделеніп, оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Бұл кезеңде оқушылар ойлау және танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, шығармаларды қазіргі өмірмен байланыстыра талдай бастайды. Яғни, олар алгоритмдік ойлауға көшіп, деректерді салыстыру мен жүйелеу дағдыларын қалыптастырады.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың логикалық ойлау деңгейін арттырады. Бұл кезеңде оқушы өз білімін жаңа жағдайда қолдана алады, өз жұмысына талдау жасап, салыстыру, қорытындылау сияқты танымдық әрекеттерді орындайды. Эвристикалық (ізденіс) тапсырмалар арқылы оқушылар мұғалімнің көмегінсіз шығармашылық жұмысқа бет бұрады. Бұл саты көбіне өнерге жақын, жаңашылдыққа құмар, белсенді оқушыларға арналған.
Деңгейлік тапсырмалар арқасында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, айналасындағы өзгерістерге саналы көзқараспен қарап, талдау дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, олардың үлгерімі мен білім сапасы айтарлықтай жақсарады. Оқыту үдерісін топтық, жұптық, ұжымдық, ойын, сайыс және бәсеке форматында ұйымдастыру оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, толық ашуға көмектеседі.
Әр оқушы өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін сезініп, үздіксіз ізденіс арқылы мақсатына жетуге ұмтылады. Деңгейлік оқыту тек білімді жетілдірумен шектелмей, тәрбиеге де үлкен мән беруді қажет етеді.
Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Осы орайда сабақта әр түрлі қолданып жүрген коммуникативтік құзіреттілікке құрылған тапсырмалардың мынадай үлгілерін қолдануға болады.
1. СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Beginner: Суреттер арқылы сөздерді сәйкестендіру
-
Intermediate: Сөз тіркестерін дұрыс орналастыру
-
Advanced: Жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлем құру
2. ГРАММАТИКА ЖӘНЕ СИНТАКСИС ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Beginner: Толықтыру жаттығулары (gap-fill exercises)
-
Intermediate: Сөйлемдерді дұрыс құрылымдау
-
Advanced: Күрделі грамматикалық құрылымдарды пайдалану
3. ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АУДИО ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Beginner: Қысқа аудионы тыңдап, негізгі мағынасын анықтау
-
Intermediate: Аудио бойынша сұрақтарға жауап беру
-
Advanced: Подкасттар тыңдап, ой-пікір жазу
4. ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Beginner: Қысқа мәтіндер мен әңгімелер оқу
-
Intermediate: Мәтіннен негізгі ақпаратты табу
-
Advanced: Күрделі мақалаларды талдау
5. ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
-
Beginner: Күнделікті тақырыптарда қарапайым сөйлемдер жазу
-
Intermediate: Хат жазу және сұхбат құрастыру
-
Advanced: Оқиғаларды баяндау және пікір білдіру
Бұл әдістемелік құралда мұғалімдерге оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мысал ретінде тапсырмалар берілген. Әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бағытталған тапсырмалар олардың білім алуын тиімді етіп, сабақтың сапасын арттырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың әртүрлі деңгейлеріне арналған тапсырмалар»

шағым қалдыра аласыз