400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ағылшын тілі пәнінен АКТ ның алатын орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәнінен АКТ ны пайдаланудың алатын орны туралы толық ақпарат. Қоғамының бүгінгі басты бағыттарының бірі білім беру үрдісін ақпараттандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталағымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акжолова Ж.С











Ағылшын тілін оқыту барысында АКТ ның алатын орны

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Компьютерлік технологияны пайдалана отырып қабілетті, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау). Алға қарай жетелейтін және алдыға қойған мақсаттарына жету үшін мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын, мысалы: видеосабақтар, интернет сабақ сияқты басқа да көптеген қызықты форматтағы сабақтарды таңдау керек. Қазіргі уақытта оқушылардың көбісі гаджет немесе смартфондар, компьютер арқылы ойындар ойнайтыны белгілі, соны ескере отырып кейбір сыныптан тыс сабақтарды сонымен байланыстыра отырып өткізуге болады. Ол оқушының сабаққа деген ынтасы мен зейінін аударады, бірақ сол сабақтың ішінде ол ойынның немесе интернет тәуелділіктің болашаққа зиян екенін де ескере отырып оқушыларға соны жеткізу. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда.

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және ойлау қабілеті сияқты қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттары:

  • Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

  • Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.

  • Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

  • Құрал бітімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

  • Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Бастауыш оқушыларына арналған «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша спектакль сабақ өткізу, сыныптан тыс сабақта балаларға интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсетіп, сол бойынша рөлге бөліп көрініс қою. Осы арқылы оқушылар ағылшын тілінде сөйлеуге жаттығады және бір-бірін тыңдауға, сұрақ қоюға тіпті диалог құруға үйренеді. Ертегі желілері бойынша оқушылар қызыға сабаққа қатысады, ойларын еркін жеткізуге ұмтылады. Бесінші сынып бойынша құндылықтар бөлімінде, «Достық» тақырыбында Арыстан және тышқан ертегісін көрсетіп немесе аудио тыңдалым арқылы оларға тек достықтың құндылығын жеткізіп қана қоймай, ағылшын тілінде дұрыс сөйлей алу, яғни интонацияны дұрыс дыбыстауға баулу. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Қорыта айтқанда, қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуіміз керек. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу. Сондықтан да мен ағылшын тілі сабағында АКТ-ны жақсы меңгеріп қана қоймай, нәтижеге қол жеткізуім керек. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Мұғалімнің міндеті- оқушының жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктер туғызу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі