Материалдар / Ағылшын тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған Smiles 4 оқулық туралы пікір

Ағылшын тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған Smiles 4 оқулық туралы пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерге арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ағылшын тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған Smiles 4 оқулық туралы М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.З.Абдированың пікірі


Оқулық атауы: Smiles 4 for Kazakhstan Grade 4

Оқулық түрлері: Smiles 4 Pupil’s Book, Activity Book, CD and Teacher’s Book.

Оқулық авторы: Jenny Dooley

Series Consultant: Bob Obee

Translations by N.Mukhamedjanova

Сыныбы: 4

Баспа: Express Publishing

І. Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.

ІІ. Оқулық мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Мазмұны жағынан бағдарлама толықтай қамтылған. Оқу материалын іріктеуде және орындау тапсырмаларда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.Оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға арналған тапсырмалар берілген.

ІІІ. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Оқулықта 8 Модуль бар.

Олар 1.Kazakhstan in the world of sport (pp.4-17)

2.Values in the Myth and Legends (pp.18-31)

3.Treasure and Heritage (pp.36-49)

4.Professions and Ways of Communication (pp.50-63)

5.Hot and Cold (pp.68-81)

6.Healthy World (pp.82-95)

7.Journey into Space (pp.100-113)

8.Machines (pp.114-127)

Smiles 4 Pupil’s Book оқулығының әр бөлімінде Vocabulary, Grammar, Skills, Thinking Skills, Cross-Curricular links/Culture, Phonics/Word-Building бағыттары қарастырылған. Оқулықта сабақтың басталуы, жаңа ұғымдар, қайталауға, оқущылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар, өз бетімен орындайтын, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған (Presentation Skills) тапсырмалар берілген. Оқулықтағы тапсырмалар дифференцияция принципі бойынша құрылған. Сабақ барысында Pupil’s Book оқулығы бойынша өткен тақырыпты Activity Book оқулығында жазылым дағдысын дамыту мақсатында жазбаша тапсырмалар орындауға болады. Әр бөлім соңында оқушының жетістігін бағалайтын Check Point тапсырмалары бар. Тағы бір есере кететін Times for CLIL бөлімінде жаратылыстану, математика, география, биология, астрономия пәндерімен өзара байланыс бар. Our World бөлімінде Жер планетасында кездесетін қызықты жерлер мен мәліметтер берілген.

Teacher’s Book кітабы мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде беріліп, тақырып бойынша сабақ жоспары мен оқушылар кітаптарындағы әр тапсырманың орындалу жолы көрсетілген.

ІҮ. Өмірмен сәйкестілігі

Оқулықта жан-жақты, заманауи тақырыптар мен оқушылардың қызығушылығын оятатын тақырыптар қолданылып, күнделікте өмірде пайдағасатын мәтіндер мен диалогтер, мысалдар берілген. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы, табиғаты, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан көптеген мысалдар келтірілген. Әсіресе, Treasure and Heritage модулінде суреттер мен мәтін арқылы тииімді сипатталған. Өмірмен сәйкестігі бар.

Ү. Баспа қателерінің болуы.

Оқулықта қателер жоқ.

ҮІ. Түптелуі

Оқулық мұқабасы жұмсақ. Түптелуі талапқа сай. Қағазы сапалы, жазу келесі беттен көрінбейді.

ҮІІ. Шрифт, безендірілуі

Оқулықтың безендірілуі тартымды, түстері қанық, тақырып, мәтінге сай келеді. Шрифт өлшемдеріне оқушылар тарапынан ешқандай қарсы пікір болған жоқ. Жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған.

ҮІІІ. Қорытынды пікір мен ұсыныстар

Smiles 4 Pupil’s Book, Activity Book оқушыларға арналған оқулықтар бағдарламаға сай, ағылшын тілінде оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу дағдыларын дамытуға толық мүмкіндік береді.






ЖИ арқылы жасау
23 Мамыр 2020
16961
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі