Ағылшын тілі пәнінің берілу жағдайы

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ағылшын тілі пәнінің берілу жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәнінің берілуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ











Баяндама

Тақырыбы: Ағылшын тілі пәнінің берілу жағдайы (3-4 сыныптар)





Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Касымджанова М.М













2024-2025 ж

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәнінің берілуі

 Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет.

Неден бастаған жөн деген сұраққа жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, қазіргі таңда 3-сынып «Family&friends 1» оқулығымен оқытылуда.   Бұл кітаптың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен аудио-материалдар, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай  көрнекіліктері берілген.

Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды.  Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді. Мысалы 3 сыныпқа арналған бір сабағымды алып көрсетсем, «Family» яғни, өзін және отбасымен таныстыру. Бұл тақырыпта оқушы отбасы мүшелерімен танысады. Танысу барысында “This is ” құрлымымен және “my” есімдігімен толықтай меңгеріп шығады. Сондай-ақ бұл құрлымдарды оқулыққа арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап және көзбен көріп сөйлей алуға дағдыланады.


Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық материалдарды алғаны дұрыс.  Сабақ материалдарына нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігі бар. Өзге тілдегі қарым-қатынасқа байланысты коммуникативтік тапсырмалар білім алушыларда  үлкен қызығушылық тудырады.

 Балалардың физикалық психологиялық  ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады (сергіту сәттері). Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады. Өлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады. 

Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, сабақ барысына жаңалық енгізу қажет. Сол арқылы біз оқушылардың бойында ізденімпаз, шығармашыл, ойлау, ізденіс қабілеттерін қалыптастырамыз. Бастауыш сыныпта ол үшін ойын технологиясын қолданған жөн. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек, себебі санына емес сапасына назар аударған жөн.

Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.

Педагогикалық барысының сипатына қарай ойын мынадай топтарға бөлінеді:

а) оқытып-үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жинақтайтын;

ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

б) өнімді, шығармашылық;

в) коммуникативті, кеңес беруші, кәсіби бағдарлы, психо-техникалық және т.б.

Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады: лексикалық;

фонетикалық; грамматикалық; орфографиялық .

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданған тиімді. Мысалы: «доппен ойыны» балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлде бір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташыдағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті картаны көрсетіп «What color is it?» балалар It's red деп жауап береді. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: “colours”, “friends”, “ school”, “family” .

Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындардың да маңызы зор. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау (отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б. Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады» деген тақырыптарда. .

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?» деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған. Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады .

 Бастауыш сыныптың оқушылары барлығын тез қабылдап алатындықтан, оларға ойын түрінде сабақ өткізу өте тиімді әдіс болып табылады. Себебі, осы жаста балалардың негізгі әрекеті ойын екені мәлім. Ойын арқылы балаларды тез ойлауға,еркін сөйлеуге, жылдам әрекет жасауға, есте сақтауға үйретеміз. Жалпы сабақты қызықты етіп өткізу мұғалімге байланысты, сондықтан ұстаздар үшін ағылшын тілі сабағында ойынның бірнеше түрлерін қолданған жөн. Тілді үйрену үшін ойындар көптеген септігін тигізеді. Ойын барысында бала өзін еркін сезініп, барлықтары тең болып тілді үйренуге талпынады. Болашақта өздеріне қандай мамандық таңдаса да,шет елдеріне ойланбастан барып, олармен тәжірибе алмасуларына жағдай дайын болады. Негізінен барлық білім базасы бастауыш сыныпта қаланады. Сол себептен, ағылшын тілін де үйрену осы кезден басталады. Сабаққа кедергі келтірмейтіндей етіп, ойын сабақтарын араластырып отыру қажет. 21 ғасырдың тілі ағылшын тілі екені бәріне аян. «Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, өмірге деген дайындығы осы жолдан бастау алады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  • Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  • Сабақты түрлендіріп өткізу;

  • Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалану;

  • Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • Сабаққа қатысты бейне таспаларды,фильмдерді көрсету;

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық,коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдданудың маңызы зор ( 1, 19 б)

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікт іқамтамасыз етуге;

Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;

Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор.Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құп алып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді.Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді,сөйлемге дұрыс екпін қояды.Ән мен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп,тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдапалынуы тиіс.Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға,ізденісін ұлғайтуға,танымдық көзқарасын қалыптастыруға,өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады. (3, 18 б)

Электронды оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік,әр тарау бойынша тесттік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады. (7, 15 б)

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралықбайланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі.Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымақтастыққа баулиды.

Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып,танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін,көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. (4, 25 б)

Мұнда оқушылар кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді  алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды.Яғни адамның ішкі жандүниесіне сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қарым-қатынас  туындатып,білімнің негізін қалайды.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең сонны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса,алдағы болашақта нұрлы жолға қадам басуына негіз қаланар еді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі