Ағылшын тілі сабағында ақпараттық
-
коммуникациялық технологияны пайдалану
Әбдібекова Нұргүл Назарқызы
Ағылшын тілі тәні мұғалімі
№1 Қазанбасы орта
мектебі
Әулиекөл ауданы
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі
де мемлекет аралық тіл мәртебесіне ие болды. Мектептерде ағылшын
тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың
тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары,
оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ақпараттық – коммуникациялық
технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың
қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ
беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.
Сондықтан оқыту барысында
осы технологияларды ойланып қолдану қажет (мұғалімге арналған
нұсқаулық.төртінші басылым).
Білім беру саласында түрлі
технологиялар енгізілуде, бірақ солардың ішінен керектісін таңдап,
сабақта тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану
емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі
кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен
қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай
Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы
және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана
жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын,
шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Бұл жұмыстың
басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық — электрондық
құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда
ағылшын тілі сабағында видео, телефон, презентацияларды және
мультимедиялық — электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және
білім беру процесінде терең қолдану болып табылады.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын
тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық , электрондық
оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
-лексиканы оқып үйретеді;
-сөйлеу ырғағын;
-диалог, монолог және рөлдік
ойындарды;
-хат жазуға үйретеді;
-грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп,
оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын
арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді,
әр-түрлі әдіс-тәсілдерді білу қажет деп
саналады.
Жаңа ақпараттық құралдарды
ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
-үлгерімі төмен оқушыларға
көмектеседі;
-оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады;
-сабақта пайдаланылатын
көрнекіліктердің санын арттырады;
-оқушылардың шығармашылығын
арттырады;
-оқушыларды жеке жұмыс істеуге
үйретеді;
-грамматикалық құрылымдарды
оңай түсінуге көмектеседі;
-оқушылардың есте сақтау,
есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
-пікірталас, талдау жасау
мүмкіншіліктері арттырады;
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға
шетел тілінде қарым — қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.
Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік
біліктілікті арттырып , қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз,
тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым — қатынас процессінде
қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз
ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білікті дағдылар
енеді. Шетел тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық
бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: оқытуда ең бірінші
негізгі түйін — оқушы, ал ұстаз – оқытушы ғана емес – ол тану
әрекетінің дамытушысы. Оқушы көбінесе шынайы қиындыққа қарағанда
психологиялық қиындықты жиірек кездестіреді. Сол себепті көбінесе
үнсіз қалады. Яғни — оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші
сөздерді, тілдік құралдарды таба алмағандықтан , оқытушы мен топ
алдында сөйлеуге қысылғандықтан , сонымен бірге өз білім
дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.
Мұндай жағдайда оқытушы оқушыларды еркін сөйлеу үшін қысым
көрсетпей, оған ыңғайлы , қолайлы мүмкіндіктерді туғызуы және өз
әрекеттерін тыңдай білуге үйрету керек. Сонымен қатар сөйлеуге ,
соның ішінде тілді қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруге
ұмтылуын қадағалап өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін
соған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білу
керек.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Білім заңы. Алматы, 2007
ж.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей
3. Ағылшын тілі мектепте. 2009 №5. 2010
№1.