400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында әндер, ұйқастар, өлеңдер қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда өлеңдердің көмегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

6


«Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі

















Тақырыбы:

«Ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдану»

















Ағылшын пәні мұғалімі:

Нұрғазы Айгүл Нұрланқызы















2020 жыл

Ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдану



Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ

Ағылшын пәні мұғалімі: Нұрғазы Айгүл Нұрланқызы



Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет болып отыр.

Тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек делінген еді.

Ағылшын тілі бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді әрбір мұғалім мақсат тұтады. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру.

Мектептерде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен қатар, жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқытуда сабақта өлеңдер, ұйқастар және тақпақтарды қолдану өте маңызды.

Ағылшын тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайтып, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлей білуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, шет тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Ағылшын тілін үйренудің алғашқы кезеңдерінде тақпақтар, өлеңдер мен әндерді мәнерлеп оқыту, жаттату - балалардың сөздік қорын кеңейтіп, сөздердің оқылуын есте сақтауға көп септігін тигізеді және сөйлеу мәдениеттетрін қалыптастыру оңай болмақ.

Сабақ кезінде мұғалім оқушыларға әр-түрлі дағдылар қалыптастырады. Айта кетсек бұл: лексикалық дағдылары, грамматикалық дағдылары, сөйлеу дағдылары және т.б. Лексикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы оқушының сөз байлығы көбейеді. Ең алдымен сабақ басында жеңіл, жаңа тақырыпқа сай келетін өлең ұйқасын қолдансақ, оқушы ағылшынша сөйлеуге дағдыланып, жаңа сөздермен танысады. Содан кейін жаңа сабағымыздың жаңа сөздерімен танысады, сөздерді игеруге жеңіл болады. Бірақ, егер өлеңнің ішінде жаңа сөз кездессе, мұғалім сөзді дұрыс түсіндіріп, керек кезінде тақтаға оның аудармасы мен транскрипциясын жазуы керек. Мұғалім өлеңді өзі жатқа айтуы керек және оқушылар синтагмаға бөлінген өлең жолдарын мұғалімнің артынан қайта қайта қайталауы керек, одан кейін хормен және жеке айтқызған жақсы. Өлең айтуға жеңіл әрі 4-5 жолдан тұруы керек.

Өлеңдер, тақырыптағы тақпақтардың мағынасын толық түсіндіргеннен кейін және дұрыс дыбысталуын айта білгеннен кейін ғана жатталады. Оқытудың бірінші кезеңінде қысқа өлеңдер мұғалімнің қайталауымен жатталынады. Мысалы: 1 сыныпта сабақты осы өлең жолдарымен бастауға болады.

Hello

Hello

What’s your name?

I’m Mike, I’m Jaime

That’s my name. Бұл өлеңмен оқушы әрі What is your name? сұрағын және сұраққа қалай жауап беру керектігін үйренеді.

Сонымен қатар түстерге : Red, red, red the rose

Blue, blue, blue the dress

Grey, grey, grey the rat

And so is the cat.


Сандарға: One, two – tie your shoe

Three, four – open the door

Five, six – pick up sticks

Seven, eight – close the gate

Nine, ten – begin again.


От басы мүшелеріне: I love you my father

I love you my mother

I love you my sister

And my big brother

Грамматикалық дағдыларды қалыптастыратын өлеңдер

To be етістігіне: I am at the window.

He is t the door

She is at the blackboard

We are on the floor т.с.с


Сынып оқушылары өлең мен мәтінді оқиды. Бұдан кейін өлең немесе мәтін аударылады. Мұғалім тағы бір рет оқып шығады, оқушылар жеке-жеке бөлгеннен кейін түгелдей оқиды. Өлеңді немесе мәтінді жатап келуге үйге тапсырма беріледі де, келесі сабақта тексеріледі.

Жаттауға берілген өлеңдерден бұрыннан белгілі тақырыптан алынуы тиіс және өте ұзын болмауы тиіс. Оқытудың алғашқы кезеңінде ол 3-4 жол ғана болуы керек, бірақ ол бір-бірімен байланысқан, аяқталған толық ойды беретін болуы тиіс. Өлеңдерді сабақтың әр бөлімінде пайдалануға болады.




Сабақ басында тілдерін жаттықтырып

Good morning (2)

Good morning to you!

Good morning, dear teacher

We are glad o see you too,

жаңа тақырып түсіндірерде I am, you are, he is, she is

It is, we are, you are.

They are, I am, you are, he is.

She is, it is … that’s all.

сабақ ортасында көбіне оқушыларға сергіту сәтін жасауға

Clap, clap, clap your hands!

Clap your hands together!

We are clapping

We are clapping

We are clapping our hands!

Stamp, stamp, stamp your feet!

Stamp your feet together

We are stamping

We are stamping

және сабақты қорытындылау үшін, қайталауға жеңіл 4 жолды өлеңді айтқызғанда оқушының жаңа тақырыпты бекітуге, жаттатуға беруге болады

Mrs. Grundy washes on Monday,

Irons on Tuesday,

Shops on Wednesday,

Bakes on Thirsday,

Sews on Friday,

Cleans on Saturday,

Cooks on Sunday,

This is the tale of mrs.Grundy.


Мектептерде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен қатар, жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқытуда сабақта өлеңдер, ұйқастар және тақпақтарды қолдану өте маңызды. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім осы тәсілдерді қолдана отырып оқыту арқылы мұғалім оқушыны жан-жақты тұрғыдан дамытуға тырысуы керек. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырьш, жақсы білікті маман дайыңдау.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Базарбекова С.Р. Ағылшын тілі сабақтарында өлең, тақпақтарды оқытудың жолдары //Мектептегі шет тілі.-№3.-2008.-21-22б.

2. Құлыбеков А. Ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту.

// Білім.-2006.-№2.

3. Нағашыбаева Р. Шет тілін оқытуда жаңылтпаштар мен мақалдардың маңызы //Білім. -2005.-№11. -5-7б.

4. Сатыбалдинова М. Шетел тілін оқытудың маңызы.//Шетел тілін оқыту әдістемесі. .-2007.-№3.

5. "Ағылшын тілі грамматикасы өлең өрнегінде" – 2008 //БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі